Ми қабықтары
Ми қабықтары, meninges, жұлынның үш: қатты, торлы, жұмсақ қабықтарының жалғасы болып табылады.
Мидың қатты қабығы, dura mater encephali, тығыз, дәнекер тінді қабық, бассүйекке тікелей жанасып жатады да, оның сүйек қабығы (periosteum) болып табылады (35 – сурет). Сондықтан жұлындағы сияқты -қатты қабықүстілік (эпидуралды) қуысы болмайды. Қатты және торлы қабық арасында аз мөлшердегі ми-жұлын сұйықтығы бар саңылаутәрізді - қатты қабықастындағы кеңістік, spatium subdurale, орналасады. Қатты қабық кей жерлерде екі жапырақшаға бөлініп, үш бұрышты қуыстарды – мидың қатты қабығының қойнауларын, sinus durae matris, түзеді.
Бұл қойнауларда мидан шығатын веналық қан және торлы қабық астындағы кеңістіктен келетін ми-жұлын сұйықтығы ағады.
Мидың қатты қабығынан төрт өсінді кетеді:
1. Үлкен ми орағы, falx cerebri, үлкен ми сыңарларын бір-бірінен бөліп тұрады.
2. Мишық шатыры, tentorium cerebelli, горизанталды жазықтықта орналасып, үлкен мидың шүйделік үлестерін мишықтан бөліп тұрады
3. Мишық орағы, falx cerebelli, мишық сыңарларын бір-бірінен бөліп тұратын кішкене өсінді.
4. Ертоқым көкеті, diaphragmа sellae, түрік ертоқымын горизонталды жазықтықта үстіңгі жағынан жауып тұрады. Көкеттің астындағы гипофиздік шұңқырда, эндокриндік без – гипофиз жатады. Көкеттің ортасындағы тесік арқылы гипофизді гипоталамуспен (аралық ми) жалғастыратын құйғыш, infundibulum , өтеді.
– сурет. Мидың қатты қабығы.
үлкен ми орағы; 2 – тік қойнау; 3 – мищық шатыры; 4 – түрік ертоқымының көкеті; 5 – ішкі ұйқы артериясы мен көру нерві.
Мидың қатты қабығының қойнаулары. Қойнаулардың веналардан айырмашылығы: қабырғалары қатты керілген қуыс болып табылады, сондықтан кескен кезде веналар сияқты жабысып қалмай, үшбұрышты пішінін сақтап тұрады.Олардың бұл ерекшелігі бассүйек ішіндегі қысым өзгергенде қанның еркін ағуын қамтамасыз етеді. Қойнаулардың веналар сияқты қақпақшалары болмайды.
36 – сурет. Ми қатты қабығының қойнаулары.
1 – үңгірлі қойнау; 2 – тастық төменгі қойнау; 3 - тастық жоғарғы қойнау; 4 – сигматәрізді қойнау; 5 – көлденең қойнау; 6 – шүйделік қойнау; 7 – жоғарғы сагитталды қойнау; 8 – тік қойнау; 9 – төменгі сагитталды қойнау
Ірі қойнаулар (36-сурет): жоғарғы сагитталды қойнау, sinus sagittalis superior, үлкен ми орағының жоғарғы жиегінде, sulcus sinus sagittalis superioris-те орналасады. Бұл қойнаудың бүйір жақтарында латералды қуысшалар, lacunae laterales, орналасады. Олар бір жағынан қойнаумен, екінші жағынан диплоикалық веналармен байланыста болады. Жоғарғы сагитталды қойнау артқы бөлігінде көлденең қойнауға құйылады. Жоғарғы сагитталды қойнауға мидың, қатты қабықтың (37 - сурет), мұрын қуысының веналары, сонымен қатар диплоикалық және эмиссарлық веналар құйылады.
37 - сурет . Мидың беткей веналары.
1 - веналардың жоғарғы сагитталды қойнауы құйылатын жері; 2 – мидың беткей веналары; 3 – сигматәрізді қойнау.
Достарыңызбен бөлісу: |