Нерв жүйесі ( оқу құралы ) Нерв жүйесінің жалпы сипаттамасы


Вестибулярлық анализатордың ядросы



бет35/104
Дата06.10.2023
өлшемі34,42 Mb.
#113053
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   104
8. Вестибулярлық анализатордың ядросы . Бұл анализатор орталығың орналасуы туралы мағлұматтар әр түрлі.Көпшілік пікір бойынша орталық - самайлық ортаңғы және төменгі қатпарларда орналасқан (20-21 алаңдар ).
Аталған орталық зақымданғанда дененің тепе-теңдігі бұзылады - атаксия - адамның басы айналып, денесі теңселіп тұрады («мас адам жүрісі»).
Ассоциативтік нервтік орталықтар.

Бұл орталықтар проекциялық орталықтарға қарағанда кеш дамиды және атап өтілгендей, жоғары нервтік қызмет атқарады яғни, саналы түрде ойлау, сөйлеу қызметтерін қамтамасыз етеді. Сөйлеу қабілеті тек адамдарға тән, осыған байланысты бұл орталықтар тек адамдарда ғана қалыптасады. Кейбір ғалымдар нашар дамыған кейбір ассоциативтік орталықтардың жоғары сатыдағы жануарларда да болуын жоққа шығармайды.


1. Заттарды ұстап білуге бейімделген тері анализаторының ядросы (стереогнозия ядросы), шекелік жоғары үлесшеде (7 алаң) орналасады. Бұл ядро жалпы сезімталдықтың ядросынан келетін (орталық артындағы қатпар – прекциялық орталық) нервтік импулстерді қабылдап талдайды. Мысалы, көзді жұмып тұрып, қолға алынған зат - бұрын кездескен зат болса, адам оны таниды.
Оң жақтағы ми сыңарындағы орталық сол жақтағы қол басымен (сол жақтағы - керісінше) байланыста болады.
Шекелік жоғары үлесше зақымдалған жағдайда көзбен көрмей тұрып, заттарды ұстап білу (тану) қабілеті жоғалады.

2. Күрделі үйлесімді қозғалыстар анализаторының ядросы (праксия орталығы), шекелік төменгі үлесшенің жиекүстілік қатпарында, gyrus supramarginalis, (40 алаң) орналасады. Белгілі бір күрделі қимылды көп рет қайталау нәтижесінде - ол үйреншікті, үйлесімді қимылға айналады. Мысалы: домбырада ойнау, компьютерде жұмыс істеу, хирургиялық операциялар жасау, гимнастикамен айналысу және т.б қимылдар. Осы үйреншікті қимылдар праксия (praxis - практика) орталығы арқылы іске асады. Праксия орталығынан ақпарат орталықалдындағы қатпарға барады, ол жерден пирамидалық жол басталады.


Бұл орталық зақымданғанда адам қозғалыс қабілетін сақтайды бірақ күрделі, үйреншікті қозғалыстарды жасай алмайды. Бұл жағдай апраксия деп аталады.

3. Көргенді есте сақтау анализаторының ядросы (көрудің ассоциасивтік орталығы), шүйделік үлестің медиалды бетінде орналасқан көру анализаторы ядросының (17 алаң) үстінде жатады (18 -19 алаңдар). 18 - ші алаң зақымданғанда көргенді есте сақтау қасиеті жойылады, адам таныстарын танымай қалады - көру агнозиясы. 19 - алаң зақымданғанда адам үйреншікті емес, жат жерде бағдарлау, бейімделу қабілетін жоғалтады, қоршаған ортадағы заттар басқаша болып көрінеді, сондықтан науқас оларды танымайтын болады.


Ми қыртысына анализаторлар арқылы организмнің ішкі және сыртқы ортасынан ақпараттар (сигналдар) келеді. Бұл көру, есту және басқа рецепторлар арқылы қабылданатын әртүрлі көрініс, дыбыс, әсерлер түрлеріндегі нақтылы ақпараттар - бірінші сигналдық жүйені құрайды. Бірінші сигналдық жүйе жануарларда да болады. Адамның нерв жүйесінің ерекшелігі, онда екінші сигналдық жүйенің қызметін қамтамасыз ететін орталықтардың болуы. Екінші сигналдық жүйе – тек адамдарға тән ойлау қасиеті, оны сөз арқылы жеткізу қабілеті. Екінші сигналдық жүйе бірінші сигналдық жүйенің негізінде жұмыс істейді, «сигналдардың сигналы» болып табылады. Бұл орталықтар адамдар арасындағы түсінікті сөйлеу арқылы жүретін қарым – қатынасты қамтамасыз етеді. Қарым – қатынас ауызша ( артикуляция ) және жазбаша сөз ( графика ) арқылы қамтамасыз етіледі. Екінші сигналдық жүйенің дамуы үшін қоршаған ортаның маңызы өте зор. Баланы оқуға , жазуға жалпы білімге үйретпесе, талпындырмаса, ол өмір бойы сауатсыз, жалқау болып қалады.
Ми қыртысында екінші сигналдық жүйе қызметін қамтамасыз ететін – акустикалық, оптикалық , артикуляциялық және графикалық сөйлеу орталықтары – дамып, қалыптасады. Бұл орталықтар өмір бойы даму үстінде болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   104




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет