Нерв жүйесі ( оқу құралы ) Нерв жүйесінің жалпы сипаттамасы


Кезбе нервтің бастық бөлігі



бет67/104
Дата06.10.2023
өлшемі34,42 Mb.
#113053
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   104
Кезбе нервтің бастық бөлігі сопақша мидан жоғарғы түйінге дейін созылады. Осы бөліктен екі тармақ шығады:

  1. Қабықтық тармақ, ramus meningeus, сезімтал, жоғарғы түйіннен шығады, бассүйектің артқы шұңқырындағы мидың қатты қабығын нервтендіреді.

  2. Құлақтық тармақ, ramus auricularis, сезімтал, құлақ қалқанының және сыртқы есту өтісінің артқы қабырғасының терісін нервтендіреді.

Кезбе нервтің мойындық бөлігінің тармақтары. Олар төменгі түйін мен көмейдің қайырылма нервтерінің аралығынан кетеді.

  1. Жұтқыншақтық тармақтар, rami pharyngei, аралас - сезімтал, қозғалтқыш және парасимпатикалық талшықтардан тұрады. Олар тіл-жұтқыншақ нервінің жұтқыншақтық тармақтарымен және симпатикалық діңнен кететін қөмей-жұтқыншақтық тармақтармен бірігіп, жұтқыншақ өрімін, plexus pharyngeus, түзеді. Осы өрімнің қозғалтқыш тармақтары жұтқыншақтың қысқыштарын және таңдай пердесін керетін бұлшықеттен, m.tensor veli palatini, басқа, таңдайдың барлық бұлшықеттерін нервтендіреді.

  2. Көмейлік жоғарғы нерв, n.laryngeus superior, аралас нерв, оның қозғалтқыш тармақтары жүзік-қалқанша бұлшықетін, m.cricothyroideus, ал, сезімтал тармақтары көмейлік жоғарғы артериямен, a.laryngea superior, бірге қалқанша-тіласты жарғағын тесіп өтіп, көмейдің дауыс саңылауынан жоғарғы орналасқан бөлігінің шырышты қабығын, тіл түбірінің бір бөлігін және көмей қақпашығының шырышты қабығын нервтендіреді.

  3. Жүректің мойындық жоғарғы тармақтары, rr. cardiacі cervicales superiores, саны 1-3-ке дейін, сезімтал және парасимпатикалық талшықтардан тұрады. Олар симпатикалық - жүректің мойындық нервтерімен қосылып жүрек өрімін, plexus cardiacus, түзуге қатысады.

4) Қайырылма көмейлік нерв, n.laryngeus reccurens, сезімтал, қозғалтқыш және парасимпатикалық талшықтардан тұратын аралас нерв.
Оң көмейлік қайырылма нерв, кезбе нервтен оң бұғанаасты артериясының деңгейінде басталып, оны астынан артқа қарай айналып өтіп, кеңірдектің латералды жағымен мойынға көтеріледі.
Сол көмейлік қайырылма нерв, кезбе нервтен қолқа доғасының үстінде басталады да, доғаның алдыңғы бетімен түсіп, оны астынан айналып өтеді де, өңеш пен кеңірдек арасындағы жүлгемен жоғары көтеріледі. Көмейлік қайырылма нервтің тармақтары:



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   104




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет