Нерв жүйесі ( оқу құралы ) Нерв жүйесінің жалпы сипаттамасы


Мойындық ортаңғы түйін, ganglion cervicale medium



бет92/104
Дата06.10.2023
өлшемі34,42 Mb.
#113053
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   104
Мойындық ортаңғы түйін, ganglion cervicale medium, тұрақсыз,мойынның ұзын бұлшықетінің алдында, VI мойын омыртқасының деңгейінде орналасады. Оны мойындық төменгі түйінмен қосатын түйінаралық тармақтар, rr. іnterganglionares, екеу болады да, бұғанаасты артериясын алдыңғы және артқы жағынан айналып өтіп, бұғанаасты ілмегін, ansa subclavia, түзеді.
Мойындық ортаңғы түйінінің тармақтары: 1. Жүректің мойындық ортаңғы нерві, n. cardiacus cervicalis medius, жалпы ұйқы артериясының артында, жүректің мойындық жоғарғы нервісінің латералды жағында орналасып төмен түседі де, жүрек өрімін түзуге қатынасады.
2. Сұр дәнекер тармақтар, rr. communicantes griseі, V-VI мойындық жұлын нервтеріне қосылады.
Мойындық ортаңғы түйін болмаған жағдайда аталған тармақтар түйінаралық тармақтардан, rr. іnterganglionares, кетеді.
Мойын-кеуделік (жұлдызтәрізді) түйін, ganglion cervicothoracicum (stellatum), мойындық төменгі және кеуделік бірінші симпатикалық түйіндердің бірігіп тұтасуы нәтижесінде түзіледі.Түйін шығыңқы мойын омыртқасының (VІІ) көлденең өсіндісінің немесе І қабырғаның мойны деңгейінде, бұғанаасты артериясының артында орналасып, көпбұрышты жұлдызтәрізді болып келеді.
Мойын-кеуделік түйіннің тармақтары:

        1. Жүректің мойындық төменгі нерві, n. cardiacus cervicalis inferior, оң жағында иық - бас діңінің артында, сол жағында қолқа артында орналасып - жүрек өрімін түзуге қатынасады.

        2. Бұғанаасты артериясына баратын екі - үш тармақтар бұғанаасты өрімін, plexus subclavius,түзуге қатынасады.

        3. Омыртқалық нерв, n. vertebralis, бұғанаасты артериясының тармағы, омыртқалық артерияны бойлай, омыртқалық өрімді, plexus vertebralis, түзеді.

Өрім тармақтары жұлын мен мидың тамырларын және қабықтарын нервтендіреді.

        1. Қолқа доғасына баратын тармақтар, қолқа доғасының өрімін, plexus arcus aortae,түзуге қатынасады.



        2. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   104




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет