Сұр дәнекер тармақтар, rr. communicantes griseі, VІІ-VIІІ мойындық жұлын нервтеріне қосылады.
Симпатикалық діңнің кеуделік бөлігі, омыртқа бағанасының бүйір жақтарында, қабырғалар бастарының алдында жататын 10-12 кеуделік түйіндерден, ganglia thoracica, түзілген (70 – сурет). Оларды кеудеішілік шандыр, fascia endothoracica, жауып жатады. Түйіндерінің пішіні көбінесе үшбұрышқа ұқсас, көлемі 3-5 мм шамасында болып келеді. Симпатикалық кеуделік түйіндердің ерекшелігі, оларға кеуделік жұлын нервтерінен шығатын ақ дәнекер тармақтар, rr. сommunicantes albi, келіп қосылады. Олар жұлынның кеуделік ( ) сегменттерінің бүйір мүйіздеріндегі симпатикалық орталықты құрайтын аралық латералды заттан, substacia intermedia lateralis, шығатын түйінгедейінгі тармақтардан, rr. рreganglionares, түзілген. Жоғарыда аталып өткендей бірінші кеуделік түйін басым көпшілік жағдайда, мойындық төменгі түйінмен бірігіп, мойын- кеуделік (жұлдызтәрізді) түйінді түзеді.
70 – сурет.Жүректің нервтері және жүректің вегетативтік өрімдері.
1 – симпатикалық діңнің мойындық жоғарғы түйіні; 2 – жүректің мойындық жоғарғы нерві; 3 – мойын – кеуделік түйін; 4 – жүректің беткей өрімдері; 5 – жүректің терең өрімдері; 6 – жүректің мойындық төменгі нерві; 7 – кезбе нервтің жүректік мойындық жоғарғы тармақтары; 8 – мойындық ортаңғы түйін; 9 – кезбе нерв.
Кеуделік түйіндерден кететін тармақтар:
Жүректің кеуделік нервтері, nn. сardiaci thoracici, жүрек өрімін, plexus cardiacus, түзуге қатысады.
Кеңірдектік және бронхтық нервтер, nn. trachealis et bronchiales, сәйкес кеңірдек, plexus trachealis, және бронх өрімдерін, plexus bronchialis, түзуге қатысады.
Өкпелік нервтер, nn.pulmonales, өкпе өрімін, plexus pulmonalis, түзуге қатысады.
Достарыңызбен бөлісу: |