Нерв жүйесі ( оқу құралы ) Нерв жүйесінің жалпы сипаттамасы



бет100/104
Дата06.10.2023
өлшемі34,42 Mb.
#113053
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   104
Тастық үлкен нерв, n. petrosus major, бет нервінің иіні тұсында басталып, самай сүйек пирамидасындағы аттас тастық үлкен нервтің санылауы, hiatus canalis nervi petrosi majoris, арқылы пирамиданың алдыңғы бетіне шығады. Одан әрі аттас жүлгеде, sulcus n. petrosi majoris, орналасып, жыртық тесік арқылы бассүйек негізінің астында орналасқан қанаттәрізді өзекке кіреді. Өзекте ішкі ұйқы өрімінен, plexus caroticus internus, бөлінетін симпатикалық, тастық терең нервпен, n.petrosus profundus, қосылып, қанат-таңдай өзегінің нерві, n. canalis pterygoidei, деп аталады. Нерв қанат-таңдай шұңқырында орналасқан аттас түйінге келеді.
Қанат-таңдай түйіні, ganglion ptreygopalatinum, қанат-таңдай шұңқырында, жоғарғы жақсүйек нервінің астында орналасады. Түйінді екінші парасимпатикалық нейрондар құрайды.
Тастық үлкен нервтің құрамындағы парасимпатикалық түйінгедейінгі тармақтар қанат-таңдай түйініндегі нейрондарға синапс арқылы нервтік импулсті береді.


74- сурет. Бастағы парасимпатикалық нервтердің сызбасы.
1 - көз қозғалтқыш нервтің қосымша ядросы; 2 – үштік нервтің түйіні; 3 – жоғарғы сілекей бөлетін ядро; 4 – т­­­­өменгі сілекей бөлетін ядро; 5 – кезбе нерв; 6 – дабыл нерві; 7 – шықшыт безі; 8 – дабыл ішегі; 9 – төменгі жақсүйекасты түйіні; 10 - төменгі жақсүйекасты безі; 11 – тіласты безі; 12 – құлақтық түйін; 13 – тастық кіші нерв; 14 - тастық үлкен нерв; 15 - қанат - таңдай түйіні; 16 – бетсүйек нервімен қосылатын дәнекер тармақ; 17 – кірпіктік дене; 18 – қарашықты тарылтатын бұлшықет; 19 – көзжас безі; 20 – кірпіктік қысқа нервтер; 21 – кірпіктік түйін; 22 – көз қозғалтқыш түбіршік (парасимпатикалық).

Жоғарғы жақсүйек нерві мен қанат-таңдай түйінін түйіндік тармақтар, rr.ganglionares, байланыстырып тұрады. Бұл тармақтардың құрамында n. maxillaris-тен сезімтал талшықтар ganglion pterygopalatinum-ге, ал одан түйінненкейінгі тармақтар, n. maxillaris-ке өтеді. Жоғарғы жақсүйек нервінен бетсүйек нерві, n. zygomaticus, шығып көзұяның төменгі саңылауы арқылы көзұяға кіреді де көзжас нервіне дәнекер тармақ береді. Бұл тармақтың құрамында көзжас безінің қызметін қамтамасыз ететін парасимпатикалық талшықтар өтеді.


Жоғарғы жақсүйек нервінен келетін сезімтал талшықтар түйін арқылы үзілмей өтіп, қанат-таңдай түйінінен шығатын тармақтар құрамында жалғасады.
Сонымен, қанат-таңдай түйінінен кететін нервтердің құрамында сезімтал, парасимпатикалық және симпатикалық нерв талшықтары өтеді. Түйіннің тармақтары:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   104




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет