топтары арасындағы сутектік байланысгар ұсгап тұрады. Спиральдерді
одан өрі орнықтыру нөтижесінде
уіиінші деңгейлік құрылым деген
атпен белгілі өр белокқа төн өзіндік пішін пайда болады. Ол амин
қы ш қы лды қ қалдықтардың белокгы радикалдарының өзара байла-
ныстары - цистеин қалдықтары арасындағы ковалентті қос күкіртті
(дисульфатгы байланыстар арқылы (-S-S-) жөне де сутектік, иондық
жөне гидрофобты) өзара өрекеттестік арқасында тұрақталады.
Сандық тұрғыдан амин қышқылдарының зарядталмаған (үйексіз)
бүйір тармақтары маңызды рөл атқарады. Олардың өрекеттесуінің
нөтижесінде амин қышқылдары бір-бірімен бірігіп, сыртқы сулы ор-
тамен араласып кетпейді. Белок гидрофобты бүйір тізбекгер молеку-
ласының іш жағында қалып, сумен жанаса алмайтын болып бұрала-
ды да, гидрофильді бүйір тізбекгер сыртқа қарайды. Эр белокта цис
теин мен гидрофоб радикалды амин қышқылдары молекулаларының
саны мен полипептидтік тізбекте орналасу төртібі өр түрлі болады.
Белок молекуласының піініні атомдар тобының өздеріне төн ката-
лиздеу белсенділігін, гормондық қызметін т.б. атқара алатындай етіп
орнығуына мүмкіндік береді. Сондықтан глобулалардың тұрақты-
лығы кездейсоқ нөрсе емес, ол организмді тұрақтандырудың маңыз-
ды қүралы. Биологиялық белсенділікті белоктың үшінші деңгейлі
құрылымы ғана байқатады, сондықтан полипептидтік тізбекге тек
бір амин қы ш қы лыны ң алмасуының өзі белоктың пішінін (конфи
гурация) өзгертіп, оның биологиялық белсенділігін төмендетуге не-
месе жоюға соқтырады.
Кейбір жағдайда екі, үш, төрт, тіпті одан да көп үшінші деңгейлі
қүрылымды белок молекулалары бір кешенге бірлесіп, белоктың
төртінші деңгейлі қурылымы пайда болады. Мысал ретінде торг суббөлік
пен гем атты белоксыз бөліктен құралған күрделі гемоглобин бело-
гьш айтуға болады. Тек осындай түрде ғана ол өз қызметін атқара
алады. Төртінші деңгейлік құрылымда белок суббөлікгері бір-бірімен
химиялық жолмен байланыспайды, бірақ қүрылымның берікгігі өлсіз
молекула аралық күштің өсерімен сақталады.
Әр түрлі химиялық және физикалық факторлардың (спирт, аце
тон, қьппқылдар, сілтілер,
жоғары температура, сөуле,
жоғары қысым
т.с.с.) әсерімен сутектік жөне иондық байланыстар үзіліп, белокгың
үшінші жөне төртінші деңгейлік қүрылымы өзгереді, бүлінеді, белок-
ты ң табиғи құрылымы бұзылады. Бүл құбылысты
денатурация деп
атайды. Мұндай жағдайда белоктың ерігінггігі төмендеп, оның моле-
куласының ттіпгіні мен мөлшері өзгереді, ферменттік белсенділік жойы-
лады т.с.с. Белоктың бірінші деңгейлік қүрылымы сақталып, орта
жағдайы қалпы на келсе белок молекуласының табиғи құрылымы
қайта қалпына оралуы мүмкін. Мүндай процесті
ренатурация дейді.
134
147-сурақ. Белоктар организмде қандай қызмет атқарады?
Белоктардың қүрылымы күрделі, құрамы өртекті болып келеді.
Осымен байланысты олардың организмде атқаратын қызметі маңыз-
ды өрі көп қырлы болады.
Белок молекулаларының маңызды қызметінің бірі
- олардың құры-
лымдық материал рөлін атқаруында. Белоктар торша мембраналары
мен органеллаларының қүрамына енеді. Тіпті жоғары сатыда дамы-
ған жануарлар организміндегі шеміршектер мен сіңірлердің өзі белок-
тардан қүралады. Белоктар құнды қорею ік материал жөне қуат көзі
болып табылады. Олар организмде аралық зат алмасу процесінің ба-
рысында көмірсулар мен майларға айналады. Өзінің сойгы өнімдеріне
дейін ыдырағанда 1 г белоктан 17,6 қДж (4,1 ккал) қуат бөлінеді,
оны организм өз мұқтаждығы үшін пайдаланады.
Жоғары сатыда дамыған организмдерде белоктар көптеген физио-
логиялық функциялардың атқарылуын қамтамасыз етеді. Ерекше
жиырылғыш белоктар қимыл-өрекетгердің (кірпікшелер мен талшық-
тардың қимылын, бұлшық еттің жиырылуын, торшалар бөлінгенде
хромосомалардьщ жылжуын т.б.) атқарылуына мүмкіндік береді. Бе
локтар организмде өртүрлі заттарды тасымалдауда маңызды рөл атқара-
ды. Гемоглобин оттегі мен көмір қы ш қы л газды, қан плазмасының
белоктары — липидтерді, май қышқылдарьш, түрлі биологиялық белсен-
ді затгарды, торша мембраналары қүрамындағы белок молекулалары —
торшаға қажетті заттарды тасымалдау процестеріне қатысады.
Белоктарға қорғаушы қызмет те төн. Денеге бөгде заттар (анти
гендер) енгенде, олардың қатысуымен организмде ерекше белоктар -
иммуноглобулиндер (антиденелер) түзіледі де, олар богде заттарды
залалсыздандырып, организмді қолайсыз жағдайлардан қорғайды.
Белоктар сигналдық қызмет те атқарады. Торша мембранасында сыртқы
орта факгорларының өсерімен өзінің үшінші деңгейлі қүрылымын
өзгерте алатын белок молекулалары орнығады. Олар сыртқы орта
сигналдарын қабылдап, торшаға бұйрық жеткізіп отырады.
Көптеген белоктарға (гормондар) ретгеуші қызмет төн болады.
Олар организмнің ішкі ортасының қүрамын, зат алмасу процесінің
қарқынын ретгеп отырады. Организмде белок (ферментгер) катализдік
қызмет те атқарады.
Атқаратын қызметтеріне байланысты белоктар бірнеше топқа
бөлінеді. Олар: торшалардағы өр түрлі химиялық реакцияларды
жүргізетін биокатализаторлар - ферментгер; торша ішіндегі процестерді
ретгеуге қатысатьпг белоктар - гормондар; қорғаушы белоктар - ан
тиденелер; уытгы белоктар - токсиндер; қоректік белоктар; тасымал-
даушы белоктар; бұлшық етгің жиырылуын қамтамасыз ететін белок
тар; Д Н К -ның қызметін реттейтін белоктар.
135