Несіпбаев Іөлеутай биология гылымдарының докторы, профессор, Кдзақстан



Pdf көрінісі
бет68/157
Дата10.04.2022
өлшемі13,53 Mb.
#30525
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   157
Байланысты:
nesipbaev t adam zhne zhanuarlar fiziologiiasy

өзіндік  динамикалық  өсері деп  атайды.  Зат  алмасу  процесін  белок 
31%-ғад май - 15, көмірсулар - 6 пайызга күшейтеді. Қоректің өзіндік 
динамикалық өсері ас қорыту барысьщца түзілген амин қышқылда- 
ры, сірке жөне қүмырсқа қышқылдары, ацетальдегид сияқты  ыды-
131


pay  өнімдерінің  гуморальдық  жолмен  организмдегі  биохимиялық 
процестерді жандандыруымен байланысты. Бұл құбылыстың туын- 
дауында нерв жүйесі де белгілі рөл атқарады. Симпатикалық нервтің 
құрсақтық тармағын қиып тастаса бұл эсер байқалмайды.
145-  сурақ. Биополимерлер деген не?
Биологиялық полимерлер, немесе макромолекулалар, молекулала- 
ры көп мөрте қайталанып отыратын буындардан - мономерлерден - 
құралған жоғары  молекул алы  (молекулалық массасы  103-109 даль- 
тон) органикалық қосылыстар болып табылады. Биополимерлерге 
белоктар,  нуклеин қышқылдары,  көмірсулар  мен  олардың туын- 
дылары  -  крахмал,  гликоген,  целлюлоза, гемицеллюлоза,  пектинді 
заттар,  хитин т.б.  - жатады. Тиісінше амин қышқылдары,  нуклео- 
тидтер жөне моносахаридтер олардың мономерлері болып табылады.
Торшалар құрғақ затының 90 пайызға жуығы макромолекулалар- 
дан құралады. Жануарлар торшаларында белокгар, ал өсімдік торша- 
ларында - полисахаридтер басым болады. Шамамен бактериялар құра- 
мында 3  мыңға жуық белок,  1  мыңға жуық нуклеин қышқылдары 
болса,  адамда белоктар саны  5  млн. жетеді.  Олардың барлығы тірі 
организмдердің құрылымдық негізі болады да, тіршілік өрекеттерін 
қамтамасыз етуде маңызды қызмет атқарады.
Биополимерлер пішіні жағынан сызықты (белокгар, нуклеин қыш- 
қылдары, целлюлоза) немесе тармақты (гликоген) тізбек болып та­
былады.  Осымен байланысты олар тамаша қасиетгерге ие болады. 
Біріншіден, олардың өзара өсері барлық функционалдық топтары- 
ның  бір-бірімен  тығыз  байланысуымен  -   кооперативтігімен,  - 
ерекшеленеді. Осьщан полимердің бір тобының өзара өсерінен оның 
басқа топтарының өзара өсерлесу сипаты өзгереді. Оған мысал ретінде 
гемоглобин белогының отгегі молекуласын байланыстыруьш келтіруге 
болады. Екіншіден, биополимерлер ішкі полимерлік кешендер (ком- 
плекстер) құрай алады. Олар молекуланың өр түрлі бөлікгері немесе 
өр  түрлі  молекулалар  арасында  пайда  болуы  мүмкін.  Осындай 
кешендердің  пайда  болуының  жөне  биополимерлердің  басқа  да 
қасиеттерінің  арқасында  белоктар  мен  нуклеин  қышқылдары 
биосинтезі,  зат алмасу процесінің ретгелуі, иммундық реакциялар 
және басқа да маңызды биологиялық процестер атқарылады.
146- 
сурақ.  Белоктардың  ңурылымы  мен  қасиеттері  жайлы  не 
білесіз?
Белоктар  -  көміртегі,  сутегі,  оттегі  жөне  азот,  кейде  күкірт 
элементгерінен құралған күрделі органикалық қосылыстар - биопо­
лимерлер. Олар өрбір торша мен оның цитоплазмасының негізін қүрай-
132
ды, сол себепті өмір тетігі болып саналады, белоксыз тіршілік тоқ- 
тайды. Белок организм үшін ең маңызды органикалық заттар тобына 
жатады. Әр белоктың өзіне ғана төн қүрылымдық ерекшеліктері бо­
лады, сондықтан да олар нуклеин қышқылдарымен бірлесе отырып, 
тірі табиғаттың, түрлік әртектіліктің материалдық негізін құрайды.
Белок  молекуласы  табиғатына  байланысты  бір-бірімен  берік 
ковалентті азот-көміртегі байланысы - пептидтік байланыс (-СО- 
NH-), арқылы біріккен 50-1500 амин қышқылдарынан түзілген үзын 
тізбектен  құралады.  Осының  нөтижесінде  полипептидтік тізбек  - 
белокгардың бастапқы қүрылымы* пайда болады. Сонымен, белок 
молекуласы молекулалық массасы 5-150 мьщ дальтон не одан да көп 
полипептид болып табылады.
Құрылысына  карай  белоктар  қарапайым  жене  күрделі  болып 
бөлінеді. Қарапайым белоктар тек амин қьплқылдарынан қүралады, 
ал күрделі белоктар құрамында амин қышқылдарымен қатар нукле­
ин қышқылдары  (нуклепротеиндер),  липидтер  (липопротеиндер), 
көмірсулар (гликопротеиңдер), реңді (боялған) химиялық қосылыс- 
тар (хромопротеиндер) болады.
Торшалардың химиялық, морфологиялық жөне функционалдық 
қасиетгері олардьщ құрамындағы белокгардың ерекшелікгеріне бай­
ланысты. Әр организмнің, өр түрлі малдың, тіпті өр үлпа мен мүшенің 
өзіне ғана төн белокгары болады. Мысалы, ет торшаларының қүра- 
мында басқа торшаларда кездеспейтін актин жөне миозин белокта- 
ры, дөнекер ұлпада - коллаген белогы, қан құрамында - альбумин, 
глобулин,  фибриноген,  сүтге  -  казеиноген белогы т.с.с.  кездеседі. 
Осыган байланысты белоктарға индивидтік, түліктік, түрлік, мүшелік, 
үлпалық ерекшеліктер төн болады. Міне осы себепті бір түлік малы 
қанын екінші түлікке құюға болмайды, немесе бір организмнен екінші 
организмге мүшелерді аударып отырғызу сөтсіздікпен аяқталады.
Белокгардың өзіндік ерекшеліктері оның қүрамына енген амин 
қьппқьілдарыньщ құрамьша, саньша, олардың полипептидтік тізбекте 
орналасу төртібінё байланысты.  Белок қүрамындағы бір ғана амин 
қышқылы ауыстырылса немесе оның орналасу төртібі өзгерсе, онда 
белоктың қызметі өзгереді.  Белоктардың осы  мүмкіндігін табигат 
тамаша пайдаланады. Осының нөтижесінде тірі организм өзінің белгілі 
бір  қызметін  атқару  үшін  арнаулы  белокты  пайдаланады  жөне 
организмнің бұл бағыттағы мүмкіндігі шексіз деуге болады.
Белоктың  қасиеті  полипептидтік  тізбекгің  кеңістікте  орналасу 
төртібіне  де  байланысты.  Tipi  торшада  полипептидтік  тізбектер 
бүктеліп не иіліп екінші жөне үшінші құрылым түзеді. Белокгардың 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   157




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет