Несіпбаев Іөлеутай биология гылымдарының докторы, профессор, Кдзақстан



Pdf көрінісі
бет90/157
Дата10.04.2022
өлшемі13,53 Mb.
#30525
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   157
Байланысты:
nesipbaev t adam zhne zhanuarlar fiziologiiasy

186-  сурақ.  Тері болу жуйесінде қандай орын алады?
Тер жөне  май бездерінің өрекеті нөтижесінде тері экскрециялау 
қызметін атқарады.  Тер құрамында су, минералды заттар (хлорид- 
тер,  сульфаттар,  фосфаттар),  несепнөр,  зөр қыш қылы,  креатинин, 
май қышқылдары т.б. зат алмасу өнімдері бөлінеді.
Тер бездері көп торшалы,  қарапайым, түтікше бездерге жатады. 
Олар нағыз теріде (дермада) орналасады. Тер бөлу ерекшеліктеріне 
қарай тер бездері екі топқа бөлінеді.  Эккриндік бездер сұйы қ секрет 
бөледі және өрекет үстінде өздері бүлінбейді. Олар жылқыда кездеседі. 
Эпокриндік бездер құрамында май текгес затгары көп шайырлы тер 
бөледі. Әрекет үстінде бұл бездердің біраз торшалары бүзылады. Олар- 
дың секреті қүрамында су аз, қүрғақ зат көп болады. Тер бездерінің 
секрециялық бөлігі сиырда аздап иректеледі, жылқы мен шошқада - 
шумақ түзеді.  Бездің секрециялық бөлімінің сыртқы қабаты миоэ- 
пителиальдық торшалардан, ал ішкі қабаты - безді текше торшалар- 
дан құралады. Без өзектері ирекгеле келіп түк қапшықтарына неме- 
се түк шанағьша, ал дененің түксіз жерлерінде - тері бетінде арнаулы 
тесікпен ашылады.
М ай  бездері  көбіне түк қапш ықтарының жанында орналасады. 
Бүл бездер голокриндік бездерге жатады. Олардың өзектері түк қап- 
шықтарына ашылады.
Тер бездері дененің әр түрлі беткейінде бірдей таралмаған. Адам- 
да олар алақан мен табанда көп болады. Терінің ж ұқарған жерінде 
(құрсақ  пен  кеуденің  вентральдық  бөлігінде,  қолты қ  пен  шатта, 
құлақ қалқанында т.б.) олар көбірек. Адаммен салыстырғанда мал- 
да тер 2-3 есе аз бөлінеді,  оны ң себебі тер бездері қанм ен нашары- 
р ақ  жабдықталады.  Төулігіне  адам  —  1  л  (жазда  2-2,5  л),  жылқы 
2,5-3 л,  сиыр  - 4-5 л тер бөледі.
Тер рефлекс ретінде жылылықты қабыддайтын сезімтал нерв ұшта- 
рының тітіркенуіне жауап түрінде бөлінеді. Тер бөлуді реттейтін ор- 
талық жұлында орналасады. Тер бездері үшін симпатикалық нервтер 
секрециялық нерв болып табылады.
8-ТАРАУ
ІШ К І СЕКРЕЦИЯ БЕ ЗД ЕРІН ІҢ  ФИЗИОЛОГИЯСЫ
187-  сурақ.  Іш кі секреция деген не?
Маманданған торшалардың биологиялық белсенді затгарды торша- 
аралық кеңістікке,  одан өрі  қанға бөлуін  ішкі секреция дейді.  Ішкі 
секреция деген түсінікті ғылымға Клод Бернар енгізген. Ол дененің 
барлық мүшелері ішкі секрециялық қызмет атқарады деп есептеген.
178
Бұл  тұжырымды  ғалым  дененің  барлық  мүшелерінен  зат  алмасу 
өнімдерінің қанға бөлінетінімен негіздеген. Сондықтан ол ішкі сек- 
рециялық жүйеге қалқанша безді, айырша безді, бүйрек үсгі бездерін, 
көк бауырды (талақ), лимфа түйіндерін жатқызған.
Көп жағдайда шла секрециялық қызметке тым кең мағына беріледі. 
Кейбір зерттеушілер бүл түсінікке ішкі секрециялық бездерге жат- 
пайтын құрылымдарда биологиялық белсенді затгардьщ (көмір қыш- 
қыл газы, гистамин, ацетилхолин, ренин, гепарин т.б.) түзілу процесін 
де жатқызады. Аталған затгар организм функцияларына гумораль- 
ды қ жолмен өсер етеді.  Дегенмен, ішкі секреция филогенез түрғы- 
сында кешірек қалыптасқан жөне  эндокриндік бездердің дамуына 
байланысты  пайда  болған  ретгеу тетігі.  Сол  себепті  ішкі  секреция 
деген  түсінікті  мүшелердің,  ұлпалардың,  торш алардың  алмасу 
өнімдерімен шатастыруға болмайды.
188- 
сурақ.  Іш кі  секрециялы қ  бездер  дегеніміз  не,  олар  қалай 
жіктеледі?
Ішкі секрециялық немесе эндокриндік бездер деп безге төн қүры- 
лымы бар жөне өздері түзген биологиялық белсенді затгарды тікелей 
қанға немесе сөлге (лимфаға) бөлетін бездерді айтады.  Грек тілінен 
аударғанда  эндон  деген  сөз  -  ішкі,  крино  -  бөлемін  деген  мағына 
береді. Ішкі секреция бездерінің шығару өзектері болмайды, оларда 
пайда болған затгарды гормондар (грек тілінен аударғанда гормон - 
қозғаймын деген сөз) деп атайды. Ішкі секреция бездерінің мөлшері 
шағын болады, бірақ олар қанмен мол жабдықталады.  Безде қан та- 
мырлары орасан көп  капиллярлар торын қүрайды,  сондықтан без 
бөлген өнімдер қанға тез сіңеді.
Эндокриндік  бездер  қызмет  ерекшеліктеріне  қарай  екі  топқа 
бөлінеді.
1) тек эндокриндік қызмет атқаратын бездер.  Оларға қалқанш а, 
қалқанша серік бездер, бүйрек үсті бездері, серік (плацента), айырша 
без, гипофиз, эпифиз жөне тимус жатады.
2)  аралас  қызмет  атқаратын  бездер.  Бұл  топқа  үйқы   безі  мен 
жыныс бездері жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   157




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет