Неврология модуль


Есту талдағышы мен оның бөлімдерінің сипаттамасы



бет68/83
Дата15.11.2023
өлшемі0,56 Mb.
#122945
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   83
Байланысты:
Неврология модуль-emirsaba.org 2

15. Есту талдағышы мен оның бөлімдерінің сипаттамасы.
Есту- ол есту анализаторы арқылы организмнің дыбыс толқуларды, дабылды (толқындары) қабылдауы және ажыратуы. Бұл анализаторда 3 бөлімнен, яғни дыбыс қабылдаушы рецептордан (сыртқы, ортаңғы және ішкі құлақ), өткізгіш нервтік жолдары және орталық бөлімнен тұрады (ми жасушасынан, бас миының үлкен жарты қабығының самай бөлігінде орналасқан).
Есту мүшесі - құлақ дыбыс өткізетін және дыбыс қабылдайтын екі бөлімнен тұрады. Дыбыс өткізгіш бөлім сыртқы және ортаңғы құлаққа бөлінеді, олардың арасында дабыл жарғағы бар. Дыбыс қабылдайтын бөлім ішкі құлақтан, есту нервтерінен және самайда орналасқан мидың арнайы есту орталығынан тұрады.
Сыртқы құлаққа құлақ қалқаны мен сыртқы есту түтігі жатады. Ортаңғы құлақта есту сүйекшелері: балғашық, төс және үзеңгіше орналасқан шығын дабыл қуысы бар. Дабыл қуысы евстахиев түтігі арқылы мұрын-тамақ жолымен ұштасады. Адам жұтынғанда евстахиев түтігі ашылып, мұрын-тамақтан келген ауа ораңғы құлаққа енеді, мұның дыбысты ішкі құлаққа өткізуде маңызы бар.
Ішкі құлақта құлақ құрышы, онда сезімтал есту клеткалары мен вестибуляр аппараты - тепе-теңдік органы орналасқан. Дыбыс толқыны есту түтігі, дабыл жарғағы және күллі есту сүйекшелері арқылы құлақ құрышына беріліп, есту клеткаларын тітіркендіреді. Бұл тітіркеніс одан әрі есту нервтері арқылы мидың есту орталығына жеткізіледі. Адам осылай сөзді, музыканы қабылдайды.
Адамның құлағы секундына 16-20-дан 20-30 мың тербеліске дейінгі жиіліктегі дыбыстарды естиді. Ол эсіресе секундына 1000-нан 4000-ға дейінгі тербеліске сезімтал келеді. Эсіресе қабылданатын жиіліктің жоғарғы және төменгі шегіне жақандаған сайын неңұрлым жоғары немесе төмен дыбыстарға сезімталдық едәуір кемиді. Толық тыныштық жағдайда есту анализаторының сезімталдығы айтарлықтай артып, айқай-шу жағдайында кемиді. Егер күшті өзгермейтін белгілі бір биіктіктегі үн естіле бастаса, онда оған бейімделу салдарынан үн күштілігін түйсіну алғашында тез, ал одан соң барған сайын баяу кемиді. Мұнда естіліп тұрған үн мен оған тербеліс жиілігі жөнінен жақын үнге сезімталдық төмендейді.
Күшті дыбыстардың ұзақ әсер етуі мен қыртысы клеткаларының шектен тыс тежелуіне себепші болуы мүмкін, осының нәтижесінде анализатордың сезімталдығы күрт кмиді. Мұндай жағдай тітіркендіру аяқталған соң біраз уақыт бойы сақталады. Күшті айқай-шу жағдайында жиі болу иірім түтіктің есту аппаратының емдеуге келместей бұзылуына, сөйтіп құлақ мүкістігіне, яғни нашар естуге, тіпті мүлде саңырау болып қалуға әкеп соғуы мүмкін




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   83




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет