Неврология модуль


И.П. Павлов бойынша талдағыштардың бөлімдерінің сипаттамасы



бет60/81
Дата26.12.2022
өлшемі1,79 Mb.
#59676
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   81
Байланысты:
невро-физио

2. И.П. Павлов бойынша талдағыштардың бөлімдерінің сипаттамасы.
Талдағыш туралы ілімді ең алғаш И.П.Павлов ашты. Ол ең бірінші болып, талдағыштың үш бөліктен тұратынын айтты: рецепторлық (шеткі бөлімі), өткізгіш жолдары (аралық бөлім), соңында афференттік сигналды қабылдайтын үлкен ми сыңарларының қыртысы (орталық бөлімі).Бұл үш бөліктің біреуі зақымданса белгілі бір тітіркендірісті ажырату қабілеті жойылады.Осыларды ескеріп ол ми қыртысын алғашқы жобаланыс аймағы деп есептеді.
Шеткі бөлімде– алғашқы қарапайым саны мен сапалық анализ жүргізіледі. Рецепторлардың, яғни анализаторлардың шеткі,перифериялық бөлімдерінің тітіркенуі – миға біздің денемізде, сондай-ақ бізді қоршаған ортада қандай әрекет болып жатқанын жеткізетін хабарлардың бірден-бір көзі болып табылады. Сезім мүшелері рецепторларының ерекше маңызы бар: адам олар арқылы айналадағы дүниені танып біледі.
Анализатордың аралық бөлімінде шетте түзелген қозу импульстерін аралық афференттік нерв арқылы орталыққа өткізіп, сонымен қатар алғашқы қарапайым синтез немесе талқылау жүргізіледі.
Орталық немесе қыртыс бөлімінде жоғары дәрежелі биологиялық маңызына қарай талдау мен талқылау жасалады.
3. Көру талдағышы мен оның бөлімдерінің сипаттамасы.
Көру талдағышы-адам үшін маңызды талдағыш болып табылады,себебі көру арқылы айналамыздағы 90 пайыз ақпараттарды аламыз.Барлық талдағыштар сияқты көру талдағышының да 3 бөлемі бар:
Шеткі бөлімі: шеткі бөліміне торлы қабық рецепторлары және торлы қабықтың нейрондары жатады.Торлы қабықтың рецепторларының 2 түрі бар: фоторецепторлар – таяқшалар (110-125 млн.) және сауытшалар (6-7 млн.) Сауытшалар күндізгі көру мен түрлі түсті қабылдауды қамтамасыз етеді, ал таяқшалар – ымыртта, түнде көруді. Торлы қабықта, жарық түскенде оңып кететін, жарық сезгіш пигменттер болады. Адамдар мен көптеген жануарлардың торлы қабығындағы таяқшаларда родопсин немесе қанқызыл (пурпур) көру пигменті түзіледі. Сауытшаларда йодопсин деген пигмент табылған. Одан басқа сауытшаларда тағы хлоролаб және эритролаб деген бояғыштар бар. Хлоролаб жасыл түске сәйкес, ал эритролаб қызыл түсті спектрдің сәулелерін сіңіреді. Көру талдағышының шеткі бөліміне жататын тағы да бір бөлігі нейрондар қабаты болып табылады,яғни биполярлы жасушалар қабаты және ганглиозды жүйке жасушалары талдағыштың шеткі бөлімін құрауға қатысады.Фоторецепторлар торлы қабықта біркелкі орналаспаған: Таяқшалар – шетте, сауытшалар – орталықта. Орталық ойық (fovea centralis) – тек сауытшалар бар (140 тыс. на 1 мм2), ең жақсы көретін жер.Көру жүйкесі шығатын жерде фоторецепторлар болмайды. Ол жер соқыр дақ деп аталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет