Диалог арқылы сыни тұрғыдан ойлауды дамыту. Аудиториядағы қарым- қатынасты зерттеуді көздеген еңбектер белгілі бір өзара әрекеттестік үлгілері, зерттеушілік әңгіме, дәйек пен диалогтің мұғалімдер мен студенттерді мағына мен білімді игерудегі бірлескен іс-әрекетке тартылуымен қатар, жоғары деңгейдегі ойлау қабілеттері өрістеуіне және зияткерлік қырларының дамуына ықпалын тигізетіндігін көрсетті. Александердің диалогтік оқытуына сәйкес, аудиторияның қолданбалы зерттеуін зерделер болсақ, ол диалектикалық және диалогтік педагогика тұрғысынан студенттердің ой-пікірлері назарға болмашы ғана алынатын аудиториядағы қарым-қатынастың дәстүрлі моделіне күмәнмен қарайды. Көзбен көру және ауызша ақпарат көздерімен тікелей қарым-қатынас жасау студенттерге дәйектеу дағдыларын шынықтыруға және жеке тәсілдермен білім алуға мүмкіндік береді және формалды түрде оқуды азайтады. Олар кітап арқылы оқыту сияқты дәстүрлі тәсілдерге наразылық білдіреді және мұғалімдер білім мен зерттеу үдерістерін басқармай, бағыттап отыру үшін өздерінің рөлдерін қайта қарастыруы керек.
Білім алушыларды диалог пен дәйектеуге, талқылауға тарту белсенді жүргізілген жағдайда олардың оқуы тиімдірек және зияткерлік жетістіктері жоғары болатынын дәлелдейтін зерттеулер де көбейе түсуде. Осылайша білім алушыларды ХХІ ғасырда және кейінгі ғасырларда да өмір сүру үшін қажетті дағдылармен және қасиеттермен қаруландыру – мұғалімдер үшін ынталандырушы күш болып табылады. Білім алушылар күннен-күнге қолжетімділік артып келе жатқан анағұрлым кең коммуникациялық үдерістерге тиімді және ойдағыдай қатысуға мүмкіндік беретін сыни тұрғыдан ойлау мен зерттеу дағдыларын дамытуы керек [121].
Біз баламалы мүмкіндіктер заңдылығына және адамдардың тәжірибесіне сүйене отырып, қазіргі білім жиындығы мен ойлау нормаларын үйрету арасындағы шиеленіскен қатынастарды реттеу тәсілдерін қарастыруымыз керек.
Қолданылуы мүмкін әдістер ретінде «зерттеушілік әңгіме» немесе
«дәйектеу» және «диалогтік оқыту» мен «қолдау» көрсетілген. Александер тәжірибеде зерттелген диалогтің бес үлгісін анықтады:
- механикалық есте сақтау (үнемі қайталап отыру арқылы фактілерді, ойларды және күнделікті іс-әрекеттерді жаттау);
декламация (тестілеу үшін дайындалған сұрақтар арқылы немесе бұрын өткендерді еске түсіруге ынталандыру үшін сұрақта берілген сілтемелерге сүйене отырып, жауапты ойлауға жол сілтеу арқылы жинақталған білім мен ұғымдарды толықтыру);
нұсқаулық, мазмұндама (студентке не істеу керектігін түсіндіру немесе ақпаратты жеткізу, сонымен бірге фактілерді, қағидаттар мен рәсімдерді түсіндіру);
талқылау (ақпараттарды тарату және мәселелерді шешу мақсатында ой бөлісу);
диалог (қателіктер мен тәуекелдерді азайта отырып, таңдауды қысқартуға және түсініктер мен қағидаттарды «жеткізуді» тездетуге ықпал ететін сауалнама мен талқылаудың жиынтығы арқылы өзара түсіністікке қол жеткізу) [120, б. 2; 121, б. 3].
Әңгіменің сапасы мен мазмұны білім алушылардың оқуы үшін маңызды болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |