Нормaтивті сілтемелер



бет29/78
Дата06.01.2022
өлшемі13,49 Mb.
#13763
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   78
Байланысты:
Жұмашев К.

Талқылау мен диалог өзінің танымдық әлеуетімен ерекшеленеді. Диалог барысында студенттерге баламалы мүмкіндіктер беріліп, басқа адамның көзқарасын өзінің тұжырымдамалық түсінігін тереңдетіп, дамуын ынталандыратын әдістермен қарастыру ұсынылады. Бұл, мұғалімдердің көпшілігінің түсінігі бойынша, диалог пен ауызекі немесе «интерактивті» оқытудың арасындағы айырмашылықты логикалық және ұтымды дәлел ретінде қолданылатын «диалектика» элементі [121, б. 3].

Дәлелдемеге идея мен мүмкіндіктерді алға жылжыту және келісу деген анықтама берілген. Студенттер өздерінің құрдастарымен, сарапшылармен диалог жүргізу барысында тәжірибе жинақтап және ой әрекетінің жоғары деңгейіне көтерілуге талпына отырып, баламалы мүмкіндіктер туралы сыни тұрғыдан ойлап, зерттеу жүргізуге қабілетті бола түседі. Түсінуді басты назарға ала отырып ынтымақтастықпен оқу немесе мәселені шешу үдерісі студенттердің тиімді дәлелдерді жүйелеу қабілеттерін жоғарылатады.

Сұрақтар туындаған жағдайда, мұғалімдердің ақпарат көзі болуы міндетті емес. Студенттер мен мұғалімдер бірлесіп интернет көмегімен зерттеу жұмыстарын жүргізе алады. Мұғалімдер студенттерге табылған ақпараттардан кажеттілерін таңдап, баға беріп, іздеудің тәсілдері туралы сыни тұрғыдан ойлауға көмектесе алады.

Диалогтік педагогика – студенттер мен мұғалімдердің жаңалық ашу мен оқуда өзара қарым-қатынас орнатуы [122].

Мұғалім диалог жүргізудің ережелері туралы келісімді нақтылап, аудиторияда диалогтік үлгі құруы керек, студенттер бір-бірімен жаңа әрі ең тиімді тәсілді іздестіріп, мағына құрудың бірлескен тәсілдерімен әрекет ете отырып жұмыс жасауы керек. Ол үшін студенттердің ерекшелігі мен қызығушылығын түсініп, олардың қарым-қатынастары мен эмоцияларына көңіл аудару қажет.

Мұғалім студенттердің өз беттерінше тапсырма беру арқылы оларды талдай отырып, жауап алғанда тиімді білім болады. «Оқыту - бағалау тәрізді» деген ұғым мен формативті бағалау қағидасы, білімді түзетін әдістерге қатысу арқылы оқу дегенді білдіреді. Бұл идеялар студенттерді оқу мен оқыту үдерісінің белсенді қатысушысы ретінде қарастыратын сындарлылық құрылымына сай. Адамдардың қай тұрғыдан алғанда да бір-біріне икемделуі құрмет пен сенімге негізделген. Диалогтік оқыту ұжымдық (мұғалім мен студент бірігіп тапсырманы

орындайды) және өзара білім алмасуға жағдай туғызатын (мұғалімдер мен студенттер бір-бірін тыңдап, идеяларымен бөліседі және балама көзқарастарды қарастырады) және қолдаушы (студенттер қате жауап бергені үшін қорықпай, өз идеяларын еркін жеткізіп, бір-біріне өзара түсіністікке жетулеріне көмектеседі) болып табылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   78




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет