Нормaтивті сілтемелер



бет50/78
Дата06.01.2022
өлшемі13,49 Mb.
#13763
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   78
Байланысты:
Жұмашев К.

Блум таксономиясы. Таксономия грекше táxis – орналасу, қатар, тәртіп және nómos – заң деген мағынаны білдіреді. Блум таксономиясының негізгі идеясы – әр сабақта барлық 6 деңгейді қамтитын бір тапсырма беруде.

    1. Білу. Жаттайды, қайталайды, еске түсіреді, қалдырып кеткен әріптерді орындарына қояды, тыныс белгілерін қояды, формуланы жазып алады, көшіреді, сипаттайды, сәйкестендіреді, хабарлайды.

    2. Түсіну. Әңгімелейді, түсіндіреді, өз сөзімен мазмұндап береді, екі ұғымды (объектіні, құбылысты) салыстырады, ереже құрастырады, мысал келтіреді, топпен талқылайды, тірек схемалар арқылы түсіндіреді, көрсетеді, анықтама құрастырады, «Неліктен? Не үшін?» деген сұрақтарға жауап береді, анықтама не формуланы ойлап шығарады, формуланы (теореманы, орфограмманы) түсіндіреді, интерпретациялайды, қорытындылайды, өз сөзімен айтып береді, кестемен (сөзбен, суретпен, графикпен, сызбамен, схемамен, диаграммамен, слайдпен) көрсетеді, суретін салады, постер жасайды, болжайды, басқа тілге аударады, түрлендіреді.

    3. Қолдану. Есеп шығарады, сөйлем құрастырады, берілген схема (алгоритм) бойынша орындайды, модельдейді, кескін картамен жұмыс жасайды, хронологиялық кесте жасайды, иллюстрациялайды, атласпен жұмыс (саяхат) жасайды, жасап көрсетеді, рөлдер ойнайды, тәжірибе-эксперимент қояды, макет, құрылым жасайды, приборлармен жұмыс жасайды, жағдаят құрастырады, ойнайды, сахналайды, шолу жасайды, ұйымдастырады, санайды, өлшейді, есептейді, жоспарлайды, зерттейді.

    4. Талдау. Дәлелдейді, сараптайды, жан-жақты салыстырады, құрамдас бөліктерге бөледі, бір-біріне қарсы қояды, сынайды, «неліктен?», «не үшін?» деген сұрақтарға жан-жақты (тереңінен) жауап береді, себеп-салдарын айқындайды, астарлы мағынасын (жасырын мағынасын) айқындайды, жіктейді (классификациялайды), категорияларға бөледі, тестілейді (тексереді), жасалу алгоритмін құрастырады, қателерді табады, кері есеп шығарады, ретке (тәртіпке) келтіреді, жасалған жұмысты талдайды, постер жасайды, топтастырады (кластерлейді), жасалған жұмыстың алгоритмін келтіреді, проблеманы шешеді.

    5. Жинақтау, синтез. Шығармашылық жұмыспен айналысады: эссе, өлең, мақала, шығарма, ертегі, әңгіме (сторителлинг), баяндама, сөз, жоспар, сценарий жазады, слайд жасайды, есептер немесе жаттығулар құрастырады, жоба жасайды, тест сұрақтарын құрастырады, компьютерлiк бағдарлама жазады, тақырып бойынша сабақ жоспарын құрастырады, ғылыми гипотеза (болжау) құрастырады, құрамдас бөліктерді жаңаша біріктіреді.

    6. Бағалау. Бірнеше жауаптың (ұсыныс, нұсқа, пікір, т.б.) ішінен біреуін таңдайды, таңдауды негіздейді (дәлелдейді), өзіндік шешім қабылдайды,

қажеттілігін (маңызын, пайдасын, құндылығын, зиянын) айқындайды, дұрыс- бұрысын ажыратады, дәлелдейді, тұжырымдайды, жақтайды немесе қарсы шығады, өз пікірін дәлелдеп келтіреді, керектісін таңдап алады, тізім (рейтинг) жасайды [153].

Мысалы, «Өсімдіктер aнaтомиясы мен морфологиясы» aтты элективті курс бaғдaрлaмaсынa енгізілген тaқырыптaрдың ішінде «Соя егісін суару жaғдaйы» тақырыбындағы сабақты Блум таксономиясымен жүргізу тиімді екенін танытты.

Ең алдымен, ой қозғау мақсатында «Соя өсімдігі қайда өседі?», «Сояның басқа тұқымдас өсімдіктен басты ерекшелігі неде?», «Соя өсімдігін көргендеріңіз бар ма? Елестетіп, сипаттап беріңізші», т.б. сұрақтар қойылады. Студенттер жауап беруге талпынады. Оқытушының міндеті – бағыт-бағдар беріп тұру. Сұраққа жауапты студенттер өз еркімен ой-пікірлері, қолдарындағы смартфондары арқылы береді. Оқытушының қысқаша коментарийімен аяқталады. Бұл таксономияның ен алғашқы сатысы білу.

Тақырыпты ашу үшін соя жайында ғылыми негізделген теориялық мәтін таратылады. Оны Insert стратегиясы негізінде жүзеге асыруға болады.



Insert – түртіп алу әдісі (белгі қойып оқу). Қолдарына қарындаш алып, «v»- білемін, «+» – білмеймін, «-» – мен үшін жаңа білім (ақпарат), «?» – мені таң қалдырды деген белгілерді қойып отырып мәтіннің мазмұнын түсінеді. Бұл әдіс оқығанын саналы түсінуге, өз ойын басшылыққа алуға, ойын білдіруге үйрететін ұтымды әдіс. Студенттер білгендерін анықтап, білмейтіндерін сұрауға әзірленеді. Бұл әрекет арқылы жаңаны түсіну үшін бұрынғы білетіндерімен жаңа материалды байланыстыруға дағдыланады.
Кесте -13 Insert немесе түртіп алу әдісі




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   78




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет