Нормaтивті сілтемелер



бет52/78
Дата06.01.2022
өлшемі13,49 Mb.
#13763
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   78
Web-guest әдісі – жаңа әдістердің бірі. Бұл смартфонды қолдану арқылы интернет желісінен керек ақпараттар іздестіруге арналған. Смартфоннан қарап болған соң, пікірлерін ортаға салады. Бұған 5-7 минут уақыт беріледі.

Мысалы, «соя», «морфология» немесе «анотомия» ұғымдарын қолдарындағы смартфондарын іске қосып, интернет желісі арқылы әртүрлі ақпарат парақшаларын аша отырып, олар жайлы түсінікті оқимыз, дәріс дәптерімізге жазып аламыз.

Бұл таксономияның үшінші сатысы – қолдану.

Смартфон арқылы жинақталған материалдарды талдаудан өткізу керек болады. Ақпараттардың қайсы қаншалықты тақырыпқа сай екендігін, тақырыптың теориялық мазмұнын ашатындығын зерттеу үшін таксономияның келесі сатысы – анализге көшеміз. Бұл жерде Кейс-стади әдісін қолданған тиімді.



Кейс-стади (ағыл. «оқиға, жағдаят» және «зерттеу») ұғымы «нақтылы жағдаятты талдау әдісі» деп айтуға болады. Ол оқыту кезінде, нақтылы практикалық істерді талдауда және зерттеу ісін жүргізуде қолданылады. Бұл студенттердің оқуға қызығушылықтарын арттырып, нақтылы мәселені шешуге қажетті шығармашылық қабілетін дамытуды қажет етеді және оның ой-өрісінің қалыптасуына ықпал етеді.

Ерекшеліктері: студенттердің бойындa жaңa қaсиеттерді, іскерліктерді қaлыптaстыру; прaктикaлық жaғдaйлaрды зерттеу; болғaн жaғдaйлaрды бaяндaу әр түрлі жағдайларды тaлдaу және олaрды шеше білу қaбілетін дaмыту; студенттерді aқпaрaтпен жұмыс жaсaуға үйрету. Мысалы, интернет желісіне сүйеніп немесе смартфон арқылы жиналған материалдарды талдау студенттердің бойында зерттеушілік мәдениеттің артуына септігін тигізеді.

Зерттеуден өткен материалдарды жинақтап, тек сабақтың тақырыбына сай ақпараттарды жинақтауға тура келеді. Оны Венн диаграммасы арқылы жүзеге асыруға болады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   78




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет