«Antiplagiat» әдісі немесе мәтінді құрылымдық-кумулятивті талдауды шығармашылықпен пайдалану әдісі. Әдістің авторы – С.И. Оспанов. Бұл әдіс көпсатылы, бірақ бір мақсатты әрекеттерден тұрады. Олар: семинарға немесе тренингке даярлануға ұсынылған дерек көздерін конспектілеуді білу және жасай алу; сол мәтіндерді құрылымды-кумулятивті талдап-ойлану арқылы пән бойынша реферат немесе жоба жазу; соларды курстық, дипломдық және диссертациялық жұмыстарды орындауда шығармашылдықпен пайдалану.
Жалпы «антиплaгиaт» сөзі aнти - қaрсы (шaрa, күрес, әдіс), плaгиaт - жaриялaнғaн мәтіннің aвторын көрсетпей, өзі жaзғaн есебінде көрсету (яғни өзгенің еңбегін ұрлaу).
Төменде С.И. Оспановтың ауызша сөйлеу кезінде плагиаттықтан құтылудың ең ұтымды жолын келтіреміз.
Белгілі бір әдебиеттен конспекті жасау үшін, ең алдымен, оның атауы мен көрсеткіштерін мемлекеттік стандартқа сәйкес: автордың аты-жөнін, кітап
(мақала болса, онда ол орналасқан жинақтың, журналдың, газеттің) атын толық, шыққан жері мен баспа атауын, жылын, жеке кітаптың барлық беттер санын (егер мақала жинақта болса, онда ол орналасқан беттерін) көрсету керек. Конспект нақпа-нақ үзінді (цитата) болса, онда ол тырнақшалардың ішіне алынады. Қысқартылған үзіндіде қалдырылып кеткен сөздердің, сөйлемдердің орнына сынық жақшалардың ішінде көп нүктелер (<...>) қойылады. Толық еркін конспектіде әдебиет мәтіні мазмұны білімденушінің өз сөзімен ғана жазылады. Конспектілеудің келтірілген түрлерін аралас та жазуға болады.
Жазып алған конспектінің әрбір абзацында, үлкен үзінділерінде кездесетін басты «мағыналық (семантикалық) бастауышт(ард)ы» немесе ойдың
«қисындық (екпінін) баяндауыш(тар) ын» көрсететін сөздердің астарын әртүрлі сызықтармен немесе оларды маркерлермен сызып белгілеу керек.
Конспектінің мағыналық бастауыштары мен баяндауыштары белгіленгеннен кейін, солардың тұстарындағы ақ жолдарға білімденуші солар туралы өз түсінігін сөйлем, фраза, тіпті жеке ұғымдар немесе сөздер арқылы жазуы керек.
Конспект мазмұнын және солар туралы жазылған өз тұжырымдарын білімденуші семинар сұрақтарының реттік сандарына сәйкес сандармен (нөмірлермен) белгілеуі қажет.
Осылай белгілеп болғаннан кейін, егер бір сұраққа бірнеше үзінділер белгіленген болса, онда семинар кезінде реттілікпен пайдалану үшін олардың өздерін іштей реттілікке келтіріп белгілеу керек. Ондай белгілеулер: бірінші сұрақ бойынша «1-1», «1-2», «1-3» және тағы солай етіліп, сосын екінші сұрақ бойынша «2-1», «2-2» сияқты етіліп реттестіріледі.
Негізгі мәселелерді осылай семинардың әр сұрағына сәйкес белгілегеннен кейін олардың мазмұнын жалпы семинар мәселелерімен байланыстырып, тағы бір ой елегінен өткізген абзал.
Интербелсенді талданатын құжаттың тақырыбы мен жалпы мазмұны. Педагог консультациясы:
интербелсенді оқыту әдісінің мақсаты мен міндеттері;
әрбір білімденуші немесе білімденушілер тобы орындайтын рөл(дер)інің мазмұны;
келешек интербелсенді ойын немесе тренинг кезінде орындалатын ең басты ерекшеліктер, мақсаты және міндеттер.
Өз рөліне байланысты әдебиеттің, құжаттардың мазмұны: ойындағы, тренингтегі өз рөлінің мақсаты мен міндеттері туралы деректер келтірілген әдебиеттен үзінділер.
Тренинг кезінде қолданылатын ғылыми, заңнамалық, экономикалық, экологиялық, мәдени, рухани және басқа жақтарының ойын кезінде ғана емес, сонымен бірге олардың өмір жағдайында, өндірістік, тұрғылықты жерлердегі, үлкен және кіші әлеуметтік топтардағы ресми (заңға сәйкес) немесе бей ресми қарым-қатынастардағы көріністеріне назар аударылады.
Өзгелердің тренингте орындайтын рөлдеріне байланысты орындалатын тікелей немесе қосалқы мәселелер туралы.
Олар тренингте қаралатын жалпы мәселелердің және өзгелердің рөлдерінің өз рөліне қатысты жақтарына байланысты мәселелер.
Әдебиеттен өзге құжаттар мен рөлдерден туындайтын жалпы тұжырымдар мен қорытынды ойлар, пікірлер, аргументтер тренинг кезінде, өз рөлін орындағанда пайдаланылатын алдын ала жасалған, тренинг кезінде қосымша жазылған ой-пікірлер болуы мүмкін.
Жоғарыда келтірілген әр бағана бойынша жазылған мәселелер мағыналары жағынан өзара сәйкес болғаны орынды. Сол сәйкестік үшін кей бағанада бос орындар қалдырып барып жазуға тура келуі де мүмкін. Ондай сәйкестенген ойлардың топтарын бір көлденен сызықпен бөліп отыруға да болады [154].
Мысалы, «Зертханалық жағдайда өсірілген соя өсімдігіне жүргізілген фенологиялық бақылау нәтижесі, морфометриялық және микроскопиялық өлшемдерді талдау» тақырыбын практикалық сабақ түрінде өткізген тиімді. Бұл сабақтың жоспары кеңейтілген түрде біздің зерттеу жұмысымыздың 80-бетінде толық көрсетілген.
Достарыңызбен бөлісу: |