Нормaтивті сілтемелер



бет60/78
Дата06.01.2022
өлшемі13,49 Mb.
#13763
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   78
J0дұрыс жауаптар саны;

Jaалуға қажетті ең жоғары жауаптар саны.

Сонда J0 ,Jaекеуінің айырмасы арқылы бағалау саны шығады.


Жалпақ сұрақтар – сұрақтың жауабына толық әрі түсіндіре отырып, схема, сызба немесе кесте түрінде жауап береді.
Тағы бір дәріс жоспарын түсіндіріп кетуді жөн санадық.

Тақырыбы: Зертханалық жағдайда өсірілген соя өсімдігіне жүргізілген фенологиялық бақылау нәтижесі, морфометриялық және микроскопиялық өлшемдерді талдау

Қолданылатын материалдар: Петри табақшасы, марганцовка, сүзгіш ақ қағаз, «Сартогосм» электрондық таразы, микроскоп.

Сабаққа түсініктеме:


Соя Glycine max (L.) Merr. бүкіл дүние жүзінде өсірілетін маңызды әмбебап және ауылшаруашылық дақыл болып табылады. Соя (майбұршақ) - ақуызды майлы өсімдік. Әртүрлі жағдайларда өсуі майдың 16-27%, ақуыздың тұқымында 37-45% арасында ауытқып отырады. Соя барлық егістік өсімдіктерінің ішінде бөрібұршақты есептемегенде ақуыздың көп мөлшерде болуымен сипатталады. Соя жаңғақтан кейін майдың мөлшері көп өсімдікке жатады. Жоғары сапалы ақуыздың көптігі соя өсімдігі басқа бұршақ тұқымдас өсімдіктермен салыстырғанда жоғары сапаға ие. Мұнда алмастырылмайтын аминқышқылдары бар. Соя ақуызының құрамы өз кезегінде сіңімділігі жоғары, жануар ақуыздары құрамына жақын.

Зертханалық жағдайда пробиркада өсірілген сояның (Glycine max (L.) Merr.) морфологиялық ерекшелігі және түйнекті бактериялардың пайда болуы және болмау құбылыстары зерттелген. Соя өсіндісінен этилен өндіру барысында сынаманы айналдыру арқылы морфологиялық құрылысы өзгеретіндігі айқындалған. Сояның жас өсіндісінің морфологиялық құрылысына сынаманы айналдыру эффектісі айқындалған. Әртүрлі ультрафиолет сәулелерінің сояның морфологиялық құрылысына әсер ететіндігі және соя гүлі мен тозаңының морфологиясы осы сәулеге төтеп беру ерекшелігі сипатталған. Соя өсімдігінің жапырағы, сабағының өсу габитусының эффектісі және газ алмасу қасиеттері морфологиялық құрылысына әсер етеді. Тамырдың құрылымдық аспектілері мен нығыздалған топырақ сояның дамуына ықпалын тигізеді.



Зерттеу объектісі (нысанасы): Алматы облысы жағдайындағы зертханалық жағдайда Петри табақшасына өндіру арқылы өсірілген Диковик сорты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   78




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет