Нормaтивті сілтемелер


Дебат семинар жүргізу әдістері



бет57/78
Дата06.01.2022
өлшемі13,49 Mb.
#13763
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   78
Байланысты:
Жұмашев К.

Дебат семинар жүргізу әдістері. Университетте оқу бағдарламасы бойынша берілетін білім, іскерлік, дағдыны қалыптастыруда жаңаша оқу технологиясының орны ерекше. Мұнда студентті жеке тұлға ретінде қарастырып, жас ерекшелігі, білім деңгейі, қабылдай қабілетіне сәйкес дамыта, әрі тәрбиелей отырып оқытуға баса назар аударылады. Оқытудың жаңаша әдістері дегеніміз – бұрыннан оқу үрдісіне пайдаланып келген оқыту тәсілдері мектеп практикасында дәлелденген тиімді жолдарын дамытып, түрлендіріп, ғылым мен техника жетістіктерін енгізе отырып, заман талабына оқу бағдарламасына сәйкестендіріліп алынған, университет мұғалімдері тарапынан кең қолдау тапқан оқыту әдістері. Мұнда оқылатын пәннің ерекшелігі, студенттердің дайындық деңгейі, қабылдау мүмкіндігі, білім қоры және тағы басқа да педагогикалық-әдістемелік ұсыныстар ескеріледі.

Университетте оқыту үрдісінде кеңінен қолданылып жүрген әдістерінің бірі



  • дебат сабақ. Бұл сабақтардың нәтижелігі күнделікті оқыту барысында аудандық пәндік семинарларды өткізіп жүрген сабақтардан және әдістемелік журналдарда жарияланған ұстаздар тәжірибесінен айқын көрінеді.

Дебат семинар – бір мәселе төңірегіндегі екі түрлі көзқарастарға адамдардың пікір сайысы.

Дебат сабақтарының өзіндік артықшылықтары бар. Олар:



  1. Студенттер алдын ала берілген тақырып бойынша өз бетінше ізденуді үйренеді;

  2. Оқулық қосымша әдебиеттер, баспасөз және теледидар хабарлары арқылы берілген материялдарды жинақтап, жүйелі ой қорыта білуге дағдыланады;

  3. Белгілі тақырып бойынша өз көзқарастарына сәйкес келетін пікірлерді, деректерді іріктеп, негізгі түйінді мәселелерді таңдап алуды үйренеді.

  4. Өз көзқарасын қорғап, дәлелдеу арқылы қарама-қарсы пікірлерді жеңіп шығу үшін білімін толықтырады;

  5. Студенттерде жүйелі сөйлесу, өз ойын ретті, түсінікті жеткізе білу дағдысы қалыптасады. Топ алдында сөйлей білу дағдысын меңгереді;

  6. Қарама қарсы пікірді жеңіп шығуға талпыну барысында жүйке жүйесі жұмысын бағыттау, психологиялық дайындық, тағы басқа қажетті икемділіктерді өз бойына қалыптастырады;

  7. Орынды дәлелдер келтіру арқылы өз пікірін дұрыс екендігіне қарама- қарсы пікірдегі жолдастарына мойындата білуді үйретеді;

  8. Топпен бірлесіп жұмыс істеу көпшілік пікірінен, көзқарасымен санасу, сол арқылы өзіндік дұрыс жауап тұжырым жасай білу дағдысын меңгереді [155]. Ұқсастық бойынша ой жүгірту. Ұқсастық бойынша ойлау қабілеті –

адамның санасы және білім алуы үшін аса маңызды.

Ұқсастық бойынша ой жүгірту – ой жүгіртудің жоғары деңгейдегі дағдылары, оларға проблемалармен табысты жұмыс істеуге мүмкіндік беретін, әртүрлі мәтіннен алынған түрлі ақпаратты пайдалану арқылы оқыту мен білімді жаңа жағдайларға орайластыру қабілеті. Мұның алдындағы зерттеушілер студенттер ұқсастық бойынша ой жүгірте алмайды деп есептеген. Мысалы, Пиаже формалды оперативтік кезеңіне дейін ұқсастықтың классикалық

проблемасын шешуге қажетті байланысты орнату үшін студенттердің танымдық қабілеттері жоқ деп есептеген. Пиаже A:B::C:? суретті проблемаларды студенттерге ұсынды және суретті жиынтықтан D табуды сұрады. Ол студенттердің проблеманы шешу үшін негізінен, төмен деңгейдегі өзара байланысқа сүйенгенін, мәселен, С-мен байланысты немесе С-ға ұқсас суреттерді таңдағанын анықтады. Пиаже «А – В және C – D арасындағы деңгейі жоғары өзара байланысты анықтауға қабілеттердің болмауы студенттердің формалды оперативтік сатысына (шамамен 11 жас) жеткенге дейін ұқсастық бойынша ой жүгіртуге қабілетті болмайды» деген тұжырым жасады. Бірақ алдыңғы зерттеулер студенттердің ұқсастық бойынша ой жүгірту қабілетіне күмән туғызса да, соңғы зерттеулер бұл пікірді теріске шығарды. Егер студенттерге проблеманы шешуге қажетті өзара қарым-қатынас таныс болса, онда олар A:B::C:D классикалық ұқсастықты дұрыс орналастыра алады [152].

Қазiргi кезеңде оқыту мен тәрбиелеудiң басты мақсаты – болашақ маманның инновациялық ойлауын дамыту, өз бетімен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру. Сабақ өту барысында мынадай заманауи әдістерді қолдандық. Жаңартылған білім мазмұны негізінде білім беру сыни ойлаудың стратегиялары арқылы ұйымдастырылып, тақырыпты түсіндіруде өз тиімділігін дәлелдейді және нәтижеге жетуге септігін тигізеді. Сондықтан біз зерттеу жұмысымызда Блум таксономиясы, Insert, Web-guest әдісі, Кейс-стади, Венн диаграммасы сияқты бірқатар әдістерді оқу-тәрбие процесінде қолдану мүмкіндіктерін көрсетеміз.



Сурет 11 - Диковик сортының 10 күндік өніп-өсуін бақылау (Ж.А.Абдукадирова түсірген, 2015 ж.)


Мұндағы, 9-тәуліктегі сояның өскін алғашқы көрінісін 12 - суреттен көруге болады.


9-тәулік: 1-ұрықтық тaмыр, 2-гипокотиль; 3-тұқымжaрнaқ; 12- тәулік: 1-эпикотиль; 2-aлғaшқы жaпырaқ

Сурет 12 – өскіннің aлғaшқы көрінісі


Келесі кезекте зертханалық сабақты инновациялық әдістер арқылы ұйымдастыру жолдарын бердік.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   78




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет