Мұғалімдердің сыни тұрғыдан ойлауы. Қазақстандағы кәсіби дамудың жаңа бағдарламасына сай сыни тұрғыдан ойлайтын мұғалімдер студенттердің сыни тұрғыдан ойлауына қатысты жоғарыда айтылған құрылым мен үдерістерге сүйенуі мүмкін. Бірақ біз рефлексивті оқыту ұғымын саралап, сыни тұрғыдан ойлаудың білім беру бағдарламасында туындаған қажеттілігін ескеруіміз керек.
Сыни тұрғыдан ойлау әдісі негізделген дәлелдер, тұжырымдылық пен әдістер және критерийлерді қолдана білетін, нысаналы, өзін реттей алатын ой үдерісі ретінде бейнеленіп отыр. Студенттердің сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамытуға байланысты тыңдау мен зерттеу арқылы оқу, мәнмәтінге көңіл бөліп, шешім қабылдау үшін тиісті өлшемдерді қолдана білу сияқты дағдылармен қоса, мұғалімдер:
білім беру бағдарламасы мен оқыту үдерісін түсіну үшін қажетті теориялық базаны;
қорытынды мен тұжырымдарды қалыптастырудың тиісті әдістері мен технологияларын дамыту керек.
Достарыңызбен бөлісу: |