А = (N-r) / (N+p), мұндағы N – дұрыс табылған стимулдардың жалпы саны;
r – дұрыс емес табылған стимулдардың саны;
p – табылмаған стимулдар саны.
Экспериментті жабдықтау. Эксперимент жүргізушіге бағдарламалық (кілт) бланкі және әр сыналушыға корректуралық бланкі. Әр бланкіде 10 қатармен орналастырылған тұтастай әріптер мәтіні, әр қатарында 54 әріп. Сол әріптер қатарының ішінде ретсіз тәртіппен 24 әр түрлі мағынасы бар сөздер орналастырылған. Сөздердің күрделілік дәрежесі әр түрлі (мысалы: қуаныш, үй т.с.с.). Тапсырманы орындау уақытысын тіркеу үшін секунд өлшеуіш қажет. Тәжірибенің нәтижесін жазып отыруға алдын - ала В – 1-кестесі түрінде хаттама даярланады.
Тәжірибені орындау тәртібі. Тәжірибе топпен жүргізіледі. Эксперимент жүргізуші немесе оның көмекшісі әр сыналушыға бір корректуралық бланкіден таратып тапсырманы орындау тәртібін жариялайды.
Сыналушыға нұсқау. «Бланкіде қазақ алфавитінің әріптері тұтас мәтіндік тәртіппен арасында әр түрлі сөздер орналастырылып басылған. Сіз сол әріптер қатарын бірінші әріптен ең соңғы әріпке дейін ретімен зейін сала қарастырып арасындағы сөздерді тауып астын сызып қоясыз. Сөзге қатысы жоқ жанындағы әріптерді сызбай ұқыпты жұмысты орындаңыз. Тапсырманы жылдам әрі дәл орындаңыз».
Эксперимент барлық қатарды қарап болғаннан кейін бітеді. Эксперимент жүргізуші әр сыналушының жұмыс орындау уақытын тіркейді және оны жариялап отырады.
Нәтижесін талдау:
Эксперимент жүргізушідегі бағдарламалық (кілтпен) бланкімен корректуралық сынақтың нәтижесі тексеріледі.
Сыналушының белгілеп сызған сөздердің жалпы саны саналады.
Сызылмай жіберіліп қойған сөздер саналады (р)
Дұрыс емес сызылған сөздер саналады (r)
Дұрыс сызылған сөздер саналады (N)
Уипплдың формуласы бойынша зейін таңдамалығының дәлдік (А) көрсеткіші есептеледі.
Таңдаудың жылдамдығы (S) есептеледі.
Эксперимент жүргізушімен бірге топтағы сыналушылардың барлығы үшін зейін таңдамалығының және таңдау жылдамдығының орташа мәні анықталады.
Әр сыналушының көрсеткіштерін топтың орташа мәнімен салыстырып даралық мүмкіндіктерін талдау. Зейіннің таңдамалылығын даралық ерекшелігі туралы қорытынды жасау.
Нәтижесі:
Жоғары: 6 бала (30%)
Орташа: 11 бала (55%)
Төмен: 3 бала (15%)
6. Зейіннің аумағын анықтау әдістемесі
Бұл әдістемесі негізінде бастауыш сынып оқушыларының зейінінің аумағын анықтауға болады. Ол үшін 3-суреттегі бейнеленген материалдар қолданылады.
Суретте 8 шаршы алдын – ала қиылып дайындалады да, суретте көрсетілгендей етіп, ретімен жиналады.
Эксперимент жүргізуші балаға төмендегідей нұсқау береді:
«Қазір екеуіміз «Есіңде сақтап,нүктелерді дұрыстап орналастыр» ойынын ойнаймыз. Мен саған нүктелер салынған карточкаларды бірінен соң бірін көрсетемін, сен оларды алдындағы шаршыға көргеніңдей етіп, жаңылыспай торға орналастыруға тырыс». Бұдан соң карточкалар үстінен астына қарай орналасу ретімен (яғни нүктелер біртіндеп көбейетіндей) әрқайсысын 1 – 2 секунд көрсетіліп, әрбір көрсетуден соң баладан көргенін бос шаршыға 15 секунд ішінде бейнелеп беру сұралады.
Зейіннің аумағы 10 ұпайлық жүйемен бағаланады:
10 ұпай – берілген уақыт ішінде 6 және одан да жоғары нүктелерді жаңғыртты.
8 – 9 ұпай – берілген уақыт ішінде 4-тен 5-ке дейінгі нүктелерді жаңғырта алды;
4 – 7 ұпай – берілген уақыт ішінде 2-тен 4-ке дейінгі нүктелерді жаңғырта алды;
0 – 3 ұпай – берілген уақыт ішінде 2 нүктеден төмен жаңғырта алды.
Зейіннің аумағы туралы қорытынды:
10 ұпай – зейіннің аумағы өте жоғары;
8 – 9 ұпай – зейіннің аумағы жоғары;
4 – 7 ұпай – зейіннің аумағы орта;
2 – 3 ұпай – зейіннің аумағы төмен;
0 – 1 ұпай – зейіннің аумағы өте төмен.
Бақылау сыныбы бойынша эейіннің аумағын анықтау әдістемесінің нәтижесі:
өте жоғары – 12 оқушы (57,3 %), жоғары – 2 оқушы (9,5 %), орташа – 1 оқушы (4,7 %), төмен – 2 оқушы (9,5 %), өте төмен – 4 оқушы (19 %).
Қалыптастырушы кезең
Психокоррекциялық бағдарлама.
Баланың зейінінің тұрақты болмауы оқу үлгеріміне кері әсерін тигізеді..
Бұл бағдарламаның маңыздылығы балалардың зейінін тұрақтандыруға өз көмегін тигізеді. .
Оқыту процесінде оқушылар зейінін қалыптастыру жолдарына негізделген бағдарлама
Мақсаты: бастауыш сынып оқушыларының зейінін оқу процесінде қалыптастыру және дамыту
Міндеті:
1. Оқу процесінде зейіні тұрақсыз балаларға көмек көрсету
2. Сабақ барысында зейінді болға үйрету
Қатысушылар
Бастауыш сынып оқушылары
Өтілу уақыты
5 сағат
Сабақтың ұзақтығы:
30 минут
Сабақ өткізу кестесі:
аптасына 1 рет
Барысы:
Оқу жоспары
Зейінді дамытуға арналған бағдарлымы
Мақсаты: балалардың зейінін дамыту
Қатысушылар: 9-10 жастағы балалар
Оқыту уақыты: 16 сағат.
Сабақтың ұзақтығы: 30 мин. (аптасына бір рет).
№
Тақырыптар
Барлық
Сағат саны
Тексеру формасы
1.
Бастауыш сынып оқушыларының зейінін диагностикалау