Нормативтік сілтемелер



бет1/7
Дата12.03.2023
өлшемі222,93 Kb.
#73491
түріБағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Íîðìàòèâò³ê ñ³ëòåìåëåð


НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР

ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында «Білім берудің басты өлшемі - білім мен білік алған кез-келген азамат әлемнің кез-келген елінде қажетке жарайтын маман болатындай деңгейге көтерілу болып табылады»,- деп атап көрсетті. Қазақстанда білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында белгіленген міндеттерді шешу үшін қажет. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» жаңа Заңы дәл осы бәсекеге қабілетті Отандық білім беру жүйесін қалыптастыруға бағытталған.


2010 жылдың 7-ші желтоқсанындағы 2011-2020 жж. арналған Қазақстан Республикасының білімді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы құрылды. Ғылымның әр саласында білім мазмұны мен көлемі қауырт өсіп отырған бүгінгі күнгі жан-жақты дамыған бәсекеге қабілетті азаматтарды қалыптастыру, әсіресе студенттердің өзіндік танымы мен шығармашылық ойын қалыптастырып одан әрі дамытумен қатар, олардың өздігінен білім алуын, ізденуін, қорытынды жасауын және талдай білу дағдыларын қалыптастыру қажет.
«Білім туралы» Заңында; Қазахстан Республикасының 2011-2020
жылдардағы білімді дамыту бағдарламасына енгізілді. Бүгінгі таңдағы мектептің әлеуметтік институт ретіндегі қызметі қазіргі заманғы қоғамның талаптарына жауап беретін оқушы тұлғасының дамуының жоғарғы деңгейін қамтамасыз ету. Бүгінгі күні құндылықтардың жаңа жүйесіне бағытталған қоғамның құрылуы, әлеуметтік-экономикалық жүйенің күрделенуі жағдайында білім берудің негізгі мақсаттарының бірі өзін-өзі жан-жақты дамытуға қабілетті, шығармашылық потенциалы жоғары жасөспірім тұлғасын қалыптастырудан тұрады.

БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР


Т-төмен
ОТ-орташадан төмен
ОСТ-орташадан сәл төмен
О-орташа
ОСЖ-орташадан сәл жоғары
ОЖ- орташан жоғары
Ж- жоғары
ӨЖ-өте жоғары


АНЫҚТАМАЛАР
Бала психологиясы – баланың психикалық дамуының заңдылықтарын зерттейтін психологияның саласы.
Бейімделу (адаптация) – организмнің сыртқы ортаның әртүрлі жағдайына бейімделу қабілеттілігі.
Бейімділік – адамның бір іске икемділігін байқататын қасиет, қабілеттілік нышаны. Бейімділік әрекетті игеру барысында қабілеттің қалыптасуына қарай дами түседі.
Дағды – алғашқыда саналы орындауды қажет ететін әрекеттің жаттыға беру нәтижесінде автоматты қалыптасуы.
Ес– сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының адам миында сақталып, қайтадан жаңғыртылып, танылып, ұмытылуын бейнелейтін процесс.
Еске түсіру – ұзақ мерзімдік жадтан қажет ақпаратты іздеумен, қалпына келтірумен және алумен байланысты ақыл-ой ерекеті. Еске түсіру еске алудың ырықты нысаны ретінде көрінеді.
Есте сақтау, есте қалдыру – материалдың жадта сақталуын қамтамасыз ететін процестердің жалпылама атауы. Есте сақтаудың нетижелілігі, ең алдымен, жаңа материалды ұғынылған байланыстар жүйесіне кіріктіру мүмкіндігіне қарай анықталады. Есте сақтау процестерінің іс-әрекет құрылымындағы орнына байланысты ерікті және еріксіз есте сақтау болып бөлінеді.
Жеке ерекшелік– адамның қасиеттерінің бір-бірімен сәйкестікпен түйісуі, оның басқа адамдардан өзгешелігі осы қасиеттері арқылы көрініс табады.
Жеке тұлға – әлеуметтік қатынастар мен саналы іс-әрекеттің субъектісі ретіндегі индивид.
Зейін – адамның психикалық әрекетінің белгілі бір нәрсеге бағытталып шоғырлануы.
Қабылдау– сыртқы дүниенің сезім мүшелеріне әсерінен туған заттың тұтас бейнесі.
Қабілеттілік – бұл бірдей күш пен бірдей уақыт аралығында, бір адамның басқа адамдарға қарағанда жоғары көрсеткіштерге ие болуын қамтамасыз ететін мүмкіншілік.
Мінез-құлық– адамның тұрақты психикалық ерекшеліктерінің жиынтығы. адамның іс-әрекетінен, жүріс-тұрысынан байқалатын өзіндік қасиет.
Мотив– әрекеттің себебін, оның неге жасау керектігін анықтаушы. Адамды айқын әрекеттерге шақырады. Мотив сыртқы және ішкі күшіне әсер ететін факторларға тәуелді болады, сонымен қатар оған паралель әрекет ететін басқа мотивтерге де тәуелді. Адам өз мотивіне ықпал ете алады, ол оны көтермелей алады немесе кейбір бәсекелестіктерді алып тастай алады.
Ойлау– адамның сыртқы дүниенің заттары мен құбылыстарының өздеріне тиісті қарым-қатынастарын жалпылап санасында бейнелеу.
Ойын– қанағат алу үшін жасалатын іс-әрекет.
Оқу бағдарламасы–оқушылар меңгеруі тиіс негізгі білім, іскерлік, дағдылардың көлемі белгіленген мемлекеттік құжат.
Психика– объективті шындықты психикалық процестер арқылы белсенді бейнелейтін мидың жүйелі қасиеті. Психика сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының көрінісін белсенді және озық түрде бейнелейді.
Өзін-өзі бағалау әдісі– жеке тұлғаның өзі-өзі баға беруі; жеке тұлғаның өз мүмкіндіктері, қасиеттерін және басқа адамдар арасындағы орнын анықтауға көмектесетін әдіс.
Сабақ– мектептегі оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың негізгі формасы.
Ұжым– ортақ мақсат пен міндеттер біріктірген адамдар тобы. Мұндай топқа жоғары деңгейде дамыған бірлескен қызмет барысында қол жеткізіледі. Бір-біріне әсер ететін, өзара әлеуметтік негізделген мақсат, мүдделермен, өзін ұстаудың нормалары мен талаптарының қажеттілігімен, бірге атқарылатын қызметпен біріккен адамдар тобы. Ұжым – әрекетте ортақ мақсат көздейтін адамдар тобы.
Кіріспе


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет