Диплом жұмысының нысаны: бастауыш сынып оқушылары
Теориялық және әдіснамалық негізі: философияның танымдық ілімі және жеке тұлғаның даму теориясы, психологияның даму теориясы, зейін, зейін туралы психологиялық тұжырымдар (Л.С.Рубинштейннің, Ә. Алдамұратов, Т.Тәжібаевтың, және т.б.).
Диплом жұмысының практикалық базасы: Семей қаласының №38 жалпы білім беретін мектеп-лицейі.
1 ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЗЕЙІНІН ДАМЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Зейіннің психологиялық-педагогикалық зерттелу жағдайлары
Зейін өздігінен жеке-дара психикалық үрдіс те, жеке адамның қасиеті де болып саналмайды. Өздігінен және сыртқы бақылаулар бойынша зейін кез келген психикалық іс-әрекетке бағыттылық, шоғырлану, сондай-ақ осы іс-әрекеттің тек бір жағы немесе қасиеті сияқты ашылады. Зейін әрқашан адамның өмір тәжірибесіндегі іс-әрекетіне, таным үрдістеріне тікелей қатысты болып, оның қызығуын бағытын көрсетеді. Зейіннің өзіндік жеке өнімі болмайды. Кез келген іс-әрекеттің жақсаруы зейіннің бірігуінің нәтижесі болып табылады. Осы өнімнің сипаты сәйкес келетін функцияның басты дәлелі ретінде қызмет атқарады. Зейінде осындай өнімнің болмауы зейіннің психикалық іс-әрекеттің жеке формасына қарсы екендігі жайлы айтылады.
Іс-әрекеттің барысында қарым-қатынас іске асырылады. Қарым-қатынас бұл адамның өзара әрекеттесіп, әр түрлі коммуникациялық құралдардың көмегімен бір-бірімен пікір алысуы.
Зейіннің негізгі қызметі таным процестерінің таңдамалығымен, адам іс-әрекетінің мақсатқа бағыттылығымен және оның белсенділігімен қортындыланады. Таным процестері таңдамалығының нәтижесінде адам өзіне пайдалы ақпараттар мен айналыспай, тек сол сәтте өзінің өмірінде маңызды рөл атқаратын нәрселерді қабылдайды. Адам өз зейінін қандай да бір нәрсеге шоғырландырып және сол нәрсеге ұзақ уақыт сақтап тұрып, оны бір әрекеттен басқа әрекетке аудара отырып, адам өз іс-әрекетіндегі мақсатқа бағыттылықты қолдайды, әрі сақтайды. Біз зейінімізді шоғырландырғанда немесе керісінше, өз зейініміз бөлінгенде, біз бірнеше әрекеттерді орындаймыз, бірақ олар ішкі әрекет болады.
П.Я. Гальпериннің ойынша адамның зейіні өз кезегінде ішкі іс-әрекетті білдіреді, ол оны бағыттылы (ориентировочной) іс-әрекет деп атайды. Сондай-ақ адамдағы осындай іс-әрекетті, кез келген іс-әрекет сияқты қалыптастыруға және жүзеге асыруға болатынын көрсетті. Зейін сыртқы орта құбылыстарына да, адамның өзінің ішкі психикалық күйлеріне де бағытталуы мүмкін.
Бір қарағанда іс-әрекет ұғымын зейін сияқты спецификалық үрдіске қолдану қиын. Бірақ шындап келсе ол олай емес. [21]
Біріншіден адамдарда сыртқы қарым-қатынасты қалыптастыратын ерікті зейіннің жоғаргы формасы қалыптасады. Сондай-ақ осы кезде адам зейің актілерін реттеп отыратын белгілі нормаларды меңгереді. Өзінің жеке зейінін реттеу, жайлы белгілі көріністері болады. Айталық көптеген бірлестіктерде қарсыласқа ұзақ уақыт кез аламай қарау әдепсіздік болып саналады. Бұл зейін, үнемі еріксіз болады. Мысалы, сіз метрода кетіп бара жатырсыз, және ұзақ уақыт біреуден кез алмай қарап тұрсыз. Басқа адамның реакциясы немесе сіздің зейініңіздің объектісі - не ашулану, не түсінбеушідік болады. Өйткені, адамның басқа адаммен қатынасқа түсуіне байланысты зейін салу не салмауы жоспарына қатысты саналы қалыптасатын, тұрмыстық практикада жинақталатын нормалар бар. Зейін аудару адамдар арасындағы қарым-қатынастың бірінші алғы шарты болып табылады. Дегенмен қарым-қатынасты ауқымдырақ қарастырсақ, онда зейінді қарым-қатынас процесіндегі маңызды компоненттердің бірі деп айтуға болады.
Яғни, біз күнделікті әңгімеде адамдар арасындағы қатынасты жиі бейнелейміз, әсіресе зейін терминіне қатысты алғашқыны. Ол біреуге зейінін «аударады» немесе «аудармайды». Бұл қатынас формасының бірден-бір алғашқы формасы. Немесе керісінше, «өзіне зейін аудару» немесе «аудармау» - бүл да белгілі бір тұлғалық позицияның сипаттамасы. Біреулер мынандай норманы ұстанады, яғни өзіне шамадан тыс зейін аудару жақсы емес, ал басқалары керісінше ойлайды, яғни айналадағы адамдардың зейінін өзіне кез келген құлдылықпен аударуға тырысу керек - киіммен, мініз-құлқымен т.б. Демек, зейін қарым-қатынас процесін сипаттайтын өте маңызды жақ болып табылады.
Адамның қасиеттерін, оның жеке ерекшеліктерін сипаттауда біз үнемі «зейінділік» терминін қолданамыз. Бұл да адамдардың басқа адамдармен әдеттегі қарым-қатынас тәсілінің жалпыланған сипаттамасы. Бұл жағдайға байланысты емес, сол адамның басқа адамдармен қарым-қатынас тәсілінің күнделікті сипаттамасы, демек, тұлғалық ерекшелік.
Зейін - адамның әртүрлі сенсорлық акпаратты пайдалану мен қайта өңдеудің, қабылдаудың танымдылығымен қамтамасыз ететін, адамдардың басқа адамдармен қарым-қатынасындағы іс-әрекеттің мақсатқа бағытталған және ұйымдастырылған танымдық психологиялық процесі (Коломинский А.Л.). [51]
Зейінсіздікте басқа субъект өте сирек сол адам үшін фигура болып қалыптасады, және жиі бұл фигура сол адамыың өзі болады, ал қалғанының бәрі ол үшін фон болып табылады. Қорыта келгенде, зейін адамдардың барлық іс - әрекет түріндегі қарым -қатынасының және күнделікті қарым-қатынасының маңызды психологиялық факторы бодып табылады, Зейіннің қасиеттері қарым-қатынас пен адамдардың өзара қатынасының қажетті психологиялық компоненті бола отырып, айналадағы адамдармен байланысының тереңдей түсуіне мүмкіндік туғызады. Қарым-қатынас процесінде өз ойын жеткізу мен басқа адамның ойын жеткізуде зейіннің маңызы өте зор.
Н.Н. Ланге өзінің «ерікті зейін теориясы» атты еңбегінде зейін теориясын 8 топқа бөледі. Бірінші топ моторлы зейін теоориясын құрайды, мұнда Н.Н. Ланге өз теориясымен қоса Р.Декарт, Я. Фризаның, А. Бэнның, Т. Циенның, Т. Рибоның теорияларын да қосады. Бұл теорияларда зейінді, қабылданған затты немесе ақыл-ой идеяларын сол сәтте ретімен келтіруші, жетілдіруші қабілетке ие қозғалыс нәтижесі ретінде қарастырады. Н. Н. Ланге мынадай маңызды пікірді атап өтеді және теориялық зерттеулерде зейіннің үш түрін көрсеткен.
А) бастапқы айтылған пікір мен алынған объект
Ә) жақсартатын қабылдау үрдісі
Б) нәтижесі –яғни қабылданған заттың және идеяның нақтылығы.
Зейінді зерттеуде Н.Н. Ланге мынаған көңіл аударады, бастапқы объектіні
сезінуі жақсарған процесс кезінде екінші звено соған бағытталуы қажет механизмді анықтауды кез - келген идея немесе сезім қандай да бір қимылымен, байланысты және осы қимылды өндіре отырып, біз идеяға немесе
сезімге қосымша үдемелі қарқындылық қосамыз деген. [36]
Екінші топта Н.Н. Ланге зейінді сана көлемінің шектелу нәтижесі ретінде қарастырады және бұған мына зерттеушілер теориясын қосады: И.Гербарт, В. Гамильтон. Бұлар зейінді былай түсіндіреді, сана көлемі шектеулі және күштілер елестетулерді ығыстырып шығарады одан әрі әлсіздер шығады. Осы теориялар 21 ғасырда психология және педагогика салаларына көп әсер етті, әсіресе И. Гербарт теориясы. Оның пайымдауынша елестету күштілігі ішкі тітіркендіргіштің интенсивті орналаусымен және игерілген тәжірибиенің белсенділігімен айқындалады, оған ассоциация процессі де қосылады. Жаңа материалды жақсы меңгеру үшін өткен тәжірибиеден қажет затты көмекке шақыру еске түсіру және осы жолмен өткен білімді пысықтау сонымен қатар жаңа материалды меңгеруге көмектесу.
3-ші топты классикалық ағылшындық ассоцианистик теориясын құрайды ( Д. Хортли, Т. Браун, Дж. Милль, А. Бэн). Бұл теорияның көрсетуінше зейін құбылыстарының нәтижелерінің мәні эмоциялар және жеке зейін үрдістері тіршілік етпейді, сол сияқты басқа да психологикалық үрдістер түйсік және сезім, ес әр түрлі айрықша ассоциацияға әкеледі. Зейін қызығушылықпен байланысты, ал қызығушылық бұл эмоция: ол елестетуге қосымша өнімділік береді, ал онымен бірге жүйелілік, нақтылық ассоциациясы дамиды.
Ал төртінші топ теориясына зейінді біріншілік рухани қабілеттілік ретінде ( Г. Лейбниц, И.Кант, В.Вунд) немесе ішкі ерік рухани күштілік ретінде танитындарды жатқызады. Мұнда басты жоғары табиғилық басты орынды зерттелген.
5-ші топ теориясы зейінді жоғары жүйке тітіркендіргіштерінің қосымша нәтижесі, олар түсінікті күшейтеді ( Р. Декарт, И. Мюллер, Ш. Бонне). Бұл теория процесті былай бейнелейді, сезім ағзаларына түскен тітіркендіргіштерге қарсылық ретінде орталық жүйке инстанциясы жүйке импульсін жібереді. Олар кейбір ішкі тітіркендіргештермен бірігіп нақтылық және түсініктілік береді. Н. Н. Ланге мұны физилологиялық гипотезаға жатқыза отырып, оны физилогиялық тілде зейін үрдісін өзіндік бақылау деп түсіндіреді.
6-шы топ теориясы 4 топ теориясынан мынадай айрмашылықтармен ерекшеленеді. 4 топта рухани қабілеттілік және ерік идеалистік түсінікте болса, ал 6-шы топ теориясында жай психикалық белсенділік немесе рухани белсенділік жайында айтылады. Бұл түсінік ешқандай сұрақсыз, түсіндірусіз түсінуді ұсынады.
7 топ зейінді – айрмашылық әрекет ретінде қарстырады. / Г. Ульрици, Г. Лотце/. Бұл қызықты идея нәтижесіз болды, себебі авторлар бұл айырмашылық әрекетін атап бере алмады. Бұл теорияны ұсынушылар идеалистер. Олар рухани әрекетке қарсылық білдірді, сондықтан олардың теориялары мағынасыздыққа ие болды.
8 топ зейінді былай түсіндірді. Жүйке үрдістерінің антогонистикалық өзара қатынасы, физиологиялық негізде зейін объектісі басқа жүйке процесстерінен басым болады. Сондықтан нақты сана аймағын ұлғайтып соны қамтамасыз етеді. Мысалы: Т. Рибо теориясы бойынша мұндай үстемдік бұлшық ет күшінің нәтижесінде іске асады, нәтижесінде жүйке процестерінің бірі қосымша үдемелі қарқындылық алады, ол елестетулер жинағына қарсы тұруға көмектеседі. Н.Н.Ланге жүйке процестерінің мұндай қатынастарының мүмкіндігін мойындайды, бірақ бұл зейін процесін толық түсінуге мүмкіндік бермейтіндігін айтады. [4]
Жоғарыда айтылған теорияларға көңіл бөлсек, зейін басқа бір нәрсенің көрінісі ретінде ғана қаралады. Зейінді эмоция мен біріктіруге тырысқан (қызығушылық) сол сияқты сана бөлігіндегі таза ерікпен барлық психикалық қосымша үдемелі қарқындылық беретін бастау ретінде де анықтама берген. Нәтижесінде зейінге нақты тұжырымдама бермей басқа болжамдар айтқан, зейіннің жеке дара процесс екенін мойындамаған.
Қазіргі таңда осы сұрақ өзекті қызығушылықтар туғызады, себебі зейіннің де барлық психикалық үрдістер сияқты өзіндік нысандары бар. Идеалистік бағыттағы авторлар мынадай пікірді ұстанған. Айырмашылық әрекеті нақтылы мағыналы заттық әрекет. Мұндай жағдайда, бұл психикалық әрекет емес, ал психикалық әрекет болған жағдайда заттық емес. Зерттеулер нәтижесінде алынған фактілер зейіннің жеке психикалық әрекет екендігін ашпаған. Өздігінен мынадай сұрақ туындайды. Зейін өзіндік айырмашылық ( ерекше) әрекет құрай ма, немесе керісінше бұл әрекет зейінге сүйене ме, қандай жағдайда, айырмашылық әрекеті зейінге айналады т.б.
Көптеген психологтар (Лурия А.Р.) бұл бір бағытты қортындыны мойындамады, қазіргі уақытта дерлік барлық психологтар зейінді өз объектісіне бағытталған және сол әрекеттің дұрыс орындалуын жақсартатын процесс ретінде қастырады. Бір- ақ бұл көзқарстың да бағытталғанына және топтастырылуына әр түрлі мағына береді, сондықтан кейбір совет психологтары зейін түсінігін осы белгілермен нұсқаулармен ғана шектейді. Бірі оның бағыттылығын , ал екіншілері – топтастырылуына көңіл бөледі. [10]
К.Н.Корниловтың жұмыстарында бір объектінің басқа объектілерден айырмашылық ерекшелігі зейіннің субъективті күйзеліс түрінде елестейді, сезеді және оны объективті құбылыстармен салыстырады, сезім мүшелеріне орнату жұмыс бағыты арқылы. Бұл тенденция Л.С. Выготскидің еңбектерінде да көрсетілген, яғни орнатудың екі түрін зейінмен байланыстырған, сенсорлы жақсы қабылдауға көмектесуші және моторлы қабылдауға жақсы жауап беруші. Сол жылдардың өзінде-ақ совет психологиясы орнатудың адамның қоғамдық тәжірибиелеріне бағынышты екендігін дәлелдеуге тырысқан. В.И.Страхов былай деп жазды, адамның өмірлік қызығушылығы зейіннің негізінде жатыр. [18]
Адамның әлеуметтік жағдайына байланысты зейіннің қажеттіліктерге бағыныштылығы жөніндегі ойлар Н. Ф. Добрынинның зерттеулерінде жазылды. Оның жұмыстарында психологиялық тұлғаның мінез ерекшеліктерімен зейінді байланыстырады. Бұл ой басқа да шет ел психологтарының жұмыстарында жазылды.
Көптеген жұмыстарда зейін қандайда бір объектіге бағытталған психологиялық әрекет ретінде анықталады. Н.Ф. Добрынин зейінге мынадай анықтама береді. «Зейін белгілі бір нысанға бағытталған және топтастырылған тұлғаның психолгиялық әрекеті. Бағытталған сөзінің түсінігі сол әрекеттің таңдап алынған сайлап алынған мінезі, топтастырылуы және басқадан жырақтану алшақтау». Бұл түсінік кеңінен таралып психологияда оқу құралдарының негізіне енді. Бұл анықтамадан мынадай түсінік қалыптасады, зейін өзіндік үрдіс емес, басқа психикалық үрдісті бейнелейді ( қабылдау ес, ойлау т.б.). Бұлардың бәрі өз объектілеріне бағытталған, яғни қабылданатын зейінді тұрақты ұштастыру қажет. Н.Ф. Добрынин бұл түсінікті негізге ала отырып, былай дейді: Зейінге жеке дара, мән мағына беруге болмайды.
И. В. Страхов былай жазады: «Зейінді психиканың жеке немесе оқшау формасы ретінде қарастыруға болмайды. Зейін психикалық үрдістерден ажырамайды, ол адам әрекетінде аса қажет психологиялық компонент болып табылады».
Соңғы жылдарда Н.Ф. Добрынин оқытуда зейін маңыздылығын ескере отырып былай деген: «Зейін-бұл психикалық әрекеттің объектіге бағытталуы, тұрақталуы». Бұл көзқарастар ескі анықтамаларды айқындайды, яғни эмоция, қызығушылық, қажеттілік зейіннің бастаушысы және негізі болып табылады.Зейіннің бағыттылығы, топтастырылуы жөнінде анықтамаларды кейбір авторлар қатты сынады. Бұл сынға қарсы шыққан автордың бірі С.Л.Рубинштейн болды. Зейінді дербес психологиялық үрдіс екендігінен айыра отырып, ол былай жазды: дағдылы объектіге зейіннің бағытталуы оның феноменологиялық сипаты болып табылады. Автордың пікірі бойынша феноменологиялық сиппатама, сол сияқты зейіннің негізі ашылмаған күйде қала береді.
Е. А. Милерянның зейін теориясы жөніндегі сұрақтарында мынадай шешімге келеді, зейін адамды және жануарда кездесетін психикалық әрекеттерді ұйымдастырушы форма, оның негізі мынада мидағы жүйке процесстерінде оптималды тітіркендіріш ошағы немсе доминант түрінде көрінеді. Е.А. Милерян болжауынша зейін адамдардың өмір сүру жағдайларының өзгеру нәтижесінде қажеттіліктерді қамтып көрсету негізінде пайда болған. Көптеген психологиялық зерттеулер зейіннің өзіндік бөлімдерін анализдеуге бағытталған.
1.2 Зейін туралы түсінік және оның дамуына ғылыми тұжырымдамалар
Зейінді психологиялық феномен ретінде 19 ғасыр аяғымен 20 ғасыр басында бір топ зерттеушілер қарастырды. В.В.Петухов, Л.М.Веккер, У.Джемс, Т.Рибо, Н.Н.Ланге, А.А.Ухтомский, Н.Ф.Добрнин, С.Л.Рубинштейн, Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев, Т.Тәжібаев, Қ.Жарықбаев т.б. өз еңбектерінде зейінге әр түрлі сипаттамалар берген.
Дәстүр бойынша, зейін деп сол сәтте қандай да бір объектіге, бейнеге, оқиғаға адам санасының бағытталуы және шоғырлануы ретінде сипатталады. Дәлірек айтқанда, зейін дегеніміз айналадағы объектілердің ішінен керектісін бөліп алып, соған психикалық әректімізді тұрақтата білу.
Зейін дегеніміз – сананы белгілі бір объектіге шүйліктіріп, оның айрықша айқын бейнеленуін қамтамасыз ету. Сананың қандай да болса бір затқа, құбылысқа немесе іс-әрекетке бағытталуы және шоғырлануы. Сананың бағытталуы деп объектіні таңдап алуды айтамыз, ал сананың бір нәрсеге шоғырлануы дегенде, бұл объектіге қатысы жоқтың бәріне көңіл аудармауды айтады [58].
Зейін деп психикалық әрекеттің айналадағы заттарға және құбылыстарға бет алып, бағытталып, түйдектелуін айтады. Зейін бізге сыртқы дүние заттары мен құбылыстарын анығырақ және ашығырақ сәулелендіру үшін, психикалық әрекеттеріміздің оларға бет алып жинақталуы үшін керек. Егер зейін болмаса, заттарды, құбылыстарды жақсылап, толығырақ, ашығырақ қабылдауға, оларды санамызға сәулелендіруге болмас еді .
Зейін деп белгілі бір затқа бағыттала тұрақталуын көрсететін құбылысты айтады. Зейін дегеніміз – адам санасының қандай да бір өзіне қажетті немесе қызықтырған затқа, құбылысқа не іс-әрекетке бағытталуы және шоғырлануы. Сананың бағытталуы деп объектіні таңдап алуды айтамыз, ал сананың бір нәрсеге шоғырлануы дегенде, бір объектіге қатысы жоқтың бәріне назар аудармауды айтады. Адам санасының айналадағы объектінің, болып жатқан құбылыстар мен үрдістердің ішінен керектісін бөліп алып, соларға тұрақталуы. Алатын зат, құбылыс не үрдіс ,әдетте адамның кәсіби қызметте қатысты болуы мүмкін немесе адам белгілі бір тапсырмамен жүрсе, соған қатысы барға адамның зейінін аударуы [34]
Зейін өздігінен жеке дара психикалық үрдіс те, жеке адамның қасиеті де болып саналмайды. Сөйтсе де ол әрқашан адамның өмір тәжірбесіндегі іс-әрекетіне, таным үрдістеріне тікелей қатысты болып, оның қызығу бағытын көрсетеді. Зейін кез – келген психикалық үрдістің тұрақты бір жағы. Сөйтіп ол адамның іс-әрекетінің сапалы әрі нәтижелі болуына жәрдемдеседі. Зейін дегеніміз – сананың белгілі бір нәрсеге бағытталып, оның айқын бейнеленуін қамтамасыз етуі. Оны белгілі бір нәрсеге арнайы бағыттау және шоғырландыру қабілеті адамның белсенділігін білдіреді. Психиканың ерекше қасиеті ретінде зейін адамның еңбек үрдісінде қалыптасады. Мұндағы қажетті шарт – объектіні таңдап алып,сананы сол объектіге бағыттау. Зейін сыртқы орта құбылыстарына да, адамның өзінің ішкі күйлеріне де бағытталуы мүмкін .
Түйсік үшін кез – келген құбылыс реакциялық бағыт көрсетіп, организмде «құру керек» деген сезімді тудырады. Ерікті, еріксіз бағыттардың, таным қызметінің қандай да бір объектіге түйсігінің шоғырлануын зейін деп атаймыз. Олсыз түйсіктің болуы мүмкін емес. Зейін бұл сананың қандай да бір объектіге, тұлғаға қатысты маңызды жағдайларға, сенсорлы деңгейге, интеллектуальды немесе белсенді қозғалыстарға бағытталуы.
Зейіннің пайда болуына керекті шарттар: объектіні бөліп алу, оған назарды шоғырландыру және басқа тітіркендіргіштерге алаңдамау. Таным актысы бағытталып тұрған сыртқы дүние заттары, адамның психикалық әрекеті немесе ішкі дүниесі (ойлар, күйініш-сүйініштер, мінез-құлықты талдау т.б. ) зейіннің объектілері бола алады [14].
Атаусыз, затсыз зейін болмайды. Оқу жұмысында зейіннің маңызы өте үлкен. Оқудың табысты болуын көбінесе мұғалімнің, оқушылардың зейінін қаншалықты оқуға аудара білуіне байланысты. Егер балалардың зейіні оқу материалына аударылса, олар неғұрлым жақсы түсініп, жақсы ұға алады, оның үстіне балалар сабақта зейінін сала жұмыс істейді. Сыныпта тәртіптің болуын да қамтамасыз етеді. Зейін дербес бір психикалық процесс емес, өйткені ол басқа процестерсіз көріне алмайды. Біз зейін қойып немесе зейін аудармай қараймыз, тыңдаймыз (яғни қабылдаймыз), ойлаймыз (яғни ой жүгіртеміз) немесе бір нәрсені істейміз. Сөйтіп, зейін әр түрлі психикалық процестердің тек бір жағы немесе қасиеті ғана болып табылады.
Адам ойлау кезінде бір іс-әрекетпен шұғылданумен (бір нәрсе істейді немесе бір нәрсені ойлайды) байланысты оның зейіні сол нәрсеге аударылады. Егер оқушының зейіні сабақтың мазмұнына аударылмаса, демек, оның зейіні басқа нәрсеге ауып отырғаны.
Адамның кез-келген іс-әрекеті зейін арқылы іске асып отырады. Барлық іс-әрекеттің негізгі шарты зейін болып табылады.
Психиканың іс-әрекетті мақсат-бағдарлы және нәтижелі болуы үшін адам ең алдымен өзінің ой санасын істеп жатқан әрекетінен сол әрекет нысанына тоқтата білуі қажет. Әдемі сурет салуға бекінген баланы көз алдыңызға келтіріңіз. Сурет затын, оның түр-түсі мен қағазға қалай орналасуын ойластырамын деп, жас суретшінің жұмысқа шомғаны сонша, тіпті ата-анасының оған қарата айтқан сөздерін мүлде аңғарар емес. Мұндайда бала зейіні істеп жатқан әрекетке шоғырланады, назарын қажетті затына аударады, басқа заттардың бәріне алаңдамайтын, өз керегімен шұғылдануды зейін дейміз.
Келтірілген мысал адамның бір мезетте әрқандай заттар туралы ойлап,әр түрлі іспен бірдей шұғылдана алмайтынының дәлелі. Сондықтан да оның санасы белгілі мезеттің әрбір бөлігіне өзіне қажет болған заттар мен құбылыстардың маңызды да мәнді топтарына бағытталады.
Ой – сананың бағытталуы деп ең алдымен психикалық әрекеттің таңдамалылық сипатын,нақты объектіні күні бұрын ниетті іріктеуін не оған мән бермеуін айтамыз. Бағытталу түсінігі сонымен іс - әрекеттің біршама уақыт аралығында өз сипатын сақтап тұра алу қасиетін де қамтиды. Зейінді болудың қандай да бір істің түрін таңдап қана алу жеткіліксіз, сол таңдауды тұрақтатып, сақтап қалу қажет. Мысалы, педагогикалық процесте оқушылар зейінін анау не, мынау не, зат не іске бағыттау онша қиындық тудырмайды, әңгіме төркіні – сол зейін бағытын қажетті уақыт аралығында сақтап тұру.
Зейін сөзі сонымен бірге біздің ой – санамыздың белгілі іс - әрекетке шоғырлануы мен шому мағынасын да білдіреді. Адам алдында тұрған міндет неғұрлым қиын болса, зейін де соғұрлым күшті әрі өткір болып, ал жұмыс қиындығы болмағанда, зейін салудың күші де кемірек келеді.
Өз кезегінде зейін шоғырлануы ой – сананы қажетсіз объектілердің бәрінен ауыстыра алумен де байланысты. Зейін күші толығымен нақты бір істің шешіміне бағышталған шақта, төңіректегі қалған заттардың бәрі біз үшін елес күйінде байқалады.
Сонымен, қандай да бір затқа зейін қоюымыздан ол зат біздің санамыздың төрінен орын теуіп, қалған дүние деректерінің бәрі сана аймағының шектеріне ығыстырылады. Осыған орай зейін аударылған заттың санамыздағы бейнесі нақты айқындалып, ол жөніндегі елестер мен ойлар іс - әрекет мақсатына жеткенше, санамызда бекіген қалде сақталады. Осыдан, зейін іс - әрекетті бақылау және реттеу қызметін де атқарады.
Зейін, әдетте, адамның бет, дене қалпы мен қозғалыстарында көрінеді. Сырттай-ақ зейінді тыңдап отырған оқушыны зейінсізінен айыруға болады. Ал кей жағдайларда зейін қоршаған дүние емес, адам санасындағы ойлар мен бейнелерге де бағытталады. Мұндай жағдайдағы зейін интеллектуалды деп аталып, ол сезімдік (сыртқы) зейіннен біраз өзгеше келеді. Ал ой – сана дене қозғалыстарына бағытталатын болса, онда сөз арқауына қимылдық зейін алынады. Мұның бәрі зейіннің дербес танымдық, өз мазмұнына ие болмай, өзге танымдық процестердің қосалқы қызметтерін атқаратынын дәлелдейді.
Зейін мұндай қызықты да қайшылықты қасиеттері ғалымдар назарына түсіп, оның пайда болуы мен мәнін әрқилы пайымдауға негіз берді. Зейін табиғатын түсіндіруде Н.Н.Ланге ғылымда қалыптасқан келесі тұжырымдар тобын алға тартады:
1. Зейін қимылдық икемделудің нәтижесі. Мұндай пікір келесі негізде туындаған: зейіннің бір заттан екінші затқа ауысуы бұлшық ет қозғалыстарынсыз мүмкін емес, қимыл нәтижесінде ғана сезім ағзалары қабылдау үшін тиімді жағдайларға икемдеседі.
2. Зейін сана аумағының шектеулі болуынан туындайды. Сана ауқымы мен аумағының қандай мәнге ие екенін түсіндіріп жатпастан, И.Герберт пен У.Гамильтон күшті елестердің әлсіз елестерді ығыстыратынын немесе тежейтінін алға тартады.
3. Зейін – көңіл-күйдің нәтижесі. Ағылшын психологиясында кең өрісті дамыған бұл теория зейіннің алға қойылған ниетке тәуелділігіне негізделеді. Дж.Миль «ұнамды немесе жағымды сезімге не идеяға бөлену мен сол факторларға зейінді қатынас – екеуі де бір нәрсе» - деп тұжырымдайды.
4. Зейін өткен тәжірибенің нәтижесі, яғни адам білген, таныған затына ғана ден қояды.
5. Зейін рухтық сананың ерекше белсенділік қабілеті. Зейін құбылысының ғажайыптығына таң қалған кей психологтар оны пайда болуы түсіндіруге келмейтін әу бастан бар белсенді қабілетпен баламалайды.
6. Зейін жүйке тітіркендіргіштері күшеюінің нәтижесі. Бұл гипотезаға орай зейін орталық жүйке жүйесінің мекенді тітіркену қабілетінің ұлғаюынан пайда болады деп түсіндіріледі.
7. Жүйкелік тежелу теориясы зейіннің негізгі себебін төмендегіше пайымдайды: алғашқы физиологиялық процестерінен басымдау келеді, осыдан сананың ерекше шоғырлануы туындайды. [17]
Н.Н.Ланге ұсынған зейін түрлерінің классификациясы, адамның түрлі реакцияларының классификациясымен сәйкес. Ланге зейінді рефлекторлы, инстинктивті және ерікті деп бөлді. Рефлекторлы зейін эмоциялық компоненті жоқ және дағдылы (автоматты) іске асады (мұндай автоматизмге мысал ретінде қараңғы бөлмеде көз қарашығының кеңу қызметі жатады). Инстинктивті зейінде бейімделу реакциясы эмоциялық күй арқылы (мысалы,таңқалу реакциясы) көрінеді. Н.Н.Ланге бойынша, дара және өздігімен көрінетін – ерікті (ырықты) зейін. Ланге ерікті зейіннің рефлекторлы және инстинктивтіден айырмашылығын, алдын ала білімнің немесе өзекті бейнені еске түсірудің болусуын фантазия, белсенді қиял, аутогенді бату, транс сияқты үрдістер алып жүреді. [36]
Классификациялаудың басқа варианты – зейінді сенсорлы және интеллектуалды деп ажыратумен байланысты. Біріншісінің объектісі ретінде тітіркендіргіштердің түрлі моральдық болады (мысалы, көру және есту сенсорлы зейіні), екіншісін ойлау және мимикалық үрдістері алып жүреді және еске түсірудің, идеяның, ойдың объектілері ретінде бөліп көрсетеді [10,17].
Қазіргі заман психологтарының зейінді түсіндіруге байланысты пайымдаулары П.Я.Гальперин еңбектерінде келтірілген. Олар келесідей:
- зейін бағыттау-зерттеушілік іс-әрекеттің бір кезеңі, осыдан зейін адам психикасында нақты бір мезетте пайда болған бейнелер мен ой мазмұнын тұрақтатуға бағышталған психологиялық әрекет;
- өз қызметі бойынша зейін осы мазмұнға қойылған бақылау. Әр адам әрекеті бағыттау,орындау және бақылау бөліктерінен тұрады. Осы тізбектегі үшінші іс зейін арқылы орындалады;
- белгілі өнім шығаруға бағытталған әрекеттен ерекше зейіннің, яғни бағыттаудың, өз алдына нәтижесі болмайды;
- психикалық бақылау әрекеті ретінде танылған құбылыс тұрғысынан зейіннің әрбір нақты көрінісі жаңа ақыл-ес ептіліктерінің пайда болу ізімен туындайды.
Зейінді психикалық процестердің тобына жатқызу дұрыс болмас еді. Өйткені адам өз өмірінің әрбір кезеңдерінде бір нәрсені қабылдайды не есіне түсіреді, бірер нәрсені қиялдайды, бір нәрсе жөнінде ойлайды. Ал зейін болса, өз алдына бұлардай дербес кездеспейтін, қайта солармен бірлесіп келетін психикалық әрекеттің айрықша бір жағы, сананың ерекше сипаты болып табылады. Психикалық құбылыстар зейінге түрліше әсер етеді. Сезім зейінді күшейте түсуге не оны бөліп жіберуге себепші болады. Мәселен бір объект жағымды сезім туғызып зейінді күшейтеді де, ал көрші сыныптан естілген ән-күй сабақ тыңдап отырған баланың зейінін төмендетеді. Ерік, ой, қиял процестері де зейінге түрліше әсер етіп отырады.
Зейіннің физиологиялық механизмі өте күрделі. Оның негізі – жүйке жүйесінің әр түрлі деңгейде тұрған сезгіштік қызметі. Сезгіш дегеніміз - ми қабының төменгі қатарында орналасқан ретикулярлық формациялар деп аталатын анатомиялық және функционалдық ерекшелік. Ретикулярлық формацияның өрлеуші, төмендеуші деген екі түрі бар. Ол бір импульстерді сиретіп тежеп, екіншілерін күшейтіп, ми қабына талғап жеткізіп отырады. Осының нәтижесінде сананың айқындығы реттеледі [21].
Зейіннің физиологиялық негіздері жөнінде бірнеше теориялар бар, ол теориялар түрлі болғанымен бір-біріне ұқсас. Мысалы, Англия физиологы Шеррингтонның теориясы бойынша, адамда әсер етуші көп қоздырғыштардың арасында күрес болады. Егер бір-біріне ұқсас қоздырғыштар болса, олар бір-бірін толықтырып, я болмаса бір-біріне жол беріп отырады. Егер әсер ететін қоздырғыштар қарама-қарсы болса, олардың арасында күрес пайда болып, әлсіздері жеңіліп, күштілері жеңеді. Күшті қоздырғыштарға сезгіш жолдар арқылы қимыл таратушы психологтарға барған соң, оларға тиісті жауап қайтарылады. Міне, осы қайтарылатын жауаптар – зейін.
Шеррингтонның теориясы бойынша, зейінді белсенді, ерікті әрекет деп түсінуге болмайды. Өйткені ол зейінді әсер етуші күшті қоздырғыштарға ғана қайтарылатын жауап ретінде түсінеді.
Зейіннің физиологиялық негіздерін И.П.Павлов ашқан жүйке процестерінің өзара индукция заңына байланысты түсінуге болады.
Бұл заң бойынша,мидың бір саласында пайда болатын қозу мидың басқа салаларының әрекетіне бөгет жасауы, я болмаса пайда болған тежеулер мидың басқа салаларын қоздыруы мүмкін. Мысалы, егер мидың бір саласында күшті қозу пайда болса, ол мидың басқа салаларына әрекет етіп, оларға бөгет жасап, қозуды тудырмауды, я болмаса қозу мидың бірнеше салаларында бірдей пайда болса, қозулардың ең күштісі басқаларын меңгеріп отыруы мүмкін. Павловтың пікірінше, зейін кезінде мида өктем қозу пайда болуы мүмкін. Сөйтіп, Павлов зейіннің физиологиялық негізін шартты рефлекстер пайда болуымен, жүйке саласының қызметімен байланыстырады. Мәселен, итке бір дегеннен бірнеше тітіркендіргіш әсер етсе, ит олардың бәріне жауап қайтармай, сол қоздырғыштың ең күштісіне ғана, әсіресе бұрыннан өзіне таныс болғандарына ғана жауап қайтарады.
И.П.Павлов, егер ми қабығының бір алабында қозу процесі пайда болса, осымен байланысты қалған алаптарында тежелу процестері пайда болатындығын айтқан. Мәселен, адам бар ойымен іске қызу берілсе, басқа нәрселер туралы жөнді ойлай алмайды. Осы кезде мидың бір алабында күшті процесі болып жатады да, айналасындағы алаптарда тежелу болады (теріс индукция заңы).
Қозу процесі ешқашан да ми қабығына біркелкі тегіс тарамайды, өйткені онда әр уақытга қозу пайда болатындай жағымды "оптимальдық жағдай" жасалып отырады. Оптимальдық қозуы бар осы алап — ми қабығының творчестволық бөлімі, ырықты зейіннің физиологиялық негізі. Бұл жөнінде И. П. Павлов былай дейді: "Бас сүйегінің сыртынан біз іштегі миды байқай алатын болсақ, онда ми сыңарларының оптимальдық қозу пайда болатын жері жарқылдап көрінсе, біз ойлап отырған саналы адамның ми сыңарларында формасы және шамасы өне бойы өзгеретін тамаша тұрлаусыз жарқылдаған сәуле дағын көрер едік, бұлар ми сыңарларының барлық жерлерін алып жатқан азды-көпті қара көлеңкенің ішінде үздіксіз қозғалып жүрген болар еді". Ұлы физиолог оптимальдық қозу үнемі қозғалыста болатындығын айта келіп, оның мида ауысып отыруының өзі зейін бағытының да өзгеріп отыруы деп түсіндірді. Мидағы тежелулердің бірінен екінші сапқа түсуі, біреулерінің күшейіп, алдыңғы сапқа шығуы осы оптимальдық қозу алабының жұмысы болады. Оптимальдық қозуы бар алап (өзара индукция заңы) мидың басқа бөліктеріндегі тежелуді күшейтеді.
Мұндай жағдайда адам зейіні бір жерге күшті шоғырланады да, ол қалған объектілерді байқамайтын болады. Оптимальдық қозу алабын екінші сигнал жүйесінен шыққан сигналдар қуаттап отыратындығын, сөздік сигналдар ми қабығындағы осындай алаптардың бір-біріне ауысуын тездетіп отыратындығын, сайып келгенде, психикалық әрекеттің талғамалы сипатта болатынын жақсы көрсетеді [26].
А.А.Ухтомский ми қызметінің физиологиясын зерттеу нәтижесінде доминанта жайлы ілім жасады.
Сыртқы дүниенің көптеген тітіркендіргіштерінің ішінде біреуі миға көбірек әсер етеді де, мидың бір алабын қаттырақ, күштірек қоздырады, осындай алапты доминанта деп атаған. Мидың осы күшті қозғыш алабы қалған алаптардағы әлсіз қозу процестерін өзіне тартып алып отырады. Осыдан мидың күшті қозған алабы онан бетер күшейеді. Мәселен, қызық кітапқа беріле оқығанда адамға кейбір бөгде тітіркендіргіштердің бөгет жасамайтыны, қайта олардың біздің ойымыздың күшеюіне жәрдемдесетіні байқалады. Сондықтан адам бар зейінін қойып кітап оқыған кезде қасындағы бөгде тітіркендіргіштерден (мысалы, сағат маятнигінің соғуы секілді) қашпауы керек. Бұл біздің басқа нәрсеге көңіл аудармай, үңіліп отырған әрекетімізге мейлінше беріле түсуге жәрдемдеседі. Өйткені, жоғарыда айтылғандай, мидағы басыңқы қозу әлсіз тітіркендіргіштерден болған қозуларды өзіне тартып алып, солардың есебінен күшейіп отырады.
Доминанта мида пайда болатын өте күшті үстем етуші қоздырғыштардың ошағы. Бұл теория бойынша, мида бірнеше қоздырғыштар пайда болып, бұл қоздырғыштың қайсысы күшті болса, әлсіз қоздырғыштарды өзіне тартып, оларға үстемдік жасап, өзі ғана әрекет етіп отырады. Ми сол күштің қозу әсерінде болады. Мұндағы құбылысты субдоминант деп атайды.
Доминанта принципі зейіннің бір затқа ғана ерекше бағытталып, басқа тітіркендіргіштерді елемей қалатын жағдайын түсінуге мүмкіндік береді. Зейіннің шоғырлануын адамның белгілі бір іске ықылас-ынтасымен берілгендігінен көруге болады. Зейінділік, сондай-ақ адамның сырт пішінінен де байқалады. Мысалы, адам бір нәрсеге зейін салғанда, қимыл-қозғалыс тежеліп, сезім мүшелерінің бәрі сол нәрсеге қарай бағытталады.
Доминанта немесе қозудың үстемдік ететін ошағы жылжымалы оптималдық қозу ошағынан жоғары тұрақтылығымен өзгешеленеді. Ол жаңадан пайда болған қозу ошақтарын тежеп қана қоймайды, солардың есесінен күшейте түсетін, басқа нерв орталықтарында туған қозу процестерін өзіне қосып алу қабілеті де бар.
Ми қыртысында қозудың үстем ошағының болуы бір затқа немесе құбылысқа шұқшия қадалу дәрежесін, бөгде тітіркендіргіштер зейін аудара алмайтын және елеусіз қалатын жағдайда түсінуге мүмкіншілік береді. Адам зейінінің өте күшті шоғырлануын оның істі шын беріле сүюіне, затқа бар ынтасымен қызыққанына байланысты болады.
Оптималды қозу ошағы да, доминанта да адам зейінінің, әсіресе, оның ырықты сипатының механизмін толық ашып көрсете алмайды. Адамның хайуаннан бір ерекшелігі – зейінін басқара алатындығы. Сондықтан зейінді тәрбиелеуде алдыға мақсат қоя білудің маңызы аса зор.
Оны адамның өзі тұжырымдайды не басқа біреудің ұсынуы мүмкін. Әрекет мақсатын белгілеу және үнемі анықтап отыру зейінді оятады, сүйемелдейді және әр нәрсеге аударады. Мұндайда оптималдық қозу ошағының (доминантаның) пайда болу механизмі – бірінші және екінші сигналдық жүйелердің өзара әсері болады. Ол өзара әсер қозудың элективті (таңдамалы) иррадиациясының сөздік (екінші) сигналдық жүйеден бірінші сигналдық жүйеге ауысу жолымен жүзеге асады. Ал енді бірінші сигналдық тітіркендіргіштер сөйлеу процесінде жаңғыра отырып, мақсатты айқындай түсуге әрі оптималдық қозу ошағын күшейте түсуге жәрдемдеседі [27].
Зейіннің пайда болуымен дұрыс ұйымдастырылуында жұмыстың қатаң режиміне негізделген динамикалық стреотип жасаудың үлкен мәні бар. Ол қозудың оптималдық ошағының пайда болуын жеңілдетеді және іс-әрекеттің жемісті болуын қамтамасыз етеді. Қандай істі болмасын зейінсіз орындауға жол беруге болмайды. Өйткені, динамикалық стреотип қалыптасып қалған соң оны өзгерту жаңартудан әрқашанда қиын.
Зейін адамның сырт пішінінен, еш қиындықсыз-ақ көзге түсетін және содан адамның қаншалықты зейінді екендігі жөнінде қорытынды жасауға болатын жүріс – тұрыс қалпынан, мимикадан білініп тұрады. Зейін қалпы қимылдық тежелуінен, сезім мүшелерінің объектіге бағытталуымен сипатталады. Тұрпат ойға шомғандықты білдіретін кезде көз осі кеңейеді. Мұндайда: «Адамның көзқарасы еш нәрсеге қатыссыз» дейді.
Педагог балалармен жұмыс істеу тәжірибесін байыта отырып, балалардың бет әлпетіне, дене қалпына қарап олардың зейінінің басқа жаққа ауа бастағанын дер кезінде байқауға дағдылануы және олардың сабақ барысынан тыс қалуына жол бермей бағыт сілтеп отыруы қажет.
Зейіннің психикалық әрекеттегі ролін атап айта отырып: «... зейін-адамның жан дүниесіне сыртқы дүниеден енетіннің барлығы да өтетін есіктің дәл өзі» деген К.Д.Ушинскийдің сөзін есімізге аламыз. Ушинскийдің зейіннің ролі туралы осыдан жүз жылдай айтқан ойы бұл күндері жастарды оқыту практикасы мен психология-дидиктикалық зерттеулерде дәлелденіп отыр. Мысалы, есту зейіні қатыспағанда дыбысқа деген сезгіштік кемитіндігін эксперименттік жұмыстар көрсетіп отыр.
К.Д.Ушинский адамның психикалық іс-әрекетінде зейіннің алатын орнын ерекше атап көрсетіп, «зейін адам санасы арқылы қорытылатын және одан өтетін барлық ойды аңғартатын адам жанының жалғыз ғана есігі болып табылады, » - деген болатын. Оның бұл пікірі жастарға тәлім-тәрбие беру ісімен психологияда,дидактикалық зерттеулерде күні бүгінге дейін өзінің өміршеңдігін дәлелдеп келді. [31]
Б.М.Теплов пен В.Д.Неблицина зерттеулері зейіннің сапасы адамның жүйке жүйесімен байланысты екенін көрсетті. Жүйке жүйесі әлсіз адамдардың қоздырғышы шоғырландыруды айқындауға кедергі келтірсе, ал күштілері зейіннің шоғырландыруын жоғарылатады. Жүйке жүйесі селсоқ адамдардың зейінінің ауыстырылуы мен бөлінуін бақылау қиынға соғады. Мұның барлығы қалыпты қабылдауды сыртқы ортаның белгілерінің түсімімен анықталатынын көрсетеді.
Оқу іс - әрекетінде баланың белсенділігіне қарай зейін - ырықты, ырықсыз, үйреншікті деп аталатын үш түрге бөлінеді. Олардың әрқайсысының өзіндік орны, мәні, мағынасы бар.
Психологиялық әдебиеттерде ырықсыз зейінді атауға бірнеше синоним қолданылады. Кейбір зерттеулерде оны пассивті деп атаса, екіншісі-эмоциялық дейді. Бұл екі атауы да ырықсыз зейіннің ерекшелігін көрсетуге көмектеседі. Пассивті зейін жайы сөз болғанда, объектіге зейін аудару, зейінді ерік күшінің қажет емес екендігі айтылады. Ал ырықсыз зейінді эмоциялық деп атағанда зейіннің объектісі мен сол объектілерден туатын эмоция, мүдде, қажеттілік арасындағы байланыс атап көрсетіледі. Бұл жағдайда да зейінді шоғырландыруға бағытталған ерік жоқ.
Ырықсыз зейін дегеніміз - сананың объектіге, сол объектіні тітіркендіргіш ретіндегі ерекшелігі шамасында шоғырландыру.
Ырықсыз зейін физиологиялық тұрғыдан барлау (ориентировочный) рефлексінің жемісі болып табылады. Зейіннің бұл түрі жануарлар мен адамдардың сыртқы ортамен байланысында үлкен роль атқарады.
Ырықсыз зейін – ең қарапайым және адамда алғашқы көрінетін психикалық процесс. Бірінші себептер категориясына тітіркендіргіш әсердің сипаты мен сапасы жатады. Олардың ішінде ең алдымен ескеретініміз әсер күші мен қарқындылығы. Елестетіңіз: оқушы жазба жұмысын орындап отыр, оның жұмысқа құныққаны сонша, көшедегі не үйдегі анау – мынау жеңіл сыбдыр – шуды тіпті аңғарар емес. Ал кенеттен өз столынан түсіп кетіп, «тарс» ете қалған заттың дыбысы, оның еріксіз мойын бұруға мәжбүр етеді. Әрдайым күшті тітіркену әсері, айқай – шу, екпінді соққы, ащы иіс, дәм біздің зейінімізді еріксіз тартады. Мұндайдағы зейініміздің аударылуы әсердің шектен тыс күштілігінен емес, сол әсердің қалыпты жағдайға орайлас не орайсыздығынан.
Аталған себептер тобына тітіркендіргіш әсердің жаңалығы мен тосындылығы да кіреді. Бұл тұрғыдан жаңалық деп бұрын білмеген,көрмеген зат, құбылыстар әсерін ғана емес, сонымен бірге бірдейіне ықпалында болып жүрген әсерлеріміздің физикалық қасиеттерінің өзгерісі немесе орын ауысуынан туындаған тітіркендіргіштерді танимыз [40].
Адамның көңіл – күйіне, мұқтаждық – қажетсінуіне сәйкес тысқы тітіркендіруші әсерлер ырықсыз зейін туындатушы себептердің үшінші тобын құрайды. Мысалы, аш адам мен тоқ адамның тағам жөніндегі әңгімені, болмаса оның иісі мен дәмін қабылдауы бірдей емес.
Зейін себептерінің, төртінші тобы тұлғаның жалпы бағыт – бағдарына байланысты. Міне, осыдан көше бойлап келе жатып, аула тазалаушының назары қоқысқа түседі, тәртіп сақшысы – орынсыз тұрған машинаны аңғарады, ал сәулетші немесе суретші – ежелгі ғимараттың сәніне сүйсінеді. Адамның бағыт – бағдары сонымен бірге оның бұрынғы тәжірибесі мен қалыптасқан сезімдік күйіне де байланысты. Ырықсыз зейіннің аса маңызды себептері, сонымен бізді қызықтырып, эмоциональды кейпімізде өзгеріске түсіретін заттар,жағдайлар, құбылыстар.
Сан қилы тітіркендіргіштер ішінен күші басым тітіркендіргіш зейінді өзіне еріксіз аударады. Мысалы, сөреде қатар тұрған кітаптар арасынан мұқабасы қызыл кітап бірден көз тартады. Мұның себебі-қызыл түстің көзге әсер ету коэффициентінің күшті екендігінде. Осы орайда, мәнерсіз бірқалыпты айтылған сөз басқалардың назарын өзіне жөнді аудара алмайды. Ал мәнерлі, әсерлі сөздер адамның зейінін өзіне еріксіз тартып алады. Кез – келген тітіркендіргіштің адам зейінін өзіне аударуы – оның әсерлілігіне байланысты. Сондай-ақ тітіркендіргіштердің жаңалығы да ырықсыз зейін тудырады. Мәселен, жаңа маркалы автокөлік, не қабырға газетінің жаңа номерін көріп қалсақ, оған еріксіз назар аударамыз. Зейіннің осындай қасиеттерін ескеріп, сабақта түрлі көрнекті құралдарды пайдалану жемісті нәтижелер бермек. Әсер етіп тұрған тітіркендіргіштердің басталуы мен аяқталуы-ырықсыз зейінді тудырудың қайнар көзі.
Адам таным әрекетінде көңіл-күйге қатты әсер ететін нәрселер де ырықсыз зейінді аударады. Мысалы, бояуы қанық заттар, құлаққа жағымды әуенді дыбыстар, хош иісті өсімдіктер мен нәрселер. Адамды таңдандырып, сүйсіндіретін нәрселер де зейінді өзіне еріксіз аударады. Көркемөнер туындыларының адам сезіміне күшті ықпал етуі де ырықсыз зейін тудырып, танымдық үрдістер мен ойлау әрекетін күшейте түседі. Ырықсыз зейіннің тұрақты болуы адамның ықылас – ынтасы мен қызығуының арта түсуіне байланысты.
Ырықты зейін дегеніміз – психикалық іс-әрекеттің бір затқа не құбылысқа бағытталуы не шоғырлануы, бұл объектіге қатысы жоқтың ешбіріне көңіл аудармауды талап ететін процесс.
Ырықты зейіннің ырықсыз зейіннен ерекшелігі оның саналы мақсатқа тәуелді келуі. Зейіннің бұл түрі адам еркімен тығыз байланыста болып, оның еңбектік күш салуларының нәтижесінде пайда болады. Қандай да бір шешімді қабылдай отырып, біз іске кірісеміз, сол іс біз үшін тап сол мезетте ұнамаса да оған саналы зейін қойып, оны орындауға өзімізді мәжбүрлейміз. Ырықты зейіннің басты қызметі – психикалық процесс ағымын белсенді түрде реттеп бару.
Ырықты зейін себептері биологиялық емес, әлеуметтік: ол тәнмен бірге берілмейді, сәбидің ересектермен қатынасқа келу барысында қалыптасады. Л.С.Выготский зерттеулері анықтағандай, зейін қызметі алғашқы даму кезеңінде сәби мен ересек адам арасында бөлінген: ересек қоршаған ортадан нысанды бөле көрсетіп, оны сөзбен балаламайды, ал бала ым, ишараны байқаумен, затты танып, не сөзді қайталап, сигналға жауап қайтарады. Осылайша, қажетті затты бала тысқы өрістен бөліп алады. Кейін жас бала өз бетінше мақсат қоюға үйренеді. Ырықты зейін дамуы сөз, сөйлеумен тікелей байланысты. Баладағы ырықты зейіннің қалыптасуы алғашқыда өз қылық - әрекетін үлкендердің ауызша нұсқауларына бағындыруына тәуелді, ал содан соң, тіл қабілетінің артуымен өз әрекетін өзінің ауызша талаптарына көндіруіне байланысты.
Сапалық жағынан ырықсыз зейіннен үлкен айырмашылығы болғанымен, ырықты зейін де адам сезімдері, қызығулары және бұрынғы тәжірибесімен орайлас келеді. Бірақ бұл факторлардың ырықты зейін кезіндегі әсері тікелей емес,жанама,яғни ортаға саналы белгіленген мақсат енеді. Енді зейін тікелей әрекетке аударылмай, оның мақсаттық мәні мен кейінгі нәтижесіне бұрылады. Ал, іс - әрекет болса өздігінен емес,оның осы мақсат жолында қажеттілігінен ғана адамды қызықтырады [51].
Ырықты зейін – ерікті немесе активті зейін деп аталады. Мұндай атаулардың бәрі сананың белгілі объектіге шоғырлануындағы адамның шешуші ролін көрсетеді. Сананың әрекеттің белгілі шарттарымен байланысты болып,бір объектіге бағытталуын ырықты зейін дейміз. Ырықты зейіннің психологиялық мазмұны адамның іс-әрекетіндегі алға қойған мақсатымен, ерік – күшімен байланысты. Көлік жүргізуші шофер, есеп шығарушы есепші, тәжірибе жүргізуші ғалым алдын – ала мақсатын белгілеп, оны орындап шығу үшін соған саналы әрекетін бағыттайды. Олай етпеген жағдайда мақсатты ісінен шығара алмас еді.
Мектептегі оқу – тәрбие істерінің бәріде балалардың ырықты зейінін қалыптастырып, дамытып отыруды қажет етеді. Бұл үшін бастауыш сыныптарда оқу әрекеті балалардың шама – шарқына орай қызықты етіп ұйымдастырылуға тиісті. Талпынысының нәтижелі болуы – баланың өзіне деген сенімін арттырады. Сабақты жас ерекшеліктеріне қарай түрлендіре жүргізіп, әр түрлі әрекет жасатып, ырықсыз зейінін ырықты зейінге аудартып отыру керек.
Жұмыс орнының қолайлы болуы – ырықты зейіннің тұрақты болу шарттарының бірі. Жұмыс орнында кісінің көңілін бөгде тітіркендіргіштер алаңдатпауы керек. Мысалы, сабақ үстіндегі айтылған артық сөз баланың белсенді жұмыс істеп отырған көңілін бөледі. Ырықты зейінді дұрыс ұйымдастырудың маңызды шарты – адамның психикалық күйі. Шаршап-шалдығып отырған адамның зейіні тұрақсыз болады. Адамның сырқаты, жан қинайтын бөгде ойлар т.б. ырықты зейіннің сапасын нашарлатады. Ырықты зейінді күшейту үшін сөз арқылы қайталап айтып, алға қойған мақсатты тұрақтандыруға болады. Әрқилы жағдайларда жұмыс істей білу мен адамның әр қилы әрекеттері де ырықты зейіннің тұрақты болуына ықпал етеді.
Адамның күрделі мәселелерді шешуі, орфаграфиялық ережелерді қолданып, жазба жұмыстарын дұрыс орындауы, жаңа терминдер мен шет тілін меңгеруі-мұның бәріде ырықты зейін арқылы іске асады [19].
Адамның ырықты зейіні әрекетті саналы түрде белгілі ерік күшін жұмсау арқылы орындалуынан көрінеді. Ырықты зейінде белгілі бір мақсат қойып, объектіге ерекше зер салып отыру көзделеді, ол жұмыстың басынан аяғына дейін ерік-жігерді сарқа жұмсауды талап етеді. Ырықты зейін мынандай ерекшеліктермен сипатталады:
1) Қандай болмасын бір әрекеттің талабына сай зейінді бағындыра алу үшін іс-әрекетке тікелей кірісу қажет.
2) Үйреншікті жұмыс жағдайын жасап алып, алаңдататын нәрселерден бойды аулақтатқан жөн.
3) Орындалатын істің мәнісін, маңызын түсіну үшін білімге шын ықыласпен берілген дұрыс.
4) Түрлі қолайсыз жағдайларда да жұмыс істеуге машықтану. Мәселен, көңілді алаң қылатын бөгде тітіркендіргіштердің (айқай-шу, тарсыл-гүрсілдерде де) әсеріне берілмей жұмыс істей беру. Бұл зейінді шынықтырудың, оны мықты және шыдамды етіп тәрбиелеудің ең жақсы жолы болып табылады.
5) Зейінді болуды өзіңе үнемі ескертіп отыру керек. Бір сөзбен айтқанда, ырықты зейін деп іс-әрекетті жоспарлы түрде ұйымдастыруды айтады [20, 97].
Зейіннің, екі түрі де бір-бірінен ешқашан қалмай ілесіп отырады. Ырықты зейін ырықсызға, ырықсыз зейін ырықтыға қарай жиі алмасады. Шындығында, адамның үнемі ырықты зейін жағдайында болуы мүмкін де емес. Оқушы алғашқыда жай қызыққан нәрсесіне тікелей зейінін аударады, ал содан кейін сабақтың мақсатына қарай тікелей қызық емес басқа материалдарға да зейін қояды. Алғашқы уақытта қызықсыз болып көрінген сабақ кейін балаға түсінікті бола бастайды. Бұл кезде оның ырықсыз зейіні сыртқа теуіп, ырықты зейінінің пайда бола бастағаны.
Үйреншікті зейін — адамға табиғи сіңісіп кеткен, арнайы күш жұмсамай-ақ орындалатын зейін.
Үйреншікті зейін дегеніміз – адам санасының қажетті әрі құнды болып саналатын объектіге шоғырлануы. Үйреншікті зейіннің өзіндік ерекшеліктері бар. Ол қызығу негізінде қалыптасады. Бірақ бұл нәрсенің қасиетіне емес адамның тіршілік мақсатына сәйкес мүдделі әрекетіне байланысты. Мұндағы маңызды нәрсе – істің нәтижесі. Әрекет кезінде үйреншікті зейіннің пайда болуы - әркімнің өзіндік ерекшеліктері мен еңбектену әрекеттерінің жемісі. Кейбір адамдар ауыр деген жұмыстың өзін аса қиналмай - ақ, ойнап – күліп жүріп тындыра береді. Мұндай жағдайларда ырықты зейін үйреншікті зейінге оңай ауысады. Ондай адам шаршағанында байқамайды.
Зейіннің үш түрі де бір бірімен тығыз байланысты. Адамның іс - әрекетінде зейін түрлері алма – кезек өзгеріп, бір – біріне ауысып отырады. Ұстаздар оқу - тәрбие істерінде оқушы зейінін сабаққа бағдарлаумен шектеліп қана қоймай, олардың өз зейінін басқара алатындай ерік сапаларын қалыптастыруға баса көңіл бөледі.
Мәселен, бала оқуға төселсе, бұл оның тұрақты әдетіне айналса, оның зейіні де үйреншікті бола бастайды. Қандай нәрсеге болса да үйреніп, жаттығып алған соң, адамның іс-әрекеті дағдысына айналады. Үйреншікті зейіннің де табиғаты осыған ұқсас. Өйткені үйреншікті зейін ырықты зейіннен дамып қалыптасады. Зейіннің қай түрі болмасын іс-әрекеттен нәтиже шығаруға бағытталады. Егер адам жұмысқа өздігінен беріліп істесе, ырықсыз зейіні көрінеді. Бірақ ұзақ жұмысты тікелей қызығып істей беру де оңай емес. Мұндай жағдайда ырықты зейінге орын беріледі. Ылғи ырықты зейінмен жұмыс істеу де адамды қажытып шаршатады. Сондықтан адам жұмысты зейіннің осы екі түрін қатынастыра отырып, үйреншікті зейінмен істеуді әдетке айналдыруы қажет.
Сабақ үрдісінде оқушыны таңдандыратын қызықты әдемі, көрнекі заттар, шығармаларды пайдаланып, оның ырықсыз зейініне сүйене отырып, сол зейінді түрақтандыруға, біртіндеп ырықты зейіннің қалыптасуына көңіл бөледі. Бұл үшін оқу материалының нақтылығы, мазмұндылығы, тартымдылығы, эмоциялық сезімге қанықтылығы болуы қажет.
Дегенмен, мектепте оқу іс - әрекеті әрдайым қызықты бола бермейді. Бала үшін қызық емес, тіпті оларды жалықтыратын, бірақ білуге тиіс қажет материалдар да болады. Сондықтан да, оқу іс - әрекеті барысында оқушының ырықты зейінінде қалыптастырып, дамыту қажет. Бұл үшін сыныпта оқушының даму аясына сай мақсатты, тартымды оқу іс - әрекеті ұйымдастырылуы керек. Оқу іс - әрекеті түрлендіріліп, бір түрден екінші түрге ауысып отырады. Іс - әрекеттің жаңа түрі оқушының ырықты зейінін оятып, тұрақтандырады. [42]
Алғашқы оқу жұмысына үйретуде белгілі бір оқып – үйреніп отырған пәнге баланың зейінін ерекше шоғырландыру, ол үшін баладан сабаққа дайындалуды талап ету, бала зейінін ұзақ уақыт сақтай білуге, тұрақтандыруға үйрету.
Оқу жұмысында үйреншікті зейіннің маңызы зор. Ол құбылыстар мен заттардың, мазмұндық материалдардың санада тез бейнеленуін, сөйтіп, қабылдау үрдісінің тез, оңай болуын қамтамасыз етеді.
Үйреншікті зейіннің көпшілік жағдайда оқушының өз зейінін өзі басқаруынан көрінеді. Бұл көбінесе жоғарғы сынып оқушыларына және ересек адамдарға тән. Көптеген жағдайларда,мектепте оқу іс - әрекеті барысында мұғалім оқушы зейінін ұйымдастырып отыруға тиіс. Сонымен бірге оқушының өз зейінін басқара аларлық дағдысын мектеп психологымен біріге тәрбиелеп отырған жөн.
Оқу материалын меңгеру тиісті объектіге зейін аудару, түйсіну, қабылдау және ол қабылдағандарды еске сақтау үрдістері арқылы жүзеге асырылады.
Тиісті ұғым – түсініктерді меңгеру аталған психикалық үрдістерді дамыту шарттарының бірі [43].
Сондықтан да, оқу жұмысында осы психикалық үрдістерді дұрыс ұйымдастырып, дамытып отыру қажет.
Зейін объектілерінің сыртқы дүниеде немесе олардың жеке адамның түйсігі, ойы, көңіл – күйі болуына қарай оны сыртқа бағытталған немесе перцептивті зейін және ішкі зейін деп бөледі. Перцептивті және ішкі зейінді айыра білу зейінді меңгеру үшін маңызды және жеке адамның кейбір ерекшеліктерін түсінуге көмектеседі. Сыртқа бағытталған зейін адамның дене әрекетін реттейді. Дүниені зерттей қарау сыртқы дүниенің дамуынсыз қалыптаспайды.
Ішкі зейін адамның өз іс-әрекетін, ішкі дүниесін, өзін - өзі білуін санаға сіңірумен байланысты. Сыртқы және ішкі зейін бірін – бірі тежейді, бір мезгілде сыртқы әрі ішкі құбылыстарға назар аудару өте қиын. Мысалы, адам ойға шомғанда көзін жұмады немесе еш нәрсеге зер салып қарамай көз алдындағылар бұлдырап көрінеді. Ішкі зейіннің объектілері: сезім, еске түсіру, ой болып табылады. Ішкі зейінді сыртқы қимылдар (еріннің жыбырлауы, жеке сөздерді айтып қалу, дене қимылы, байқамай сурет салу т.б. ) қосарлана қостайды. Ішкі зейінсіз болашақ әрекетті және оның нәтижесін модельдеу мүмкін емес, ол сана мен өзінді түсіндірудің қажетті шарты.Ойлай білу, ойлап әрекет ету ішкі зейіннің жетілуімен байланысты.
Ішкі зейін қалыптаспай кісінің адамгершілік, ақыл, эстетиканың дамуы мүмкін емес. Жеке адамның қалыптасуы,өсуі үшін, өткен күнге баға беру, өзінің әр жағдайда істеген қылығына зейін қоя ойлану әдеті өте маңызды.
Педагог ұйымдастырған оқу ісінің түрлеріне қарай ұжымдық, топтық және даралық зейінді бөліп шығаруға болады.
Ұжымдық зейін дегеніміз – барлық оқушылардың зейінін бір нәрсеге жұмылдыру. Мұндай нәрсе көбіне мұғалімнің әңгімесі мен оқушылардың жауабы болады. Іс жүзінде бүкіл сынып зейінін ұзақ мерзім тұтас ұстау қиын, бірақ ұжымдық зейін үшін бірен саран оқушының алаң болуы қауіпті емес.
Бір мақсатқа ұмтылған ұжым өз арасындағы өз арасындағы ішінара зейіні тәрбиеленгендердің де керекті іске ықыласпен аударуға жәрдемдеседі.
Топтық зейін дегеніміз – ұжымда жұмыс істеген жағдайда зейінді бір нәрсеге топқа бөлініп шоғырландыру. Топтық зейін сыныпта, лабораториялық тәжірибелер мен өзара тексеру жүргізгенде қажет. Бұл зейінді – ұйымдастырудың оқушы үшін де, мұғалім үшін де қиын түрі. Өйткені топтар жұмыс үстінде бірін – бірі алаңдатады. Осындай кедергіні жеңу үшін олардың тапсырманы мұқият орындап шығуларына жете көңіл аударып, оны әрбір кезеңге бөліп жоспарлау керек болады.
Даралық зейін дегеніміз - өз міндетін орындпуға әр адамның санасын бағдарлап, зейін шоғырландырады. Бұл өз бетімен кітап оқығанда, есеп шығарғанда, бақылау жұмысын орындағанда пайда болады. Мұғалім үшін индивидуальдық зейіннен ұжымдық зейінге көшуді ұйымдастыру қиынға соғады, өйткені оқушылар тапсырманы бәрі бір мезгілде орындай бермейді және олардың көпшілігінің ұжымдық жұмыс басталғанда зейіні бірден аумайды. Мұндай жағдайда тапсырманы бұрын орындағандар қосымша жұмыс істей беру қажет.
Зейін мынадай қасиеттермен : көлемі,бөлінуі, щоғырлануы, тұрақтылығы және ауысуымен сипатталады.
Зейіннің тұрақтылығы деп – оның объектіге бағытталып, ұзақ уақыт бойы шоғырлануы.
Адамның зейіні бір объектіге немесе бір жұмысқа ұзағырақ тұрақтай алса, оны зейіннің тұрақтылығы дейді. Мысалы, өндіріс озатының не хирург дәрігердің жұмыс үстіндегі зейінін осыған жатқызуға болады.
Зейінді бір жерге тұрақтатып, жинақтап алу арқасында адам істеп отырған ісін тереңінен түсініп, оның әр түрлі байланыстарын анықтайды. Зейінді тұрақтата алушылық саналы әрекетке өзіңді жеге алудың басты бір белгісі болып табылады.
Зейіннің осы қасиетінің оқу процесінде маңызы зор. Сабақ үстінде баланың назарын көп нәрсеге аудармай, басты бір нәрсеге не белгілі бір әрекетке ғана аударып, оған тұрақтатып әдеттендіру керек. Сонда ғана бала есейген кезде үлкендердің көмегінсіз-ақ зейінін тиісті объектіге жинақтай алатын болады.
Ересек адамдар жұмыс үстінде зейінін 40 минуттай бір объектіге тұрақтата алады. Осындай 10—20 минуттық зейін қоюшылықтан кейінгі бірнеше секундта көңілдің бір нәрсеге бөлінуі сол жұмыстың одан ары ұйымдастырылуына ешбір нұқсан келтірмейді. Қайта бұл секілді тынығу, жұмысты бірнеше сағат бойы жақсы, тұрақтап істеуге мүмкіндік береді. Адам соншалық ерік-жігермен зейін салып жұмыс істеген жағдайда да оқтын-оқтын ойы бөлініп, басқа бір затқа ауып отырады. Осылайша зейіннің бірде әлсіздене, бірде күшейіп тұруын зейіннің толқуы дейді. Толқу — зейіннің табиғи қасиеттерінің бірі. Мәселен, бар ілтипатпен кітап оқыған адам да анда-санда бөтен ойға түседі, басын көтеріп жан-жағына қарайды. Зейіннің мұндай толқуы, әрине, адамның көңіл аударған нәрсесіне ойының бөлінуіне, зейінін тұрақтатуына бөгет болмайды. Кейбір адамдардың зейіні толқымалы келеді. Бұған қатты тітіркендіргіштер, күшті эмоциялық әсерлер, сондай-ақ адамның өз еркін жөндеп билей алмауы себеп болады [22].
Зейінді ұзақ уақыт бойы іс-әрекетке жеткілікті жұмылдыру үшін, әсіресе, оның бөтен нәрсеге көңілі ауып кетпеуін ойластыру керек. Бұл кеп күш жұмсауды қажет етеді. Зейінді алаңдататын әр түрлі тітіркендіргіштерге қарсы күресу — қажетті шаралардың бастысы. Мәселен, ысқырған дауыс, қоңыраудың сылдыры, сырнай-керней т. б. адамның тынышын кетіреді. Зейінін жақсы ұйымдастыра алатын адамдар осындай жағдайда да жұмысты тез және сапалы орындайтыны байқалады. Адамды алаңдататын нәрселер көп болғанмен, олардың барлығы да кесел тигізе бермейді. Мәселен, машинаның дүрілі, музыканың әуені зейінді аударатын тітіркендіргіш болғанмен, оларға шыдап отыра беруге болады. Ал қасыңдағы адамның айқай-шуы, реніш т.б. адамды күштірек алаңдатып, жұмыс істетпейді. Әрине, бұларды жоюдың мүмкіндігі болмаса, оған көңіл аудармай, сабырлылықпен жұмыс істей беруге болады. Әрине, бұған ерік-жігер қажет. Осындай ыңғайсыз жерлерде жұмыс істей алушылық — адамның жақсы қасиеттерінің бірі. Мәселен, орыстың атақты жазушысы А. П. Чехов жас кезінде көп әңгімелерін ойын-күлкі, той-думан үстінде жазса, ал Мусоргский мен Бородин өздерінің опералық шығармаларын қонақта отырып-ақ жаза беретін болған. Қандай жағдайда да адам зейінге кедергі келтіретін нәрселерді жеңе алатын болуға тиіс. Тіпті тыныш жерде отырып жұмыс істеуді ұнататын адамдар да өзін ыңғайсыз жағдайларға төселттіріп, кез-келген жағдайда жұмыс істей алатындай қабілетке ие болуы тиіс.
Физиологиялық тұрғыдан алғанда, зейіннің тұрақтылығын мидағы жүйке жасушалары бір тобының ұзақ мерзім бойы қозуы деуге болады. Жүйке жасушаларының ұзақ уақыт бойы қозу жағдайында болуы оның күштілігін байқатады. Мұндай зейін тұрақтылығынан адамның жоғарғы жүйке қызметінің жалпы типтік ерекшеліктері байқалады [53].
Зейіннің аударылуы деп бір объектіден екінші объектіге назарымызды көшіруді айтады. Физиологиялық тұрғыдан мидағы оптималдық қозудың ауысуы. Зейінді тез аудара білу қабілеті көбінесе жүйке процестерінің өзгермелілігіне байланысты. Кейбір адамдар бір жұмыстың түрінен екінші бір жұмысқа жеңіл көшеді, зейін қойып жаңа жұмысты тез меңгеріп кетеді. Бұл икемді, оңтайлы зейіннің көрінісі. Екінші біреудің зейіні, керісінше, басқа объектіге қиындықпен ауысады. Зейінді тез аудара білу көлденеңнен кез келген әсерлерге кідірусіз жауап беруде аса қажет. Мәселен, машинистерде зейінді тез аудара білу қасиеті жөнді жетілмеген болса, олардың жұмыста түрлі сәтсіздіктерге ұшырауы мүмкін. Мектеп жағдайында балалардың зейінін бір пәннен екінші пәнге, бағдарламаның бір бөлімінен екінші бөліміне, жұмыстың бір түрінен (үй тапсырмаларын сұрау) екінші түріне (жаңа сабақты тыңдау кезі) үнемі аударып отыруға тура келеді. Зейінді аудара алу оқушының ерік сапалары біраз дамыған кезде, әсіресе оқу материалдарын түсінген және оларды ұмытпайтындай етіп меңгерген жағдайда ғана мүмкін болады. Мұғалімнің материалды жүйелі етіп, бір ізбен жақсы түсіндіруі, өткен материалды дұрыс қорытуы, оқылатын жаңа тараудың мақсатын айқындауы, жаңа материалды тыңдауға және түсінуге оқушылардың дайындығын тексеру т.б. зейіннің дұрыс аударылуына себепші болады.
Зейіннің аударылуының толқудан айырмашылығы – оның саналы түрде болатындығы.
Зейіннің бөлінуі деп – адамның кез – келген іс - әрекеті үстінде зейіннің бір мезгілде бірнеше объектіге бағытталуын айтады. Бір мезгілде өлең жаттап, әрі қарапайым қосу мен азайту амалымен есеп шығарып көрсек, мұның оңай емес екенін бірден байқаймыз. Мұндай бір әрекет екінші әрекетке кедергі болады. Іс – әрекет үрдісінде зейін бір – ақ нәрсеге ауады. Себебі оның физиологиялық негізі ми қабығындағы оптималдық қозу ошағының жалғыздығы. Күнделікті өміріндегі іс – рекетінде адам өзінің зейінін бөле білуді жетілдіріп, тәрбиелеу қажет.
Адам санасының бір мезгілде бірнеше әрекетті атқара білу мүмкіншілігін зейіннің бөлінушілігі дейді. Адам зейінін екі-үш нәрсеге бөле алады.
Зейінді бір уақытта түрлі объектіге бөлуге болатындығын арнаулы зерттеулер көрсетіп отыр. Мәселен, оқушылар өздері есеп шығарады, сонымен қатар осы кезде басқа оқушының тақтаға шығарған есебін бақылайды, оның сөзін тыңдайды т. б. Студенттер бір мезгіл ішінде лекция тыңдайды, түсінгенін жазып отырады кітап оқып отырып, конспект жазады. Еңбек процесінде зейін бөлінуінің маңызы бәрінен де зор. Қазіргі кездегі өндірістің онан сайын автоматталынуы адам зейінінің бөлінушілігін ерекше дамытуды қажет етеді. Ал машина жүргізушілерге (машинист, шофер т.б.) бірнеше нәрсеге зейін бөлушілік қаншама маңызды екендігі түсінікті. Олар бір кезеңде руль механизмін басқарады, жолға назар аударады, тормоз береді және т. б... Бұл операциялардың әрқайсысы зейінді өте шеберлікпен бөле білуді қажет етеді. Мұғалімдік қызметте де зейінді бірнеше объектіге бөле білудің маңызы зор. Мұғалім бір мезгілде сабақтың мазмұнын, формасын сабақ оқыту жоспарына сәйкес тексеріп отырады, барлық сынып ұжымы мен жеке оқушылардың тәртіп сақтауын, сабаққа қалай қатысып отырғанын байқайды. Тәжірибесі аз, жас мұғалім кейде барлық сыныпты не жеке оқушыларды, не өзінің айтып тұрған сөзін бақылай алмай қалады да зейінін бытыратып алады. Осының салдарынан сыныпта сабақ нашар ұйымдастырылуы мүмкін. Зейінді екі объектіге бірдей бөлу үшін ең кемінде біреуіне іскер болу және мұндай объекті бір-біріне байланысты болуы шарт. Зейінді бөлудің физиологиялық негіздері жөнінде И. П. Павлов былай дейді: "...біз бір іспен, бір оймен айналыса жүріп, өзіміз әдеттеніп кеткен тағы басқа бір істі істей жүреміз, яғни сыртқы тежелу механизмі бойынша, ми сыңарларының тежелудегі бөлімдерімен, қызмет істейміз, өйткені біздің басты ісімізбен байланысты ми сыңарларының пункті бұл кезде қатты қозуда болады" [62].
Зейіннің көлемі деп – адамның бір көргенде – ақ қабылдаған нәрселердің саны. Зейін көлемін анықтау үшін уақыттың 1/10 секунд ішінде 10-12 нәрседен тұратын сандар,әріптер не кескіндер жиынтығы көрсетіледі. Осы уақыт ішінде көріп қабылдау әбден жеткілікті, бірақ көргеннен барлық кескіндерді саналы бейнелеуге уақыт аздау. Сыналушы адам тек бірнеше нәрсенің ғана атын анықтап, өзгелерін жөнді байқай алмайды. Ал көріп тұрған барлық нәрселерді саналы бейнелеу үшін әжептәуір уақыт керек. Ересек адамдардың зейінінің көлемі өзара байланыссыз 4-5 нәрсеге тән. Егер әріптерден мағыналы сөз құрастырсақ, онда көретін әріптердің саны едәуір кеңейеді. Бірақ бұл жағдайда сөздің өзі тұтасқан бір объект болады да сынаушы кісі сөз әріптерінің орнын ауысқанын,кейбіреуінің түсіп қалғанын,дұрыс жазылмағанын аңғара алмайды.
Зейіннің көлемі деп бір уақыттың ішінде оның қамтитын, объектілерінің санын айтады. Зейін көлемін анықтауға байланысты жасалған тәжірибелер тахистаскоп деген аспаппен тексеріледі. Адам бір мезгілде (секундтың 1/10 бөлігінде) орта есеппен әр түрлі 5—9 әріпті қамти алатынын, 12—14 әріптен тұратын мағынасы бар сөзді де осы мерзімде қамтитынын көрсетіп отыр. Мектеп оқушыларының, әсіресе, бастауыш сынып оқушыларының зейін көлемі ересек адамдардың зейін көлемдеріне қарағанда шағын болатындығы сабақ үстінде мұғалімнің есінде болуға тиіс, сондықтан да оқушыларға бір мезгілде сан жөнінде де, сапа жөнінде де белгілі зейін көлемінен артық мөлшерде материал беруге болмайды. Оқушылардың зейін көлемі бір-бірімен байланыспаған элементтерді қабылдаса, нашар өсетіндігін, ал логикалық байланысы бар элементтерді қабылдаса, олардың зейін көлемін өсіретіндігін мұғалім еске алуы қажет.
Зейін көлемін арттыру үшін мұғалім балаларды комплекс заттарды байқай алуға, оларды бір объект ретінде қабылдауға машықтандырғаны дұрыс. Көрнекі құралдардағы сөздер тым ұзақ болмай, ондағы сөздердің ең бастыларын бірден оқып түсіну үшін әріптерді түрлі бояумен безендіру қажет. Соңғы айтылған тәсіл де бала зейінінің көлемін өсіруге жағдай жасайды. Физиологиялық тұрғыдан зейін көлемін өсіріп, ұлғайту мидағы оптималдық қозуы бар алапты кеңейте түседі. Бұл бірнеше қозулардың бір қозу жүйесіне бірігуі болып табылады. Бірден біраз нәрсені қамти алатын зейінді көлемі кең зейін дейді де, объектілерді жөндеп қамти алмайтын зейінді көлемі тар зейін дейді. Зейіннің тар, көлемдісі де жарамсыз қасиет емес. Әңгіме істен дұрыс нәтиже шығара алуында. Адамның мамандығы, айналысқан ісі оның зейініне әсер етпей қоймайды. Мәселен, өне бойы сағат механизмімен шұқшия жұмыс істеп отыратын мастердің зейін көлемі айтарлықтай болмайды. Микроскоппен жұмыс істейтін ғалымның зейіні де осы іспеттес келеді.
Алаң болушылық деп белгілі бір объектіге саналы түрде зейінді ұйымдастыра алмаушылықты айтады. Әр нәрсеге ауып кете беретін жаңғалақ адамдардың зейіні көбінесе осындай болады. Алаң болушылық сондай-ақ адам қатты шаршап, болдырған кезде де жиі кездеседі. Мұндай жағдайда оның миында біркелкі тұрақты қозу алабы жасалынбайды, қозу мен тежелу процестері бір-бірімен алмасуы тәртіппен жүріп отырмайды. Зейіннің осы қасиеті адам психологиясынан тұрақты орын алса, оған берекелі әрекет ету қиынға соғады.
Алаң болушылыққа ұқсас көріністер адамның бір жұмысқа қатты беріліп істеген кездерінде де байқалады. Адам қатты үңіліп жұмыс істеген кезде басқа еш нәрсені сезбейді, елемейді. Осындай жағдайда ол айналасындағы өзгерістерді байқамайды. Мұндай адамдардың зейінін уақытында бөле алмаушылықтың кемшілігі зейіннің көлемі өте тар және икемсіз келетіндігінен.
Зейін дегеніміз – адам санасының белгілі объектіге бағытталуы. Сондай - ақ, сананың бөгде нәрселерді елемеуі [56].
Қорыта атқанда, зейін – психикалық әрекеттің айналадағы заттар мен құбылыстарға бағытталып, түйдектелуі. Ол объектілерді анығырақ, ашығырақ тану үшін, жан қуаттарының оларға бет алып, жинақталуы үшін қажет. Егер зейін болмаса организмнің сыртқы ортамен байланысқа түсуі дәрменсіз, ой, дене еңбегінің жөнді, нәтижесі болмас еді. Зейін ырықсыз, әлдеқалай, ырықты, үйреншікті, сыртқы және ішкі болып бірнешеге бөлінеді. Оның іс - әрекеттің орындалу барысында көрінетін тұрақтылығы, толқымалығы, аударылуы, бөлінушілігі, көлемі, алаңдаушылығы (шашыраңдылығы) секілді түрлі қасиеттері бар.
Зейін – таным үрдісінің басты факторы. Зейін дербес үрдіс ретінде емес, ол танымдық әрекеттердің іске асуына басты жағдай ретінде орындалады. Өзін - өзі байқауда, сырттан байқауда ол кез – келген психикалық іс - әрекеттің өзінің объектісіне бағыттылығын, белсенділігін және шоғырлануын қамтамасыз етеді де, сол іс - әрекеттің бір жағы немесе қасиеті ретінде болады.
Зейіннің өзгеше және арнайы заты туралы айту қиын. Оның нәтижесі кез - келген іс - әрекетке еніп, сапасын жақсарту болып табылады.
Зейін өз табиғаты жағынан таным үрдісі бола алмайды, бірақ кез – келген таным үрдісінің іске асу шарттарын сипаттайды.
Зейін төмендегідей қызмет атқарады: психологиялық және физиологиялық үрдістердің қажеттерінің белсенділіктерін арттырады және қажетсіздерін тежеп отырады, түскен ақпаратты мақсатты, ұйымдасқан іріктеуге көмектеседі, белгілі бір нысанаға белсенділікті ұзақ уақыт шоғырландыруға көмектеседі.
Бірінші бөлім бойынша тұжырым
Диплом жұмысының бірінші бөлімін оқушылардың зейінін дамытудың теориялық негіздері деп аталатындықтан, бұл бөлімде зейіннің психологиялық-педагогикалық зерттелу жағдайлары, зейін туралы түсінік және оның дамуына ғылыми тұжырымдамалар деп аталатын сұрақтар қарстырылды.
Зейінді психологиялық феномен ретінде 19 ғасыр аяғымен 20 ғасыр басында бір топ зерттеушілер қарастырды. В.В.Петухов, Л.М.Веккер, У.Джемс, Т.Рибо, Н.Н.Ланге, А.А.Ухтомский, Н.Ф.Добрнин, С.Л.Рубинштейн, Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев, Т.Тәжібаев, Қ.Жарықбаев т.б. өз еңбектерінде зейінге әр түрлі сипаттамалар берген.
Зейін – бұл сананың, психиканың анықталған обектіге, құбылысқа, субъектіге сай жинақталған, сананың әрекеттің жеке бөлігіне шоғырлануы, бағытталуы.
Зейін деп — адам санасының белгілі бір затқа бағыттала тұрақталуын көрсететін құбылысты айтады. Мысал келтірейік: оқушы математикалық есептер шығарып отыр. Ол бұған соншама үңілген, мұнысы психикалық кейпінен жақсы көрінеді.
Н.Н. Ланге өзінің «ерікті зейін теориясы» атты еңбегінде зейін теориясын 8 топқа бөледі. Бірінші топ моторлы зейін теоориясын құрайды, мұнда Н.Н. Ланге өз теориясымен қоса Р.Декарт, Я. Фризаның, А. Бэнның, Т. Циенның, Т. Рибоның теорияларын да қосады. Бұл теорияларда зейінді, қабылданған затты немесе ақыл-ой идеяларын сол сәтте ретімен келтіруші, жетілдіруші қабілетке ие қозғалыс нәтижесі ретінде қарастырады.
Зейіннің пайда болуымен дұрыс ұйымдастырылуында жұмыстың қатаң режиміне негізделген динамикалық стреотип жасаудың үлкен мәні бар. Ол қозудың оптималдық ошағының пайда болуын жеңілдетеді және іс-әрекеттің жемісті болуын қамтамасыз етеді. Қандай істі болмасын зейінсіз орындауға жол беруге болмайды. Өйткені, динамикалық стреотип қалыптасып қалған соң оны өзгерту жаңартудан әрқашанда қиын.
2 1 ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЗЕЙІНІН ДАМЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
2.1 Оқу процесінде оқушылардың зейінін дамыту жолдары
Мектеп – оқушылардың зейінін оқу – тәрбие процесінің талаптарына байланысты жүйелі түрде қалыптастырып дамытатын негізгі орын болса, ал мұғалім – балалардың зейінін тәрбиелейтін негізгі тұлға. Бұрын ойыннан басқаға көңіл бөлмей келген бала оқуға бірден беріліп кетпейді, сабақтың басынан аяғына дейін отыруға оның шыдамы жетпейді. Олардың алғашқы кезде сабақтың аяқталуын асыға күтіп отыратындары да осыдан. Балада ырықсыз зейіннің басымырақ болуы ой - өрісінің көрнекілігіне де байланысты. Мәселен, бірінші сынып оқушылары түрлі нәрселерді санағанда, көбінесе олардың сыртқы формасына, бояуына көңіл аударады да, ең негізгі міндеті – есеп шығаруды ұмытып кетеді. Бұл жастағы балалардың зейініндегі екінші бір ерекшелік зейін көлемінің өте тар келетіндігі. Мұғалім осы жағдайды есінде қатты ұстағаны дұрыс. Ол сабақты бала ұғымына түсінікті, тіл жағынан жеңіл етіп берсе, көрнекі құралдарды тиісінше пайдаланса, бала зейіні бір объектіге тұрақтала түседі де, зейіннің бөлінуі кемитін болады. Оқушы зейіні негізінен сабақ ұстінде тәрбиеленеді. Екіншіден, олардың әлеуметтік – танымдық қызығушылық құштарлықтарын мектеп қалыптастырады, дамытады.
Үшіншіден, ата – ана мектепке арқа сүйей отырып, сыртқы жағымсыз нәрселерден төменгі сынып оқушыларын қорғай алады. Себебі, ата – ана, мектеп - төменгі сынып оқушыларының қамқоршылары.
Төменгі сынып жасындағы баланың мәртебесінің өзгеруі, яғни кешегі мектеп жасына дейінгі бала – бүгін төменгі сынып оқушысы. Мектепке келгеннен кейін бұрынғы еркіндіктен айрылады. Оларды мектеп тәртібіне шақырады. Сондықтан бостандықта болып қалған бала тәртіпке көне алмайды. Осыдан барып ересектермен өзара түсініспеушілік пайда болады.
Төменгі сынып жасындағы бала бұрын ойынмен айналысса, енді оқумен айналысуына тура келеді. Оқу – ойынға қарағанда күрделі процесс. Оқуда танымдық, адамдық қасиеттер күрделене түседі. Сондықтан да іс - әрекетті психологиялық тұрғыдан қайта құруда мына төмендегідей кезеңдерден өтеді:
- мектеп өміріне кірігу;
- мектеп, сынып ұжымдары арқылы қатынастарды реттеу, ересектермен қарым – қатынасты реттеу;
- мектептің ішкі тәртібіне бағыну, қабылдау.
Осы үш кезеңнен сүрінбей өту, ішкі тәртіпті дұрыс қабылдау төменгі сынып оқушыларының ұжымға мүше боп кіруіне мүмкіндік береді [53].
Балалар мен жастардың организмі үнемі өсіп дамуда болады. Адам неғұрлым ұзақ өмір сүрсе - бойы өседі, денесі қатаяды, жастың келуімен даналық қонады, тәжірибе топталады, білім қоры ұлғаяды. Әр жас кезеңінің өзіне тән дене, психикалық және әлеуметтік даму деңгейі болады.
Кезеңге бөлістіру жас ерекшеліктеріне негізделеді. Жастық ерекшеліктер деп – нақты өмір дәуіріне тән анатомиялық, физиологиялық және психологиялық сапаларды айтамыз.
Бала өсіп даму кезеңдерін жүйелі сипаттайтын негізгі ерекшеліктерді анықтау мақсатында бірнеше жас кезеңдеріне бөлінеді.
Кіші мектеп жасындағы балалар биологиялық тұрғыдан екінші даму кезеңіне өтеді: бой өсуі бәсеңдейді, салмағы қосыла бастайды, денесі сүйектенеді, бірақ үдеріс мұнымен аяқталмайды. Бұлшық еттер жүйесі қарқынды дамуда болады. Осыдан, майда, нәзік қимылдарды орындау қабілеттері пайда болып, бала тез жазу дағдыларына жетіседі. Бала ағзасының барлық ұлпалары даму жағдайында болады.
Кіші мектеп жасында жүйке жүйесі жетіліп барады, бас миі үлкен жарымшарларының қызметтері қарқынды дамып, даралана бастайды, ми қабығының талдау және біріктеру қызметтері күшейе түседі. Кіші мектеп жасындағы баланың бас миі салмақ жағынан үлкендердің миімен теңдесіп, орта есеппен 1400 граммға дейін ұлғаяды. Баланың психикасы шапшаң дами бастайды, қозу және тежелу үдерістерінің арақатынастары өзгереді: тежелу үдерісі күшейе түседі, бірақ қозу үдерісі әлі де болса басымдау, осыдан – кіші мектеп оқушысының тұрақты шыдамдылығы кем, сабырлылық оған әлі тән емес. Сезім ағзаларының дәлдік қызметі көтеріледі. Мектепке дейінгі кезең балаларымен салыстырғанда, кіші мектеп оқушыларының сезімталдығы: түр – түске - 45℅ артық, буын – бұлшық сезімталдығы - 50℅ жақсарады, көз көру ұқыбы - 80℅ артады (А.Н.Леонтьев) .
Төменгі сыныптағы балалар зейінінің ерекшелігі олардың нерв системасының дамуына байланысты. Төменгі сынып оқушыларының үлкен ми сыңарлары қыртысында болатын қозу мен тежелу процестерінің ауысуы біршама жылдам өтеді. Балалар сырт әсерге сезімтал келеді, әрбір тітіркендіргішке зейінінің де тез ауып кетуі де осыдан. Сондықтан мидың қыртысында пайда болған жаңа қозу алабы, баланың бұрын жасап отырған нәрсесінен көңілін аудартып жібереді. Зейіннің өздігінен бір нәрседен екіншіге еріксіз ауысуы оның аздап тұрақсыздығын байқатады. Бұған күшті дамыған барлау рефлексі себепкер болады.
Баланың сезімталдығы мынаған саяды: бейнелі, жарқын көрнекі оқу материалдары мен тартымды, әсерлі баяндау төменгі сынып оқушыларының зейінін туғызады.
Бала мектепте оқи бастаған алғашқы айларында әр түрлі жұмыстарға біркелкі зейін қояды, өйткені оны көбірек қызықтыратын оқу материалының мазмұны емес, жалпы оқу процесі ғана.
Бәрі жаңа – жаңа қажеттілік, адамдармен қарым – қатынастағы жаңа ережелер, осы уақытқа дейінгі объектінің анық емес жақтарын ашатын жаңа талаптар. Әлем жүйесінің ғылыми білім және түсініктердің нақтылығын бала түсіндіруді қажет етеді [43].
Балаларда тілдің шығуына байланысты ырықты зейіннің саңылауы байқала бастайды. Ырықты зейін үлкендердің ықпалымен, балаларға түрлі талаптарды орындатып үйретуіне орай дамып отырады (тазалық сақтау, ойыншықтарын, киім-кешектерін жинастыру, үлкендердің айтқанын тыңдай білуге баулу т. б.).
Мектеп жасына дейінгі балалардың зейінінің қалыптасуында ойын әрекеті ерекше орын алады. Ойын арқылы бала түрлі объектілерді көреді, естиді, байқай алады, фактілер мен құбылыстарды бір-бірінен ажыратып, оларға назар аудара бастайды. Балаларда зейіннің түрлі қасиеттері (көлемі, бөлінуі, тұрақтылығы т.б.) жақсы байқалады. Бұлардың бәрі үлкендердің басшылығымен жетіледі.
Зейіннің негізі мектепте дамиды. Оқу процесінде бала қызметке бейімделеді. Балада жігерлілік, қабілеттілік, өзін басқарушылық қалыптасады. Мектеп жасындағы балаларда ерікті зейін анықталған кезеңнен өтеді. 1 – ші сынып оқушысы сабақта өзін басқаруды толық меңгермейді. Балада біртіндеп еріксіз зейін қалыптасады. Сондықтан тәжірибелі ұстаз сабағын ашық, бала зейінін сабаққа аударуға, оқулық мазмұнын қызықты етіп түсіндіруге тырысу керек. Бұл жаста баланың ойлауы көрнекі – образды екенін ұмытпау керек. Сондықтан да, бала зейінін ыңғайлы, көрнекі материалдармен аудару керек .
Бірте – бірте оның зейіні кейбір пәнді өту кезінде немесе оқу жұмысының бір түрімен көбірек айналысқан уақытында шоғырлана түседі.
Сонымен балалардың ырықсыз зейіні үлкен рол атқарғанымен, мектепке дейінгі жасында – ақ олардың ерікті зейіні дами бастайды. Бұл - тәрбиенің, балалардың ересектермен араласуының, олармен бірге жасаған іс-әрекетінің нәтижесі.
Балаларға ерікті зейінді ұстай білу көбінесе қиынға түседі, бұл оның өз еркіне күш сала білмейтіндігінен емес, асықпай сабырмен жұмыс істеу деген оларда әлі жоқ. Бұл әсіресе балалар есептің шарттарына зер салғанда байқалады. Егер бала көңіл аударып үңілмесе, оқу тапсырмалары сыныпта болсын, үйде болсын орындалмай қалады. Балалар бірте – бірте зейін қойып еңбектенуге дағдыланады, сөйтіп оның үйреншікті зейіні дами бастайды.
Оқушы зейінінің шоғырланушылығы, жинақтылығы әсіресе қызықты жұмыс үстінде жеткілікті түрде қарқынды болады. Бұл сәттерде ол айналасында не болып жатқанын аңғармайды. Алайда зейіннің тұрақтылығы әлі де дами қоймаған. Кейде бір түкке тұрмайтын факт,басқалардың көзіне іліне бермейтін нәрсе, балалардың зейінін аударады.
Бірде мұғалім әдетте сабақ кезінде көңілдерін сирек бөлетін балалардың зейінінің болмай кеткеніне таң қалды. Оқытушы мұны кейін білді, балалардың жұмысқа салқын қарауының себебі, сабақта пайдаланылмаған үстелде тұрған арифметикалық жәшік екен. Мұғалімді тыңдаудың орнына, олар осы жәшіктің ішінде не бар екен, оның ішіндегіні бізге қашан көрсетер екен деген оймен отырған. [50]
Оқу материалының өзі – ақ кейде балаларда қажетсіз сезім туғызып, содан барып олардың зейінінің басқаға ауып кететін кездері де болады.
Бірінші сыныпқа сабақ беруші мұғалімнің, қандай да болмасын бір зат, не фактінің балалардың ойына теріс бағыт бермеуін, жұмыстан олардың көңілін бөлмеуін қадағалағаны жөн.
Зейіннің көлемі көбінесе адамның бұрыннан жинақталған тәжірибесіне байланысты. Төменгі сынып оқушыларының мұндай тәжірибесі аз. Сондықтан да балалар бірнеше объектіні назарында ұстай алмайды. Мысалы, бірінші сыныптың баласы көшеден кесіп өтерде, бағдаршамның жасыл жарығы жанып тұруы керек екенін және машина келе жатқан жоқ па, соны міндетті түрде байқау керек екенін біледі. Алайда, бала зейін көлемінің аздығынан, әлгі айтқандарды үнемі орындап отырмайды. Тіпті кейіннен, бала келесі сыныпқа көшкеннің өзінде де, доп ойынына елігіп, допты қуып, ағылып жатқан транспортқа зейін аудармай көшенің ортасына шығып кетуі ықтимал.
Төменгі сыныптарға оқу ісінде бірнеше санды қосып одан шыққан қорытындыны тексеру қиынға соғады, мысалы 4+3+2. 2 санын жетіге қосқанда, 7 – нің қайдан келгені оның есінен шығып кетеді, өйткені ол үш санның үшеуіне бірдей зейінін бөле алмайды. Есепті екі амалмен шығарғанда да әлгідей болады. Есептің шартын ол қайталай алады, ал бірақ екі амалды бірдей зейінінде ұстау алғашқы кезде оған қиынға соғады. Әсіресе 7 жасар балаларда байқалатын зейін көлемінің тарлығы мектепке келіп, мағлұматы молая бастағанда, тез жойылады.
Зейіннің бөлінушілігі 1 – сынып оқушыларында жеткілікті түрде дами қоймаған. Егер оқушы тапсырманың жауабын тапса болды, өзінің тәртібін қадағаламай орнынан атып тұрып, қолын жоғары көтереді, олай істеуге болмайтынын ұмытып кетеді. Дәл осылайша жазу тұсында дұрыс отыру оған қиын: ал оның сөз жазу процесіне өте ұқыпты болуы керек, өз жұмысының мазмұнына қарап, өз дәптері қалай жатыр, қаламсапты қалай ұстап отыр, өзі қандай қалыпта отыр, партаға кеудесімен жатып алған жоқ па ,осылай отырған жөн бе? т.б. қадағалауы керек. Сондықтан да мұғалімнің мектептегі оқушыны жазу кезінде дұрыс отыруға үйретуі үшін, біршама күш пен уақытын кетіруіне тура келеді.
Баланың зейінін бөле білмегендігін, педагог кейде оқушының алаң болушылығы немесе тәртіпсіздігі деп қате ұғады. Егер әңгімені одан әрі оқып жалғастыруға шақырылған бала жолдасының тоқтаған жерін тез тауып ала алмаған жағдайда, мұғалім ол баланы бөтен бірдеңемен айналысқан ғой деп ойлайды. Ал расында мектеп оқушысына өз ішінен оқып және жолдасының не оқып жатқанын қадағалап отыру қиынға соғады. Бұл аз да болса зейінінің бөлінуін талап етеді.
Төменгі сынып оқушылары үшін зейіннің бөлінушілігі қол жетпейтін нәрсе деуге болмайды. Үйде және сыныптағы оқу жұмысы осы қасиетті тез дамытады, сөйтіп балалар өзін өзі байқап, еңбектенуге дағдыланады.
Бір нәрседен екінші бір нәрсеге зейінінің аударылуы жөнінде де осыны айтуға болады. Оқу жылының бастапқы кезінде бірінші сыныптағылар қоңыраудан соң бірден сабаққа кірісіп кете алмайды, сондықтан оларды тәртіпке салып, жұмысқа жұмылдырады. Сыныптағы жаттығулардың ауысуы да бірталай уақытты кетіреді. Кейіннен балалар өзінің үзіліс кезіндегі демалысынан сабаққа немесе бір сабақтан екінші бір сабаққа зейінін тез аударуға дағдыланады. [7]
Мектептегі төменгі сынып оқушысына алаң болушылық тән. Ол зейінінің тұрақсыздығына тән.
Баланың қабылдауындағы кемшіліктердің болуы себебін оның алаң болушылығынан деп білу қажет, бірақ оның өзі де бала қабылдауының ерекшелігіне байланысты. Қабылдаудың жеткіліксіздігіне ұқсас заттарды дәлме - дәл айыра білмеушілік жатады, соның салдарынан балалар кітап оқығанда буындар мен әріптерді шатастырып бұрмалайды. Сонымен қатар балалар жазылған әріп пен сөзге зейін салып, үңіліп жатпай, «долбарлап» оқиды. Бұлайша оқу қате жіберуге душар болады.Алаңдаушылық оқушының шаршағандығынан да болуы мүмкін. Мұндай жағдайда балаға демалдырып, көңілін аулау қажет.
Төменгі сынып оқушысының алаңдаушылығына баланың қандай да бір ойдың шырмауынан шыға алмау жағдайы себеп болады. Бұл өмір тәжірибесінің аздығынан және қажетті білімінің болмауынан туады [33,16].
Зейіннің тұрақтылығы көп уақытқа дейін құбылып, өзгеріп отыруымен байланысты қасиет. Егер адамның зейіні тұрақты болмаса, ол бастаған жұмысын аяқтап, түбіне жеткізе алмас еді. Кейбір зерттеулерге қарағанда, 3 – 4 сыныптарда оқитын оқушылардың зейіні 30 – 40 минутқа дейін тұрақты бола алады. Олар бір отырғанды 30 – 40 минут бойы көшіріп жазу, я кітап оқып отыра алады. Бірақ, баланың зейіні тұрақты екен деп, мұғалім бір сабақтың ішінде бір ғана әрекетпен шұғылдандырмай, әр түрлі ісіне бет бұрғызып отыру керек. Мысалы, ана тілі сабағы кезінде балаларға тек қана оқып, я сөйлеп қана қоймай, бір сағаттың үстінде жазба жұмысында, сөйлеу жұмысында, оқу жұмысында араластырып отыруы қажет. Сонда ғана бала жалықпай жақсы оқиды.
Зейін де толқу да болып отырады. Бірақ зейіннің толқуы көп уақытқа созылмайды, ары кетсе 2 – 3 секундқа ғана созылады. Бұл уақытта зейіннің толқып отыруы (көңіл толқуы) дейді. Адамның жұмыс істеуіне, әрекетіне онша зиян келтірмейді. Зейінде толқытудың пайда болуы әсер етуші көмескі тітіркендіргіштердің әсерінен адам денесінде болатын физиологиялық әрекеттермен (дем алу,жүрек соғу,қан айналымы т.б.) байланысты болады. Мысалы, түнде аспандағы жұлдыздарға қарасақ олар біресе көрініп, біресе жоқ болып отырады. Бұл жайт бізде зейіннің аз уақытқа толқып отыратынын көрсетеді немесе сағаттың соғылуы біресе алыстағандай, біресе жақындағандай болып естіледі. Адамның зейіні ылғи да тұрақты, бірқалыпты бола бермейді. Кейде зейін бөлініп, ауысып отыруы да мүмкін. Оның себебі, адамның алға тұтқан мақсатының, міндетінің айқын, белгілі болмауынан, не шаршап, зорығуынан тууы мүмкін. Адамның ісінің қызықты болмауы ешбір нәтиже бермеуінен, не өзін - өзі билеп, күш жігерін еркін жұмсап істей алмауынан пайда болады. Міне, осы себептің нәтижесінен адамның көңілі бір қалыпты тұрақты болмай, оның көңілі бір заттан екінші затқа ауысып отырады. Мысалы, оқып отырған оқушылардың кейбіреуі зейін қоймай кітап оқиды да, бір дегеннен түсініп кете алмайды, басқа бір қоздырығыш күш пайда болып, соған бұрылып, алаңдап отырады.
Зейіннің көлемі де бірдей бола бермейді. Кейбір адамдардың зейін .көлемі кең болса, кейбіреуінікі тар болады. Зейіннің көлемі бір мезгіл ішінде, бірнеше объектіні қатарынан қабылдай алуға байланысты. Кейбір адамдар бір дегеннен көп нәрсені көреді, көпті есітеді,енді біреулер керісінше, заттар мен құбылыстарды қатарынан назарына түсіре алмайды.
Кейбір кезде адамның зейіні бытыраңқы болып келеді. Мұндай адам алаңғасар секілді, айналадағы әсер етуші заттарға, болмыстарға зейін қоя алмайды. Мысалы, көшеде келе жатқан кісіге таныс адамдар амандасса, ол оны көрмей кете береді. [34]
Зейіннің (ырықты,ырықсыз) екі түрі мектептің төменгі сынып жасында дамытуды қажет етеді, міне сондықтан мұғалімге көп еңбек етуге тура келеді. Зейін жаттығулар арқылы дамиды.
Төменгі сынып оқушыларының зейін ерекшеліктерін еске ала отырып, оны тәрбиелеудің кейбір жолдарын көрсетуге болады.
Зейінді дамытуда, әрі өтілетін сабақтың жемісті болуына сыртқы жағдайдың атқаратын маңызы зор. Оқушы еңбектенетін жерде, оның көңілін аударатын қоздырғыштардың (шу, баланың әзірлеп отырған сабағына қатынасы жоқ, баланы қызықтыратын қажетсіз әңгімелер) болмауы керек, қажетті гигиеналық шаралар сақталуы шарт (таза ауа, тиісті жарық).
Ырықсыз зейінді тәрбиелеу үшін, мектеп оқушысының танымдық ықыласын дамытып, оның түсіну шеңберін ұлғайтқан жөн. Баланың жалпы ақыл – ойы өскен сайын, оның ырықсыз зейінінің дамуы да күшейе түседі.
Мектепке келген балада мұғалімді тыңдау, оқу материалына үңілу секілді зейінділік әдеті болмайды. Зейінді тәрбиелеудің бірден – бір жолы – мектепке оқудың алғашқы аптасындағы әңгімелер мен ертегілерді мұғалімнің оқып беруі. Сонымен қатар бұл оқу мұғалімге оқушылардың қайсысының зейіні зор, қайсысынікі шамалы екендігіне құнды бақылау жасауына мүмкіндік береді. Балалардың зейін ерекшеліктерін білген мұғалімге олармен сабақ өткізу жеңіл болады.
Зейінді аударып, оны тарта білудің маңызды шарты сабақты жақсы ұйымдастыру болып табылады. Ол үшін мұғалім сабақтың жоспарын ойластырып, уақытты есептеп т.б. мұқият әзірленуі қажет. Сабаққа қажетті заттар өз орнында, рет – ретімен тұруы керек. Сабақ басталар кезде, қажетті құралдар болмай, соны іздестіріп, не ұмыт қалған сынып журналына, борға балаларды жұмсап т.б. әбігершілік жасау мектеп оқушысының зейінін қатты бөледі.
Сабақ басталарда, оның мақсатын айтқан пайдалы, өйткені оқушылар өзінің міндетін түсініп, немен айналысатынын біліп отыруы керек. Осындай күні бұрын ескерту, балалардың ойын жинақтап, іске қатысы жоқ нәрсені ұмытып, жұмысқа кірісуіне берілген ескерту болады. Жұмыс басталарда балаларды алда тұрған істі қуанышпен күтетіндей дәрежеге жеткізген пайдалы. Бұл олардың зейінін күні бұрын мұқият жинақтауға көмектеседі. Еңбектің, жұмыстың жалықтыратын, қиын жерлерінде оның маңыздылығын айтқан жөн, сонда ғана ырықты зейін туады.
Ырықсыз зейінді аудару үшін оқу материалының мазмұны және оның қандай формада берілуінің маңызы зор: мұғалімнің белгілі мөлшердегі жарқын, эмоцияға толы, нақтылы фактілер мен мысалдарға құрылған қызықты әңгімесі, иллюстрациялар көрсету, көрнекі құралдарды пайдалану. Көрнекілік әсіресе бастауыш сыныптарда өте қажет. Ал бірақ оны тым асыра сілтеуге болмайды. Бала тек көз алдында заттар мен құралдар тұрғанда ғана зейінін аударып қана қоймай, оның үнемі зейінді болу жағын қарастыру қажет. Бала өзінің елесі мен ойын қадағалай білуі керек. Баланың үнемі көз алдында тұратын, таратылып берілетін нәрсені әрдайым санатып үйретудің қажеттігі шамалы. Мынандай бір әдістер қолданған дұрыс: мұғалім кубиктерді қолына алып: «Балалар, мен мына бес кубикті қағазбен жауып, столдың үстіне қоямын. Ал оған тағы төрт кубикті қосамын. Сонда қағаздың астында неше кубик жатыр? » - дейді. Бұл жағдайда балалар алдымен кубиктерді көрді,сонан соң оларды ойша елестетуі және қосуы қажет. Мұнда ішкі зейінді тәрбиелеуге көмектесетін көрнекіліктің ерекше түрі бар.
Толқудың пайда болуы, зейіннің аууы, тез шаршауы балаларға жиі дем алдырып, сондай – ақ сабақты әлсін - әлсін өзгертіп отыруды талап етеді. К.Д.Ушинский былай деп жазған: «Балаға жүр деп, мәзбүр етсең – ол тез шаршап қалады, секір, тұр, отыр десең де – ол бәрібір шаршайды; ол күні бойы осы әрекеттердің бәрін істеп, ойнақтап жүріп болдыру дегенді білмейді. Балалардың оқу жұмысында да осылар байқалады ...» [38].
Ал, бірақ, қажеттігі болмаған жерде, сабақтың түрін жиі алмастырудың қажеті жоқ. Егер ол онша ұзаққа созылмаса, баланың зейіні тұрақтылыққа тәрбиеленбейді. Сонымен қатар бір сабақтан екінші сабаққа ауысу бұрынғы айтқанымыздай, кейбір қиындықтармен (атап айтқанда, зейінді жинақтауға бөгет жасайды ) және уақытты жоғалтумен байланысты.
Сабақтың түрін өзгертумен ғана сабақтағы еңбекті әр қилы етуге болмайды. Материалды жеткізудің өзі біркелкі бір сарынды болмай, қызықты,қарқынды болғаны жөн. Дәріс пен ұзақ сонар әңгімеден гөрі, мұғалімнің өзара әңгімесі кезінде оқушылар оны тыңдап қана қоймайды, сонымен қатар мұғалімнің сұрағына жауап береді, бұл олардың еңбегін активтендіре түседі, зейінін тамаша аударады. Бірақ төменгі сыныптарда мұғалімге біраз уақыт әңгімелесуге, түсіндіруге тура келеді. Мұндай жағдайда мұғалімнің сөзі кәдімгі әңгіме, диалогқа айналады. Баяндаудың осындай формасы төменгі сынып оқушысының зейінін жеңіл аударады.
Аз ғана (2-3 минуттік) демалыс, дене шынықтыру минуты сабақта балалардың зейінін өз қалпына келтіруге септігін тигізеді.
Балалардың зейінін жұмылдыру үшін балалардың оқу жұмысын белсендіре түсу керек. Олар көбірек ойлай біліп, әрқайсысы шамасы келген істі өз бетінше істей білуі қажет. Төменгі сынып оқушыларының оқу ісін белсендірудің көптеген тәсілдері бар. Мұндайда ұсақ – түйек нәрселердің өзі үлкен рол атқаруы мүмкін. Мысалы, көпшілік жағдайда алдымен оқушының тегін атап, содан соң оған сұрақ қоюдың қажеттігі шамалы. Өйткені дәл осы сәтте, сұрақ бір оқушыға қойылғаннан кейін, оқушылардың зейіні бөтен нәрсеге бөлініп, өздеріне қойылған сұрақ болмаған соң, оған ойланбауы да мүмкін. Қойылған сұраққа барлығы жұмылуы үшін, сұрақты алдымен жалпы сыныпқа қойып, содан кейін барып, сұрайтын баланы шақырған жөн. Тағы бір мысал. Оқу материалын бекіту кезінде мұғалім тақтаға сөйлем жазып не болмаса есеп шығарып жатқан оқушыдан шақырып сабақ сұрайды. Мұндай кезде, әдетте нашар үлгеретін оқушылар пассив отырады. Олар өзінің дәптерлеріне көшіріп алу үшін, біреудің тақтаға шыққанын күтіп отырады. Соның салдарынан ондай оқушылардың зейіні және ой активтігі шамалы болады.
Егер шақырылған оқушы мұғалімнің айтуымен жазатын сөйлемін немесе шығаратын есебін айналмалы тақтаның ар жағына жазса, мұндай жағдайда мүлдем басқаша болады. Онда әрбір оқушы біраз уақыт өздігінен біраз еңбектенуге мәжбүр болады. Содан соң тақтаға жазылғанды бүкіл сыныпқа көрсетеді, сөйтіп тақтада қалай орындалғанын, балалардың дәптеріне не жазылғанын ұжым болып тексеруге кіріседі.
Зейінді дамытуда, оқушының оған нені оқытып отырғанын түсінуінің маңызы зор. Егер оған бір нәрсе түсініксіз болса, оның зейінінің нашарлауы ықтимал. Екінші бір жағдайда мұғалімнің балалардың түсінген нәрсесін ежіктеп қайталауы да, олардың зейінін нашарлатып жібереді. Тым жеңіл, тым ауыр еңбек те мектеп оқушысының зейінін нашар жұмылдырады. Сондықтан да мұғалімнің берер тапсырмасы, балалардан күш жұмсауды талап еткенмен, сол тапсырманы орындап шыға алатындай болғаны жөн.
Оқушының ырықты зейінін дамыту үшін, оның оқытуды, өз парызын саналы түрде сезінуін, өзінің еңбегіне, тәртібіне жауапкершілікпен қарауын тәрбиелеу қажет. Ырықты зейін әсіресе баланың мінезі мен еркіне байланысты. Міне сондықтан да балаларды тәрбиелегенде оларды, тек оқу материалына ғана қызықтырып қана қоймай, сонымен қатар өзінің осалдығын жеңе білуге алаңдаушылығын болдырмауға, еңбек қызықсыз, қиын болған күннің өзінде, төзімділік көрсетіп, ықылас – ынта туғызуына тәрбиелеу қажет. К.Д.Ушинский былай деп жазды: «Әрине сабақты қызықты етіп өткізген соң, сіз балаларды жалықтырып алмайын деп қорықпауыңызға болады, ал оқытуда барлығы бірдей тартымды бола бермейтінін, міндетті түрде зеріктіретін нәрселердің болатынын және болуы керек екенін есте ұстаңыз. Баланы қызықтыратын нәрсені ғана емес, қызықтырмайтын нәрсені де істеуге үйретіңіз, рахаттануы үшін өз міндетін атқаратын болсын».
Жұмыс дұрыс ұйымдастырылса, мұғалім мектеп оқушысының ырықты зейінін пайдалана алады. Егер мұғалім ырықты зейінді ғана тәрбиелеуге тырысса, оқу процесі балаға үнемі қадалып отыруды талап ететін, ешқандай қуанышы жоқ, қызықтырмайтын ауыр еңбек болады. Мұндай еңбек жек көрушілік туғызады. Ал егер мұғалім ырықсыз зейінді аудару үшін, тек балаларды қызықтыруды өзіне мақсат етіп қойса, онда оқушы мектепте жүргенде өмір қиындығына әзірленбейді, бұл жағдайда қажетті төзімділік, ерік күші тәрбиеленбейді. Балалардың жұмысын құрғанда, зейіннің екі түрін де мүмкіндігінше алмастырып, үйреншікті зейінді туғыза білсе ғана, мұғалім оқу ісін, тәрбиелік міндеттерді ойдағыдай шеше алады [55].
Мектеп — оқушылардың зейінін оқу - тәрбие процесінің талаптарына байланысты жүйелі түрде қалыптастырып дамытатын негізгі орын болса, ал мұғалім — балалардың зейінін тәрбиелейтін негізгі тұлға. Бұрын ойыннан басқаға көңіл бөлмей келген бала оқуға бірден беріліп кетпейді, сабақтың басынан аяғына дейін отыруға оның шыдамы жетпейді. Олардың алғашқы кезде сабақтың аяқталуын асыға күтіп отыратындары да осыдан. Балада ырықсыз зейіннің басымырақ болуы ой-өрісінің көрнекілігіне де байланысты. Мәселен, бірінші сынып оқушылары түрлі нәрселерді санағанда, көбінесе олардың сыртқы формасына, бояуына көңіл аударады да, ең негізгі міндеті — есеп шығаруды ұмытып кетеді. Бұл жастағы балалардың зейініндегі екінші бір ерекшелік зейін көлемінің өте тар келетіндігі. Мұғалім осы жағдайды есінде қатты ұстағаны дұрыс. Ол сабақты бала ұғымына түсінікті, тіл жағынан жеңіл етіп берсе, көрнекі құралдарды тиісінше пайдаланса, бала зейіні бір объектіге тұрақтала түседі де, зейіннің бөлінуі кемитін болады. Оқушы зейіні негізінен сабақ үстінде тәрбиеленеді. Сабақтың әрбір минуты бала зейінін билеп алмайынша, мұғалімнің сөзі оның көкейіне қонбайды, қиялын толғандырмайды. Бір сөзбен айтқанда, зейінсіз өткен сабақ өзінің мақсатына жете де алмайды. Зейін тәрбиесінде әрбір мұғалімнің еске алатын кейбір шаралары мына төмендегілер:
1. Бірінші сыныптан бастап оқушыларды зейінділікке әдеттендіру, оларда зейіннің жоғары түрлерін дамыту естен шықпайтын болсын. Бұл жөнінде К. Д. Ушинский былай деген: "Балаға оқуды қызықты ете білу керек және сонымен қатар, оларды қызықтыра қоймайтын тапсырмаларды да бұлжытпай орындауды талап ету керек, бұл жұмысты орындағанда бір жағын басым етіп жібермей, екі жағын теңестіру арқылы еріксіз зейінді тудырып отырумен қатар, балада белсенді зейін шамалы болғанына қарамастан оны жаттықтырып отыру керек".
2. Бүкіл сыныпқа не жеке оқушыларға берілетін тапсырмалар дәл, анық, қысқа болып келсін.
3. Бала қайда жүрсе де (мектепте, үйде, далада) байқағыштыққа тәрбиеленуі тиіс.
4. Зейінді күшті және тұрақты ететін құбылыстың бірі — ерік. Сондықтан зейін тәрбиесін ерік тәрбиесімен ұштастырып отыру қажет.
5. Төменгі сынып оқушыларының жүйке жүйесінің әлде де болса, "қатая" қоймағандығы еске алынсын. Олардың шаршап кетпеуін қадағалау, орынсыз жалықтырмау, ауыр, жеңілдігі әр түрлі пәндерді күнделікті сабақ кестесіне талапқа сай орналастыру секілді мәселелер де зейін тәрбиесіне қатысы бар шаралар. [58]
Оқушылардың зейінін дұрыс қалыптастыруға мұғалімнің жеке басының үлгі-өнегесінің де маңызы зор. Егер мұғалімнің өз зейіні дұрыс ұйымдаспаған болса, яғни, ол біресе оқытып тұрған сабағына, біресе сыныптағы оқушыларға алаңдап, нені бастап, нені қойғанын есінен шығарса, ондай мұғалім оқушылардың зейінін дұрыс тәрбиелей алмайды.
Мұғалім балаларға сабақ үстінде зейінін дұрыстап аудара алмаса, іске ынтасыз, ұқыпсыз кіріссе, берген сабағынан да жөнді нәтиже шығара алмайтын болады. Мұғалім: "Кейбір оқушылар сабаққа зейін қоймағандықтан үлгермейді" дейтін болса, бұл алдымен оның сабақты дұрыс ұйымдастыра алмауының нәтижесі, өз жұмысындағы кемшілігі болып табылады. Ы. Алтынсарин: "Егер балалар бірдемені түсінбейтін болса, онда оқытушы оларды кінәлауға тиіс емес, оларға түсіндіре алмай отырған өзін кінәлауға тиіс" —деп өте дұрыс айтқан .
Балалардың зейінін дамыту оқыту мен тәрбие үрдісінде іске асады. Зейінді ұйымдастырудың маңыздылығы, орнымен қойылған тапсырмаға және оны субъектінің қабылдауына себепші болуымен байланысты.
Бала зейінін шоғырландыруға қабілетті, бірақ еріксіз зейінді меңгермейді. Еріктілік таным поцесінде ерік – күшінің пайда болуымен байланысты (қажеттілікке байланысты өзінің іс - әрекетін ұйымдастыру). Зейін белсенділікке ие болады, бірақ тұрақтанбайды. Зейінді тұрақтандыру ерік – күшіне байланысты.
Зейін өзін - өзі бақылауымен тығыз байланысты. Адамның әрбір әрекетінде бағыттаушы, орындалатын және бақыланатын бөлімдері бар.
Бақылау - әрекетті басқарудың маңызды құрамдас бөлігі. Бақылау іс - әрекетінің өзінің бөлек заты болмайды, ол басқа үрдістердің жасап жатқанына бағытталған. Сондықтан зейіннің бақылау функциясы да соны көрсетеді.
Зейіннің жеке актісі, бақылаудың әрекеті ақыл-ойға айналғанда және қысқа түрде болғанда пайда болады. Бақылау үрдісі – затқа бағытталып орындалатын іс-әрекет. Сондықтан бақылау іс - әрекетін орындау кезінде зейінді талап етеді. Тек қана бақылаудың жаңа әрекеті ақыл – ойға және қысқартылған жағдайда ол зейін болады. Кез – келген бақылау зейін емес, ал кез – келген зейін – ол бақылау. Бақылау іс - әрекетті немесе оның нәтижесін бағалайды, ал зейін оны дамытады, жақсартады. Оның себебі, бақылау белгілі бір критерий, өлщем, үлгі арқылы іске асады, «үлгіні ескерте», нақты салыстыруға және айыруға жағдай туғыза отырып, құбылысты жақсырақ тануға жетелейді. Үлгіні қолдану зейіннің негізгі екі қасиеттерін түсіндіреді – таңдамалылықты (әр уақытта қызығушылықты көрсете бермейді) және өзі байланысқан әр іс - әрекетке жағымды әсер етеді. Ырықты зейін әрдайым жоспарлы. Алдын – ала берілген критерийлер және тәсілдерді пайдалана отырып әрекетті бақылау болады.
Ырықсыз зейін – ол да бақылау, бірақ заттан немесе жағдайдан кейін «көзге өзі көрінеді» бақылаудың жолы және құралдары алдын – ала жоспарланбай, объектінің әсерімен өтеді. Зейінді дамыту бақылаусыз және өзін - өзі бақылаусыз мүмкін емес. Ырықты зейіннің жаңа актісін қалыптастыру үшін негізгі іс - әрекетпен бірге оны тексеру критерийлері мен тәсілдерін, жалпы жолын және ретін көрсетуіміз керек. Мұның бәрі алғашында сыртқы жоспар ретінде беріледі, яғни зейіннен басталмайды, бақылауды белгілі, сырттық, заттық әрекет болып ұйымдастырады. Әрі қарай мұндай әрекет белгілі ретпен өңделіп, ақыл - ой, жалпылама, қысқартылған және дағдыланған (автоматтанған) түрде зейіннің жаңа тапсырмаға жауап бере алатын актісіне айналады.
Зейіннің тұрақтылығын дамыту үшін, бақылауды игеруді сатылап қалыптастыру қажет (П.Я.Гальперин), материалданған түрден, дауыстап сөйлеу, соңында ішінен сыртқа сөйлеу түріне көшу арқылы іске асады. Сонда ғана бақылау түрі оқушылар зейінінің актісіне айналады. Бұл жерде екі кедергі кездесуі мүмкін: біріншісі, орындалып жатқан әрекет, бақылаудан ертерек тайып кетуі мүмкін, сондықтан бақылау нақты, жалпылама болып қалады, тұрақты орындау формасын жоғалтады, тұрақсыз болады; екіншісі: әрекеттің бағыттаушы және орындаушы бөлімдерінде қайшылықтар болғанда, орындаушы бөлімі бір жұмысты атқарады да (мысалы, сөзді буындауға т.б.), бағыттаушы бөлім (мысалы, дауыстап айтуға) басқаны жоспарлайды. Мұндай бақылауды қиыншылықтарды, әрекетті сатылап қалыптастыруды үйретуде ескеру қажет.
Бақылауды сатылап қалыптастырудың нәтижесінде (мәтінде, шығарманы, өрнекті ретімен т.с.с.) бұл заттық әрекет шынайылыққа айналады (жазуға, оқуға және т.с.с.). Бақылау негізгі жасалып жатқан әрекетке бағытталады да, онымен бірігіп, оған өзінің сипатын білдіреді – негізгі әрекетке бағытталуын және онда шоғырлануын, басқаша айтқанда зейіннің қасиеттерін көрсетеді .
Зейін оқытудың сапасын және өнімділігін анықтаушы ретінде. Балалар зейіндерінің қасиеттері (көлемі, тұрақтылығы және бөлінуі) бойынша бір-бірінен ерекше болады.
Жалпы, зейінді балалар жақсы оқиды, ал зейіні нашар қалыптасқан балалардың үлгерімі ырықты зейіннің көрсеткішіне байланысты.
Зейін қасиеттерінің деңгейлері төмен дамыған балаларда оқу міндеттерін
атқару шектеледі. Сондықтан зейіннің қасиеттерін
жаттықтыру, психологиялық қызмет көрсетудегі өзекті бағыт ретінде, үлгерімін жақсартуға ықпалын тигізеді.
Ырықты зейіннің жоғары деңгейде болуы оқытудағы үлгерімдерінің басқа да
факторларын іске асырады, жеке айтқанда жекелік моторлық жылдамдығын
іске асырады. Зейін оқушылардың жекелік жылдамдығы жоғары болған сайын жақсы оқиды. Ал зейіні нашар оқушыларда керісінше болады.
Жас ерекшелігіне байланысты зейіннің даму сипаттамасы мынадай:
1) Балалардың жеке дамуымен,олардың қажеттіліктері және қызығушылықтары дүниетанымдарының өрісі кеңейіп, түсінетін ақиқат заттар мен құбылыстарға зейіндерін аударады. Қоршаған шындықтарға зейіннің артуына байланысты, оқушы зейінінің пәні, ойлары және сезімдері болады. Зейіннің сыртқа бағыттылығымен бірге, ішкі шоғырлануының дамуына байланысты, ол өзінің ішкі дүниесін және қоршаған ортадағы адамдармен қатынасын түсінгісі келеді. Өзіне деген зейінінің негізінде өзін байқауының дамуы, өзін - өзі тәрбиелеуге психологиялық көмек болады.
2) Зейіннің жас ерекшелігіне байланысты дамуы, оның барлық қасиеттерінің дамуына және көрінуіне ықпал етеді. Барлау іс - әрекетінің өрісі күрделеніп, оның қызығушылығы белсенділігі және таңдамалылығы артады. Шоғырлануының интенсивті дамуына байланысты, таным мүмкіндіктері де жаңа сипатқа ие болады. Зейіннің көлемі және бөлінуі өрістерінің ұлғаюына қарай – іс - әрекеттің бір бөлімінде бірнеше зат пен құбылыстарды қабылдап, ойлануы да кең өріске артады. Жоғары тұрақтылығы және ауысуы, объектілерді барлық жағынан, тіркеуді дамытады. Мұндай қасиеттерінің дамуы тұрақсыздықты жеңуге көмектеседі.
3) Жастарының дамуына қарай ырықсыз зейіннен гөрі, ырықты зейін көріне бастайды. Мектеп жасында бұл зейіннің барлық түрлері дамиды, бірақ біртіндеп ерікті зейін жетекші орын ала бастайды, әсіресе оқушылардың өзіндік іс - әрекетінде.
4) Зейіннің дамуы шоғырлану мотивтерінің өзгеруіне әсері бар. Алғашында баланың зейіні эмоциялы қызығушылығымен көрінсе, оқушылардың даму үрдісінде жас ерекшелігіндегіндегі негізгі жетекші іс - әрекеттің объектілері арқылы зейіндері дами бастайды. Өз зейіндерін ұйымдастыру қабілеті оқу жұмысының мөлшеріне, сапасына бағытталады.
5) Әр жас сатысында жекелік айырмашылықтары, даму үрдісінде жан – жақты және айрықша көрінеді. Зейіннің жекелік және жасына байланысты ерекшеліктерін, бірлікте және арақатынаста түсіну қажет.
Зейін шоғырланудың жеке актісі ретінде немесе шоғырлану күйлерінің жиынтығы ретінде, біртіндеп жеке адамның қасиетіне айналады. Мұнда мінездің бір жағы ретінде, зейінділікті дамыту оқушының өнегелілігіне септігі тиеді.
Зейінділік оқушының басқа да жекелік жақтарымен бірге қалыптасады: темпераменті, қызығушылығы, мінезінің еріктік жағы т.б. Қазіргі кезеңде зейін туралы тәжірибе жүзіндегі зерттеулер өте қиын, себебі зейінді анықтағанда, сананың санаулы объектіні қамтитынын: бірнеше әсердің, бірін анық, қалғандарын анық емес қабылдайтынын ескереді.
Егер адам бәрін де көңіл қоя істеуге әдеттенсе, зейін оның тұрақты ерекшелігіне айналып, зейінділікке ұласады. Мұндай адам байқағыш, айналада болып жатқандарды жақсы қабылдауға қабілетті келеді. Зейінділік – адамның моральдық қасиеті болып табылады.
2.2 Оқыту процесінде оқушылардың зейінін дамыту мен тәрбиелеудегі мұғалімнің ролі.
Бастауыш сынып оқушыларының зейін ерекшеліктерін еске ала отырып, оны тәрбиелеудің кейбір жолдарын көрсетуге болады.
Зейінді дамытуда, әрі өтілетін сабақтың жемісті болуына сыртқы жағдайдың атқаратын маңызы зор. Оқушы еңбектенетін жерде, оның көңілін аударатын қоздырғыштардың (шу, баланы қызықтыратын қажетсіз әңгімелер) болмауы керек, қажетті гигиеналық шаралар сақталуы шарт (таза ауа, тиісті жарық).
Ырықсыз зейінді тәрбиелеу үшін мектеп оқушысының танымдық ықыласын дамытып, оның түсіну шеңберін ұлғайтқан жөн. Баланың жалпы ақыл – ойы өскен сайын оның ырықсыз зейінінің дамуы да күшейе түседі.
Мектепке келген балада мұғалімді тыңдау, оқу материалының мазмұнына үңілу сықылды зейінділік әдеті болмайды. Зейінді тәрбиелеудің бірден – бір жолы – мектепте оқудың алғашқы аптасындағы әңгімелер мен ертегілерді мұғалімнің оқып беруі. Сонымен қатар бұл оқу мұғалімге оқушылардың қайсысының зейіні зор, қайсысынікі шамалы екендігіне құнды бақылау жасауға мүмкіндік береді. Балалардың зейін ерекшеліктерін білген мұғалімге олармен сабақ өткізу жеңіл болады.
Зейінді аударып, оны тарта білудің маңызды шарты сабақты жақсы ұйымдастыру болып табылады. Ол үшін мұғалім сабақтың жоспарын ойластырып, уақытты есептеп тағы басқамен мұқият әзірленуі қажет. Сабаққа қажетті заттар өз орнында, рет – ретімен тұруы қажет. Сабақ басталар кезде, қажетті құралдар болмай, сонны іздестіріп, не ұмыт қалған сынып журналына, борға балаларды жұмсап, т.б. әбігершілік жасау мектеп оқушысының зейініне қатты әсер етеді.
Сабақ басталарда, оның мақсатын айтқан пайдалы, өйткені оқушылар өзінің міндеттерін түсініп, немен айналысатынын біліп отыруы қажет. Осыны күні бұрын ескерту керек. Жұмыс басталарда балаларды алда тұрған істі қуанышпен күтетіндей дәрежеге жеткізген пайдалы. Бұл олардың зейінін күні бұрын мұқият жинақтауға көмектеседі. Еңбектің, жұмыстың жалықтыратын қиын жерлерінде оның маңыздылығын айтқан жөн, сонда ғана ырықты зейін туады. [5]
Ырықсыз зейінді аудару үшін оқу материалының мазмұны және оның қандай формада берілуінің маңызы зор. Мұғалімнің белгілі мөлшердегі жарқын эмоцияға толы нақтылы фактілер мен мысалдарға құрылған қызықты әңгімесі–иллюстрациялар көрсету, көрнекі құралдарды пайдалану. Көрнекілік, әсіресе, бастауыш сыныптарда өте қажет. Бала тек көз алдында заттар мен құралдар тұрғанда ғана зейін аударып қоймай, оның үнемі зейінді болу жағын қарастыру қажет.
Баланың зейінін тәрбиелегенде айналадағы жарамсыз жағдайды өзгертіп немесе зейінді соған бейімдеу керек. Сабақ жүріп жатқан бөлме есігі ашылып жабылса, не балалар сөйлесіп отырған болса немесе дәлізде біреулер шуласа, баланы алаңдатып, зейінін бөледі. Мұндайлардан сақтандыратын шаралар жүргізу керек. Өндіріс жұмыс жағдайының зейінді алаңдатпайтыны кемде – кем. Заводтарда, фабрикаттарда, цехтарда, машиналардың тарсыл – гүрсіл, сыбдыр – шуында істелетін жұмыс аса күшті де, өте тұрақты зейін қоюды тілейді. Мұнда да зейінді алаңдатып алудан сақтай білген дұрыс, қиыншылықты ығыстыратын қажырлы қайрат жиып, зейінді тәрбиелеу керек. Бөгде тітіркендіргіштердің барлығы да зейінді түскен нәрсесінен үзіп алып, басқа нәрсеге түйілте бермейді, керісінше, зейіннің түйілуін күшейтіп, жұмысын берекелендіретіндері де болады. Кейде уілдеген бәсең жел, музыканың баяу естілген сазды үні зейінді күшейте түседі, оның шаршамауына қуат береді. Зейіннің сергек болуына көмектеседі. Бұларды еске алып, дұрыс пайдалану – тәрбиешінің зор міндеті.
Сезім адам зейініне түрліше әсер етеді. Ол – бірде зейіннің күшін ұлғайтады, тұрақтылығын арттырады, бірде берекесін кетіреді. Бағытталған объект жарамды сезім туғызса, зейін күшейеді және күшті болған берекелене түседі. Сезіммен оянған ырықты зейін күшті және тұрақты болады. Адамның санасы іс - әрекет үстінде жаңа біліммен байыса, оның көңіліндегі күмән тұрақтылығы да әсер етеді. Көңілдің бөгде себептерден туған күйі зейінге жарамсыз әсер тигізеді. Көрші бөлмеден естілген ән мен күйден туған сезім баланың сабақ оқуда тұрақтап отырған зейінін төмендетеді. Зейіннің сезіммен қатынасының болатынын ескеріп, оны тәрбиелеп отыруға міндетті. Ерік сипаты мақсатқа ұмтылып, іс - әрекетке дайын тұрады. Бұл сипат ырықты зейінде де болады. Тапсырылған жұмысты орындауға бел байлағанда, зейін күшті, тұрақты болып, жұмыс жеңіл атқарылады. Адам өзіне ұнамаған жұмысты қажыр, қайрат салып қана істей алмайды. Ендеше, ырықты зейіннің тәрбиесі еріктің дамуымен тығыз байланысты, мұны ескермеуге болмайды.
Зейін қою қызығумен да тығыз байланысты. Қызыққан нәрсеге адам ілтипатын түсіріп зейін қояды. Бірақ қызықтырған нәрсе барлық зейінді тәрбиелей бермейді. Сондықтан қызыққанына ғана зейін қоюға, баланы үйретуге әуестенбеу керек, қызықтырмайтын жұмысқа қайрат, күш жұмсап, зейін қоя білуге тәрбиелеген мақұл. Мұғалім мен тәрбиеші мұны мұқият ескеруі керек. Ырықты зейінді тезірек үйреншікті зейінге айналдыру үшін, мүмкіндігінше қалтқысыз беріліп жұмыс істеуге тиіс. Кісі өз зейінінің жарамды – жарамсыз дамытып, жарамсызын тәрбиелеп отыруға міндетті. [9]
Баланың зейіні тіпті ерте, өмірінің бірінші айларында көрінеді. Әуелі ырықсыз зейін орнығады. Бөбек әшекейлі нәрсеге көзін, әуезді дыбысқа құлағын салады. Тәрбиенің ықпалымен дамып келе жатқан сезімімен, мүддесімен, игілік – қызығумен сабақтасып, ойын, іс - әрекетінде жас балаларда ырықты зейін пайда болады. Баланың ырықты зейініне түйілетін нәрселерінің көлемі кеңиді және зейіннің күші мен тұрақтылығы арта бастайды. Баланың оқу процесінде де ырықсыз зейін үлкен орын алады. Ырықсыз есте сақталуы да тұрақты болады. Сондықтан оқыту процесінде шәкірттің ырықсыз зейінімен жүргізуге болмайды.
Үлкеннің нұсқауымен түйілетін ырықты зейін 3–5 жас арасындағы балаларда болады. Үш пен жеті жас арасындағы баланың зейінін дамытуға ойынның үлкен мәні бар. Бала ойнағанда алдына мақсат қояды, ойынның айла – тәсілін өздері тыңдап, қимыл - әрекетін өздері ұйымдастырып, біреуі екіншісінің істегенін бақылайды. Бұл көріністерде ырықсыз да ырықты зейіннің қызметі бар. Мектепке дейінгі дәуірдегі баланың ырықты зейінін дамытуға үй еңбегіне қатысуының, өзін - өщі күте білуінің пйадасы зор. Ырықты зейін мектеп жасында әдәуір дамиды. Бала жасының ілгерілуіне қарай, зейіннің жеке – жеке қасиеттері – көлемі, ауысуы, бөлінуі, күші мен тұрақтылығы дамиды. Жасқа толмаған баланың зейінінің көлемі өте тар. Бір қолында алма ұстап отырған бөьектің екінші қолына ойыншық, конфет ұстатсаң, алманы тастап жібереді, өйткені, зейінін екі жаққа бірдей бөле алмайды. Зейіннің бөлінуі баланың ойынында, оқу процесінде, еңбекке қатысында үлкендердің басшылығымен жетіледі.
Зейіннің белгілі дәрежеде жетілген күші мен тұрақтылығы оқу оқуға, ақылдың, әсіресе ойлаудың дамуына көмектеседі. Мектепке дейінгі дәуірде зейіннің күші мен тұрақтылығы баланың сезіміне бағынады. Олардың сезімі ұзаққа созылмайды, тұрақты болмайды, сондықтан баланың зейіні де онша тұрақты емес. Сонда да олардың сезімінде өзіндік күш бар болғандықтан, зейіні ұзаққа созылмаса да, біраз уақытқа тұрақты боп көрінеді. Мектеп жасындағы балаларда сезімнің тұрақтылығы арта түседі. Мұғалім оқушының сезімін оятатын тәсілдер қолданып, олардың зейінінің күші мен тұрақтылығын тәрбиелеп отыруға тиіс. Зейінді күшті және тұрақты ететін күш – ерік. Зейіннің кейбір қасиеттері ерікпен бірге дамиды. [17]
Екінші бөлім бойынша тұжырым
Оқыту процесінде оқушылардың зейінін қалыптастыру жолдары деп аталатын бөлімде оқу процесінде оқушылардың зейінін дамыту жолдары, оқыту процесінде оқушылардың зейінін дамыту мен тәрбиелеудегі мұғалімнің ролі қарастырылған.
Мектеп – оқушылардың зейінін оқу – тәрбие процесінің талаптарына байланысты жүйелі түрде қалыптастырып дамытатын негізгі орын болса, ал мұғалім – балалардың зейінін тәрбиелейтін негізгі тұлға. Бұрын ойыннан басқаға көңіл бөлмей келген бала оқуға бірден беріліп кетпейді, сабақтың басынан аяғына дейін отыруға оның шыдамы жетпейді.
Бастауыш сынып оқушыларының зейін ерекшеліктерін еске ала отырып, оны тәрбиелеудің кейбір жолдарын көрсетуге болады.
Зейінді дамытуда, әрі өтілетін сабақтың жемісті болуына сыртқы жағдайдың атқаратын маңызы зор. Оқушы еңбектенетін жерде, оның көңілін аударатын қоздырғыштардың (шу, баланы қызықтыратын қажетсіз әңгімелер) болмауы керек, қажетті гигиеналық шаралар сақталуы шарт (таза ауа, тиісті жарық). Ырықсыз зейінді тәрбиелеу үшін мектеп оқушысының танымдық ықыласын дамытып, оның түсіну шеңберін ұлғайтқан жөн. Баланың жалпы ақыл – ойы өскен сайын оның ырықсыз зейінінің дамуы да күшейе түседі.
3 ОҚЫТУ ПРОЦЕСІНДЕ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЗЕЙІНІН ЗЕРТТЕУДІҢ ЭКСПЕРИМЕНТТІК ЖҰМЫСТАРЫ
Зерттеу жұмысының эксперименттік бөлімі Семей қаласы №38 жалпы білім беретін мектеп-лицеиінің 4а және 4б сыныптарында жүргізілді. 4а – 20 оқушы эксперименттік сыныпта , 4б - 21оқушы бақылау сыныбында болды.
Достарыңызбен бөлісу: |