Оқушылардың зейінін дамытуға арналған түзету-дамыту жұмысы
№ 1тренингтік бағдарлама
Мақсаты: бастауыш сынып оқушыларының зейінін оқу процесінде қалыптастыру және дамыту
Интерактивті стратегиялар: шағын топтармен жұмыс жүргізуде әңгіме және ойын жүргізу
Зейінді аудару қабілетін дамыту жаттығулары
Жаттығудың мақсаты: Ырықты зейнді дамыту.
Өткізілу әдісі: Ойын түрінде.
Балаға әртүрлі сөздерді атаңыз: үстел, кереует, кесе, қарындаш, дәптер, кітап, тоғай, шанышқы және т.б. Ол келісім бойынша белгілі бір сөздерге қимылмен жауап беруі керек. Бала мұқият тыңдайды да, мысалы, жануарды білдіретін сөздерді естігенде, алақанын соғады. Егер бала шатасып кетсе тапсырманы қайталаңыз.
Осындай және осыған ұқсас жаттығулар зейінділікті, зейіннің бөлінгіштік және аударылу жылдамдығын дамытады, ал сонымен бірге баланың ой-өрісін кеңейтіп, танымдылық белсенділігін арттырады.Мұндай ойындарды жарыс түрінде балалар тобымен жүргізген қызықты.
2. Зейнді қалыптастыруға арналған « Назар » ойыны.
Жаттығудың мақсаты: Ырықты зейнді дамыту.
Өткізілу әдісі: Ойын түрінде.
Жаттығудың жүргізілуі: қатысушыларға бір парақ ақ қағаз бен түрлі-түсті қарандаштар беріледі. Қолдарындағы құралдарды пайдалана отырып:
А)10 үш бұрыштың суретін салатынын бірнеше рет қайталап айтамыз.
Ә) Салатын 3-ші, 7- ші, 9-шы үшбұрышты жіңішке етіп қызыл қарандашпен қосымша тағы екінші сызық түсіретіндігі айтылады.
Б) Жоғарыда айтылған тапсырмаларды енді жазбаша орындауға жаттықтырамыз. Егер бала тарапынан «Не істейміз?» деген сұрақ қойылса, психолог: өзінің түсінгені бойынша орындай беруді өтінеді. Тапсырманы орындауға берілетін уақытты әр психолог өзі тандайды.
Пікір:
А) жаттығуды бірнеше рет қайталау. Б) психологтың өзі бірге орындаса ғана, бала жаттығуды тез үйренеді. Ә) балалардың ырықты зейінін осы тәріздес ойын арқылы дамыту . 3. Зейінді дамытуға арналған « Тұрақтылық » жаттығуы.
Жаттығудың мақсаты: Зейіннін тұрақтылығын дамыту.
Жаттығудың жүргізілуі: Ойын екі бағытта ұйымдастырылады.
1) Бастауыштың балаларының жасына сәйкес газет-журналдардан қысқаша әрі жеңіл, қызық, балаға түсінікті бір шумақ үзінді алып әр сөзін мәнерлеп оқи отырып, олардың не істейтінін түсіндіреміз. Әр сөйлемдегі «а» дыбысынын астын сызып, оны санап шығу керектігі тапсырылады. Осы тапсырма арқылы зейіннің бөлінуі мен ауысуына көңіл бөлеміз.
2) Осы материалды пайдаланып, екінші тапсырманы түсіндіреміз. Ол үшін әр қатардағы «а» әріпін сызып тастап «б» әріпінің астын бір рет сызу немесе «б» әріпінің алдындағы әріптерді сызу. Тапсырма белгіленген уақыт ішінде аяқталуы тиіс.
Пікір:
А) тапсырманы орындау барысында ырықты зейін қажет етіледі.
Ә) осы сияқты тапсырмалар үзбей жүргізілуі керек.
4. «Берілмеймін »жаттығуы
Жааттығудың маұсаты: зейіннің бөлінуіне, шоғырлануды дамытуға арналған.
Психолог келесі тапсырманы ұсынады:
Дауыстап 1 – ден 31 – ге дейін санайды, бірақ қатысушы 3 санын және 3 – ке көбейткенде шығатын сандарды айтпауы тиіс. Ол сандардың орнына «берілмеймін» деген сөзді айтуы тиіс. Мысалы, «бір, екі, «берілмеймін», төрт, бес, «берілмеймін»....»
Дұрыс жауабы: 1, 2, -, 4, 5, -, 7, 8, -, 10, 11, -, 13, 14, -, 16, 17, -, 19, 20, -, 22, 23, -, 25, 26, -, 28, 29, -, - _ сызылған сызықтың орнына сандарды айтуға болмайды.
5. «Бақылаушы» жаттығуы
Бұл жаттығу көру зейініне арналған.
Оқушыларға мектеп ауласынан бастап, мектептен үйге дейінгі жолдарда осы уақытқа дейін жүз рет көрген заттарын суреттеп беру ұсынылады. Кіші мектеп жасындағылар ауызша айтып береді. Ал, сыныптастары қалыс қалған жерлерін толықтырып отырады.
6. «Менің сүйікті жемісім» жаттығуы
Қатысушылар дөңгелене отырады.Бірінші қатысушы өзінің атын,сүйікті жемісін атуы тиіс.Екінші қатысушы – бірінші қатысушының атын,сүйікті жемісін атап,сосын барып өзінің атын,сүйікті жемісін атауы керек.Үшінші қатысушы – алдыңғы екі қатысушының да аттарын,сүйікті жемістерін атап,содан соң өзінікін атауы тиіс.Ойын осылай жалғаса береді.Ең соңында барлық қатысушының аты,сүйікті жемістері аталуы тиіс.
7. «Ұшады – ұшпайды» жаттығуы
Жаттығу зейіннің ауысуын дамытуға арналған.
Оқушылар дөңгелене отырады. Жүргізуші заттың атын атайды. Егер аталған зат ұшатын болса, оқушылар қолын көтереді. Ал егер аталған зат ұшпайтын болса, қол көтерілмейді .
8. «Менің туған күнім» жаттығуы
Жаттығу зейінмен бірге ес, қабілеттің дамуына арналған.
Қатысушы топ бірінші тұрған адамынан бастап кезекпен атын, туған күнін атауы тиіс. Келесі екінші ойыншы да алдында аты, туған күні аталған ойыншының аты мен туған күнін және өзінікін қоса айту керек. Үшінші ойыншы да алдыңғы екі ойыншының аты мен туған күндерін, сосын барып өзінің аты мен туған күнін айту керек. Ойын осылай соңғы ойыншыға дейін жалғасады. Соңында барлық ойыншының аттары мен туған күндері аталып шығуы тиіс.
9. «Алақан» жаттығуы
Жаттығу зейіннің тиянақтылығын дамытуға арналған.
Қатысушылар дөңгелене отырып, алақандарын көршілерінің тізелеріне қояды: оң алақанын көршісінің сол тізесіне, ал ал сол алақанын оң тізесіне қояды. Ойынның мәні ойыншылар алақандарын кезекпен көтеріп, «толқын» жүргізіп өтуі тиіс. Жаттығудан соң дәл уақытында көтерілмеген немесе қажетінде көтеріле алмаған алақандар ойыннан шығады.
10. «Желінетін – желінбейтін» жаттығуы
Зейіннің ауысуын дамытуға арналған.
Жүргізуші қатысушыларға кезекпен заттың атауын атап (желінетін-желінбейтін) допты лақтырады. Егер желінетін зат аталса допты қағып алып, ал егер желінбейтін зат аталған жағдайда лақтырып тастауы керек.
11. «Ең зейінді» жаттығуы
Жаттығу көру зейіні мен есті дамытуға арналған.
Қатысушылар жартылай дөңгелене тұрып, жүргізушіні анықтап алуы керек. Жүргізуші бірнеше секунд ішінде қатысушылардың тұру ретін есте сақтап қалуы керек. Содан соң топтан бөлініп, қатысушылардың тұру ретін айтады. Жүргізушінің орнына қатысушылардың барлығы алма кезек болуы тиіс. Егер жүргізуші қателеспеген жағдайда шапалақтап қолдап отыруы керек [43,47].
12. «Кім жылдам?» жаттығуы
Адамдарды кез келген мәтіндегі колонканың ішінен жиі кездесетін әріпті жылдам әрі нақты сызулары қажет. Мысалы, «о» немесе «е» мәтіннің сәтті орындалуы. Оның уақытына және кеткен қателерінің санына қарай бағаланады. Қалып қойған әріптердің көрсетілімдері төмен болса, онда жемісі жоғарылай түседі. Бұндай кезде жетістіктерін бағалап, қызығушылықтарын ынталандыру қажет. Зейін жаттығуының ауысуы мен бөлінуі үшін тапсырманы өзгерту қажет: бір әріпті енінен, ал басқасын ұзынынан немесе белгі бойынша бір әріптің сызығын келесі әріппен ауыстыру. Уақыт өте келе тапсырманы күрделендіруге болады. Мысалы, бір әріпті сызып, екіншісін сызып тастап, ал үшіншісін дөңгелектеу. Бұл жаттығудың мақсаты – үйреншіктіні өндіру, іс - әрекеттің дағдысына жату, белгілі бірбағынушылық, нақтылық сәтті сезіне білу. Тапсырма уақыты жас ерекшелігіне қарай бөлінеді (бастауыш оқушыларына – 15 минутқа дейін, ересектерге – 30 минутқа дейін) .
13. «Бақылағыш» жаттығуы
Балаларға ес бойынша дәлме – дәл мектеп ауласын суреттеу ұсынылады, үйден мектепке баратын жол өздерінің 100 рет көргендері. Бұл секілді суреттеуді бастауыш оқушылары ауызша жасайды, ал олардың сыныптастары айтылмай қалған жерлерін толықтырады.
14. «Корректура» жаттығуы
Жүргізуші қағазға әріптері түсіп қалған немесе орындары ауыстырылған бірнеше сөйлем жазады. Оқушыға сөйлемді тек бір рет оқуға рұқсат етіледі. Содан соң түлі – түсті карандашпен түзетеді. Содан кейін көршісіне береді, ол да қателерді басқа түсті карандашпен түзетуі керек. Жұппен жарыстырып өткізуге болады.
15. Қателескіш мұғалім
Жүргізуші немесе осы ойынға қатысушы әр түрлі жағдайлардағы дәлелдеулерді (математикалық есептеулерді де қоса) оқып тұрып арнайы ойластырылған қателік жібереді. Ал топтағы қалған қатысушылар әрдайым қателікті табуға дайын болып оның дұрыстығын өзінің көз карасымен негіздеп айту керек. Бұл үшін толық мәтінді пайдалануға болады. Сонда «Қателескіш мұғалім» ойыны «Жаңылыс» ойынына ұласады.
16. Зейіннің ауысуы мен тұрақтылығын ақыл – ой әрекетінде дамыту жаттығуы
Жүргізуші оқушыға 2 қатардағы бір таңбалы сандарды көрсетіп, бірінің астына бірі жазылған сандарды өзара қосу керектігін түсіндіреді. Бұл әрекет барынша шапшаң, яғни 10 минут ішінде орындалу керек және қосу 2 түрлі тәсілмен жүргізіледі. Әр минут сайын қосу тәсілін өзгертіп отыру қажет.
Бірінші тәсіл:
Оқушы жоғары және төмен санды қосады да қосындының мәніне 1 – ді қосып, нәтижені жоғары санның тұсына жазады. Ал осының алдындағы жоғарғы қатардағы санды төменгі қатарға түсіреді. Пайда болған сандарды тағы да өзара қосып, оған 1 – ді қосады да жоғарғы қатарға жазады. Жоғарғы қатардағы санды төменгі қатарға түсіреді, сөйтіп жұмысты 10 минут жалғастырады.
Бірінші тәсіл бойынша есептеу үлгісі:
1 4 6 1 8 0 9 0 0 1
2 1 4 6 1 8 0 9 0 0 т.б.
Екінші тәсіл:
Бұл жағдайда бірінші тәсілдегі жоғары сан мен төмендегі сан қосылады, бірақ қосындының мәнінен бір саны шегеріліп, ол төменгі қатарға жазылады да, төменгі қатардағы алғашқы сан жоғарғы қатарға көшіріледі. Осы ретпен атқарылған жұмыс 10 минут жалғастырылады.
Екінші тәсіл бойынша есептеу үлгісі:
1 2 2 3 4 6 9 4 2 5
2 2 3 4 6 9 4 2 5 6 т.б.
Дайындық кезеңінде жүргізуші кез – келген 2 санды беріп, 5 минут бойы тек қана бірінші тәсілді қосуды ұсынады. Одан соң екінші тәсілмен 5 минут жұмыс жасайды. Бұдан соң 1 минут ішінде істелінген есептеу операциясының орта саны табылады.
Жатығудың негізгі бөлігінде оқушы жүргізушінің белгісінен соң берілген 2 санды бірінші тәсілмен қоса бастайды. 1 минут өткен соң эксперимент жүргізуші «уақыт» деген сөзбен белгі береді, оқушы соған сәйкес жазып жатқан санының тұсына тік сызық қойып,сол саннан бастап әрі қарай екінші тәсілмен қосуға көшеді. Оқушы осылай 10 минут бойы әр минут сайын бір тәсілден екінші тәсілге көшіп отырады. Осы кезеңде ол 9 рет зейінін ауыстырады.
Орындалған жұмысты талдау:
1. Зейіннің ауысуы жағдайындағы 1 минутта істелінген есептеу операцияларының орташа саны есепке алынады.
а) 1 минутта 18 не одан да көп операция жасалынған болса, бұл психикалық процестерінің өте шапшаңдығын дәлелдейді;
ә) 8 не одан да кем операциялар саны зерттелушінің баяулығын және жұмысқа қабілетінің төмендігін көрсетеді.
2. Бұдан соң зейіннің ауысу деңгейі анықталады. Бұл үшін оқушы зейінінің ауысу жағдайындағы 1 минутта істеген операцияларының орта санын және зейін ауыспаған жағдайда 1 минутта істеген операцияларының орта санына бөледі. Оқушы зейінінің ауысу деңгейі неғұрлым төмен болса, сабақтағы ақыл – ой нәтижелері төмен болады, себебі сабақтағы әрекет оқушыдан зейіннің жиі ауысуын талап етеді
№ 2 тренингтік сабақ
Мақсаты: Бастауыш сынып оқушыларының зейінін дамыту.
Зейінді дамытуға арналған жаттығулар
Өткен кезеңдерде ғалымдар баланың психикалық және жекелей дамуының заңдылықтарын дәлелдейтін зерттеулер жүргізген.
«Зейін» деп психикалық әрекеттердің айналадағы заттар және құбылыстарға бет алып, бағытталып түйдектелуін айтады. Зейін бізге сыртқы дүние заттары мен құбылыстарын анығырақ және ашығырақ сәулелендіру үшінпсихикалық әрекетіміздің оларға бет алып жинақталуымыз үшін қажет.
Егер зейін болмаса, заттарды, құбылыстарды жақсылып, толығырақ, ашығырақ сәулелендіру үшін психикалық әрекетіміздің оларға бет алып жинақтауымыз үшін қажет.
Егер зейін болмаса, заттарды, құбылыстарды жақсылап, толығырақ, ашығырақ қабылдауға болмас еді. Адамның күнделікті тұрмысында да, еңбекте де зейін үлкен орын алады.
Зейін психикалық әрекеттің айрықша бір жағы, сананың ерекше сипаты болып табылады. Зейіннің физиологиялық негіздерін И.П.Павлов ашқан жүйке процестерінің өзара индукция заңына байланысты түсінуге болады.
Б.Г.Ананьевтің зерттеулері бойынша зейін көлемінің ең жоғары деңгейі 33 жаста, ал төменділігі 19-21 жаста, ауысуы 24 жаста болғаны байқалады, тұрақтылығы 34 жаста деп тұжырымдады.
Сонымен бір нәрсеге зейін аудару адамның сыртқы кейіпінен де (дененің, бастың, көздің, түрлі қозғалыстары, бет бұру, үңілу, құлақ тігу , т.б.) жақсы көрінеді.
Түрлі тәсілдер арқылы оқушы зейінін арттыру мектептегі барша мұғалімнің ат салысатын негізгі педагогикалық істерінің бірі. Іске шын мәнісінде зейін қойып кіріскенде ғана әрекеттінәтижелі етіп орындауға болатындығы мұғалім үшін аксиомалық қағида болуы қажет.
Зейінді дамытуға араналған жаттығудың мақсаты:
Оқушының қызығушылығын қарым-қатынас деңгейін, жаңа ортаға бейімделуін, ішкі энергиясын, лидерлік қабілетін анықтауды қамтамасыз етеді және де оқушы туралы жалпы мағлұмат алуға мүмкіндік береді.
Көрнекіліктері: қалам, А4 парағы, үнтаспа, слайдтар.
І. Ұйымдастыру кезеңі сабаққа психологиялық дайындық: Оқушылар шаттық шеңберіне жиналып, жылы шырайменсәлемдесіп, мына өлең жолдарын бәрі біргелікті айтады.
Шеңбер болып тұрайық жылы жүзбен,
Бізге келсін қуаныш нұр іздеген.
Шуақ толы жанымыз жүрегіміз,
Үлгі алсын көрген жан мына бізден.
ІІ. Сабақ барысы
Көру зейінін дамыту
Шарты: Шағын өлшемдегі әртүрлі фигурлар тақтаға салынып беті жабылып қойылады. Балалар дәптерлері мен қаламсаптарын дайындайды.
Психолог: Мен қазір фигураларды тақтаға саламын. 1,2,3, деп санап мен сендерге тақтадағы фигураларды көрсетемін. Мен беске дейін санап бұл фигураларды қайта жауып қоямын. Сіздердің міндеттеріңіз – фигураларға зейін салып қарап есте сақтау.
Фигураларды есте сақтау
Дыбыстық жаттығу
Мақсаты: Дыбыстық гимнастикамен таныстыру, рух пен дененің тынығуы.
Дыбыстық жаттығуды бастамас бұрын, өзімізді бірқалыпты, жайлы сезінеміз, тік тұрамыз, арқамызды тік ұстаймыз. Алдымен мұрнымызбен терең дем аламыз, ал дем шығарғанда дыбысты қатты, әрі қуатты етіп шығарамыз.
Келесі дыбыстарды «әндетіп» айтамыз:
«А» – барлық ағзаға жайлы әсер береді;
«Е» – қалқанша безге әсер етеді;
«И» – миға, көзге, мұрынға, құлаққа әсер етеді;
«О» – жүрекке өкпеге әсер етеді;
«У» – асқазан маңындағы ағзаларға әсер етеді;
«Я» – барлық ағзаның жұмыс істеуіне әсер етеді;
«М» – барлық ағзаның жұмыс істеуіне әсер етеді;
«Х» – көңіл-күйді көтеруге әсер етеді.
Қалыптастырушы эксперименттен кейін оқушылардың зейінінің даму деңгейін анықтау мақсатында оқушыларға анықтаушы экспериментте қолданылған әдістемелер қайта жүргізілді.
Корректуралық сынақ әдісімен зейіннің таңдамалық сипатын зерттеу
Эксперименттік бөлімде бастауыш сынып оқушыларының оқу процесінде
зейінін зерттеуге арналған әдістемелер жүргізілді. Жүргізілген әдістемелер арқылы оқушылардың зейінің тұрақтылығын, зейіннің шоғырлануын, зейіннің көлемін зерттедік. Жүргізілген әдістемелердің нәтижелері көрсеткендей бұл сыныпта зейіні шашыраңқы және тұрақсыз балалар анықталып отыр.
Қалыптастырушы кезеңде зейіні тұрақсыз бастауыш сынып оқушыларына анықталған психокоррекциялық бағдарлама құрылды.
Психокоррекциялық бағдарламада зейінін тұрақтандыруға , шоғырландыруға арналған жаттығулар топтамасы негізілді. Бастауыш сынып оқушыларына арналған тренингтік бағдарлама құрастырылып, жүргізілді. Жоғарыда тұрған диаграммаларға қарап келесідей тұжырым жасауга болады. Өткізілген психокоррекциялық бағдарлама мен тренингтер балалардағы анықталған зейіннің тұрақсыздығын төмендетуге, шоғырлануына өз пайдасын тигізгендігін эксперименттің бақылаушы кезеңі көрсетіп отыр.
ҚОРЫТЫНДЫ
Адам ағзасы туғаннан бастап өмір бойына барлық ақпараттарды қабылдайды. Ғалымдар егер де адам бар ақпараттарды қабылдап,еске сақтаса онда туғаннан соң бірнеше минутта ми қажет емес ақпараттарға толып, одан кейін жаңа ақпараттарды қабылдап еске сақтай алмаған еді деп тұжырымдайды.
Бақытымызға орай, екі себеппен: біріншіден, алыс емес,миға жеткендерді ұзақ сақтайды. Үлкен бөлігі қабылданған ақпараттарды қысқа уақытқа сақтап, ол ұмытылған сәтте, босатылған орынға жаңа ақпарат қабылданады. Екіншіден, адамның сезім ағзасына ішкі, сыртқы ортадан түскен маңызды ақпараттар. Қалғандары керек емес ақпараттар миға жетпей сақталмайды.
Бұдан соңғы жағдай ақпараты зейінге байланысты. Адам өзі зейін аударған нәрсесін ғана қабылдайды. Сонымен, зейін – адам назар салып қараған ақпараты.
Зейін айқын анықталған, ағзаның қабылдау физиологиясымен сипатталады
«Абай – (зейін дегені) жан – тұрмысының негізі. Бала зейіні болмаса, еш нәрсе ұқпайды һәм ешнәрсе үйрене алмайды. Абай осындай қымбат болса, сөз жоқ, оны тәрбиелеу керек!» - деген Мағжан Жұмабаев.
Адамға тән әрекеттің кез келген түрінде зейін орын алмаса, оның нәтижелі болуы қиын. Мысалы: оқушы математикалық есептерді шығару үстінде ойланып отыр. Соншама үңілген, көзін қадайды, демін ішіне тартады – психикалық кейпі осындай. Жолдарын, жоспарын ойластырады. Екіншісін, тағы шығарады. Сосын тарихты, географияны, қазақ тілін, яғни бірнеше пән бойынша зейінін бірнеше объектіге бөліп отырады. Соңында тұрақты қалыпқа түседі. Зейін алдын – ала зерттеу қызметіне ұсайды. Сіз салтпен келе жатырсыз. Ымырт. Жерге бір зат құлап түсті. Бұл сигналды сездіңіз де өзіңе өзің – Бұл не? Деп сұрақ қойдыңыз. И.П.Павлов бұны барлау рефлексі деп атады, яғни зейініңіз белгісіз нәрсеге бағытталады. Дереу, дұрысырақ қабылдауға, әлгі заттың не екенін зерттеуге кірісесіз.Үлкен ми қыртысындағы қозу орталығы өз күшіне кіреді, билік алады, қалған алқаптарға тәртіп береді. Міне, бұл – доминанттық (немесе қозудың оптималдық) ошағы. Қалған алқаптар индукция заңы бойынша тежелу процесінде болады.
Бастауыш сынып оқушыларының оқыту процесіде зейінін зерттеу үшін зерттеу жұмысы 3 кезең бойынша жүргізілді. Эксперименттің қорытындысы негізінде зейіні тұрақсыз және шашыраңқы балалар анықталды.
Қалыптастырушы экспериментте арнайы құрастырылған жаттығуларды, ойындарды қамтыған кешен арқылы бастауыш сынып жасындағы оқушылардың зейінін дамыту жұмысы жұргізілді. Қалыптастырушы эксперимент 4 «А» сыныбында, аптасына 1 рет сыныптан тыс кезеңдерде жүргізіліп отырды.
Бастапқы көрсеткіш пен соңғы нәтижелерді салыстыру тәжірибелік-эксперимент барысында жүргізілген жүйелі жұмыс оқушылардың зейінінің даму деңгейінің өсуіне әсер еткені анықталды.
Бұл нәтижелер біздің зерттеу жұмысымыздың болжамын дәлелдеді.
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы. – Алматы: Литера, 2000. – 96 б.
Абрамова Г.С. Возрастная психология: Учебное пособие для студентов вузов. – М.: Академический Проект; Екатеринбург: Деловая книга, 2000. – 624с.- С.225.
Акимова М. Н. Индивидуальность учащегося и индивидуальный подход. – М.,:Знание, 1992.- 214 с.-С.92.
А.Маклаков. Общая психология. Учебник для вузов. – СПБ: Питер, 2003. – 592 с. -С.22.
Амонашвили Ш.Л. В школу – с шести лет.- М.: Пед-ка 1986 ж. 176-200беттер.
Ахметжанова А.С. Бастауыш мектеп жасындағы оқушыдардың әлеуметтік психологиялық ерекшеліктері // Ізденіс №4-5 2000ж.
Әмірова М. Алтыжасарлар оқуы бүгін және ертең . №10 1999ж.
.БлейхерВ.М. , Бурлачук Л.Ф. Психологическая диагностика ителлекта и личности К.: 1978г.
Байжанов Б. Оқушының психикалық даму ерекшеліктері (6-7 жас аралығында балалар) // Баст.мет. 1999 №12 17-18 беттер.
.Бурменская Г.В., Карабанова О.А., Лидерс. А.Г. Возрастно - психологгическое консультирования.Проблемы психического развитие детей.М.: Тзд-во МГУ 1990ж. 30-61 беттер.
Б.М.Теплов. Психология. Орта мектепке арналған оқулық. - Алматы, Қазмемоқупедбас, 1953. – 573 б. – С.-66 б.
Буре Р.С. Готовим детей к школе : Кн. для Восптателя детского сада М.: Просвещение 1987ж. 96-120 беттер.
Богуш А.М. Речевая подготовка детей к школе .Киев 1984ж. 85-96 беттер.
Ә.Алдамұратов. Жалпы психология. – Алматы: Білім, 1996. – 224 б. -Б.128.
Ә.Алдамұратов. Қызықты психология. - Алматы: «Қазақ университеті», 1992. – 142 б. -Б.130.
Б.Айтмамбетова, Қ.Бозжанова, А.Ильясова, Ж.Әбиев, А.Бисембаева, Р.Жаңабаева, С.Мусин, Р.Төлеубекова. Қазақ педагогикалық энциклопедия сөздігі. Алматы: Республикалық баспа кабинеті, 1995. – 185 б. -Б.129.
В.В.Богословский. Жалпы психология. – Алматы: Мектеп, 1983.-289 б. -Б.225.
В.В.Богословский. Жалпы психология. Мектеп: Алматы. 1980. – 350б. -Б.186.
Возрастная и педагогическая психология/Под ред. Петровского А.В. 2 изд. – М., 1979 ж.
Возрастная и педагогическая психология/Под ред. Гамезо М.В. – М., 1989 ж.
Гальперин П. Я., Кабыльницкая С. Л. Экспериментальное формирование внимания. – М., 1974.- 234 с.-С.52.
Дарвиш О.Б. Возрастная психология: учеб. пособия для студ. высш. учеб. заведений. / Под.ред. В.Е.Клочко. – М.: ВЛАДОС – ПРЕСС, 2004. – 264 с. -С.86.
Ермолаев О. Ю., Марютина Т. М., Мешкова Т. А. Внимание школьника. – М., Просвещение, 1987.- 272 с.-С.48.
Ермолаева-Томина Л.Б., Акопянц И.А., Воеводкина В.К. Обучение через развитие познавательных процессов. М: Издат-Школа, 1998 –170 с.-С.47.
Қ.Сейталиев. Жалпы психология. Оқу құралы. – Алматы: «Білім», 2007. – 360б.- Б.118.
Қ.Жарықбаев. Жантану негіздері. Жантану негіздері жоғарғы және арнаулы орта оқу орындарының, пединституттардың педагогика және бастауыш мектеп әдістемесі факультеті студенттеріне арналған оқулық. Алматы, 2002. – 415 б. -Б.141.
Тәжібаев Т. Жалпы психология. Оқу құралы. – Алматы: «Қазақ уиверситеті», 1993. – 240 б.-Б.129.
Қ.Жарықбаев. Жалпы психология. – Алматы, 2004. – 378б. – Б.114.
Қ.С.Жұмасова. Психология. Оқулық. – Астана: Фолиант, 2006.- 292 б. -Б.34
Қағазбаева Ә.К, Тәңірбергенова А.Ш., 12 жылдық білім беру мәселелері РҒПО. Бастауыш мектеп оқушыларының дара ерекшеліктерін таным процестерінің деңгейі арқылы анықтау./ 12 жылдық білім, № 45-52б
К.Қажымғалиев,Атырау. Оқушылардың зейінін дамытуға арналған психологиялық тренинг// Мектептегі психология, №3(15), 2008. – 16 б.
www.google. Зейін туралы жалпы ұғым.
Қ.Дүйсембин, З.Алиакбаров. Жасқа сай физиология және мектеп гигиенасы. Оқулық, 1 – басылым. - Алматы, 2003. – 400 б. -Б.195.
Н.Н. Ланге Можно ли управлять вниманием школьника? – М., 1980.- 240.-С.95.
Мұсаева С.А, Бегалиев Т.Б. Жас ерекшелік педагогикасы. Оқулық. – Астана: Фолиант, 2006. – 472 б. -Б.126.
М. Мұқанов. Жас және педагогикалық психология (лекциялар). – Алматы, 1982 ж.
М.Мухина. Мектеп жасына дейінгі балалар психологиясы. – Алматы, 1986 ж.
Н.Берікұлы. Жантану. Курстық дәрістер. Оқу құралы. - Ақтөбе: NOBEL, 2006. – 452 б. -Б.186.
Овчарова Р.В."Практическая психология в начальной школе" 1995 – 244с.-С.86.
Петровский А.В. Педагогика және жас ерекшелігі психологиясы. –Алматы:
Педагогика. Абай атындағы Ұлттық Педагогикалық Университетінің педагогика кафедрасының авторлар ұжымы. - Алматы, 2003.-368 б.-Б.174.
Рудестам К. Групповая психотерапия. М.: Прогресс, 1993. – 230с.-С.79.
Рогов Л.Д. Настольная книга практического психолога. Кн.2– М.: ВЛАДОС, 1999.- 365 с. –С.211.
Развитие познавательных способностей в процессе дошкольньного воспитания/ Под.ред. Л.А.Венгера – М.: Педагогика 1986ж. 224б.
Развития социальных эмоций у детей дошкольного возраста / Под.ред. А.В.Запорожца, я.З,Неверович М.: 1986ж.
Романова Е.С. Психодиагностика : Учебное пособие СП-б: Питер 2005ж. 160-164б.
С.Б.Бап – Баба. Жалпы психология. – Алматы: Заң әдебиеті, 2005. – 268 б. -Б.119.
Столяренко Л.Д. Основы психологии. 5–е изд, перераб. и доп. (Серия «Учебники, учебные пособия».) – Ростов н/Д: Феникс, 2002 – 672 с. -С.136.
Санғылбаев О. Психология ғылымындағы бірін – бірі толықтыратын зейін түрлерінің классификациясы // Мектептегі психология. № 3(21), 2009.-17-19 б.
www.google. Сангилбаев О.С. пс.ғ.к., доцент Абай атындағы ҚазҰПУ. / Оқу іс - әрекетіндегі зейін түрлерінің ерекшеліктері.
Столяренко Л.Д. Основы психологии. 3–е изд, перераб. и доп. (Серия «Учебники,учебние пособия».) – Ростов н/Д: Феникс, 1999 – 672с. -С.241.
С.Б.Бап – Баба. Жантану негіздері. (Жалпы психология). Жоғарғы оқу орындары студенттеріне арналған дәрісбаяндар жинағы. - Алматы: Заң әдебиеті, 2007. – 302 б. -Б.97.
С.Б.Бап – Баба. Жантану негіздері. Жоғарғы оқу орындары студенттеріне арналған дәрісбаяндар жинағы. – Алматы: Дәнекер, 2001.- 313 б – 124 б. -Б.125.
С.Жұмабаев. Жас ерекшелік физиологиясы мен мектеп гигиенасы. Оқу құралы. –Алматы: Республикалық баспа кабинеті, 1996.- 125 б. – Б.10.
Тәжібаев Т. Жалпы психология. Оқу құралы. – Алматы: «Қазақ университеті», 1995. – 320 б.-Б.218.
Филатов Ф.Р. Общая психология. Серия «Высший балл». Ростов-на-Дону: Феникс, 2003. – 448 с. -С.17.
Ф.Н.Гоноболин. Психология. – Алматы: Мектеп, 1976. – 239 б. -Б.74.
Фейзулдаева С. Балалардың психологиялық ерекшеліктері // Баст.мект. №12 2004 23-25б.
ФридманЛ.М., Кулагин И.Ю. Психолгичесческий справочник учителя. М.: 1993г.