Нормативтік сілтемелер



бет16/19
Дата19.05.2023
өлшемі158,57 Kb.
#95041
түріБағдарламасы
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
Байланысты:
Тағабай Мәдина Абайқызы

ҚОРЫТЫНДЫ
Ұлы aғартушы Ахмет Байтұрсынов: «Ұстaз үздiксіз іздeнгенде ғaна, шәкiрт жaнына нұр құя aлады» — дeп бeкер aйтпаса кeрек. Сeбебі, өзiміз нe үйрeтсек, сoның жeмісін көрeміз, сол үшiн бeреріміздің мәнi мен мaңызы зор болуға тиiс.
Қазақ тілін оқытудағы басты мақсат – ой-өрісі жаңашыл, шығармашылық деңгейде қызмет атқара алатын, дүниетанымы жоғары, жан-жақты қалыптасқан тұлға тәрбиелеу, оқушылардың өзара белсенді әрекеттері арқылы өздігімен білім игеру, оны іздену, құрастыру, ой-өрісін кеңейтуде ауызша сауатты сөйлеу мен жазба тіл мәдениетін дұрыс қалыптастыру болып табылады. Тұлғаның қалыптасуына қажетті басты құрал – тіл. Тілді дамыту – еліміздегі мемлекеттік саясаттың ең басты бағыттарының бірі. Мектептерде қазақ тілін оқытып, үйретудің басты ұстанымы – оқушылардың сөйлеу әрекетін қалыптастыруға бағытталған коммуникативтік ұстаным болып табылады. Жаңартылған білім беру бағдарламасы тілдік қызмет дағдыларын дамытуға (тыңдау, айту, оқу, жазу) аса назар аударылып отыр. Оқу кезеңінен жазба тілге дейінгі оқытудың бірізділігін жүзеге асыруды көздейді.
Инновациялық білім берудегі топтап оқыту әдісі – білім алушыларды татулыққа тәрбиелеуде, өз ойын еркін жеткізуге, бәсекеге қабілетті, заман талабына сай білікті маман дайындауға негіз болып табылады. Жаңа білім берудің негізгі мақсаты- білім мазмұнының жаңаруымен қатар, оқытудың әдіс-тәсілдері мен әртүрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды талап етеді. Жаңартылған оқу жоспарлары, тілдік дағдылар, педагогикалық әдіс-тәсілдер және белсенді оқыту техникалары мұғалімді шабыттандырып, одан сайын қанаттандыратыны анық.
Мектеп өмірі балаға жаңа әлемнің есігін ашып беріп, рухани дүниесінің қалыптасуына негіз салады. Мектепте оқытудың негізгі міндеті - баланың жеке басының жан-жақты қалыптасуын қамтамасыз ету, оның қабілетін анықтау және дамыту, білімдерін ашу, мектеп жағдайына тез бейімделуге қажет жағымды мінез-құлық қалыптастыру. Бала бойындағы қиындықтарды жеңе білу мақсатындағы оқыту әдісінің мазмұнын жаңаша оқыту. Білімді тұлға қайдан шығады? Жаңашыл мұғалімнің баланы дамыта оқытудағы жаңаша еңбегі, балаға ізденіс жолында білім берудегі жұмыс нәтижесінен шығады. Мектепте жаңаша білім беру мазмұнын жетілдіру, жаңашылдық әдістерді мектеп тәжірибесінде қолдану тиімділігімен жүзеге асырылады.
Қазақ тілі мен әдебиетін оқытуда жаңа мазмұнды білім беру жүйесінің қажеттілігін, тиімділігін жоғарыда айтып өттік. «Заманына қарай адамы» - демекші, пән мен тақырып бір болғанымен оны жаңаша жолмен, оқушылардың қызығушылықтарын арттыратын әдіс-тәсілдерді қолдана отырып үйрету ұрпағымыздың білімге деген қызығушылығын, шығармашылық қабілетін, сауаттылығын арттырары сөзсіз. Зерттеу барысында:

  • Оқытудың әдіс-тәсілдері және құралдары туралы ұғымды қарастырдық;

  • Оқытудың педагогикалық теориялық негіздері мен инновациялық педагогикалық технологияның ерекшеліктері анықтадық;

  • Деңгейлеп-саралап оқытудың ерекшеліктері зерттедік;

  • Ұжымдық оқытуда инновациялық технологияларды қолданудың негізгі себептерін таптық;

  • Жаңартылған білім мазмұны бойынша қазақ тілі және әдебиетін ұжымдық оқытудың тиімділігі мен ерекшеліктерін анықтадық;





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет