Нормативтік сілтемелер


Қазіргі ақпараттық қоғам жағдайында мектеп оқушыларында болуы керек сапалар



бет12/19
Дата19.05.2023
өлшемі158,57 Kb.
#95041
түріБағдарламасы
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   19
Байланысты:
Тағабай Мәдина Абайқызы

Қазіргі ақпараттық қоғам жағдайында мектеп оқушыларында болуы керек сапалар:

  • Қажетті білімді өз бетінше ала отырып, пайда болған алуан түрлі мәселелерді шешу үшін оларды тәжірибеде біліктілікпен пайдалану, жылдам өзгеріп отырған өмір жағдайларына оңай бейімделу.

  • Өздеріне өздері сын көзбен қарай алу, кездесетін қиындықтарды көріп, оларды шеше білу, дұрыс әрі уақытылы шешім қабылдай алу.

  • Ақпарат ағынымен дұрыс жұмыс істей алу, мақсат- міндеттерді дұрыс анықтап, болжам жасап, тиісті қорытынды шығарып, проблемаларды шеше білу.

Мұның өзі еліміздегі білім беру жүйесінің бұрынғы қалпында болмайтынын көрсетеді. Сондықтан оқу ағарту саласының оқу үрдісіне жаңа технология ларды кең көлемде енгізуді талап етеді. Технология-бұл қандай да бір істе, өнерде қолданылатын амал-тәсілдердің жиынтығы, дидактикалық жүйенің құрамдас бір бөлігі.
Инновациялық оқыту дегеніміз-қазіргі кезеңде әлеуметтік,мәдени ортадағы білім беру әрекетінің нәтижесі. Инновациялық (озық) білім беру деп - тұлғаның бағдарлы қөзқарасты, білімдегі дәлдікті, шығармашылық бастауды, сонымен бірге жаңа технологиялық мағлұматтарды игеруін айтады. Инновациялық әдістер мен оқытудың ақпараттық технологияларының мақсаттары мен міндеттері:

  • Сабақтарды жаңаша ұйымдастыру.

  • Мұғалімнің рөлі мен қызметінің артуына жағдай жасау.

  • Теориялық, ғылыми-педагогикалық және психологиялық зерттеулерге сүйене отырып, оқушылардың құзыреттілігін қалыптастыру.

  • Оқушының ойлау қабілеттерін арттырып, ақпараттық технологиялар негізінде ізденушілігін дамыту.

  • Шынайы дерек көздерінен мәліметтерді жинақтау арқылы ізгілікке, елжандылыққа, саналылыққа, адамгершілікке, имандылыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

  • Баланың білім деңгейіне және жас ерекшелігіне қарай қолдану.

Жаңа технологиялардың педагогикалық негізгі қағидалары:

  • Балаға ізгілік тұрғысынан қарау;

  • Оқыту мен тәрбиенің бірлігі;

  • Баланың танымдық күшін қалыптастыру және дамыту;

  • Баланың өз бетімен әрекеттену әдістерін меңгерту;

  • Баланың танымдылық және шығармашылық икемділігін дамыту;

  • Оқу үрдісін оқушының сезінуі т.б.

Қазіргі оқулықтар «Дамыта оқыту технологиясы» негізінде жасалған. Бұл технология баланың жасырын, тіпті тым тереңде жатқан қабілеттерінің көрінуіне, өздігінен шығармашылық жұмыспен айналысуына мүмкіндік жасайды. Бүгінгі күннің талабына сай инновациялық әдістер мен ақпараттық компьютерлік технологияларды қолдану, оқу үрдісінде түрлі деңгейлік тапсырмалар жүйесін әзірлеу, оқыту бағдарламалары, оқушы мен мұғалімге арналған зертханалық-практикалық және мәдени практикалық жұмыстар жеке тұлғаның сапасын қалыптастыруға септігін тигізетіні белгілі. Осыған орай сабақ беру үрдісінде инновациялық әдістер оқытудың интерактивті оқыту моделі болып табылады.
Оқушылардың зейіні тұрақсыз, импульсивті, қабылдау мүмкіндіктері әр түрлі. Сол себепті оқушыларының білім сапасын көтеру-әр ұстаздың міндеті. «Оқу мен Жазу арқылы Сын Тұрғысынан ойлауды дамыту » технологиясын басшылыққа ала отырып, әр оқушының өз деңгейінде дамуына мүмкіндік жасау бағытында жұмыстанып келемін. «Оқу мен Жазу арқылы Сын Тұрғысынан ойлауды дамыту» технологиясы-мұғалім мен оқушының құзіреттілігін арттыруда болатын бірден бір тиімді әдіс. Сыни тұрғысынан ойлауды үйретудегі шартты белгілер:

  • сын тұрғысынан ойлауды тудыру үшін уақыт керек:

  • оқушыларға ойланып-толғануға,ойын ашық айтуға рұқсат беру;

  • әртүрлі идеялар мен пікірлерді қабылдау;

  • үйрену барысында оқушылардың белсенді іс-әрекетін қолдау;

  • кейбір оқушылар түсіп қалған жағдайларды әжуаға айналдырмау;

  • оқушылардың бір-бірінің жауабынасынының дәлелді,дәйекті болуын талап ету;

  • сын тұрғысынан ойлауды бағалау т.б..

Оқушыға білім, білік, дағдыларын игертіп қана қоймай, қабылдауын, ойлауын, қиялын, сезімдерін, яғни жан-жақты, шығармашыл, өз бетімен жұмыс жасай білетін, бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны дамыту үшін инновациялық әдістер мен оқытудың ақпараттық технологияларын пайдаланудың маңызы өте зор.
Еліміздің ертеңгі болашағы жас ұрпақ болғандықтан оларға терең де, сапалы білім берудің жаңа әдіс-тәсілдерін құрастыру бүгінгі күннің өзекті мәселесі болып отыр. Елімізде орта білім беру мазмұнын жаңарту шеңберінде білім беру үдерісінің құрылымы мен мазмұнына өзгерістер енгізілуде. Жаһандану заманында жас ұрпақтың жаңаша ойлау қабілетін, белсенділігін арттыру, білімге деген құштарлығын ояту, өмірінде оны қолдана білу, отансүйгіштік қасиетін одан әрі дамытуға бағыттау – ұстаздың басты міндеті деп білемін.
Мектеп оқушылары жалпы алғыр, шапшаң, сезімтал, ештеңені жасырмай еркін айтады. Мақтау сүйгіш, мұғалімнің жетегіне тез ілескіш, үлкендердің ой-пікіріне сүйенеді. Сондықтан, баланың шығармашылығын дамытуда ұстаз көп еңбек сіңіруге тура келеді. Баланың қиялын дамытып, ойын ілгері жетектеуде мұғалім оқушыға үнемі шығармашылық қабілетін дамыту жолдарын нұсқап көрсетсе,онда балалардың өздері де ізденіске түседі.
Ал, дамудың негізі білім мен ғылымға келіп тіреледі. Сондықтан да, әлемдегі дамыған елдер сияқты Тәуелсіз елімізде білім жүйесі сапасын жетілдіру ең негізгі өзекті мәселелердің бірі болып отырғаны белгілі. Осыған орай, білім беру жүйесінде жастарға сапалы білім беріп, олардың үйлесімді дамуы мен тұлға ретінде қалыптасуында ұстаздың кәсіби шеберлік көрсеткіштерінің бірі - жалпы педагогикалық, ғылыми-теориялық, әдістемелік жаңалықтар мен озық тәжірибені жетік меңгерудің маңызы зор. Өзім осы бағыттағы тәжірибемде оқыту әдістерінің тиімділерін іріктеп жиі пайдалануым көп нәтиже беруде. Әсіресе, мен баланың білімге деген қызығуын арттыратын жүйелі іс-әрекеттер ұйымдастыруға талпынамын.
Әлем елдері соның ішінде Латвия мемлекетінің тәжірибесінде орын алған топтық жұмыс XXI ғасыр оқушысын өмірден өз орнын таба білетіндей тәрбиелеу және білім беруде, өзгермелі өмірге бейімдеп оқытуда маңызды болуға тиіс деп ойлаймын. Топтардағы бірлескен жұмыс сыныпта пайдаланылатын әдіс қана емес, жеке философия екендігі бізге мәлім. Адамдарды бірлікке шақыратын нәрсенің бәріне ашық болуымыз керек. Топтардағы бірлесу топтың жекелеген мүшелерінің қабілеті мен іске қосқан үлесі құрметттелетін, ескерілетін, билік пен жауапкершілік топ мүшелері арасында бөлінетін, ұжымдасу арқылы бітімге,келісімге қол жеткізуге негізделетін оқыту мен оқу тәсілі.
Бүкіләлемдік тәжірибеде білім беру саласында білімнің де дағдының да маңыздылығы кең. Заманауи тәсілдің басты ерекшелігі- білімді алып қана қоймай , оны орынды жерде қолдану. Осы ғасырда талап етілетін дағдылардың мәні осында . Топтық жұмыс барысында оқушының бойында оқушылық кезеңіне ғана емес, кейін де пайдасын тигізетін әлеуметтік өзара әрекет ету дағдысы, қарым- қатынас дағдысы, проблемаларды шешу дағдысы қалыптасады. Қазір осы мәселе төңірегінде әріптестеріммен іс- тәжірибе алмасып, оқушылармен жұмыс жүргізіп жатырмын. Оқу үдерісінде топпен жұмыс жүргізуге оқушылар қалыптасып, дағдыланып қалды. Тапсырма топқа беріледі. Тапсырма орындау барысында топтың әрбір мүшесінің жеке үлесі ескеріледі. Топпен жұмыста күшті оқитын оқушы әлсіз оқушыға көмектеседі де, басқаларды тыңдағанда ол білімін арттыра түседі, бір сөзбен айтқанда ынталанады. Мектептегі сабақ беру әдістемесіндегі диалогтік оқытудың маңызы үлкен. Диалогты оқытуды таңдаудағы себебім –баланың сөйлеу тіліне көп көңіл бөлу және баланы сыни тұрғыдан ойлауға үйретудің бірден-бір тиімді тәсілі деп ойлаймын. Бұрынғы дәстүрлі әдістерде диалог көбіне мұғалім мен оқушы арасында өтіледі және бірнеше ғана оқушы арасында диалог өтілетін, онда да диалогқа оқушыларды таңдап шығарылатын, сондықтан оқушылар ашылып ойындағысын нақты сұрай алмай, тұйықталып қалатын. Ал курстан кейін сабақтарымда жұптық жұмыс ретінде алынған диалог топ ішіндегі барлық оқушы мен оқушы арасында өтіп, оны топ ішінде талқылап отыру оқушының ойын кеңейтіп, тілін дамытып отырды. Сонымен қатар сыни тұрғыда еркін ойлау қабілетін кеңейте отырып, еркін сөйлеуге ықпал етеді.
Атақты педагогтардың зерттеу жұмыстарына сүйене келе, сабақ жоспарын құру барысында диалогтық оқыту бағытын кеңінен қолдануға тырыстым. Яғни, сабақтың басынан бастап аяғына дейін сауалдар арқылы оқушылардың тілдік барьерін азайтуға жұмыс жасадым. Сыныптың білім деңгейін анықтауда, алдыңғы сабақтарды қайталауда және негізгі бөлімде диалогтық оқыту бағыты пайдаланылды. Осы жерде сөйлеу мәдениеті туралы айтып кеткім келеді. Диалогтың ары қарай жалғасын табуы немесе таппауы сөйлеушілердің әңгімелесу барысында «егер де, ойлаймын, мен есептеймін, бірақ сіз ойламайсыз ба, сонымен сіз айтасыз ба, иә, бірақ, сіз қайдан білесіз және мүмкін» деген сияқты және де басқа осы тәрізді мәдени лингвистикалық сөз мәнерлерін қолдануына көп байланысты деп ойлаймын. Мұғалім оқушыларға тек теориялық немесе практикалық білім беріп қана қоймай, олардың мәдениетті сөйлеу нақыштарына да назар аударулары керек сияқты. Осы әрекеттер үрдіске айналғанда барып сыныптағы өзара әрекеттесу процесі толық ынтымақтастықта дамиды деп санаймын. Жаңа сабақты игеру мақсатында оқушылар жазған сұрақтарына оқулықты пайдалана отырып, жауаптар жазады. Топтар өздерінде туындаған сұрақтарды диалогтық оқыту арқылы басқа топтарға қоя отырып түсіндірмелелер жүргізіледі. Мұғалімнің түсіндірмесіне қарағанда оқушы мен оқушы арасындағы диалогтық оқыту қызықты болады. Себебі оқушы өз құрдастары арасында өз ойларын ашық, әрі түсінбеген сұрақтарын еркін қояды. Топтық тапсырмалар орындауда оқушылар оқулықтағы тапсырмаларды шығарып қана қоймай, бір-біріне сұрақтар қоя отырып, диалогтық қарым-қатынас жасады.
Сабақтарымда жұпқа берілген тапсырмада да диалогтік оқыту көрініс тапты, себебі әрбір жұптағы оқушы сұраққа қалай жауап беру керектігін сыныптасымен ақылдасып, парақты толтырып отырды. Құнды сұрақтар қойып, қасындағы сыныптастарынан, басқа оқушылардан жауап алып жатқандығын көріп, топ ішінде тұлғааралық байланыс орнаумен қатар, диалогтік оқыту жүзеге асырылып жатқанын көрдім. Әрбір оқушының бойында белсенділік, қызығушылық, бәсекелестік сияқты қабілеттер көрініп, оқушылар жұппен не топпен жұмыс жасау барысында, әуелі идеялармен өзара бөліседі, содан соң бір-біріне сұрақ қою, яғни диалог арқылы жұмыстарын жүйеге келтіреді. Жұмыстарын қорғау кезінде, оқушыларға өмірде кездесетін қиындықтарды жеңе алу, кез-келген іс-әрекеттің белгілі бір жағдайға тигізетін әсері жөнінде ойларымен бөлісуге мүмкіндік беру мақсатын көздеп, қосымша сұрақтар қоямын. Балалардың жауаптарына сүйене отырып, оқушылардың мәселелерді шешудің тиімді жолдарын іздеп таба алатынын, болашаққа болжам жасай және шешім қабылдай алатынын байқауға болады. Осы сабақтағы оқушылардың әрекеттестігін зерттей отыра, келесі қорытындыға келуге болады: «серіктестермен әңгімелесу» әдісі оқушыларды бір-бірінің ұстанымдары мен идеяларын жақсы танып білуге мүмкіндік бере отырып, жауапкершілікті, талапты болуға итермелеп, өз ойын дәлелді жеткізу қабілеттерін дамытып, оқушы бойында іскер адамға тән қасиеттерді оятады.
Өткізген сабақтың топтамасына сүйене отырып, диалогтік оқыту әдісі қолданылған сабақтарымның талдауын жасау арқылы, дұрыс құрастырылған сұрақ оқушының білімін тексеріп қана қоймай, оның ойлау, жүйелі сөйлеу, пікірін білдіру дағдысын да жаттықтыратынын, яғни әлеуметтік ортада өзін ұстай білу дағдысын қалыптастыратынын түсініп, келешек тәжірибеде диалогтік оқытуды жүйелі пайдалануды көздеуге болады.
Мұғалімге өз тәжірибесінің негізінде шешім қабылдау үшін өз іс- тәжірибесін сыни бағалау да қажет. Кез- келген жүріп өткен қадамыңды жоспарлау оны орындау үшін іс- әрекет жасау , ал сол жасалған іс- әрекетіңе рефлексия жасау маңызды болып табылады. Бұл өз ісіңе есеп беру, өз әрекетіңді сыни талдау және бағалау барысында мұқият ойлану үдерісі екенін мен осы жаңартылған бағдарламаны оқу барысында түсініп жатырмын.
Білім беру жүйесіндегі әлемдік өзгерістер әсіресе мұғалімдерге өзгерістің қажеттігін дәлелдейді. Себебі мұғалімдер болашақты дайындайды, ал болашақ -қазіргі мектеп оқушылары болып табылады. «Балаңды өзің өмір сүріп отырған кезеңге емес, болашаққа қарай тәрбиеле» деген екен мұсылман ғұламалары. Сондықтан бала тәрбиешісі ретінде мұғалімге өзгеріссіз қалу қауіпті.
Қазіргі білім беру жүйесіндегі маңызды мәселелердің бірі - оқу үрдісіне жаңа инновациялық технологияларды енгізу, білім беруді ақпараттандыру болып табылады. Ақпараттық технологияларды сабақта қолданудың негізгі мақсаты: біртұтас білімдік ақпараттық ортаны құру, жаңа ақпараттық технологияны қолдану, әлемдік білім беру кеңістігімен сабақтастыру. Бұл турасында Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеті-ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау; оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» - деп көрсетілген. Осы тұжырым білім беру жүйесін ақпараттандырудың мақсаты болып табылады. Бұл өз кезегінде білім беру жүйесін инновациялық технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу - тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарылатуды көздейді. Осыған сәйкес сабақ үдерісінде жаңа ақпараттық және инновациялық технологияларды қолдана отырып сабақ өткізу, жан-жақты, білімді, өмір сүруге бейім, өзіндік ой толғамы бар, өзінің пікірін білдіруге және өзінің іс-әрекеті мен өмір сүріп отырған қоғам үшін жауапкершілігін түсінуге қабілетті, отбасындағы, қоғамдағы, еңбек ұжымындағы әлеуметтік ролін сезінетін, өздігінен дамуға ұмтылатын, бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру- бүгінгі ұстаздардың алдында тұрған міндет.
Жаңа ақпараттық технологиялар дегеніміз - білім беру ісінде ақпараттарды даярлап, оны білім алушыға беру процесі. Бұл процесті іске асыруда негізгі құрал компьютер болып табылады. Компьютер - білім беру ісіндегі бұрын шешімін таппай келген жаңа, тың дидактикалық мүмкіндіктерді шешуге мүмкіндік беретін зор құрал. Жаңа ақпараттық технологияның негізгі ерекшелігі – бұл студенттерге өз бетімен немесе бірлескен түрде шығармашылық жұмыспен шұғылдануға, ізденуге, өз жұмысының нәтижесін көріп, өз өзіне сын көзбен қарауына мүмкіндік береді. Ол үшін оқытушы өткізетін сабағында студенттің сабаққа деген қызығушылығын арттырып, бүгінгі заман талабына сай білім беруі керек. Бұл мұғалімнен шығармашылық ізденісті, үлкен сұранысты талап етеді. Жаңа ақпарттық технологияны сабақта пайдаланудың тиімділігі студенттердің еркін ойлауына мүмкіндік береді, ақыл - ойын дамытады, шығармашылық белсендігін арттырады, ұжымдық іс - әрекетке тәрбиелейді; жан - жақты ізденушілігін арттырады.
Заманауи ақпараттық құралдармен және инновациялық әдістермен жұмыс істеу студенттерді ұқыптылыққа, нақтылыққа, берілген тапсырмалардың нәтижелі орындалуына, басты мәселеге назар аудара білуге, дұрыс шешім қабылдай алуға тәрбиелейді. Оқытудың инновациялық әдістері мен ақпараттық технологияларды пайдалану – педагогикалық іс- әрекеттердің мазмұны мен формасын толықтыру негізінде оқыту үрдісін жетілдірудің бірден бір жолы. Компьютерлік желілерді, интернет жүйесін, электрондық оқулықтарды, мультимедиалық технологияларды, қашықтан оқыту технологиясын пайдалану оқу орындарында ақпаратты- коммуникациялық технологиялар кеңістігін құруға жағдай жасайды.
Ақпараттық құзіреттілікті қалыптастырудан күтілетін нәтиже жаңа заманға сай ақпараттық мәдениеті мен құзіреттілігі қалыптасқан, теориялық білімдерін іс жүзінде қолдана алатын, информатика пәнін басқа пәндермен байланыстыра алатын жеке тұлға қалыптастыру. Қазіргі кезде сабақтарды ақпараттық технология мен кіріктірілген оқыту технологиясын байланыстыра өту өте тиімді нәтиже береді. Мұнда компьютерді мұғалім косымша материалдар, әртүрлі анықтамалык мәліметтерден акпараттар беру үшін көрнекі кұрал ретінде пайдалана алады.
Қоғамымыздағы болып жатқан әлеуметтік-экономикалық және саяси өзгерістер білім беру саласын жетілдіруді талап етеді. Ең алдымен білім беру мазмұнын жаңартуды оны қазіргі заман талаптарына сәйкестендіруді қажет етіп отыр. Қазіргі заманғы инновациялық процесті зерттеушілер инновациялық тәжірибе – бұл жаңалықты ендіру емес, бұл педагогикалық, шығармашылық, новаторлық және зерттеушілік қызмет нәтижелерінің бірін-бірі толықтыруы деп түсіндіреді.
Оқу процесі екі жақты болғандықтан, тек мұғалім өзінің ғана іс-әрекетінің дұрыс болуына қанағаттанып қоймай, оқушылардың да танымдық әрекеті мен белсенділігін дамытуға ерекше көңіл аударуға тиіс.
Соңғы жылдары жеке адамды қалыптастыруды дамыту мен оған жан-жақты терең білім беру мақсатында көптеген технология түрлерін сабақтарда қолданып, баланы оқыта отырып, оның еркіндігін, белсенділігін қалыптастыра отырып, өз бетінше шешім қабылдауды дадыландыруға жаңа технология түрлерімен де жұмыс жүргізіп келеміз.
Жаңашыл технологиялардың басты мақсаттарының бірі – баланы оқыта отырып, оның еркіндігін, белсенділігін қалыптастыру, өз бетінше шешім қабылдауға дағдыландыру. Бұл міндеттердің жүзеге асуы оқушылардың мектеп қабырғасында оқып жүрген кезінен бастап, шығармашылық іс-әрекетке ынталандыруға, соның нәтижесінде дербестігінің қалыптасуына тікелей байланысты. Осыдан шығатын түйін: оқушылардың оқу - танымдық іс-әрекетінде шығармашылық дербестігін дамытатын оқу процесін ұйымдастыру, тиімді әдіс-тәсілдерін пайдалану, өзіндік жұмыс істеу біліктерін қалыптастыру, іздену аясын кеңіту өзекті мәселе болып табылады .
Шығармашылық мәселесін қарастыруда «қабілет», «талант», «дарын» ұғымдарын айналып өтуге болмайды. Таланттылық арнайы іс - әрекетте жоғары нәтижеге жетсе, дарындылық ақыл - ой қызметінің ең жоғары дәрежесімен сипатталады. Әрбір бала талантты болады, онда дарындылық та бар, ал дарынды баланың бәрі бірдей талантты болмауы да мүмкін. Шығармашылық сөзінің төркініне назар аударсақ, «шығару», «іздену», «ойлап табу» дегенге келіп саяды. Демек, бұрын тәжірибеде болмаған, жоқ нәрсені ойлап, жетістікке қол жеткізу деген сөз. Адам баласының сөйлей бастаған кезінен бастап, бүгінгі күнге дейін жеткен жетістіктері - сол шығармашылықтың нәтижесі. Бұған бүкіл халықтың әдеби мұрасы немесе жеке тарихи тұлғаның шығармашылығы арқылы көз жеткізуге болады.
Оқушының шығармашылық тұлғасын үш сапалық тұрғыдан қарастыруға болады:
1.Танымдық сапасы - оқушының қоршаған ортаны түсінуге ұмтылу.
2.Шығармашылық сапасы – ойлау белсенділігі, ой тереңдігі, өзекті мәселені табу, шығармашылық қызығуының тұрақтылығы.
3.Ұйымдастырушылық сапасы – берілген тапсырманың мақсаты мен міндеттерін түсіну, мақсатқа жетуге қажетті іс-әрекетті таңдай білу.
Шығармашылық қабілет проблемасы – оқушылардың жекелік айырмашылық мәселесі. Қабілет әрбір балада болатын қасиет, олар өмір сүру барысында дамып отырады. Қабілет дәрежесі әр адамда әртүрлі деңгейде болады.
Шығармашылық қабілет әрекеттің белгілі түрімен айналысудағы мүмкіндік беретін – бейімділікте байқалады. Шығармашылық тапсырмаларын орындау барысында бала шығармашылық ойлауға бейімделіп қуанышқа бөленеді.
Жоғарғы сынып оқушылары «Неге?» деген сұраққа үнемі табанды жауап іздейді және берілген жауаптың жеткіліктілігіне, әрі негізділігіне өз күдігін білдіріп отырады. Олардың ойлау қызметі әлдеқайда белсенді және еркін. Олар мұғалімдерге сын көзбен қарайды. Пәннің қызықтылығы туралы жастардың түсінігі жасөспірімдерге қарағанда басқаша: алтыншы класта оқитын оқушы пәннің сыртқы мәнін бағаласа, тоғызыншы класта өзінше ойлануды, яғни шығармашылықты талап ететін пәндер қызықтырады. Жоғарғы сынып оқушыларымен жүргізілетін жұмыстағы жетекші педагогикалық идея: жеке тұлғаның өзіне тән құштарлықтарына сәйкес, оның мүмкіндіктерін іске қосу үшін, жүзеге асыру үшін жағдай жасау, өз болашағының әлеуметтік-мәнділік жағын анықтап алу үшін көмектесу.
Оқушылардың шығармашылық дербестігін қалыптастырудың педагогикалық шарттарын: оқу тәрбие үрдісіндегі жеке тұлғалық- бағдарлық оқыту, мұғалім мен оқушының өзара қарым - қатынасындағы ынтымақтастықтың болуы, жоғарғы класс оқушыларын қазіргі өмірге бағдарлануын жүзеге асыру үшін кластан тыс жеке-ұжымдық жұмыстар ұйымдастырудағы шығармашылық - пәндік апталықтар мен ғылыми апталық, жобалар, пәндік үйірмелер мен факультатив сабақтарының маңызы зор.
Осындай формада жүргізілген жұмыстар арқылы оқушылар өздерінің әр түрлі танымдық және шығармашылық сұраныстарын қанағаттандыра алады, мектеп олимпиадалары мен конкурстарға, көркем өнер көрмелеріне белсене араласады, бұл мектеп ішіндегі оқушылардың арасынан дарынды оқушылардың шығуына ықпал етеді. Сыныптан тыс жұмыстардың білім беру және тәрбиелеудегі мәні жоғары. Олардың алуан түрлілігі мұғалімдерден шығармашылық шеберлікті талап етеді.
Шығармашылық жұмыстар мынадай тәртіппен орындалады:
- мақсаты құрылады,
- жұмыс барысы көрсетіледі,
- алынған нәтижелері бойынша өзіндік талдауы беріледі,
- мұғалімдердің және оқушылардың пікірлері енгізіледі,
- марапаттау рәсімі жүргізіледі,
- жұмыс мектеп көрмесіне қойылады немесе шығармашылық жұмыс жинақта жарияланады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет