Нормативтік сілтемелер


ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ ЖАҒДАЙЫНДА ҰЖЫМДЫҚ ОҚЫТУ



бет13/19
Дата19.05.2023
өлшемі158,57 Kb.
#95041
түріБағдарламасы
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   19
Байланысты:
Тағабай Мәдина Абайқызы

3 ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ ЖАҒДАЙЫНДА ҰЖЫМДЫҚ ОҚЫТУ
3.1 Қазақ тілін оқытудың тиімді технологиясы
Еліміздің болашағы-бүгінгі балалар. Ал олардың қандай азамат болып шығуын қадағалау қазіргі мектептерге, мұғалімдерге тікелей жауапты жұмыс. Сондықтан педагогтарымыздың алдында үлкен міндет, ауыр жүк тұр. Білім мен ғылым тақырыбы Елбасының барлық Жолдауларында үлкен мәнге ие болып отырады.
Қоғамымыздың қазіргі даму кезеңі мектептегі білім беру жүйесінің алдына оқыту үрдісін технологияландыру мәселесін қойып отыр. Осындай сұраныстарға орай оқытудың әртүрлі технологиялары жасалып, мектеп тәжірибесіне енуде.Осы педагогикалық технология терминіне мынадай түсініктеме берілген. Педагогикалық мақсатқа қол жеткізу жолындағы қолданылатын барлық қисынды ілім амалдары мен әдіснамалық құралдарының жүйелі жиынтығы мен жұмыс істеу реті. Мәселен, академик В.И.Монаховтың технологиясы, В.Дьянченконың ұжымдық оқыту әдісі, профессор Ж.Қараевтың білім беру жүйесін ақпараттандыру технологиясы және т.б. Бұл технологиялар теориялар тұрғыда дәлелденіп, тәжірибеде жақсы нәтиже көрсетіп жүр. Аталған технологияларды күнделікті сабақ үрдісіне пайдалану үшін әр мұғалім өзінің алдында отырған оқушыларының жас ерекшеліктерін ескере отырып, педагогтік мақсат-мүддесіне сай, өзінің шеберлігіне орай таңдап алады. Жаңа технологияны жүзеге асыруда мұғалім белсенділігі, шығармашылық ізденісі, өз мамандығына деген сүйіспеншілігі, алдындағы шәкірттерін бағалауы ерекше.
Өз басым профессор Жалынбай Қараевтың «Деңгейлік саралау технологиясын» таңдап алдым.Мұндағы мақсатым - өз бетімен дами алатын, әртүрлі өмірдің қиындықтарына төзе білетін, белсенді, білімді оқушы тәрбиелеу.
Бұл технология біріншіден, дамыта оқыту идеясын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Өйткені, ол оқушының ойлауын, елестету мен есте сақтауын, ынтасын, белсенділігін көтеріп, білім сапасының дамуына көмектеседі.
Деңгейлік саралау технологиясы оқушының да, мұғалімнің де белсенді шығармашылық қызметін дамытуға бағытталған. Деңгейлік тапсырмалар бірінші, екінші, үшінші деңгейде беріледі. Бірінші деңгейдегі тапсырма мемлекеттік – стандарт деңгей, мұны орындауға барлық оқушылар міндетті.Екінші деңгей бірте – бірте күрделенеді және бұл деңгейлік тапсырманы орындауға оқушылар құқылы, ал үшінші деңгейді шығармашылықпен жұмыс істей алатын, өзіндік пікірін жеткізе алатын, ойын дәлелдей алатын қабілетті оқушылар орындайды. Әрине, барлық оқушылар үш деңгейді түгел орындап шығады деу артық. Бірінші деңгейді түгелге жуық орындайды да, озат оқитын оқушылар алға кетеді.
Бұл технологиямен жұмыс істей бастағаныма көп бола қойған жоқ, осы жылдың ішінде мол тәжірибе жинадым деп айта алмаймын. Бірақ, мұғалімнің ынтасы, жұмыс істеуге деген құштарлығы білім беру жүйесінде нәтижеге жеткізетіндігін байқадым. Әр баланың табиғатында шығармашылық қабілет болуы мүмкін. Біздің міндетіміз – оқушыға оның бойында жасырынып жатқан мүмкіндіктерін ашып көрсету. Кез келген оқушы мұғалімнің басшылығымен орындаған шығармашылық жұмысының нәтижесінде өзінің ішкі мүмкіндіктерін дамытады.Баланың қабілеті мен талантын дамытуды неғұрлым ертерек бастасақ, соғұрлым оның қабілеті толық ашылуы мүмкін. Егер бала бойындағы қабілетті мұғалім байқамаса, ол бала басқа оқушылармен бірдей болып кетеді.
Сондықтан, қабілеттің дамуына түрткі бола білу керек.Осындай жұмыстарды жүргізу әр мұғалімнің шеберлігіне байланысты. Күнделікті сабақта беретін деңгейлік тапсырмаларды қызықты етіп құрап, оқушылардың қызығушылықпен орындауларын қадағалау қажет.
Міне, өз білімін осылайша жетілдіріп отыратын мұғалім оқушысын еш уақытта жалықтырмайды деп есептеймін. Әр сабаққа құрылған тапсырманың міндетті деңгейі өтілген жаңа сабақты бекітуге және өткен сабақтарды пысықтауға арнап құрылады.Бұл деңгейді сынып оқушылары толық орындайды, яғни үлгермеуші жоқ екенін осыдан анықтауға болады.
Білім беру ісінде ұстаз басты әрі шешуші тұлға. Ұстаздың білімділігі, абырой – беделі оның шәкіртінен көрінеді. «Шәкірттің жақсы болмағы, ұстазынан» деп халық тегін айтпаған. Ұстаз ұғымы – мағынасы кең, мәні терең, тарихи ұғым. Адамзат баласының дамуында білімнің қажеттілігі сол білімді таратушы, жеткізуші ұстаздың қажеттілігімен бірдей маңызға ие болған.
Бала бойына білім нәрін себетін басты тұлға – ұстаз. Яғни жас ұрпақты оқытуда тиімді жағдайлар жасау көбіне мұғалімге тікелей байланысты. Мемлекетіміздің жарқын болашағы мен гүлденуі үшін қазіргі мектеп жағдайында мұғалім қандай болуы керек? – деген заңды сұрақ туары сөзсіз. Білім берудің ұлттық моделіне көшкен қазіргі мектепке ойшыл, зерттеуші, өз ісіне қатып қалған қастандық пен жаттандылықтан аулақ, практикалық қызметте педагогикалық үйлестіруді шебер меңгерген, психолого – педагогикалық диагностика қоя білетін іскер мұғалім қажет.
Мұғалім – мектептің жүрегі. Жүрек қан арқылы тамырларға тіршілік беріп, жан бітіріп тұратын болса, мұғалімсіз ешқандай оқулық, кітап, әдістемелік құралдарға жан бітпейді, яғни олар мұғалімсіз – жансыз дүние болып қала береді. Сонымен қатар адами қасиеттерін дамыту, бала бойына сіңіру мен қалыптастыруда мұғалімнің алатын орны ерекше. Мұғалімдер «адам жанының хирургі» деп бекер айтпаса керек. Сондықтан ең алдымен мұғалімнің жеке тұлғасы және оның кәсіптік мәдениетіне айрықша көңіл аудару қажет. Біріншіден, қай қоғамда болмасын мұғалім сол қоғамның белсенді мүшесі, белгілі бір әлеуметтік топ болып саналады. Сондықтан қоғамда болып жатқан әлеуметтік, саяси – экономикалық, рухани өзгерістер мен жаңалықтардан тыс қала алмайды. Сол қоғам қажеттілігі мен сұранысына, мемлекет жүргізіп отырған саясатқа тәуелді болатыны сөзсіз. Осыған орай оқыту мен оның формалары да жаңғырып, заман талабына сай өзгеріске түсіп отырады.
Оның мақсаты аралас мектеп жағдайында баланың тұлғалық даму динамикасы, оқушылардың танымдық құзыреттілігінің даму еркшелігін қамтамасыз ететін педагогтардың кәсібилік дамуын педагогикалық-психологикалық ұстанымдар негізінде талқылау және зерттеу болып табылады.
Бағдарламаның міндеттері:
1.Оқушылардың танымдық құзыреттіліктерін дамуына және де педагогтық кәсібилігін жетілдіруіне кедергі болатын педагогикалық – психологиялық себептерді талдау.
2.Оқушылардың танымдық құзыреттіліктері, педагогтардың кәсіби дамуы бойынша ұсыныстар жасау.
3.Педагогтардың ішкі әлемін қалыптастыруға ықпал жасау, ішкі психикалық күшін дамыту, кәсіби өзіндік саналауын кеңейту, кәсіби қызметте жетістікке жету.
Білім – қоғамды тұрақтандыратын, рухани мұраны сақтайтын, ұрпақты ұрпаққа сабақтастыратын құрал. Барлық мүмкіндіктерді пайдаланып оқытудың жаңа әдіс – тәсілдерін тиімді қолдану, жаңа технологияны қазіргі заманға бейімдеу, оқытуды жетілдіре түсу, жастарға білім берумен қатар оларды халықтың дәстүр үрдісінде адамгершілікке баулу, әр оқушының біздің ертеңіміз, болашағымыз екенін терең ескере отырып жеке тұлға ретінде қалыптастыру, олардың білім деңгейінің мемлекеттік және халықаралық стандартқа жетулеріне күш салу – біздің, яғни мұғалімдердің басты міндеті.
Кез келген оқытушының түпкі мақсаты – тиянақты, терең білім беру.Олай болса, оқытудың ой елегінен өткен әдіс – тәсілдерін, жаңашыл педагогтердің шешімін тапқан әдістемелерін біліп қана қою жеткіліксіз, оны өз мүмкіндігінше үйлестіріп, күнделікті жұмысқа пайдалану қажет. Сонда ғана сабақ нәтижелі болмақ. Әр оқытушының оқытудағы өз тұғырнамасы болуы қажет. Олар мыналар:
- әр оқушының білім деңгейін, қабілетін, мүмкіншілігін түсіну;
оқушының бойындағы жетістіктері мен кемшіліктерін қабылдау;
-оқушыға қиындықтарды жеңуге, кемшіліктерден арылуға көмектесу.
Қазақ тілі сабақтарында оқушылардың пәнге деген қызығуын, білімге деген ұмтылысын ұштауда, ой еркіндігіне баулуда, танымдық және коммуникативтік дағдысын қалыптастыруда ойын элементтерін қолданудың маңызы зор. Бүгінгі таңда оқытудың жаңа әдіс – тәсілдерін меңгерген, оны әрі қарай жетілдіре беру үшін шығармашылық қабілетін шыңдай түсетін мұғалім моделі жоғарыдағы сызба – нұсқада ұсынылып отыр.





    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет