Савердин: Үнді елі: Үндістанда жаңа жыл бір жылда он рет тойлап өткізіледі. Оңтүстік Үндістанда бұл той түрі наурыз айында басталады, үйлер өрілген гүлдермен айшықталады.
3-жүргізуші Райымбек: Жүріңдер Наурыз тойға басып аяқ
Қалыс адам қалмасын некен – саяқ.
Ән шырқап, би билейік, қауым болып,
Тұрмайтын уақыт келді өнерді аяп.
Хор: «Наурыз көктем». Орындайтындар: 1-топ оқушылары.
4-жүргізуші Мадина: Біздің тәуелсіз Қазақ елі көп ұлтты мемлекет. Оның дәлелін қазір көресіздер. Қарсы алыңыздар.
Малика (Узбек):Bairamlaringiz bilan tabriklaiman.
Дидар, Мұхаметжан (Грузин): Happy Holidays
Адия (Индия): Haippee chhuttiyan(хәппи шхуттиян)
Нурсултан, Алима (Қытай): Jieri kuaile (жиери куайлө)
1-жүргізуші Арман: Наурыз тойы тамаша,
Наурыз тойы жаңаша.
Табиғат та тамаша,
Тамылжып тұр жараса.
Наурыз тойы салтанат,
Наурыз тойы мархабат.
Әр жүректен ән тарап
Шаттанады шартарап. Келесі кезекте 1-топ оқушыларының әдеби монтажы.
Бейбарыс: Наурыз – шыр айналған жылдың басы,
Адамның өлшенеді өмір жасы.
Қазақтың пейіліне жарасады,
Әр үйде дастарханға толған асы.
Алина: Мы здесь собрались,
Чтоб встретить праздник – Наурыз!
Улыбки, шутки, звонкий смех,
Пусть радует сегодня всех.
Играй, баян, звени, домбра:
Желаю счастья и добра,
Здоровья и терпения,
Отличного настроения,
Чтобы мечты у всех сбылись –
Здравствуй, праздник Наурыз!
Е.Медина: Наурыз қайтып оралады, аты да аңыз,
Сұрамаймыз алғыста, ақы да біз.
Кең дастархан, даламның, сахнамыз,
Ұлы мейрам – Наурызға шақырамыз.
Бексұлтан: Ұлыс күні кәрі жас
Құшақтасып көріскен
Жаңа ағытқан қозыдай
Жамырасып өріскен.
Сіздердің әділ істеріңіз
Ғасырлар бойы тынбайды.
Аңыз, дастан жырлардан,
Жастар оқып тынбайды.