Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасы «Міржақып Дулатұлы атындағы №68 мектеп-гимназия» кмм ата-аналар комитетімен жүргізілген жиналыс хаттамасы



бет1/5
Дата09.09.2022
өлшемі24,41 Kb.
#38733
  1   2   3   4   5
Байланысты:
Ата-аналар комитеті


Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасы
«Міржақып Дулатұлы атындағы №68 мектеп-гимназия» КММ
ата-аналар комитетімен жүргізілген жиналыс
ХАТТАМАСЫ

Нұр-Сұлтан қаласы 2022 жылғы 10-мамыр


Төрағалық етті: К. Баяхметбаева
Қатысқандар:
Күн тәртібі:

  1. Оқу жылының аяқталуы туралы

  2. Сынып мәселелері туралы

  3. Ағымдағы мәселелер туралы



Тыңдалды: Оқу жылының аяқталуы туралы мәселелерге тоқталды.
Сөйледі: мектеп-гимназия директоры К. Баяхметбаева
Бүгінгі жиналысымыздың мақсаты: мектеп пен ата-ана ынтымақтастығын нығайта отырып, үштік одақты бала тәрбиесіне жауапкершілікпен қарауға шақыру.
Міндеттері:
1. Балаларды адамгершілікке тәрбиелеудегі ата-ананың жауапкершілігін нығайту.
2. Мектепте ата-ананың оқу-тәрбие саласындағы рөлін арттыру.

  1. Алдағы уақытта оқушыларды тәрбиелеуде мұғалім мен ата-ананың бірігіп жұмыс жасауын қамтамасыз ету.

а) Оқудағы олқылықтар. ТЖБ, БЖБ жұмыстарының орындалуы. Баламен күнделікті жұмыс жасап, білім деңгейін, оқуды қаншалықты меңгергенін ата-ана білуі керек.
ә) Отбасындағы әлеуметтік мәселе. Баланың көңіл-күйі, психологиялық ауытқуы, т.б. Ата-ана өз баласымен тығыз қарым-қатынаста болуы керек. Баланың көңіл-күйіне назар аударып, психологиялық жағдайын бақылау қажет. Баланың психикасына қатысты мұндай деректерді арнайы медициналық орталық анықтайды. Мектебімізде 20-ға жуық ерекше білімді қажет ететін балалар бар. Қазіргі кезде «мүмкіндігі шектеулі» деген терминнің орнына «ерекше білімді қажет ететін бала» деген термин қолданылады. Мектепте осындай балаларға арналған түзету сыныптары бар.
б) Сабаққа уақытылы келмеу. Кейбір оқушылар сабаққа келгісі келмейді немесе кешігіп келеді. Сабақ уақытында тәртіп жағынан өзін ұстай алмайды. Мұндай жағдайда баланың мектепке деген көзқарасын анықтап, жиі бақылауда ұстау керек. Сынып жетекшімен байланыста болу маңызды.
в) Оқулықты қарамау. Бүгінгі күнде бала кітап оқымайды. Баланың ойлау қабілеті мен білімін дамыту үшін кітап оқыту керек. Оқулық алып беріп, өздеріңіз де оқытыңыздар.
г) Оқу жылы мектеп оқушылары үшін 25-мамыр аяқталады. Білім басқармасының №348 бұйрығы негізінде 26-мамырдан 17-маусым аралығында жазғы мектеп ұйымдастырылады. Бұл жөнінде сынып жетекшілер ата-аналар комитетіне түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, ата-ананың қалауы бойынша өткізілетінін айтты.
ғ) Мектеп оқушылары ата-ананың қалауы бойынша түрлі экскурсиялар мен театрға барады. Балаларды театрға жіберу керек. Ол бойынша сынып жетекшімен ақылдасып шешулеріңізге болады.
Бүгінгі күні неліктен біздің мектеп оқып жатыр деген мәселенің төңірегінде сұрақтарыңызға жауап береміз. Біздің мектеп-гимназия 6 күндік оқу жүктемесімен оқиды. 5 күндік оқу жүктемесі мен 6 күндік оқу жүктемесі туралы қазір толық түсіндіріледі. Үш күн демалыс жетпей, балалар шаршап қалған. Мұның себебі неде? Бала жұмыс істей ме? 5 күндік оқу жүктемесіне көшейік десеңіздер – мен қарсы емеспін. Бірақ, бір күнде 8 сабақ оқушыға ауыр болмай ма? Сағат 15.00-ге дейін оқушы отыра ала ма? деген сұрақтар төңірегінде ойланып, тамақтану мәселесін де назарда ұстау керек. Бала күніне 2 рет ауқаттануы тиіс. 8 сабақ болғанда ата-ана баланың тамақтануын толық қамтамасыз ете ала ма? Бүгінгі түсініспеушіліктер сынып жетекшілердің әлсіз түсіндіруінен болды. Бұл – мемлекеттің Жарғысы. Балаларға қиын болмайды десеңіздер, 5 күндік оқуға көшейік.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет