Сөйледі: директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ж.Рустемова: 1) Баланың қайда болатынын міндетті түрде ескертіп айтыңыздар.
2) Оқушылардың бөлінуі мектеп формасы, кең балақты шалбар, кең жейде, бренд киім деген мәселелерге байланысты.
3) Оқу басталғанда жаз бойы тырнақ өсірткізіп, шаштарын бояп әкелмеңіздер. Оқушының жеке бас гигиенасын қадағалаңыздар.
4) Кітаптарды түгендеп, таза күйінде тапсыру керек.
5) Кейбір оқушылар мектептен алыс жерде тұрады. Сабаққа кешігіп келеді. Таксимен де келеді. Бұл жерде баланың өмір қауіпсіздігіне баса назар аудару керек. Баланың жеке бас қауіпсіздігі үшін жақын жердегі мектепке ауыссын.
6) Оқушыларды демалысқа ерте жібермеңіздер.
7) Бастауыштан – 34, орта буыннан – 30 әке – әкелер слетіне қатысты. Рақметімізді айтамыз.
Сөйледі: мектеп-гимназия директоры К. Баяхметбаева Ата-аналар комитеті! Мәселе көп болады, өзгерістер көп. Пандемия кезінде 1,5 жыл сабақ дұрыс оқытылмады. Оқушылар білімнен қалыс қалды. Орыс тілі, өзін-өзі тану пәндерінің оқытылуына өзгерістер енгізіледі. 9, 11-сыныпта аттестация. Білім берудегі олқылықтарды жою жұмыстары. Жазғы мектеп жұмысы.
Ағымдағы мәселе: үш күнгі мерекеде ата-аналар, балалар демала алмады. Балаларға қиын болды. Балалар шаршап қалыпты, жұмыс жасай ма? Не істейді? Басқа мектеп демалады, біз демалмайыз. Бұл жөнінде Гүлназира Садуакасовна қазір түсіндіреді. Алдыңғы аптада Facebook желісіндегі Жалобы Казахстан группасына бір ата-ана анонимно түрде мектепке шағым жазып жіберген.
Facebook әңгімесі. «Мектепте директор ремонт жасатып жатыр» деген ата-аналар арасында өзіндік әңгіме болған шығар. Ата-ана мойындамады. Неге мектеп директорына келмейді? Мектебіне, баласына қарсы деген сөз. Қамқоршылық кеңес, ата-аналар комитеті бар, неге бәрімен шешпейді? Ремонт жаса деген әңгіме болған емес. Сынып жетекші өз ата-аналарына көмек сұрап, жүгінген болар. Мемлекет мектеп үшін демеушілік көмек көрсетеді. Мектеп күнәлі ме? Келіп айтсын.
Мен 5 күндік оқу жүктемесіне қарсы емеспін, бірақ оны оқу ісі жөніндегі орынбасарлар шешеді.
Еңбекке баулу – мемлекет тапсырмасы. Баланы еңбеккке баулу керек.