Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасы «Міржақып Дулатұлы атындағы №68 мектеп-гимназия» кмм ата-аналар комитетімен жүргізілген жиналыс хаттамасы


Сөйледі: директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Г.Садуакасовна



бет2/5
Дата09.09.2022
өлшемі24,41 Kb.
#38733
1   2   3   4   5
Байланысты:
Ата-аналар комитеті

Сөйледі: директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Г.Садуакасовна:
1) 5 күндік оқу күні. Сабақ кестесі:
І ауысым – 08.00-14.50
ІІ ауысым – 14.00-19.55
6 күндік оқу күні. Сабақ кестесі:
І ауысым – 08.00-14.00
ІІ ауысым – 14.00-19.10
№ 125 бұйрықта жазылған. Төмендетілген оқу жүктемесі.
Бала үшін 7 сабақ оқыған ыңғайлы бола ма, әлде 8 сабақ оқыған ыңғайлы ма? Бала уақытылы тамақ іше ала ма? Оған ата-ана жағдайы жете ме?
2) Сынып жетекшімен болған мәселе. 1-сыныпта 2 сынып отырады. Бала саны: 50. Сынып жетекші ата-аналармен сөйлесіп, жағдайлары болса, төбені бояуға атсалыссаңыздар деп өтініш білдірді. Бастауыш сынып болғандықтан, шаң көтеріледі. Төбенің шаң екені көрініп тұр. Мемлекеттен бюджет бөлінеді, бірақ оны күту керек. Сол себепті, ата-аналарға келесі оқу жылына дейін жасауларыңызға болады деп түсіндірілді.
3) Сыныппен театрға бару. 90 % ата-ана рақметтерін айтса, 10% ата-ана қарсылықтарын білдіреді. Ақшасын санайды, жібергілері келмейді. Осыдан балалар арасында бөлініс пайда болады. Баланы театрға жіберу керек. ТЖБ, БЖБ жұмыстары аяқталғаннан кейін театр мәселесін қалауларыңыз бойынша талқылайық.
4) Балалар сабақтан көп қалады. Анықтамалары бар оқушыларды тіркейміз. Бәрі де Kundelik-те тұрады. Себепсіз қалған оқушылар жөнінде ата-аналары ескертпейді, үн-түнсіз отырады, қонаққа алып кетеді. Ескертсін, анықтамалары болсын.
5) Бүгінгі күннің мәселесі туралы. Бір мектеп болғандықтан, бастауыш та бүгін оқыды. Олай бөлуге құқылы емеспіз. 6 күндік оқу жүктемесінің еш зияны жоқ. Керісінше, қуану керек. Мысалы, қазіргі балаларда тіл жоқ, сөйлей алмайды, алтыншы күнге қойылатын қосымша сабақтарға қатысқандары дұрыс. Екі күн демалыстың орнына интеллектум кабинетке келіп, ойын ойнап кетсін.
6) оқушыны қай сыныпқа жіберетінін ата-ана өзі таңдайды. Ол үшін баласының білім деңгейін білуі керек. Егер баласы төмен оқып, оны гимназия сыныпқа бергісі келсе, оқушы үшін оқу жүктемесі қиын болуы мүмкін. Сол себепті, баланың деңгейіне қарай және ата-ана келісімі бойынша бөлінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет