Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасы «Міржақып Дулатұлы атындағы №68 мектеп-гимназия» кмм ата-аналар комитетімен жүргізілген жиналыс хаттамасы



бет5/5
Дата09.09.2022
өлшемі24,41 Kb.
#38733
1   2   3   4   5
3 «Е», 4 «В» ата-ана: Мамандық таңдау бойынша балаға арналған сынып сағаттары, қосымша үйірмелер ұйымдастырылса екен деймін.
Ата-ана: Менің балам төмен баллмен оқыса, гимназия сыныпқа бара ала ма?
Ата-ана: Сынып жетекшіге, мектепке көмектесу үшін сенбілікке келдік. Мұғалімді ұзақ күтіп қалдық. Шолпан Акановна өз сыныбында тазалық жұмысын жасап жүр екен. Оқушы сия төгіп алған. Қатты ренжідік. Сынып жетекшіге көмектескіміз келеді.
Динара (ата-аналар комитетінің төрағасы): Мұғалім бізге сенім артады. Ата-ана комитеті ата-аналармен жұмыс жүргізу керек. Әр түрлі ата-ана бар, әр түрлі пікір бар. 25 ата-анамен жұмыс жүргізе білу керек. Жас мамандарға көмек көрсету керек. Жауапкершілікпен қарауға шақырамын.
Ата-ана: Мектеп әкімшілігіне, ұжымына бағынуымыз керек. Мұғалім өз жұмысын істейді, сабағын береді. Балаңыздың қосымша білім алғанын қаласаңыз – қосымшаға беріңіз. Бүгінгі 1 күндік демалысқа бола, шу шығарған дұрыс болмады.
Сөйледі: мектеп-гимназия директоры К. Баяхметбаева
Алдағы уақытта Референдум жоспарлануда. Ата Заңға өзгеріс еніп жатыр. Ерекше қабілеті бар балалар туралы мәселе қаралды. Мектебімізде 20-ға жуық ерекше білімді қажет ететін балалар бар. «Мүмкіндігі шектеулі» деген сөзді алып тастаңыздар. Сыныпта психологиялық ахуалы дұрыс емес, ақыл-есі дұрыс емес балалар бар. Түзету сыныптарында оқиды. Инклюзивті білім беру. Ондай балаларды арнайы медициналық орталық анықтайды. Ата-аналар ондай дүниені ойлай ма? ата-ана баланың қай пәнді меңгермегенін білуі керек. Кітаптағы бағдарламаны қайтадан оқыту міндетті емес.
Әр ата-ана мен оқушы бойында өз мектебіне деген сенім болу керек. Онлайн оқу да болды. Онлайнда бала тиісті білім алмайды. Әр ата-ана баланың білімдегі олқылықтарын білсін. ТЖБ, БЖБ жұмыстарын көрсін. Баяғыдай 4-5 деген баға жоқ. Қалыптастырушы бағалау. Күнделікті сабаққа жауап беріп, тиісті балл алуы керек. 1-2-3 деген баллмен оқып жүргендер де бар. Мұғалімдер қосымша тапсырма беріп, көтеріңкі балл қояды.
Ата-аналар комитеті! Баланы еңбекке баулу керек. Бала еңбек етпейді. Жасанды интеллект келе жатыр. Кітап алыңыздар, оқытыңыздар.
1. Бала 6 жағдайда білім алады:

  1. Түсінеді;

  2. Біледі;

  3. Қолданады;

  4. Жинақтайды;

  5. Талдайды;

  6. Бағалайды.

2. Баланың бойында тыңдалым, оқылым, жазылым, айтылым дағдыларын дамыту керек.
3. Қиын жағдайдағы балалары қолдау керек, үйрету керек.
4. Қауіпсіздік. 110 камера бар. Турникет жұмыс жасайды. Сенімге жұмыс жасау керек.
5. Тамақтану, асхана мәселесі.
6. Балалар оқулық оқымайды.
7. Мектеп формасы.
8. Білім берудегі олқылықтар.
9. Жазғы мектеп.
10. Шаш бояу, тырнақ бояу, жеке бас гигиенасын қадағалау.
11. Тереңдетілген сынып.


Шешім қабылданды:

  1. 6 «Л» сыныбының мәселесі шешу жұмыстары жүргізілсін.

  2. Асхана мәзірімен таныстыру жүргізілсін.

  3. 5 күндік оқу мәселесі қаралсын.

  4. Ата-аналар комитетіне арналған Telegram канал ашылсын.

  5. Ата-аналар комитетіне түсіндіру жұмыстары тиянақты жүргізілсін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет