Сөйледі: ата-аналар комитеті 1 «В» ата-ана: Көшеміз алыс, қыстыгүні қатынау қиын. Автобус жүрмейді. Ұлытау көшесі, Баршын жақта.
1 «Е», 8 «Г»: ешқандай мәселе жоқ, бәрі түсінікті.
4 «З»: мәселе жоқ, сынып жетекшімен хабарласып шешеміз. Ата-аналар тарапынан: «Жоғарғы сыныптар 6 күн оқиды, бастауыш 5 күн. Неге бүгін бастауыш оқып жатыр?» деген сұрақ қойылды.
Ата-аналар: мектепке қатысты жаңалықтар айтылады, чатта жазылады. Кейбір ата-аналар ашуға ұмытып кетеді, балаға қарамайды (сондай ата-ана бар).
1 «Д» ата-ана: бәрі жақсы, ешқандай мәселе жоқ.
4 «Г» ата-ана: бәрі жақсы. Сыныптың жиналысы болды. Сынып жетекші бәрін нақты түсіндірді. Бәрі сынып жетекшіге байланысты деп ойлаймын.
3 «З», 5 «Г»: мәселе жоқ.
5 «В», 1 «В»: балалар бір-бірінен бөлектенеді. Сынып жетекші – Альмира апай.
6 «А», 9: бәрі жақсы, тек бітіруші (выпускной) сыныптардан дайындықтан қашатын оқушылар бар. Сынып жетекші де, мұғалімдер де айтады. Мектеп бітірген соң, «кетеміз» деп дайындықтан қашады.
1 «Г», 2 «К»: «Еңбекке әкелерді шақырмаса екен», - дейді. Еңбекке баулуға әкелерді шақырмасын.
4 «Д» ата-ана Гүлсара: ата-аналар чат қарамаған, түсініспеушілік болған. Ұлым ағылшын тілі пәнінен ғана бағасы төмен, қалған сабақтары өте жақсы. Сынып жетекшісімен де, пән мұғалімімен де байланыстым. Сабақтарына қатысам дегенімде, «қажет емес, бәрі дұрыс» деп айтты. Енді тоқсан аяқталғанда ешқандай өзгеріс жоқ, барлық пәндері жақсы да, ағылшын қайтадан төмен. Баға сұрап тұрған жоқпын. Мүмкін баламның дәрежесі сондай шығар.
6 «Л» ата-ана Жұмагүл: Ұлдар сабақ оқымайды. Сабақта ұйықтайды, боқауыз сөз айтады. Сынып жетекші – Құсайын ағай. Тағы бір сұрақ: неге бүкіл мектеп демалады, біздің мектеп демалмайды?
Ата-ана:Асхана мәселесі. Қай күні қандай тамақ ішеді? Кашадан басқа тамақ жоқ. Күнде каша жейді. Ас мәзірін көріп, танысуға бола ма?
Ата-ана: Кітап тапсырса, жазғы мектепте қалай оқиды?
7 «А» ата-ана: іс-шараға қатысайық десем, бәрі де қатысады. Балалар қуана көмектеседі. Ағаш отырғызу жұмысына белсене қатысады. Міндетті емеспіз деген сөз болмайды. 1-2 сағат баланы еңбекке баулыған дұрыс. Мектепте оқыған соң, осы мектепке пайдасын тигізсін.
Ата-ана: 1) Бір жыл карантинде отырдық. Бір күн үшін шу шығарған дұрыс болмады. Бастауыш 5 күн оқысын дегенге келісемін, орта буын 6 күн оқуы керек. Бірақ, 7 сабақ дегенді алып тастау керек. Бала үйге 20.00-ге қарай кеш келеді.
2) Еркектер мәселесі. Әкелер слеті. Барлық әкелер қайда? Ата-анамен жұмыс жасаңыздар.
3) ағаш отырғызу. Балаларымыздың екінші үйі. Дайын тұрған ағаштарды отырғызу керек. Әр сыныптан 1-2 азамат келсе...
Ата-ана: №40, 41 мектептерге де ата-анадан бүгін шағым түскен. Бір баласы №40-та, екіншісі №41-де оқиды. Біреуі демалса, екіншісінде бүгін сабақ. «Мектепті тексерсін» деп шағымданған. Ата-ананы да түсінуге болады.