Нұрболат Альфина, Мадиева Таншолпан Мақсұт Жұлдыз, Нурхожаева Арайлым Махамбет жырларының құрылысы



бет3/4
Дата04.11.2023
өлшемі232,08 Kb.
#121894
1   2   3   4
Байланысты:
19 ғ 2 топ 5 семинар

Мысалы қарастырып өтетін болсақ…
Мұнар да, мұнар, мұнар күн,
Бұлттан шыққан шұбар күн.
Буыршын мұзға тайған күн,
Бура атанған шөккен күн, -
деген үзіндідегі «мұнар», «шұбар» деген эпитеттердің батырлардың өз бастарына және ел басына түскен ауыр халдерін суреттеп беруде өзіндік орны бар. Хан мен билердің ел басына туғызылған қара күнін, басқа күндерден айырықша көрсету ушін, ақын сол күннің бейнесінде оқушыларының көз алдына елестету үшін «күн» деген сөздің алдына, «шұбар», «мұнар» деген көркемдеуіш құрал - эпитеттерді қолданған. 
Махамбеттің кейбір өлеңдерін, әсіресе оның өмірінің соңғы кезіндегі шығармаларын - элегиялық өлең деуге болады.
"Абайламай айрылдым", "Нарын " және басқа сол сияқты өлеңдер өткенді еске түсіруге арналған, жан қасіретін көрсететін, ақынның жалғыздық қайғысын, тарыққан көңілін білдіретін элегиялық мотивті өлеңдер, мұнда оның басында бір зұлым тағдырдың қара бұлты төніп тұрған секілді көрінеді.
“Мұнар күн” өлеңіне концептуалды кесте жасау

Өлеңнің идеясы мен құрылысы

Сөзмаржан

Көркемдеуіш құралдар

«Мұнар күн»-ақынның Исатай батырдың өліміне арнап шығарған элегиялық (мұң мен өкінішке толы) сарындағы туындысы. Көтеріліс басшысы Исатай Тайманұлы патша әскерімен шайқаста қаза табады. Бұл Махамбетке де, халыққа да қатты батқан ауыр қаза болды.
Өлеңнің негізгі идеясы-Махамбеттің Исатайға деген сағынышы көрініс табады.
Ұйқас түрі – шұбыртпалы ұйқас
Буын саны – 7/8
Бунақ саны – 2

Мұнар-күн ашық кездегі ауаның күңгірттігі, бұлыңғырлығы
Мойманасы тасқанға-көңілі өскенге
Буыршын-түйенің жас түрі
Бура – айыр түйенің таза тұқымды келеге түсетін аталығы
Нар-бір өркешті түйе.

«Мұнар да мұнар, мұнар күн,»- деп қайталау арқылы ойды нақтылап тұр.Бұл жай қайталау болады.
Қара нар, алма мойын, сары алтын сөздері эпитет болады.
Бұлаңдай, сапырып судай, оқ жаңбырдай, зымырандай сөздері – теңеу болады.

«Мұнар да мұнар, мұнар күн, Бұлттан шыққан шұбар күн, Буыршын мұзға тайған күн, Бура атанға шөккен күн, Бұлықсып жүрген ерлерден Бұрынғы бақыт тайған күн, Қатарланған қара нар»- аллитерация
Он сан байтақ бүлген күн! Орта белін сырлаған Оқ жаңбырдай жауған күн; Оң қанатын теріс жайып,- ассонанс


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет