Нұрболат Альфина, Мадиева Таншолпан Мақсұт Жұлдыз, Нурхожаева Арайлым Махамбет жырларының құрылысы


Махамбет Өтемісұлы шығармаларының тақырыбы да ерлік және халықты күрес қимылдарына шақыру болып саналады



бет2/4
Дата04.11.2023
өлшемі232,08 Kb.
#121894
1   2   3   4
Байланысты:
19 ғ 2 топ 5 семинар

Махамбет Өтемісұлы шығармаларының тақырыбы да ерлік және халықты күрес қимылдарына шақыру болып саналады.
Махамбеттің тіл көркемдігі тартымды. Исатайды ел қамын ойлап, «қызғыштай болған есіл ер» деп теңеу жасап, батырды аң патшасы арыстанға балап, «Арыстан еді-ау Исатай» деп «Таудан мұнартып ұшқан тарланым» деп қыранға балап, әсерлі метафора қолданады.
«Қой мойынды көк жұлын» деп ер серігі тұлпарды метонимиялық бейнеде суреттейді.
 7 буынды өлең түрлері:
Бұл дүниенің жүзінде (7)
Айдан көркем нәрсе жоқ, (7)
Түнде бар да, күндіз жоқ.
Күннен көркем нәрсе жоқ,(7)
Күндіз бар да, түнде жоқ.(7)
7 және 8 буынды өлең түрі:
Толарсақтан саз кешіп (7)
Тоқтамай тартып шығарған. (8)
Қас үлектен туған кәтепті (9)
Қаранар керек біздің бұл іске. (10)
Махамбет өлеңдерінде үш түрлі ұйқасты кездестіреміз:
шұбыртпалы, кезекті, ерікті ұйқастар.
Ақын көбінесе шұбыртпалы ұйқас пен ерікті ұйқасты көбірек қолданады. Өйткені бұл екі ұйқастың екеуі де ақынның айтайын деген ой-пікірін дәл беруге ыңғайлы келеді.
Махамбет өлендерін 1838 жылға дейінгі және одан кейінгі деп екі тарапқа бөліп қарауға болады:
Алғашқы кезеңінде ақын лирикасы оптимистік прогрестік романтизм сипатты туындыларға жатады. Онда ақын ер-азаматты басқа түскен ауыртпалықты қайыспай көтеруге, қас жауға «қанды көбік жұтқызуға» шақырады. 
Екінші кезеңіне көтерілістен жеңіліп, Исатай өліп, қалың қол тарап, ақынның басы жалғыздыққа кезіккен шақта айтылған лирика-элегия. Осындай тарихи қасірет ақынның көңіл күйіне, ой-пікіріне елеулі әсер еткен еді.
Махамбет поэзиясының тілі-шын мәнінде халықтық тіл. Ақын өз кезіндегі қазақ халқының тіл байлығынан қажетінше ала да, оны өзінің керегіне жарата да білген.
Мысалы:
Арғымақтың баласы,
Аз оттар да, көп жусар,
Талаудан татқан дәні бар.
Азамат ердің баласы,
Аз ұйықтар да, көп жортар.
Дұшпанда кеткен ары мен
Барымтаға түскен малы бар,-деген үзіндіні алсақ, мұндағы сөз образдарының қайсысы болса да өмір шындығына дәл.
«Арғымақтың баласы» — деп қазанаттың ең асылданған тегін айтқан.
Махамбет шығармаларының тілі әрі көркем, әрі образды, әрі өткір, әрі күшті болуымен қатар, әр сөзі орынды, әр жағдайдың өзіне лайықты, соған тән болып келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет