Сонымен қатар “күн” сөзі жол аяғында қайталануы көркемдеуіш құрал- эпифора болады.
“Жалғыздық”, “Қайда бар?” өлеңдеріндегі риторикалық сұрау «Жалғыздық» өлеңін ақын көтеріліс жалыны басылып ,өзі жалғыздықта ,қуғында жүргенде шығарған.Арманының орындалмайтынын сезген ақынның көңіл күйі оның жалғыздық жайлы заманы ,өмірде әділдіктің жоқтығы туралы ,күн мен ай дәулет хақында философиялық толғанысынан танылады.
« Біреуде бар да, біреуде жоқ. Азамат ерлер кімде жоқ,»-деген жолдардан «жоқ» сөзінің өлең соңында қайталанып айтар ойды күшейтіп отыр.
“Қайда бар?” өлеңіндегі риторикалық сұраулар Күнге қойсаң оңар ма?! Мұндай қорлық болар ма?!
Қасқыр тартқан жемтікке Ағармай көзі қонар ма?!
Махамбеттей зарығып, Мұңды болған қайда бар?
Қорытынды Қорыта келе,
Махамбет Өтемісұлы- кейінгі ақындар үлгі алған, өзіндік өлең құрылысы, тіл өзгешелігі, өз стилі бар ақын. Ақын шығармалары жас жеткіншектерді табандылыққа, қиыншылықты жеңетін қайсарлыққа тәрбиелейді. Ол біз үшін асыл сөздің кені, көркем тілдің ұстасы, ерлікке үндейтін жалынды үгітші болып табылады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 1.https://ulagat.com/2021/01/20/%D0%BC%D0%B0%D1%85%D0%B0%D0%BC%D0%B1%D0%B5%D1%82-%D0%B6%D1%8B%D1%80%D0%BB%D0%B0%D1%80%D1%8B/
2. Дулат Бабатайұлы, Махамбет Өтемісұлы, т.б.Шығармалары.- Алматы:“Нұрлы Press.kz”,2014-288 б.-(Ақындар аманаты)
3.https://martebe.kz/mahambet-le-derini-k-rskemdik-ereksheligi/
4. https://bilim-all.kz/olen/2226-Qaida-bar