Нұргелді уәлиев сөз мәдениеті



Pdf көрінісі
бет33/37
Дата31.10.2022
өлшемі450,47 Kb.
#46383
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   37
көріскенше күн жақсы, жайлы жатып, жақсы тұрыңыз, жолыңыз
болсын, сапар сәтті болсын т. б. Ситуацияға орай қолданылатын
мұндай сөздерде де мағыналық ренк, айырма бар. Мәселен,
бүгін-ертең немесе таяу күнде кездесетін, хабарласатын
қызметтес адаммен көріскенше күн жақсы, аман барып, сау қайтыңыз!


деп коштаспайтынымыз белгілі. Ал алыс жол, ұзақ сапарға
аттанып бара жатқан танысымызға  сау болыңыз! деп қана қою
салғырттықты білдіреді, сондықтан мұндайда  сапар сәтті
болсын!, жолыңыз болсын! тәрізді эмоция, экспрессиясы басымдау
сөз орамдарын қолданамыз.
Тіпті сапар сәтті болсын мен жолың болсын дегеннің өзінде
елеулі айырма барын сөз мәдениетіне жанашыр жазушымыздың
бірі өте орынды көрсеткен: «Алматыдан тоғыз тарау жол
шығады. Солардың бәрінің жағасында «Сәтті сапар!» деген игі
тілекті жазулар тұрады. Бұл – соның қатарындағы «Счастливого
путидің» аудармасы. Дәлме-дәл тәржіма. Түсінікті болғанмен,
қазақша емес. Халқымыз жолаушыға «Жолың болсын!» деуші еді.
«Сапарың сәтті болсын!» деуге де болады. Тек мынаны еске түту
керек: жолаушылап кайту мен сапарға шығу бір емес. «Сапар
жолы – қиын жол» дейтін мәтел тегін айтылмаған. Бірақ әлгі
тақтайларды жол бойына орнатқан жолдастардың оны
ажыратарлық шамасы болмаған шығар. Ал қолына қалам ұстап,
газет-журнал бетінде бірді-екілі мақала жариялап жүрген, яки
жазсам деп талаптанып жүрген адам мойынға бұлардан гері
үлкенірек жауапкершілік алуға тиіс» (газеттен).
Сәлемдесу, қоштасуға байланысты сөздер тілімізде мол
болғанымен, олардың әрқайсының жұмсалу аясы, қолданылатын
орны бар екен. Сөйлеу мәдениетіне ысылған адам ондай
ерекшеліктерді аңғара отырып, олардың жігін тауып қолданады.
Сөйлеу этикетіне жататын эмоция, экспрессияға аса бай сөз
легінің бірі – кұттықтауға қатысты сөздер. Қазіргі өмірімізде қуаныш
дара сипатты емес, коғамдық мәні бар. Қызметтес адамның
қуанышты жүзі айналасын жақсы әсерге бөлеп, көңілін көтереді.
Ондай адамның қуанышына әрдайым ортақтасып, ықылас тілегіңізді
білдіресіз. Әсіресе жасы үлкен кісілерден небір сөз асылын естуге
болады. Олар үйленген жастарға «Қосағыңмен қоса ағар!», «Босағаң
берік, шаңырағың биік болсын!», «Қадамдарыңа гүл бітсін», «Н ұ р
жаусын!» деп ақ тілеу, адал ниеттерін білдіріп жатады. Шын
көңілден шыққан сөз жүрек тебірентеді.
Алайда аузымыздан шыққан құттықтау сөздің бәрі бірдей жүрекке
жол тауып, жарасымды шығып жата ма? Көбімізге белгілі мынадай
оқиғаға назар аударайықшы. Өзімізге жақсы таныс ата-аналардың
бірі тұңғышының мектеп табалдырығын аттағанын қызық көріп,
көңіл жақын жора-жолдастарын шақырып, сәбидің тілашар тойын
жасайды. Мұндайда қуанышқа жиналған жұрт құтты болсын айтып,
тәтті тілек, ыстық ықыластарын білдіретіні сөзсіз. Алайда тойға
келген жастардың бір алуаны сәбиді Мектепке баруыңмен! деп
құттықтап жатты. Мағына үйлесімі жоқ, әсер, реңнен жұрдай мұндай


күрмеулі құттықтау сәби жүрегіне жетті ме екен деп күдіктенесіз.
Осылайша көңілге күмән үялап тұрғанда: Қадамың құтты, болсын,
құлыным! деп, жүзі балбұл жанған немересінің маңдайынан иіскеп
айтқан ақ жаркын әже сөзі бәрінен де мейірімді естілді.
Алыс жол, ұзақ сапардан келген, кезекті демалысынан оралған
жора-жолдас, қызметтес әріптестерімізбен қауышып, қуаныш
білдіріп, көнілін аулаймыз. Мұндайда кейбіріміз Келуіңізбен! деп
құттықтауды дағдыға айналдырдық. Әрине, қызметтес жора-
жолдастардың көңілін көтеріп, жақсы әсер қалдыру өте орынды.
Қерек десеңіз, мәдениетті адам үшін аса қажет дәстүр. Алайда
Келуіңізбен! деп үйлесімі жоқ емеурін білдіру осы ниетімізбен
қабысып жата ма? Ал ата буын, тілге ысылған адамның сөз
қолданысына ден қойсақ, мұндай жасанды сөзден гөрі Ат-көлік аман


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет