НҰргелді уәлиев сөз мәдениеті


СӨЗ БАЙЛЫҒЫ 6 Древнетюркский словарь. 301-бет



Pdf көрінісі
бет3/6
Дата03.01.2017
өлшемі450,47 Kb.
#1067
1   2   3   4   5   6

СӨЗ БАЙЛЫҒЫ

Древнетюркский словарь. 301-бет.



Сөз   молдығы   –   оралымды   тілге   қойылар   талаптың   бірі.   Сөз

байлығына   ден   қоймаған   адамның   тілі   жұтаң   тартып   тұратындығы

бәрімізге   белгілі.   Актив   сөзі   тым   аз   болған   сайын   ондай   адамның

тілінде мақсатсыз қайталау да көп болады. Сөзді орынсыз қайталау

тілдің   коммуникациялық   қызметін   күрт   төмендетеді,   ойды   дәлме-

дәл, мазмұнды жеткізуге кедергі болады. Аз сөзбен көп мағына беру

принципі   бұзылады.   Өйткені   айтылатын   ойға   әр   сөздің   қосар

мағыналық, эстетикалық, эмоциялық т. б. информациясы болады. Ал

бір рет айтылған сөздің сөйлем сайын мақсатсыз қайталана беруінен

текстің информациялық мазмұны кемиді.

Кейде белгілі бір тексті оқып отырғанның өзінде автордың сөздік

қоры   қаншалықты   мол   немесе   қаншалықты   кедей   екенің   түйсініп

отырамыз. Егер текске кішігірім статистикалық талдау жасасақ, осы

түйсінуіміздің дұрысқа шығатынын көреміз.

Әдетте   зерттеушілер   белгілі   бір   жазушының   тілі   жайында   сөз

козғай   қалса,   «қаламгер   тілге   бай,   халық   тілі   байлығын   мейлінше

мол   пайдаланған»   тәрізді   тұжырымдарды   жиі   қолданатынын

байқаймыз.   Алайда   мұндай   тұжырым   көбіне   жуық   шамамен

айтылады. Әйтпесе жазушының қанша сөз қолданғандығын, қандай

жиілікте   жұмсағанын,   қандай   тұлғалармен   қаншалықты   түрлендіре

түскенін   нақтылап,   санап   шыққан   ешкім   жоқ.   Әдетте   зерттеуші

ғалымдар   үшін   тек   жорамалға   сүйеніп,   болжаммен   қорытынды

жасаудан   гөрі   нақтылы   дерекке   табан   тіреу   тиімдірек   екендігі

белгілі. Мәселен, «Абай жолы» эпопеясының сөз шұрайы, тіл кестесі

келісті,   өрнекті   сөз   орамдарына   мейлінше   бай   туынды   екендігі

әлдеқашан   мәлім   болған.   Бір   кездерде   болжаммен   айтылған   осы

іспеттес   пікір   енді   сандық   сипаттама   –   цифр   тілімен   нақтылана

түсті.   Жазушы   «Абай   жолында»   16983   сөз   қолданған.   Мұндай

деректі   өзге   де   әйгілі   қаламгерлер   тілі   жайындағы   статистикалық

деректермен   салыстырып   көрсек,   цифр   сыры   ашыла   түседі.

А.С.Пушкин   өз   творчествосында   21197,   В.Шекспир   15000   сөз

қолданған. «Абай жолы» эпопеясында 1 және 2 рет қолданылған сөз

саны 8698, Пушкин шығармаларында мұндай жиіліктегі сөздің саны

–   9301,   Мамин-Сибиряктыц   «Приваловтар   миллионы»   романында

11283 сөз қолданыс бар. 1, 2 рет қолданылатын сөз саны 7312.

Бұл   –   тіл   байлығы   деп   аталатын   коммуникациялық   сапаның

объективті   құбылыс   екендігін   көрсетеді.   Жоғарыда   айтылған

әңгімеге   қарағанда,   тіл   байлығы   тек   лексикамен   ұштасып   жатады

деуге болады. Шынында, солай болғанмен, тіл байлығы деген ұғым

сөздің   лексика-фразеологиялық   топтары   ғана   емес,   ана   тілінің

синтаксистік,   морфологиялық   жүйелерін   де   қамтиды.   Тек

лексикасына   қарап   кез   келген   текстің   тілі   бай   деуге   болмайды.

Тілдің   морфологиялық,   синтаксистік   амал-тәсілдері,   лексикалық


қазынасы   бір-бірімен   астаса,   ынтымақтаса,   тіл   табыса   келіп,   тіл

байлығын құрайды 

7

.

Бұл айтылғандардың бәрі әдеби тіл арнасының ішінде тек көркем



әдебиет стиліне қатысты болып көрінуі ықтимал. Шындығында, сөз

байлығы   жөнінде   көркем   әдебиет   пен   публицистикалық   стильдерге

қойылатын   талапты   әдеби   тілдің   ғылыми,   кеңсе   стилі   тәрізді

салаларына   қойылатын   талаппен   бірдей   деп   қарауға   болмайды.

Әдеби тіл арналарының ішінде тіл байлығын аса керек ететін сала –

көркем   әдебиет.   Ал   ғылыми   стиль   немесе   кеңсе   стилімен

салыстырғанда, сөз молдығы – публицистикалық стильге аса қажетті

сапалардың   бірі.   Мәселен,   курс   немесе   факультеттің   комсомол

жиналысының   қаулы,   қарарларын   жазуда   сөз   байлығынан   гөрі   іс-

қағаздарына   тән   стандартты   қолданыстарды   қатаң   сақтау,   кеңсе

стиліне   тән   сөздер   мен   грамматикалық   формаларды   талғай   білу,

синтаксистік   құрылымдарды   меңгеру   алдымен   ауызға   алынады.

Әрине,   сырт   қарағанда,   тіл   байлығы   тек   жазушы   немесе

журналистерге ғана қойылар талап тәрізді көрінуі де мүмкін. Алайда

колына   қалам,   қағаз   ұстамайтын,   коллективтен   тыс   қоғам   мүшесі

жоқ.   Оның   да   іс-әрекеті   коғамдық   өмірдің   сан   алуан   саласына

тәуелді. Диқан, малшы, жұмысшы, ғалым, жазушы, дәрігер, мұғалім

т. б. микрофон, телевизия, газет, журнал, кітап тәрізді информация

құралдары   арқылы   өз   ойлары   мен   тәжірибелерін   көпшілік

талқысына   салмай   ма?   Сол   айтарын   сөз   байлығы   арқылы   әсерлі,

оралымды тілмен жеткізсе, көпшілік жүрегіне жол табады.

Сонымен,   сөз   байлығы   деген   сапаның   функционалдық

стильдердегі   көрінісі   әр   түрлі   болғанымен,   қоғам   мүшелеріне

қойылар талап бірдей. Өйткені тіл байлығы – сөз мәдениетінің аса

маңызды құрамдас бөлігі.

Тілдегі   сөздер   аспан   әлеміндегі   жұлдыздар   тәрізді.   Жарығы   бар,

көмескісі бар, қас-қағым сәтте пайда болып, қас пен көздің арасында

ғайып   болатын   ғұмыры   келтелері   бар...   Қазақ   тіліндегі   сөздердің

саны   қанша?   Оның   дәл   санын   ешкім   айта   алмайды.   Ешбір   тілде

сөздің   санын   математикалық   дәлдікпен   айту   мүмкін   емес.   Бірақ

тіліміздегі   сөздердің   мыңдап,   жүз   мыңдап   саналатыны   белгілі.   Әр

түрлі   заттар   мен   құбылыс   атауларын   білдіретін   сөздерді   мол

камтыған,   жіпке   тізгендей   саралап   берген   сөздіктердің   өзінде   сөз

саны жарты миллионға жетпейді, ерекшелігіне қарай толық сөздіктің

өзінде   кісі   аттары,   фамилиялары,   жер-су   атаулары,   тым   тар   өрісті

терминдердің қамтылмай, шеткері қалып қоятындығы белгілі. Оның

үстіне   кейбір   сөздердің   20-30-дан   астам   мағынасы   бар.   Сөздің



1



  М .   Ә у е з о в т і ң   « А б а й   жолы» романының жиілік сөздігі. А., «Ғылым» баспасы, 1979.

контекстегі   мағыналық   қырларын   түп-түгел   қамтыған   сөздік

лингвистика тарихында әлі жасала қойған жоқ. Кейде тілді теңіздей

терең деу оның осындай сарқылмас байлығына байланысты айтылса

керек.   Егер   ұшан-теңіз   байлыққа   ие   тілден   керегімізді   алып,

кәдемізге   жарата   білуге   дағдыланбасақ,   сөз   жоқ,   тіліміз   (сөз

қолданысымыз) жұтаң тартып тұрар еді.

Күнделікті   лекцияға   бірге   барып,   емтиханға   бірге   әзірленіп

жүрген   қатар-құрбылар   бірде   бір-біріне:   «Мынадай   сөзді   білмейсің

бе?»   –   деп   таңданатыны   бар.  Мәлік   (балықтың   мәлігі)  тәрізді

кейбіреулерге   бала   жасынан   құлаққа   сіңісті   болған   сөздерді   өзге

адамдардың   білмеуі   мүмкін.   Шындығында,   көркем   сөз   зергерінің

қаламына   ілінгенше   мұндай   сөздердің   талайымызға   бейтаныс

болғандығы   да   рас.   «Теңіз   суының   тұзы   көбейген   сайын   балықтың

ұрығы-уылдырығы мен жас ұрпағы мәлігіне бірден-бір қырғын апат»

(Ғ. Мүсірепов).

Әдеби тіл мүддесіне аса қажет, бірақ жергілікті тіл аясынан шыға

алмай, қаға берісте қалып жүрген сөздер қаншама?!

Басы озған батыр Сарманның 

Үш жүз түгіл алаштан. 

Теңіз суын теңселткен 

Наһанды бір-ақ шайнады 

Ұстап алып қалаштан.



(Т. Ізтілеуов).

Осындағы  қалаш  сөзі   «балықтың   қанаты»   дегенді   білдіреді   екен.

Бірақ ұғымы әлдеқайда кен қанат сөзінің орнына қалашты балыққа

«меншіктеп» беруді әдеби тіл мүддесіне лайықсыз деуге болмас еді.

Ана   тіліміздің   небір   асыл   байлығы   өлең-жырларда   сақталған.

Ондай сөз маржаны мірге тізген моншақтай ұрпақтан ұрпаққа мирас

болып   келеді.   Ілгері   буын   сөз   зергерлері   жас   ұрпақ   асыл   сөздерді

ұмытпасын   деп   қам   жеп,   олардың   мағынасын   түсіндіретін   арнайы

елең де шығарып отырған. Ондай өлеңді «Өлең-сөздік» деп атауға да

болады. Сондай өлеңдердің бірі мына тәрізді:



Шаңырақ,  күлдіреуіш, кереге, уық 

Тұрады ши, туырлық оған жуық. 

Маңдайша, табалдырық, есік ағаш

Таяныш өлең қылдым бәрін қуып. 

Текемет пен жүк аяқ, тең мен кілем,

 Ішінде не бар, не жоқ қайдан білем? 

Төрінде төрт абдыра жиюлы тұр, 



Қаптары кестеленген өңшең берен. 

Асадал, астау, шелек, шошай бақан 

Тақия, бөрік пенен бешпет, шапан. 

Мал-мүлік, ойын-күлкі, киген киім 

Болмайды өлгеннен сон биттей опаң. 



Тегеріш, үзік пенен толып торсық, 

Ат көрпе, айыл, пыстан, жырым шеттік,

 Аяңдап құйысқанға жаңа жеттік

Осымен үй сайманын тамам еттік.



(Көдек Байшығанов).

Бұл   шағын   өлеңде,   өздеріңіз   байқағандай,   үй   мүлкі,   киім-кешек

атауларын   білдіретін   отыз  шақты   сөз   бар   екен.   Мұндай   сөздер

әсіресе   малшылық   лексика   деп   аталатын   топта   мыңдап   саналады.

Солардың біразы таныс болса, біразы кейбірімізге бейтаныс.

Ұлы   жазушы   М.   Әуезовтің   «Абай   жолы»   эпопеясын   оқи

бастағанда,   сөздердің   небір   кұпиясына   қаныға   түсеміз.   Бейтаныс

сөздерді   тану   арқылы   санамызда   бейнелене   қоймаған   зат   пен

құбылыстарды   ашамыз,   танымымызды   кеңейте   түсеміз.   Оқудан

қайтып,   жүрегі   елге   қарай   алып-ұшып   келе   жатқан   бала   шәкіртке

«анау   көрініп   тұрған   төскейдің   сай-саласы,  биебауы,  ауыл   қонысы,

қой   өрісі   –   барлығы   да   соншалық   таныс,   жақын»   (М.   Әуезов).

Мұндағы биебаудың «бие байлайтын көкорай, шалғынды жер» екенін

ақын жырларынан да көреміз.

Осындай тамаша жер Қоңыртауда, 

Көзім тойды көгорай биебауға. 

Аяғыңмен басуға аярдайсың,

 Баспақ түгіл, қимассың жақындауға



(Е. Қандеков).

Шаруашылыққа   байланысты   айтылатын   осы   тәрізді   сөздің   бірі   –



сабат.

Сазды Әйет, Сарыарқада Түйемойнақ, 

Сар жайлау сабатына бие байлап.

 Отырып уық тастам көшпелі елдер

Ететін ала шаңдақ үнемі ойнақ.

(Н. Ахметбеков).

Сабат – «сулы, шалғынды жер». Балқаш – сабаттың синонимі.

...Өзегі де қайырлы, 

Аш-арығы сүйреп жейді екен. 

Бекіре менен жайыңды. 



Балқашын орып мал жеген

Аралас үйрек, қаз жеген



(Кашаған Құржіманұлы).

Мәлік, қалаш, биебау, сабат, балқаш сөздері – нақтылы бір заттың

атын білдіретін атауыш сөздер. Бұлар – номинациялық (атауыштық)

қызметі   басым,   халықтың   шаруашылық   өміріндегі   бай   тәжірибесін

танытатын сөздер.

Тілдің   лексикалық   байлығы   тек   атауыш   сөздермен   шектелмейді.

Ана   тіліміздегі   сөздердің   енді   бір   қатары   халықтың   таным-білігі,

зерттеуі,   ой   қорытуына   байланысты   пайда   болған.   Ондай   сөздердің

номинациялық   ерекшелігінен   гөрі   ұғымдық   қасиеті   басым   болады.



Мал  сөзінің   ұғымы  жылқы,   сиыр,   қой,   ешкі,   түйе  т.   б.   атауларды

қамтитындығы   белгілі.   Кейбір   деректерге   қарағанда,   қазақтың   мал

шаруашылығы екі түрге бөлінген: «біреуі – ақ мал (жылқы), екіншісі

 қара мал – қыс күні қораға қамайтын сиыр, түйе, қой, ешкі»

8

. Күйіс


малы  қара   мал  деп   аталса,   қыста   қорада   бағылмай,   далада

жайылатын жылқы баласы  ақ мал  делінген. Ал  аяқты мал  деген сөз

қазіргі   кезде   кейбіреумізге   үйлесімсіз   көрінуі   де   ықтимал,   өйткені

«аяқсыз   мал»   болушы   ма   еді?   Байқамасақ,   әрине,   солай.   Бірақ   мал

баққан шаруа адамының  аяқты мал  деп отырғаны түліктің тебіндеп

жайылатын   түрі   ғой.   Олай   болса,  аяқты   малға  жылқы,   қой-ешкі

жатады, ал түйе, сиыр бұл ұғымға кірмейді. Кей жерлерде аяқты мал

деген   ұғымға   тек   жылқыны   жатқызады.   Оны   жазушының   көркем

шығармалардағы   сөз   қолданысынан   да   байқаймыз:   «Байланған

байлауын   көп   ырғап,   көп   көпсіте   бермейтін   Кұнанбай   сол   жерде

баратын  кісілер  жайын,  апаратын  аяқты   мал,  жыртыс  жайын,  ақша

пұл,   күміс   қазына  жайын   кесіп-кесіп,   өзі   айта   бастады»

(М. Әуезов).

Жылқы  сөзі   –   төрт   түліктің   бір   түрінің   атауы.   Шаруа   адамы

жалпы   қылқұйрықты  жылқы  деп   атағанмен,   олардың   қадыр-

қасиетін   ажыратып   отырған.   Жылқыны   алдымен   қазанат  және

жабы  деп   үлкен   екі   топқа   бөлген.   Қазанатқа  бәйге   аттары,

жаугершілікке   мінетін   аттар   жатқызылып,   олар   өлең-жырларда



сәйгүлік,   арғымақ,   тұлпар,   қазмойын  деп   дәріптеліп   отырған.

Арғымақтан   туған  қазанат,  Шабуыл   салса   нанғысыз,   Қазанаттан

туған  қазмойын,  Күніңе   көз   көрінім   жер   шалғысыз   (Махамбет

Өтемісұлы). Көркем  шығармалардан,  әсіресе  халқымыздың  асыл

мұрасынан жабы сөзін жиі кездестіреміз: Жал-құйрығы қаба деп,

жабыдан  айғыр   салмаңыз   (Бұхар   Қалқаманұлы).  Жабының  жол

бұзатын   жорғасындай...   (М.Әуезов).   Мұндай   қолданыстардан

жабының   нашар,   жарамсыз,   жылқы   екендігін   байқаймыз.   Бірақ

бұлай   деу   –   жабыны   қазанатпен   салыстырғанда   ғана

қолданылатын   бағалау.   Әйтпесе,   жабы   –   еті,   сүті   мол,   нағыз

Ә .   М а р ғ ү л а н .   Ақын туған орта. «Жұлдыз», 1982, № 4, 195-бет.



шаруа   малы.   «Жабының   жалқұйрығы   қалың,   денесі   шымыр,

тұрқы   ұзын,   мойны   мен   аяқтары   қысқа,   жатағандау   көрінумен

бірге,   ет   алғыш,   мес,   тез   арымайтын   берік,   ыстық-суыққа,

аштыққа,   жұмысқа   төзімді,   шабан   болғандықтан,   кейде   мұндай

жылқыны   шаруаның   «керігі»,   «тұғыры»,   «шобыры»,   «торысы»

деп   те   атай   беретін»

9

.   Шаруаның  шобыры,  қойшының қойторысы,



тұғыры  тәрізді   сөздермен   қатар,   көне   мұра   тілінде,   батырлық

жырларда  Көрік  сөзі   жиі   кездеседі.   «Бұл   жердегі  көрік  –   ат

дегеннің   синонимі,   бірақ  көрік  сөзі   жағымсыз   геройға

байланысты   жерде   айтылады.   Көрік   мінген   қалмақтың   ханы,

палуаны   болып   келеді.   Соған   қарағанда,   көрік  деп   жалпы   атты

емес,   бойы   аласа   деген   сияқты   жылқының   белгілі   бір   тұқымын

атаса   керек»  

1 0


.  Көрік  сөзі   батырлық   жырларда   теңеудің

компоненті   ретінде   де   қолданылып,  жалпақ,   қақпақтай  сөзінің

баламасы   ретінде   жұмсалынады.   Алайда   көрік  сөзінің   мәніңе

жете мән берілмегендіктен бе, батырлар жырының кейінгі жайын

кесіп-кесіп, өзі айта бастады» (М. Әуезов).

Жылқы  сөзі   –   төрт   түліктің   бір   түрінің   атауы.   Шаруа   адамы

жалпы   қыл   құйрықты  жылқы  деп   атағанмен,   олардың   қадыр-

қасиетін   ажыратып   отырған.   Жылқыны   алдымен   қазанат  және

жабы  деп   үлкен   екі   топқа   бөлген.   Қазанатқа  бәйге   аттары,

жаугершілікке   мінетін   аттар   жатқызылып,   олар   өлең-жырларда



сәйгүлік,   арғымақ,   тұлпар,   қазмойын  деп   дәріптеліп   отырған.

Арғымақтан   туған  қазанат,  Шабуыл   салса   нанғысыз,   Қазанаттан

туған  қазмойын,  Күніңе   көз   көрінім   жер   шалғысыз   (Махамбет

Өтемісұлы). Көркем  шығармалардан,  әсіресе  халқымыздың  асыл

мұрасынан жабы сөзін жиі кездестіреміз: Жал-құйрығы қаба деп,

жабыдан  айғыр   салмаңыз   (Бұхар   Қалқаманұлы).  Жабының  жол

бұзатын   жорғасындай...   (М.   Әуезов).   Мұндай   қолданыстардан

жабының   нашар,   жарамсыз,   жылқы   екендігін   байқаймыз.   Бірақ

бұлай   деу   –   жабыны   қазанатпен   салыстырғанда   ғана

қолданылатын   бағалау.   Әйтпесе,   жабы   –   еті,   сүті   мол,   нағыз

шаруа   малы.   «Жабының   жалқұйрығы   қалың,   денесі   шымыр,

тұрқы   ұзын,   мойны   мен   аяқтары   қысқа,   жатағандау   көрінумен

бірге,   ет   алғыш,   мес,   тез   арымайтын   берік,   ыстық-суыққа,

аштыққа,   жұмысқа   төзімді,   шабан   болғандықтан,   кейде   мұндай

X. А р ғ ы н б а е в. Қазақтық мал шаруашылығы жайында этнографиялық очерк. Алматы, 



1969, 20–21-бет.

10 X. А р ғ ы н б а е в. Қазақтың мал шаруашылығы жайында этнографиялық очерк. Алматы, 



1969, 20–21-бет.

 


жылқыны   шаруаның   «керігі»,   «тұғыры»,   «шобыры»,   «торысы»

дел те атай беретін»

11

. Шаруаның  шобыры,  қойшының қойторысы,



тұғыры  тәрізді   сөздермен   қатар,   көне   мұра   тілінде,   батырлық

жырларда  көрік  сөзі   жиі   кездеседі.   «Бұл   жер   кездегі   әр   түрлі

басылымдарында   бұл   атау   –   дыбысталуы   ұқсас,   мағынасы

мүлдем бөлек керек деген сөзбен шатастырылып жүр.

Ақ маңдайлы тұлымым

Бірге туған құлыным. 



Қерекке біткен жауырын, 

Бірге туған бауырым



(«Қобыланды батыр»)

Егер   осындағы   жолды  көрікке   біткен   жауырын  деп   оқысақ

жалпақ,   қақпақ   жауырын   дегенді,   мықтылықты   аңғарамыз.

Өйткені көрік ат төртпақ жауырыны жалпақ болып келеді.

Халық   осылайша   өзі   танып,   білген   заттар   мен   құбылыстарға

жеке-жеке   ат   қойып,   айдар   тағып   қана   қоймайды.   Оларды

тектестігі,   туыстығы,   түрлі-түрлі   қасиеттерінің   ұқсастығы   мен

ортақтығына   қарай   топтастырып,   жинақтап,   классификация

жасайды.   Ал   классификация   жасау   –   заттар   мен   құбылыстарды

белгілі бір дәрежеде танып білу.

Қазіргі кезде мүлде ұмыт болған ескі наным-сенімге байланысты

айтылатын   тұрақты   сөз   тіркестерінің   саны   тілімізде   көптеп

кездеседі. Солардың кейбірі түйе малына қатысты.

Ертеректе Жетісу жерінде Ақжал деген атақты бір сәйгүлік болса

керек. Сол аттың иесіне алыстағы жегжаты: Ақжалды маған берсін,

орнына  түйеден   бір   соқыр   айдатамын»  –   деген   екен.   Сөз   мәнін

аңғармаған   ат   иесі:   «Қырық   түйеге   бермеген   Ақжалымды  соқыр

түйеге теңгермекпін бе?» – деп кейіпті.

М.   Әуезов   халқымыздың   байырғы   салт,   дәстүріне   қатысты   сөз

байлығын көркем тіл кестесіне түсірудің айрықша үлгісін  көрсетті.

Жазушы   кейіпкер   тілін   ерекшелеу   мақсатымен  соқыр түйе  тіркесін

былай   деп   қолданады:   ...Қітаптың   жолына   саусағын   қадап   тұрып,

сипай қамшылағандай ғып, ақырын көлгір жүзбен кемпірге қарап: –

Сіздің  түйеңіздің   саны   неше   соқыр  болған   ет   осы,   бәйбіше?   –   деп

қойғанда, Несібелдінің өзі де жарылып күліп жіберді.



Соқыр түйенің  ертегі  кейіпкері  ретінде  де  кездесетіні белгілі. Ал

осы «соқыр түйеде» не сыр бар?

«Түйе   –   төрт   түліктің   төресі»   дейді   халық.   Түйесі   жүзге   жеткен

мал   иесі   ырым   етіп,   жүзінші   түйенің   бір   көзін   ағызып   отырған.

11 Р .   С ы з д ы қ о в а .  Сөздер сөйлейді. Алматы, 1980, 67-бет.


«Түйең нешеу» деп сұраған адамға тура санын айтпай, «бір соқыр»

немесе «екі соқыр» дейтін болған. Онысы – «жүз» немесе «екі жүз»

дегені.

Түйе   малының   тағы   бір   атауы   –  мойнақ.  «Мойнақ   –   түйенің



алқымынан   басына   (құлақ   түбіне)   дейінгі   мойын   терісі.   Мойнақ

түйеде ғана болғандықтан «түйе» деген сөздің орнына «мойнақ» деп

те   сөйлейді.   Мысалы,   бес-алты  мойнағымыз   бар   деген   сөзден   бес-

алты түйесі бар екенін білеміз»

12

.

Сөз  байлығының  бір саласы  –  жер-су атаулары мен  кісі есімдері



(ономастикалық атаулар). Жер-су атаулары тіл білімінде топонимдер

деп аталады.

Қазақстан   топонимдері   зерттеушілер   үшін   аса   құнды

лингвистикалық, тарихи, этнографиялық деректер береді. Сондықтан

жер-су,  әр   түрлі   мекен   аттарын   сақтау,  бұрмаламай   дұрыс   қолдану

мәселесі арнайы зерттеулерде де, мерзімді баспасөзде де сөз болып,

географиялық   атауларға   да   «Қызыл   кітаптың»   кажеттілігі   орынды

айтылып жүр.

Жер-су  аттарында   көптеген   ашылмаған   сыр,   шешілмеген   жұмбақ

жатыр.   Кей-кейде   жер-су   аттары   «Неге   бұлай   аталған»?   деген

сауалға   орай,   ел   арасында   айтылып   жүрген   әр   түрлі   аңыздарды   да

кездестіруге   болады.   Сондай   аңыздың   бірінде:   «Ұзақ   жол,   алыс

сапардан   шаршап-шалдығып   келе   жатқан   жолаушы   жолай   кездесе

кеткен   дарақтың   түбіне   келіп,   дем   алып,   аяқ   суытпақ   болады   да,

қолындағы асасын (таяғын) жерге қадай салады. Біраздан соң қараса,

жаңағы аса тұрған жерден мөлдіреп бұлақ ағып, аяғы арналы өзенге

айналып   кетіпті.   Содан   бұл   өзен   Аса   деп   аталған   екен»,   –   дейді.

Шынында,   Асаның   суы   мол,   нулы   өңір   екендігін   аңыздағы   ақиқат

десе болады. Бірақ бұл атауды аңызда айтылғандай аса (таяқ) сөзімен

байланыстыра   қою   қиын.   О   бастағы   дыбысталуы   басқаша   болуы

ықтимал. Жер-жерде кездесетін  Аса (Жамбыл облысы), Асы (Алматы

облысы),  Яса,   Иаса  (Түркістанның   XII   ғасырға   дейінгі   аты)

тәрізді   атауларды   зерттеушілер   Қазақстанның   Оңтүстік

аймақтарын,   Қырғызстан   жерін   мекендеген   ежелгі   ас   (асс)

тайпасымен байланысты қарайды.

Өзен-су,   қыр-қырат   атаулары   жердің   табиғи   көрінісіне,

жаратылыс   ыңғайына,   өсімдік   (фауна),   жан-жануарларына

(флорасына)   қарай   да   атала   беретіндігі   белгілі.   Қарағанды,



Мойылты, Шілікті, Аршалы  топонимдері сол жердің фаунасына

қарай  аталса,  Текелі,  Жыланды, Арқарлы  атаулары осы  мекеннің

флорасына   байланысты   пайда   болған.   Бірақ   көптеген   жер-су

12  Ғ .   С е б е п о в .   Түйе және оның әбзелі туралы қазақша атаулар. – Известия Қаз. ФАН СССР, 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет