НҰргелді уәлиев сөз мәдениеті



Pdf көрінісі
бет5/6
Дата03.01.2017
өлшемі450,47 Kb.
#1067
1   2   3   4   5   6

Алматы, 1979, 38-бет.

тыңдаушысын   мезі   етеді.   Ондай   сөздің   керегінен   кебегі   көп   болып

жатады. Әсіресе  сөйлеушінің айтар ойы айқын болмай, өзі сөз етіп

отырған   жайдан   түсінігі   бұлдыр   болған   кезде,   сүреңсіз   сөздер

киліккіш   келеді.   Сөз   тазалығын   сақтауға   талаптанған   адам   белгілі

бір мәселе жөнінде әңгіме қозғамас бұрын сөйлейтінін кесіп-пішіп,

ой   елегінен   өткізіп   алып,   жұрт   алдына   шығады.   Тіл   тазалығын

сақтауға талаптанған адам сөз арасын ыбырсыта бермейді.

Сөзді «қызметсіз» жұмсап, тіл шұбарлаудың тағы бір түрі бар. Ол

біреуге байқалса да, біреуге байқала бермейді.

«Мал төлдету ісін шығынсыз іске асыруды қамтамасыз еттік», «Бұл

– аудандағы аса ірі көрсеткіштің бірі болып табылады»,  Мұнай көзін

іздестіру   жұмыстары  одан   әрі   жүргізілуде»   тәрізді   сөйлемдерді

радио,   телевизия   хабарынан   кездестіреміз.   Осындай   тіркестерді

«қызметсіз»   сөздерден   арылтып,   етек-жеңін   ықшамдап   құруға

болмас па еді?  Мал төлдету шығынсыз аяқталды. Бұл – аудандағы ірі

көрсеткіштің бірі, мұнай көзін іздестіру одан әрі жалғастырылуда деп,

тізбекті басы артық тіркестерден арылтсақ, орны ойсырап қалмайды.



...Болып   табылады,   болып   саналады,   бірінен   саналады  дегендер

қызметсіз   тұрған   қыстырындылар.   Сөйлемді   әрдайым  болып



табылады, болып саналады, бірінен саналады  тәрізді  тіркеске құрудан

гөрі,   есім   баяндауышқа   аяқтаудың   тиімді   көрінетін   кездері   бар.

Мұндай   құрылымнан   жинақылық   байқалып   тұрады.   Ондай   қасиетті

сыралғы   қалыптасқан   мақал-мәтелдердің   құрылымынан   да

байқаймыз. Мысалы, «сөздің көркі – мақал, жігіт көркі – сақал. Осыны

тіпті «болып табыладыға» үйір адамның өзі «сөздің көркі мақал болып



табылады, жігіт көркі сақал болып табылады» демес еді.

Аз   сөзбен   көп   мағынаны   жеткізу   –   сөз   мәдениетінің   бір   қыры.

Бірақ қысқа баяндаудың бәрі шеберлік емес. Шеберлік аз сөзге көп

мағына   сыйғыза   білуде   ғой.   Сонда   ғана   сөз   қысқалығы   тіл

мәдениетінің   мәнді   бір   қырына   айналады.   Француздың   белгілі

ғалымы,   жазушысы   әрі   философы   Блез   Пасқальдың   «Провинция

тұрғынына   хат»   шығармасындағы   «Қысқа   жазуға   уақытым

болмағандықтан,   хатты   ұзыннан-ұзақ   жазуға   мәжбүр   болып

отырмын» деген сөзін  К. Маркс қатты ұнатқан  екен.  Шындығында,

белгілі   бір   ойды   ойсыратпай   жеткізу,  басы   артық   қолданыстардан

сөзді   арылтып   отыру,  аз   сөзбен   көп   мағынаны   білдіру   оңай   емес,

оған аз уақыт кетпесе керек.

Сөйлеу   тілінде   «ауытқу   көп,   дәлдік   аз»   дегенді   желеу   етпей,

ондағы   ықшамдылық,   үнемділік   тәрізді   қасиеттерді   жетілдіре

отырып   әдеби   тілді   орнықтыра   берсек   сіреспе   тіркес,   қызметсіз

қолданыстардан   тіліміз   тазара   түсер   еді.   Елімізде   мыңдаған   ұстаз,

миллиондаған шәкірт бар. Тәжірибелі ұстаз шәкірттеріне айтар ойын

сірескен   жансыз   тілмен   емес,   икемді,   орамды   тілмен   жеткізеді.



Ондайда   ол   кітаптағыдай   сөз   оралымын,   сөйлем   құрылымын

беталды   қолдана   беруден   гөрі   сөйлеу   тілінің   амал-тәсілдеріне   де

арқа   сүйейді.   Алайда   ұстаз   алдыңда   бастан   аяқ   бір   сарынмен

сөйлейтін   оқушылар   да   кездеседі.   Оның   сөйлеу  тілін   дұрыс   арнаға

салып,   шұбырынды   сөз,   сіреспе   тіркес,   түрлі   қыстырындылардан

тазартып отыру – ана тілін ардақтай білетін әрбір ұстаздың қасиетті

борышы.

СӨЗ ДӘЛДІГІ


Сөйлеудегі   (сондай-ақ   жазудағы)   дәлдікті   қалай   ұғамыз?   Әдетте

сөйлеушінің сөзіне  риза болып,  айызы қанған  адамның «дәл айтты,

тауып   айтты»   деп,   өзгенің   сөзіне   баға   беріп   отыратын   кездері   бар.

Рас,   ондай   сөйлеуші   өз   ойын   өзгелерге   дәл   жеткізе   алмаса,

жаңағыдай   бағалаудың   болуы   да   мүмкін   емес.   Сондықтан   әсерлі

айтылған сөзді «дәл айтты, тауып айтты» деп түйеміз.

Бұл – сөз дәлдігі жөнінде әдеттегі түсінігіміз. Мұнда нақтылықтан

гөрі   жалпылық   басым.   Ал   сөз   дәлдігі   деген   лингвистикалық

терминнің   бұл   түсінікпен   дәл   келетін   тұстары   да,   одан   өзгешелеу

ұғынылатын жерлері де бар.

Қазақ   тілі   мәдениетіне   байланысты   жазылған   мақала,

зерттеулердегі   пікірлерге   қарасақ,   сөз   дәлдігі   деген

коммуникациялық сапаға қойылар талап әр түрлі екен. Солардың бірі

–   сөздерді   тілдегі   мағынасына   лайық   қолдану.  Әсіресе   ауызға   жиі

алынып,   жаза   басқан   қаламның   көп   сыналатын   жері   де   осы.   Сөзді

тілдегі мағынасына сай талғап, таңдамай қолдана салудың баспасөз

беттерінде   кездесетін   кейбір   мысалы   мынадай,   «Бұл   колхозда   мен

келген   кезде  қой   басын   өркендетуге  мән   берілмей   келеді   екен»

(журналдан).

Осындағы   шырқы   бұзылған   қолданысқа   назар   аударсаңыз,   дәл

айтуға «мұқтаж» болып тұрған сөздердің мен мұндалап тұрғандығын

байқайсыз.  Қой   шаруашылығын   өркендету  деп   айтуға   болатындығы

белгілі, ал қойдың басын қалай өркендетуге болады? Әңгіме қой санын

көбейту жөніңде емес пе?

Сөздерді өз мағынасына сай қолданбау, дәлдіктен көз жазып қалу,

әсіресе   басқалардан   гөрі   дыбысталуы   ұқсас,   бірақ   мағынасы   әр

басқа, немесе бір түбірден тарап, дербес мағынаға ие болған сөздерді

(паронимдерді)   жұмсауда   жиі   кездеседі:   «Енесі   сүйектерін



сырқыратып  орнынан   қозғалды»   (кітаптан);   «Жігіт   жусан   иісіне

еліктеп,  мас   болғанын   сөзбеді»   (журналдан);   «Мүйізден  зерделенген

сандықтың   құрсау   қаңылтырлары   ғана   жатыр»   (журналдан).   Бұл

жерде  сырқыратып  емес,  сыртылдатып;   еліктеп  емес,  елітіп;

зерделенген  емес,  зерленген  деп   қолданып,   дыбысталуы   ұқсас

сөздердің   мағыналық   парқын   ажырату   кімге   де   болса   қиын   емес

тәрізді.   Онда   неге   тегіс   жерде   сүрініп,   сөзімізден   ақау   жіберіп

жатамыз?   Оның   себебі   біреу-ақ:   ол   –   сөз   қолданысымыздағы

ұқыпсыздық.   Ұқыпсыздықтың   салдарынан   дәлдіктен   айрылып,

сөздерді  бірінің  орнына  бірін  сапырылыстырып   жұмсау  тек   шоқы –



шұқы;   тынық   –   тұнық;   ауа   –   әуе  тәрізді   паронимдерде   ғана

кездеспейді.   Сөз   –   болмысты   бейнелейді.   Сөз   –   шындықтың

санамызда   сәулеленуі.   Айналамыздағы   заттар   мен   құбылыстар   сөз

арқылы   таңбаланады.   Осыған   сәйкес   бізді   қоршаған   «құбылыстар»

мен «сөз» арасында белгілі бір қатынастың бар екендігін аңғарамыз.


Ол   қатынасты   «зат»   («құбылыс»)   –   «сөз»   (сигнификат)   түрінде

бейнелеуге   болады.   Кейде   сөз   дәлдігін   сақтай   алмай,   көз   жазып

қалуымыздың   үлкен   бір   себебі   «зат»   («құбылыс»)   пен   «сөз»

арасындағы байланысты жете тани алмауымыздан. «Сөзді» білмесек,

сол сөздің қандай заттың (құбылыстың) таңбасы, бейнесі екендігінен

бейхабар   болсақ,   сөзді   сол   заттық   (денотаттық)   мағынасына   сай

қолдандық   деп   айта   алмас   едік.   Кейде   сөзді   дәл   қолдана

білмеуіміздің   себебі   «зат»   –   «сөз»   қатынасын   дұрыс   ұқпауымызға

байланысты.  Енді сөзді дәл қолданбаудың мынадай мысалына назар

аударайық. «Өліарада ауа өңі өзгеріп сала берді. Шалқалаған жаңа ай

шағырмақтанып, күн қабағы кәдімгідей салыңқы тартқан» (газеттен);

Берекелі   күздің  аңқылдап   алтын   күрек   желі   есті»  (газеттен);



«Әкеңмен   тумалас  Қоңырбай   деген  нағашың  бар»   (газеттен).

Осылайша   сөзді   дәл,   орынды   қолданбау   қатеге   ұшыратады,   тіпті

сөйлеушіге   абырой   әпермейтіндей   күлкілі   жағдайға   душар   етеді.

Мысалы,   әкеммен   тумалас   адам   нағашы   болушы   ма   еді?   Ал  өліара

сөзіне   келетін   болсақ   қазақ   ұғымында  өліара  деп   ескі   ай   мен   жаңа

айдың   қараңғы   аралығын   айтады.  Өліарада  ай   көрінбейді,   ай

көрінетін кез  өліара  деп аталмайды. Ал  алтын күрек  деген тіркесті

автор сірә де метафоралық қолданыс деп ұқса керек. Қар кетіріп, жер

бетін дегдітетін жел алтын күрек деп аталады. Оны жазда немесе күз

бен қыста соқты деу сөз қолданысымыздағы үлкен ағаттық.

«Өліарада ай көрінді», «Күзде алтын күрек есті» деген баяндаулар

әсіресе   табиғаттың   қыр-сырына   қанық   диқан   мен   малшы   қауымды

иландыра қоймайды.

Қазақ   сөзінің   байлығына   қызығып,   оны   кәдеге   жаратамын   деу   –

жақсы   талап,   бірақ   сол   байлықты   дәлме-дәл   жұмсай   білу   де   керек.

Байқасақ, жылдың әр мезгілінде соғатын желдің өз атауы бар. Күздің

қара   суық   күндері   үйіріп   соғып,   тал,   терек,   емен   мен   үйеңкі

жапырақтарын төгіп кететін жел –  жапырақ жел  деп аталады екен.

Жылылық   әкеліп,   қыс   бойы   жатқан   қасат   қардың   көбесін   сөгетін

желді   тілімізде  ескек   соқты  дейді.   «Оңтүстіктің   жылы   желі,  ескегі



соқты.  Осыдан бір ай бұрын соқса, жұрт оны «жыл әкелді», «игілік

әкелді» деп, қуанышпен қарсы алар еді (М. Әуезов). Сондай-ақ шілде

түсер   шақта   соғатын   жел  керімсал  деп   аталады.   Мал   бағып,   егін

еккен   шаруа  адамына  керімсал  –   өте   жайсыз   жел.  Керімсал  тынбай

соққан   кезде,   жердің   отын   күйдіріп,   егінді   қуратып   та   жібереді.

Осындай жайсыздығы мен шаруаға тигізер кеселі көп болғандықтан,

сол   құбылысты   білдіретін  керімсал  сөзі   ауыс   мағынаға   көшіп

«қиынқыстау кез» дегенді де бейнелейді:

Тайбурыл сонда сөйледі. 

«Тауға бітер емен, тал 



Кімге келмес керімсал 

Наз бедеу атқа бітер жал»...



(«Қобыланды батыр»)

Егер   ел   ішінде   айтылатын   сөзге   құлақ   түре   жүрсек,   әр   мезгілде

жауған   қардың   да   тілімізде   өз   атауы   бар   екендігін   байқаймыз.   Қыс

бойы жатқан қар кетіп, жазғытұрым басталар шақта жауған қар  құс



қанаты  деп   аталады,   сірә   де,   бұл   сөз   жыл   құсының   ұшып   келер

кезімен   байланысты   айтылса   керек.   Алғашқы   жауған   қардың   бәрін

емес,   соның   ішінде   еріп   кетпей   тұрақтап   қалатынын,   қыс   бойы

жататын   қардың   басын  жолдас   қар  деп   атайды.   Бұлардың   ішінде

қазақтың   ерекше   бөліп   айтатыны   –  наурыздың   ақша   қары.  Бұл

атаулар   тек   мезгілге   байланысты   болса,   қардың   жұқалығы   мен

қалыңдығы,   жаңасы   мен   ескісі,   каттысы   мен   жұмсағы   т.б.

қасиеттеріне   қарай   аталатын   түрлері  (омбы   қар,   қасат   қар,   көбік



қар, көкше қар, сіре қар т. б.) қаншама?

Дәл   сөйлеуге   қажетті   алғы   шарттың   бірі   –   мағыналас   сөздерді,

олардың деректі, дерексіз ұғымды білдіретін түрлерін талғап, таңдай

білу. Оған көз жеткізу үшін, алдымен мынадай тексті оқып көрейік:

«Жеркылаң  мінген,  қылаңнан киген екі жігіт  кешкі салкынмен есіп

жүріп кеткенде, кер бетеге, боз көденің арасынан зорға көрінгендей

түстері   де,   жүрістері   де   көзге   түспей,   ұрлана   жүруге   бейімделіп

апты»   (М.   Әуезов).   Осы   текстегі  кер бетеге, боз көде  деген   деректі

ұғым   атауларының   орнына   осы   сөздермен   мағыналас   дерексіз

ұғымды   білдіретін  шөп  деген   сөзді   қойып,   кайта   окып   көрейікші.

Сөйлемнің   мазмұны   өзгермейді.   Ал   әсері,   әрине,   алғашқы

оқығанымыздай  емес,  тым  әлсіз  соғатыны  бірден  байқалады.  Бұлай

өзгертуден   нені   жоғалттық?   Дәлдікті.   «Шөп   арасынан   зорға

көрінгендей»   десек,   дәлдік   жоқ.   Олай   дейтініміз   екі   жігіт   те

жерқылаң ат мінген, жерқылаң киінген. Жердің түсі де боз көде  мен

кер бетеге  тәрізденіп   қылаңытып,   Тоғжан   ауылына   бара   жатқан   екі

жігітті сырт көзден жасырып тұр. Бұдан байқарымыз: деректі ұғымға

тән   сөздерді   талдау   аркылы   да   суреткер   қаламы   сөз   дәлдігі   деген

сапаны дөп басқан.

Тілімізде,   әсіресе   байырғы   мұралар   тілінде   (ертегі,   жыр,

эпостарда), мағынасын дәл ашып, анықтай түсуді керек ететін сөздер

толып жатыр. Міне, сіз күрескер ақын Махамбет Өтемісұлының отты

жырларын   оқып   отырсыз.   «Ереуіл   атка   ер   салмай»   дегендегі  ереуіл



ат  тіркесінің мағынасы жайында газет-журнал беттерінде қызықты,

пайдалы пікір таласы болғандығынан да бейхабар емессіз.

Ақын  жырында   мағынасын  дәлірек  ашуды,  анықтай  түсуді  қажет

ететін бұдан да басқа сөздер толып жатыр. «Мінкен де мінкен, мінкен



ер. Бұл сықылды неткен ер?» дегендегі мінкен  сөзі нендей мағынаны

білдіреді?   Бұл   тәрізді   сұрау   байырғы   өлең-жырдағы   көптеген

сөздерге  катысты.  Көмескі  сөздердің  мағынасы  дәлме-дәл ашылмай

жатса,   байырғы   жырлардың   тіл   кестесі   танылмай,   оқушыға

эстетикалық   әсері,   әрі   мен   нәрі   әлсіреп   жететіні   белгілі.   Рухани

қазынаны танып-білудің бір кілті сөзде жатыр.

Сөз – белгілі бір зат пен құбылыстың атауы. Сөзді білгенмен оның

қандай   затты,   құбылысты   белгілейтінің   білмеген,   немесе   шала-

шарпы   ғана   білген   жан   дәлдіктен   көз   жазып   қалады.   Кейде   осы

айтылғанға   керісінше,   зат   пен   кұбылыстың   дәл   қалай   аталатынын

білмеу,   не   оған   ден   коймау   да,   сөз   дәлдігінен   жаңылуға   себеп

болады. Ондай адам бота  деудің орнына түйенің баласы, атқа тұсау



салды  деудің орнына  аттың аяғына арқан орады  деп сөлекет сөйлеп

тұрады. Бұл – сөйлеудегі олақтық. Кейде көзге баттиып тұрмағанмен,

осыған ұқсастау мысалдарды газет-журнал беттерінен де ұшыратып

қаламыз:  қой   қырқушы,   қозы   тәрбиелеуші,   қой   төлдетуші,   қой



өсірушілер бригадасы, қызылша өсірушілер т. б. Сөз дәлдігінен бұлайша

ауытқу   –   тілімізде   осы   ұғымдардың   қалыптасқан,   орныққан

атауларын (қырықтықшы, сақпаншы, шопандар бригадасы, қызылшашы.

т.   б.)   елеп-ескермеуден   туған.   Осы   тәрізді   мысалды   кейде   әңгіме,

повестерден де ұшыратып жатамыз. «Шелегін жуып, сарайдан ішіне

сабан   тыққан   теріні   алды   да,   енесінің   алдына   тастады»   (кітаптан).

Автордың айтайын деп отырғаны – тұлып. Бұл сөз, рас, қазіргі кезде

кейбірімізге   бейтаныс   болып   та   бара   жатыр.   Жас   бұзаулаған

сиырдың   төлі   өліп   қалғанда,   сол   өлген   бұзаудың   терісіне   сабан

тығып   (тұлып   жасап)   енесінің   көз   алдына   әкеліп   қоятын   болған.

Сонда   сиырдың   сүті   қайтпай,   сауғанда   исініп   тұрады.   Міне,

шаруашылық   өмірдегі   осы   әрекет   «алдамшы,   жалған   нәрсеге

иланды»   деген   мағынаны   білдіретін   құр тұлыпқа мөңіреді  деген

тұрақты   сөз   орамының   жасалуына   негіз   болды.   Белгілі

ағартушы   ақынымыз   Сұлтанмахмұт   Торайғыров   өлеңдерінде

мынадай жолдар бар:

Елде егер жүрсең келмей ұмытпассың,

Сүйгенге сырттан кір сөз жуытпассың.

Тұлыпқа мөңіреген сиырдай боп,

Көрумен сүйген жарың мауық бассын.

Сөз дәлдігіне қойылар талаптың бірі – логикалық дәлдік.

Сөзді   тілдегі   мағынасына   сай   қолданумен   бірге   сөзде

логикалық   кайшылықтың   болмауын   да   ескеріп   отыру   шарт.

Сөздердің   «бірін   бірі   терістейтін»   қасиеті   ескерілмей   жатса,

баяндауда  жүйе  болмай,  қисыны  кашады.  «Кең,  жарық  залға  қаз

қатар   орнатылған   тігін   машиналарының   біркелкі   сырылдаған үні



еңбек  маршы   іспетті»  (газеттен);  «Бір   отар   ақтылы  қойға   ие

болғанына   жылдан   асты»   (газеттен)   «Шаңқай   түсте   ауылға

қарай  бір   топ  атты-жаяулы  қара   құрымдай  қаптап   келеді

(журналдан);

Ағады өзен күркіреп, 

Ақ моншақ шашып тулайды. 

Құяды жаңбыр сіркіреп

Тыңдайсың одан сан күйді.



(Кітаптан.)

Сырылдаған   үн  мен  еңбек   маршының  үні,  бір   отар   қой  мен

ақтылы   қой,   бір   топ   аттылы-жаяу  мен  қара   құрымдай   қаптап,

құю  мен  сіркіреу  дегендер   мазмұны   жағынан   бірін-бірі   теріске

шығаратын   қолданыстар.   Өйткені  сырылдаған  үн   мен  марш   үні

оқушы үшін мүлдем екі басқа.

Ал ақтылы қойдың (фразеологизмнің толық түрі: алалы жылқы,



ақтылы   қой)  мағынасы   «мыңғырған,   есепсіз   көп   кой»   дегенді

білдіреді,  қара   құрымдай  сөзі   де   осы   тәрізді,   санын   көрсетуге,

есебін   алуға   болмайтын   көптікті   аңғартады.   Ал   жаңбырдың

сіркіресе құймайтыны, құйса сіркіремейтіні өз-өзінен белгілі.

Бірақ тілімізде кей-кейде логикалық дәлдіктен арнайы ауытқу

кейбір сәттерде жарасымды көрінеді;  «Күн ашықта басына бұлт

үйіріліп  жүрген   жұмбақ   жүрісті   жан»   (газеттен);   «Күн   жаумай

үстіміз су-су  болып   жүрісіміз   мынау»   (кітаптан);   Күндіз қолыңа

шам   алып  іздесең   де   таппайсың»   (журналдан).   Бұл   тәрізді

қолданыстардағы   астарлы   мағына,   бейнелілік   логикалық

қайшылық   арқылы,   сөздердің   бірін-бірі   терістеуі   арқылы

жасалып   тұр.   Бұларды   лингвистикада   оксюморондар   деп

атайды.   Оксюморондар   бір   басқа   да,   жаңылыс   қолданыстан

туып   жататын   логикалық   қайшылық   екінші   басқа,   олардың

арасы, әрине, жер мен көктей.

Сырт   қарағанда   кейбір   тұрақты   тіркестерде   де   логикалық

үйлесім жоқтай көрінеді.

Ант ішіп күнде берген жаны құрсын,

Арын сатып, тіленген малы құрсын, –

дейді   ұлы   Абай.   Осы   өлеңдегі  ант   ішті  тіркесі   «жанын   бере

қарғанып-сіленді»   деген   мағынаны   білдіреді.   Ант  сөзінің  серт,



уәде,  шарт  тәрізді   сөздермен   мағыналас   екендігі   белгілі.   Бірақ

серт,   уәде   ішті  демей,  ант   ішті  дейді.   Сонда  ант   ішу  қалай?

Бұлай   деу   логикалық   дәлдікке   жатпайды   ғой   деген   күдікті   ой



келеді.   Бірақ   сөз   тарихынан   құлағдар   адам   бұл   жерде   ешбір

қайшылықтың жоқ екендігін байқайды.

Ерте заманда бір-бірімен анттасқан адамдар серт етіп бір ыдыстан

су ішісетін салт болған. Оны ант су деп атаған. Ант ішті тіркесі ант



су  ішті   дегеннің   ықшамдалған   түрі.   Бұл   тіркес   байырғы   өлең-

жырларда қасам ішті (қасам – араб сөзі) түрінде қолданылады:    

Ноғайлыны шаппаққа

Қалмақтар ішті қасамды



(«Қамбар батыр»)

Дұрыс қиыстыра білсе, сөзге сөз рең береді. Сөз бен сөз тіркесіп

барып   рең   алады.   Кейде   сөздің   осындай   талғампаз   қасиетін   ескере

білмесек,   сөз   дәлдігіне   нұқсан   келеді.   «Комсомол   комитеттерінің

алдыңда жастарды  жаппай  жасампаз  жұмысқа  (?) жұмылдыруда әлі

де   көптеген   міндеттер   тұр   (газеттен).   Әдетте,   реңі   көтеріңкі   сөз

(еңбек)   реңі   жоғары   сөзбен   (ардагер)   тіркес   құруға   бейім   тұрады.

Солай   болғандықтан   да  еңбек ардагері  тәрізді   сөз   орамдарының   еш

олқылығы жоқ. Ал жұмыс ардагері десек, осы шарттылық бұзылады.

Жасампаз   жұмыс  тіркесінің   де   сөлекеттеу   көрінетіні   сондықтан.

Сөздердің   осындай   қасиетіне   зер   салсақ,   әсіресе   газет-журнал

материалдарында   жиі   кездесетін  майталман   бақташы,   майталман

жүгеріші т. б. сияқты тіркестерді сәтті шыққан дей алмас едік.

Тілде   толып   жатқан   өзара   мәндес,   мағыналас   сөздер   бар.   Бұл

қасиет   сөздерді   иіні   келген   орайда,   белгілі   бір   мақсатқа   сәйкес

талғап,   саралап,   дәл   жұмсауға   үлкен   мүмкіндік   береді.   Сөздің

оралымдылығын,   икемділігін   арттыра   түседі.   Алайда   мағыналас

сөздер   бір-біріне   қаншама   жақын,   мәндес   болғанымен,   олардың

бойындағы рең, жұмсалу өрісіндегі айырма стильдік қолданысқа да

тәуелді.   Сөздерді   бірінің   орнына   бірін   талғаусыз   жұмсай   беруді

сөздің   стильдік   қасиеті  көтермейді.   Мысалы,   сырт   қарағанда,

«маңдайдан бұрқыраған бу олардың таң сәріден дамылсыз еңбек етіп

жүргенің   айтпай-ақ   аңғартады»   (газеттен)   тәрізді   қолданыста

пәлендей   дерлік   қате   жоқ   тәрізді.   Бірақ   сөз   дәлдігіне   қойылар

талапқа   сай   емес.   Олай   дейтініміз   –   бұл   жерде   білдірер   ұғымы

әлдеқайда   терең  еңбек  сөзінің   орнына   нақтылы   процесті   білдіретін



жұмыс сөзін қолдану дәл болар еді. «Аса танымаушы ем, бізге бірер

ай ұстаз болып  еді» деген екі құрбының өзара сөзін құлағың шалып

қалғанда,   мазмұнды   сөзді   төлеусіз   қолданғаны-ай,  ұстаз  деп

бейтаныс   біреуді   емес,   ізгілік   пен   білімнің   отын   жаққан   қадірлі

адамды айтпаушы ма еді деп еріксіз қынжыласың.

Әсіресе   телевизия,   радио   хабарларында   «Мен   құс   фермасында

оператор болып еңбек етемін... «Передовой» совхозында еңбек етемін,


ферма   сауыншысы   болып   еңбек   етіп  жүрмін»   т.   б.   тәрізді

қолданыстарды күн сайын естуге болады.

Бұл   –   сөздің   стильдік   тональдығын   (көтеріңкі,   бәсең,   бейтарап

т.б.)   ескермей   жұмсаудың   бір   көрінісі.   Сөз   реңін   аңғарып,   орынды

қолдана   білсек,   мұндай   орайда   бейтарап   сөз   сыңарларын   қолданар

едік.   Тіпті   иіні   келіп   жен   сұрасқан   әңгіменің   езінде  фермада



оператор   болып   еңбек   етем,   мектепте   ұстазбын,   ауыл   еңбеккерімін

демей,  оператор   болып   жұмыс   істеймін,   мектепте   мұғаліммін,



колхозшымын   т.   б.  дер   еді.   Өзге   стильге   қарағанда,   әсіресе   радио,

телевизия   хабарларының   тілі   сөйлеу   тіліне   (әдеби   тілдің   ауызша

түріне)   бір   табан   жақын   тұратындығын   ескерсек,   мұндай   сөз

қолданысқа сын көзбен қарамауға болмайды.

Бұл   арада   «жұмыс   істеу»,   «мұғалім»,   «колхозшы»   т.  б.   бейтарап

сөздердің   қызметіне   нұқсан   келеді,   тілден   шеттеп   қалады-ау   деген

қауіп   жоқ.   Алайда   қауіп   басқада,   біріншіден,   бұл   типтес   сөздердің

(ұстаз, еңбек, т. б.) реңіне қарай дәл қолданбау дағдыға айнала берсе,

ажары   солғындайды.   Сөйтіп,   судың   да   сұрауы   бар   дегендей,   сөз

мүмкіндігі   шектеледі.   Екіншіден,   әсерлі   реңінен   арылған   мұндай

қолданыстардың   оқырманға,   тыңдаушыға   ыкпалы   айтарлықтай

болмайды.

Сонымен,   бұл   айтылғандар   сөз   мағынасына   мән   берумен   бірге,

олардың   реңіне  де  көңіл  бөліп  отырудың  керектігін  көрсетеді.  Ұлы

көсем В. И. Ленин баспасөз беттерінде сөзді орынды жұмсауға үнемі

жұрт   назарын   аударып,  диктатура,   көтеріліс  тәрізді   мәні   үлкен

сөздерді абайлап қолдану керектігін мұқият ескертіп отырған 

17

.

Келелі   ой,   кең   мазмұнды   сөз   орамдарының   астарында   халықтың



өмірден   түйген   терең   мағыналы   толғамы   жатады.   Кейде   осындай

мазмұнды сөз орамдарын тым «арзан» қолданып жүрген жоқпыз ба

деп, көңілге күдік ұялайды. Әсіресе газет-журнал, радио, телевизия

хабарлары тіліне назар аударсақ, «көшеге асфальт төселсе» де, жаңа

салынған   «шеберхана»,   құс   фермасын   көрсек   те   «елу   жылда   –   ел

жаңа»... деп қолдана береді екенбіз. Шаңырақ көтерді де осы тәрізді.



Бордақылау комплексі шаңырак, көтерді, жаңа цех шаңырақ көтерді деп

әр   жерге   бір   жұмсағандықтан,   бір   кездегі   нәрлі,   әсерлі   сөз   орамы

«атқа   жеңіл   құдашаға»   айналып   барады.   Ондай   сөз   терең

мазмұндылығынан,   нәрлілігінен,   сонылығынан   айрылып,   штамп

тәрізді жағымсыз құбылысқа айналып та кетуі ықтимал.

Сөз   дәлдігі   –   әдеби   тіл   стильдерінің   (көркем   әдебиет,

публицистика,   ғылыми   стиль,   ресми   стиль)   бәріне   бірдей   қажетті

сапа. Дегенмен сөз дәлдігі туралы әңгіме болғанда, бұлардың ішінде

17 Л е н и н  В. И. Шығармалар толық жинағы. т. 11, 197-бет.


зерттеушілердің алдымен ауызға алатыны ғылыми стиль, іс-қағаздар

стилі. Сөз дәлдігі сөйлеу тіліне де катысты.

Мысалды   алыстан   іздемей-ақ   емін-еркін   сөйлеудегі,   өзара

айтылатын әңгімедегі сөз қолданыстарымызды еске түсіріп көрейік:



оқуды қызыл дипломмен бітірді – институтты үздік дипломмен бітірді;

емтиханнан бес алды – емтиханнан үздік баға алды; емтиханнан құлап

қалды – емтиханды тапсыра алмады  т.  б.   Сөйлеу   тіліндегі   осындай

қолданыстың   бірін   дәл,   бірін   дәл   емес   деген   тәрізді   катаң   талап

қойылмайды.   Ал   ресми   қолданыста   (өтініш,   өмірбаян,   түсінік   хат

т.б.) бұл тәрізді еркіндік болмайды.  Оқуды қызыл дипломмен бітірді,



бес   алды,   құлап   қалды  тәрізділер   ресми   тіл   стандартына   тән   емес,

бірақ сөйлеу тіліндегі мұндай еркіндіктің өз жарасымы бар. Немесе

бетпе-бет   сөйлесуде   белгілі   бір   оқу   орындарының,   мекеме,

кәсіпорын атауларын документтегідей толық айтып жатудың орнына



институтқа бардым, мектептен келдім, цехта болдым  деп   ықшамдап

айту да орынды деп есептеледі.

Әдеттегі   сөйлеуде  заман,   кезең,   дәуір  тәрізді   сөздерді   синоним

ретінде   жұмсау   кешірімді   де   көрінеді.   Ал   ғылыми,   ресми   стильде

(жазба   тілде)   бұл   тәрізді   сөздердің   сараланып   қолданылуына   аса

қатаң талап қойылады. Өйткені әр сөздің өзіне тән терминологиялық

мазмұны бар: қазіргі заман – «современность», дәуір – «эпоха», кезең

–  «этап».  Дәуірдің сипаты, дәуірдің  қозғаушы  күші,   дәуірдің  бағыты

дегенді ғылыми тексте заман, немесе кезең деген сөзбен алмастырып

қолдану   –   білместік   болады,   сөз   ондайда   терминологиялық

мазмұнынан айрылады.

Тілде   толып   жатқан   варианттар,   мағыналас   сөздер   бар.   Әдеби

тілдің функционалдық арналарының кейбірінде (сөйлеу тілі, көркем

әдебиет) олар белгілі бір мақсатқа байланысты жарыса қолданылып

та   жатады.   Ресми   қолданыста   олай   емес,   синонимдер   мен   вариант

сөздердің   бірде   анауын,   бірде   мынауын   жұмсау   тым   шектеулі

болады.   Бұл   стильде   тілдегі   әр   түрлі   варианттардың  (Екі   мәрте

Социалистік Еңбек Ері – Екі рет Социалистік Еңбек Ері, Халыққа

тұрмыстық   қызмет   көрсету   орындары   –   Халықтың   тұрмыстық,

қажетін   өтеу   орындары;   Қазақ   ССРінің   еңбек   сіңірген   артисі   –

Қазақ ССР-іне еңбек сіңірген артист т. б.) бәрі бірден қабылданбай,

біреуі   ғана   негізге   алынады  (Екі   мәрте   Социалистік   Еңбек   Ері;



Халыққа   тұрмыстық   қызмет   көрсету   орындары;   Қазақ   ССР-інің

еңбек сіңірген артисі т. б.)

Кей   жағдайларда   терминдік   мәндегі   кейбір   сөздер   тіл

жұмсауымызда   әр   түрлі   қолданылып   жатады: 

«...Саяси

хабарламашылар,  насихатшылар,   үгітшілер,   лекторлар   насихат

жұмыстарын пәрменді жүргізуде», «Бірлестіктің көптеген үгітшілері

мен  саяси   хабаршылары  бұл   күндері   жаппай   үгіт   жұмыстарын


жүргізуде»   (газеттерден).   Бірде  саяси   хабарламашы,  бірде  саяси

хабаршы  болып   әр   түрлі   жұмсалуы   ресми   стильдегі   сөз   дәлдігіне

жатпайды. Бұл, әрине, мұндай сөздерді сұрыптап, дұрысын көрсетіп

отыратын   нормалауыш   сөздіктер,   анықтағыштар   т.  б.   құралдардың

жасалынбай, оқушы қолына тимей жатуына да байланысты.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет