Нұрлан Рахымжанов



Pdf көрінісі
бет10/17
Дата26.01.2017
өлшемі1,85 Mb.
#2739
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   17

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
132 
 

 
133 
Бағалақ 
 
Таманың белді руларының бірі Дәулеткелдіден Дербіс,  Қосым, 
Қошан,  Назар,  Бағалақ,  Сағалақ,  Байеділ  тарайды  деп  айтылады. 
Біздің  бір  атамыздың  аты  Бағалақ.  Бағалақ  Дәулеткелдінің  кенже 
баласы дейтін-ді ертеректе. 
Бағалақ  деген  сөздің  мағынасы  туралы  екі  бірдей  түсінік 
беріледі.  Өзбекстан жеріндегі  қазақтар арасында «бағалақ»  деп  қол 
диірменнің  үстіңгі  тасына  кигізілетін  ағаш  тұтқаны  айтса,  Ақтөбе 
облысының  Ырғыз  ауданында  қол  диірменнің  астыңғы  тасының 
ортасындағы өзектік ағашты айтады. Қалай болғанда да «бағалақ» – 
қол  диірменнің  ағаш  сабы  деген  мағынан  білдіріп  тұрғанын 
байқаймыз. Диірменге күш беретін ағаш. 
Үзікенұлы Көшен ағамыз бірде отырып: 
«Шешем  Жоламанқызы  Шекер  ескіде  болған  айтыстарды, 
болған  уақиғаларды  есіне  түсіріп,  айтып  отырғанды  ұнатушы  еді. 
Осы ауылдың бір ақыны айтыста: 
-
 
Қарағай, Есен, Барақпын, Бес ата болып тараппын,  - деп өзін 
таныстырып еді дейтін. 
Сол  ақынның  кім  екені  есімде  қалмапты.  Менің  ойымша,  ол 
ақынның  бес  ата  деп  отырғаны  -  Бағалақтан  тараған  ұрпақтар: 
Құлшыораз, Барақ, Сыбақ, Есен, Қарағай болар деп топшылаймын», 
- деген еді. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
134 
Сыбақ пен Жанақ 
 
Бағалақтан  тараған  бес  ата  туралы  шежіреші  Қуандықұлы 
Төлежан  атамыз:  «Дәулеткелдіден  Бағалақ  болып  туамыз. 
Бағалақтан  Домбауыл  мен  Оймауыт  туады.  Домбауылдан  ұрпақ 
тарамаған.  Оймауыттан  Тоқсанбай,  Тоқтамыс,  Тоқтыбай  туады. 
Тоқтыбайдан  Сыбақ  пен  Жанақ  туған.  Жанақтан  Есен  мен  Қарағай 
деген  аталар  тарайды.  Сыбақ  деген  атының  ұрпақтары  інісі 
Жанақтың  ұрпақтарымен  еншілес,  солардың  қарауында  қалған.  Ал, 
Тоқсанбайдан  Бигелді,  Бигелдіден  Құлшыораз,  Барақ  батырлар 
туған» деп отыратын. 
Ал,  шежіреші  Бекмағанбет  Тәлкенұлы  өз  зерттеу  еңбегінде 
Жанақтан  Жарғауыт,  Торғауыт  атты  балалардың  да  болғанын 
айтады.
 
Ел  аузындағы  әңгімелерден  ұққанымыздай,  Тоқсанбай  да, 
Тоқтыбай да әділдікті ту етіп ұстаған жандардың қатарында болады. 
Тоқсанбай  кең  пейілді  жан  болады.  Бармын,  жоқпын  демей  өзін 
көңілді ұстаған, барынша қонақжай жан болса керек. Тоқтыбай қолы 
майлы,  жоқтан  бар  жасай  білетін,  мырза  қолды  жан  болған  деседі. 
Тоқтыбайдың  осындай  пейіліне  қарай  бәйбішесі  Дуадақ  та  тура 
сондай  жан  болады.  Дуадақ  Ана  сонымен  бірге  аса  дуалы  ауызды 
кісі  болған  екен.  Бір  сапардан  келгеннен  соң  Тоқтыбай  атамыз 
табысынан екі ұлына үлес береді, «Қанша өмірім қалды дейсің» деп 
еншісін  бөліп  екі  ұлын  екі  отау  етеді.  Үлесті  үшке  бөліп,  біреуін 
өзіне  деп,  қалған  екі  үлесті  Сыбақ  пен  Жанаққа  деп  атайды.  Өзіне 
тиген үлесті кіші баласы Жанақтың қарауына тастайды. Үлкен үйде 
өзі  емес  Жанақтың  қалатындығын  байқап,  әрі  еншінің  екіге  емес 
үшке  бөлінген  нобайына  қарап,  бұл  бөліске  риза  болмай  Сыбақ 
әкесіне: 
- Жасым үлкен, оның үстіне бөлек отан қылып бөлгелі отырсыз. 
Екі  ұлыңыз  екі  түтін  болды.  Үлесті  екіге  бөліңіз.  Жарты  еншім 
қалып барады, - деп наразылық білдіріпті. 
Тоқтыбай  өзіне  келер  қонағын,  бұл  жалғанның  төрінен  көрі 
жуық екендігін айтады. 
-
 
Алланың  берген  жасын  жасармын.  Дегенде  өзімді  жөнелтер 
малды - өз еншім деп алып қалдым, - дегенді қоса айтады. 
Әкесінің айтқанына илана қоймай, еншімді толық бермеді деген 
ойда  ғана  болған  Сыбақ  өзінің  Жанақтан  үлкендігін  айтып,  еншіні 

 
135 
екіге бөлуді қайта қозғайды. Әкесі баласына ренжіп, орнынан тұрып 
жүріп кетеді. Бағанадан бері бақылап, баласының әкесінің шешіміне 
наразы  болып,  боқ  дүние  үшін  бетіне  келгеніне  назалы  болып 
отырған Дуадақ Ана Сыбақтан: 
-  «Адамның  көңілі  – алланың  мүлкі»  деген. Төрінен  көрі жуық 
әкеңнің  жарым  көңілін  еш  етпей  кешірім  сұрап,  ағаттығың  үшін 
аяғына жығыл, - деп талап етеді. 
Қалайда өз ісінің дұрыс екендігін алға тартып, кешірім сұрауға 
көне  қоймай,  орнынан  қозғалмай  отырып  қалған  Сыбаққа  қарап 
ренжіген Дуадақ Ана: 
- Жасың үлкен болса да, жолың үлкен болмайтын бала екенсің, - 
деген екен дейді. 
Осы  уақиғадан  соң  ұзамай  Сыбақ  о  дүниелік  болып  кетеді. 
Артында  Сәдібек  деген  ұлы  қалады,  қара  жамылған  әйелі  қалады. 
Сыбақ  қайтыс  болған  соң,  оның  әйелі  бір  қыр  астында  отырған 
немере қайнысы Барақ батыр ауылына келіп қызмет қылып жүреді. 
Күнделікті  жұмысын  аяқтап,  ауылына  оралып  отырған.  Қайыны 
Жанақ  егелік  ете  қоймағанға  ұқсайды.  Осылай  жүріп  100  күндік 
иданы артқа салып, бірін-бірі түсініскен Барақ пен Сыбақтың жесірі 
тіл  табысып  ұғынысады.  Барақ  атамыз  әмеңгерлік  жолымен 
қосылып, жеңгесіне аяқ салады. Шариғат жолымен қосылады. 
Арада жыл өткен соң шешеміз ұл туып, балаға Қойлыбай деп ат 
қояды. Осы Қойлыбайды жеңгелері Жүзжасар атап кеткен екен. Ал, 
Сыбақтан туған Сәдібек ағасы Жанақтың қолында қалып, Жанақтың 
ұлдары  Есен  мен  Қарағаймен  бірге  өседі.  Сәдібектен  тараған 
ұрпақтар Есен-Қарағай баласы аталып жүр. 
Шешелері  бір  болғандықтан  да  Сыбақ  баласы  Сәдібек  пен 
Барақтан  туған  Қойлыбай-Жүзжасар  да  бірге  туған  ағайынды 
жандар.  Аралары  суып  кетпесін  деп  екі  баланы  жастайынан  қатар 
өсірген  бабаларымыз  соншалықты  кең  де  көреген  болған  екен. 
Шешесі  бір,  нағашысы  бір  балалар  ғой.  Ерден  кетсе  де  елден 
кетпесін деген қағиданы ұстанып, әкесі бөлек, шешесі бір балаларды 
да  бірінен-бірі  алыстатсақ,  сыртқа  тепсек,  сырт  ел  болып  кетеді, 
арамыз  суиды  деп  өздеріне  икемдеп,  теліп  отырғаны  қандай  жөн 
болған. 
Бұл  әңгімені  бір  кездері  ауылдың  құймақұлақ,  көнекөзді 
қариялары  айтып  отыратын  еді  деседі.  Бұл  әңгіме  анық,  қанық 

 
136 
әңгіме. Жүзжасар мен Қойлыбай - бір адам деген әңгіме де қисынға 
келеді. 
Жоғарыдай  айтқанымыздай,  Бағалақтан  Домбауыл  мен 
Оймауыт  туады.  Домбауылдан  ұрпақ  тарамаған.  Оймауыттан 
Тоқсанбай,  Тоқтамыс,  Тоқтыбай  туады.  Тоқтыбайдан  Сыбақ  пен 
Жанақ  туған.  Жанақтан  Есен  мен  Қарағай  деген  аталар  тарайды. 
Жанақтың балалары Есен мен Қарағай мыңғырған жылқы біткен бай 
болады. 
Есен  мен  Қарағайдың  аттары  ерекше  шыққаны  соншалықты 
әкелерінің  атымен  емес,  рудың  аты  ағайынды  екі  жігіттің  атымен 
Есен-Қарағай атанады. 
Саудакенттік әңгімеші әкеміз Дүйсенбаев Амангелді былай деп 
шертеді:  «Ордың  бойынан  көшерде  Дәулеткелді  жұрты  біртіндеп 
жылжыған  уақта,  Жанақтың  екі  баласы  Есен  мен  Қарағай  артта 
қалып  кетіпті.  Есені  дәулетті  кісі  болған,  Қарағайы  батыр  болған, 
Есендей  болмағанымен  өзіне  лайықты  шаруашылығы  болған. 
Көшетін уақытты белгілеп, пәлен уақытта жылжимыз, пәлен жерде 
кездесеміз  десіп  әрқайсысы  өз  ауылына  кетеді.  Уағдаласқан  күні 
Қарағай ауылын көтеріп көшті Сырдың бойына бұрады. Бір-екі күн 
өтеді  жолға  шыққанына.  Артынан  ұзамай  қуып  жетіп,  қосылатын 
ағасы  Есеннен  хабар  жоқ,  ошар  жоқ.  Қарағайдан  маза  кетеді. 
Орыстар келгелі соларға арқа сүйеген башқұрттар қазақ ауылдарына 
шабуыл  жасап,  жылқысын  айдап  кетіп,  адамын  шығын  қылып 
жатқан  жайы  бар  болатын.  Оңаша  шыққан  қыз-қырқыны  болса, 
оларды  алып  кетіп,  күңдікке  сатып,  әйелдікке  алып,  есіріп  тұрған 
кезі  екен.  Оңаша  бас  көтерер  адамы  жоқ  ауылды  майқандап  кетіп 
жатады  екен.  «Ойпырмай,  ағам  ауылы  оңаша  қалып  кетіп, 
башқұрттар  шауып  кетті  ме  екен.  Бүгінге  дейін  келісілген  орынға 
жетсе  керек  еді  ғой»  деп  Қарағай  көшті  тоқтатып,  кездесер 
орынында Есенді бір күн күтіп жатады. 
Арттан шығар шаң болмады, қыбыр көрінбеді. Қарай-қарай көз 
талды, жасаурады. «Сендер мені осында күтіп жата тұрыңдар. Мен 
барайын  Есенге.  Бірдеңе  болды-ау,  әйтпесе,  келер  сәті  болды  ғой» 
деп Қарағай артқа қарай тартып кетеді. Келсе, ағасы Есеннің ауылы 
мамыражай  отыр  дейді.  Қозысы  жамырап,  жылқысы  желіде  тұр 
жайбарақат. Көштің қамы байқалмайтын сыңайлы. Адамы да, малы 
да  жаймашуақ.  «Е,  мына  ағам  мені  алдаған  екен  ғой.  Қарағайдың 

 
137 
малы менің жерімді тарылтпай, көшсе осы көшіп кетсін деген екен 
ғой. Башқұрт шауып кеткенде неғылатын еді» деп ашуға булығады. 
Төбенің  басында  кешкі  әңгімесін  айтып,  шаруасын  бағдарлап 
ауыл  адамдары  тұр  дейді.  Оларға  бұрылмай,  ағасының  үйіне  тік 
салады.  Он  екі қанат  ордасы  анадайдан  айқайлап көрінеді,  әсемдігі 
көз  тартады,  аппақ  шаңқай  үй.  Есеннің  Қыдыр,  Сүгір  деген  жігіт 
болып  қалған  балалары  бар  екен.  «Ақыры  ермейсің,  бауырыңа 
сенбейсің.  Башқұрт  шауып  кеткенше,  өзім  шауып  кетейін»  деп 
қылышын  суырып  алып,  үйдің  маңдайшасындағы  күлдіреуіш 
уықтарды кесе-месе салып өтіпті. Үй ішінен «Ойбай, аттан, аттан!» 
деген  дауыс  шығып  қалады.  «Ойбай,  бұл  қай  әкеңнің...»  деп 
айқайлаған  дауыстары  да  естіледі.  Қыдыр  мен  Сүгір  жүгіре  шықса 
алдарында  теріс  айналып  ағалары  Қарағай  кетіп  барады  екен. 
Қарағайдың  бір  қасиеті  жаугершілікте  де,  басқа  уақытта  да  артына 
бұрылып  бір  қарамай,  тек  алдына  қарап  кете  береді  екен.  Екі  бала 
ағаларын таниды. Төбе басында Есен бастаған ауыл қариялары олар 
да  байқастап  тұр.  Олар  да  «Ойпырмай,  батыр  тегін  келмеді  ғой. 
Бүлдіретін  болды  ғой»  деп  отырған  ғой.  Үлкен  бала  Қыдыр  тұрып 
қалады.  Кіші  бала  Сүгір  босағада  сүйеулі  тұрған  бақанды  ала-мала 
батырдың 
артынан 
ұмтылды 
дейді. 
Қарағайдың 
артына 
бұрылмағаны оң болған екен, бұрылған болса бақан ұстап ұмтылған 
інісінің басын шауып кетер еді. Сол уақытта төбенің басында тұрған 
әкесі  Есен  басын  шайқап,  бармағын  шайнап:  «Ананы  тоқтатыңдар. 
Менен бір қателік болған екен» деп жер шұқып отырып қалған екен. 
Отырып-отырып:  «Сүгірімнің  арты  дұрыс  болмайтын  болды 
ғой, тұқым аз болатын болды» деген екен.  Сол айтқандай Сүгірден 
тұқым  аз  тараған.  «Қарағай  менің  босағамды  шапса,  ырысым 
тасысын  дегені  ғой.  Шаңырағымды  ортаға  түсірсе,  онда  жаулығы 
болар еді» депті дейді Есен сонда тұрып. 
Есен дереу ауылын жинақтап, үйлерді жығып, інісінің артынан 
жөнейді.  Сөйтіп  алдағы көшті  қуып жетіп,  ағайынды  екі  жігіт  Сыр 
бойына  келіп  тоқтаған  екен  деп  Еркінбектің  әкесі  Дүйсенбайұлы 
Назарбай жақсы айтушы еді» дейді. 
Ал, жайылмалық Үзікенұлы Көшен ағай айтады: 
«Есен-Қарағайда  Аманбаев  Рақымжан  деген  қария  болды  ғой. 
Ол  кісіні  өзің  де  көрдің  ғой.  Сол  кісі  соғыстан  кейінгі  қираған 
қалаларды  қалпына  келтіруге  қатысып  қайтқаны  бар.  Сөйтіп,  1948 
жылы  ма  екен,  сол  жақтан  кері  қайтады.  Ресейден  Қазақстанның 

 
138 
жеріне  енген  аумақта  ма  екен,  бір  темір  жол  бекетінен  тоқтап  су 
алады. Жағалап су сатып жүрген балалардан «Бұл қай станция?» деп 
сұрағанда,  бала  айқайлап  «Есен-Қарағай  станциясы»  деген  екен. 
Сонда  Рекең  пойыздан  түсіп  қалғысы  келіп,  менің  осындағы 
туысқандарым ба екен деп, солармен жолығып таныссам ба екен деп 
бір  ойланады.  Пойыздан  түссе  ауылды  тауып  бару  жолын 
таппаймын-ау  деп  ойланып  тұрғанда  пойыз  жүріп  кетеді.  Сонымен 
кейіннен  «Бекер  түсіп  қалмадым-ау.  Түсіп  қалғанда  бауырлармен 
табысатын едік-ау» деп армандайтын еді» деп. 
Аңыздың түбі – ақиқат. Сұрастырып байқасам, ол атпен станция 
таба  алмадым.  Бәлкім,  ол  станцияның  атауы  да  өзгеріп  кеткен 
болар?  Кім  білсін,  сауал  көп,  жауап  әзірге  жоқ.  Оның  үстіне 
Орынборды Қазақ АКСР-інен алып Ресейге қосқанда, бірқатар қазақ 
жері  Ресей  құрамына  еніп  кеткен.  Бәлкім,  ол  станция  да  сол  елдің 
аумағында жатқан шығар. 
Есен  мен  Қарағайлармен  еншілес  болып  Сыбақтың  баласы 
Сәдібек  те  өседі.  Енді,  Есен-Қарағайдан  тараған  ұрпақтар  ішінде  –
Тойлыбай  батыр  Сәдібайұлы;  Күйкентай  әжі  Тілеуқабылұлы; 
Ыдықбай  бай  Түлкібайұлы;  Табылды  батыр  Өтеғұлұлы;  Шошан 
батыр  Өтеғұлұлы;  Хасан  бай  Дүтбайұлы;  Социалистік  Еңбек  Ері 
Сағындық Кенжебайұлы; ел ағасы атанған Назарбай Дүйсенбайұлы; 
шертпе  күйдің  шешені  Сүгір  Әліұлының  досы,  қобызшы  Сәтен 
Таңсықбайұлы;  танкист,  Ұлы  Отан  соғысының  ардагері  Төлеу 
Есмағанбетұлы; Ұлы Отан соғысының ардагері, Жаңатас қаласының 
бір көшесінің атын иеленген Құрақбай Шағырұлы; Сарысу аудандық 
газетін  ұзақ  жылдар  басқарған  танымал  журналист  Еркінбек 
Дүйсенбаев;  Сарысу  аудандық  радиосының  басшысы  Амангелді 
Дүйсенбаев;  Қазақ  КСР  Жоғарғы  Кеңесінің  депутаты  болған 
Бұқарбаева  Шолпан;  Сарысу  аудандық  ветеринария  бөлімінің 
басшысы  Ақылбек  Оспанов;  белгілі  журналист,  «Шалқар»  радиосы 
бас  редакторының  орынбасары,  мемлекеттік  «Дарын»  сыйлығының 
лауреаты Болатбек Төлепбергеновтерді ерекше атар едік. 
 
 
 
 
 
 

 
139 
Құлшыораз батыр 
 
Бақ,  Бұзау  батырлардың  артын  ала  Құлшыораз  батырдың  да 
даңқы  шыға  бастайды.  Құлшыораз  батыр  (жобамен  1685-90  жж. 
туған) туралы Қуандықұлы  Төлежан атамыздан алғаш естіген едім. 
Одан соң Шоламанов Тұрған әкеміз, Дүйсенбек Нәдуұлы, Ысқақұлы 
Құдайберген әкелеріміз бен Үзікенұлы Көшен ағамыздан естідік бұл 
әңгімені. 
-
 
Атыңнан  айналайын,  жұғысқан  жері  құт  болған,  барша 
Таманың атын аспанға асқақтатқан Дәулеткелді руының бір атасын, 
біздің  шыққан  тегімізді  Бағалақ  деп  атайды.  Бағалақтан  Домбауыл 
мен  Оймауыт  туады.  Домбауылдан  ұрпақ  тарамаған.  Оймауыттан 
Тоқсанбай,  Тоқтамыс,  Тоқтыбай  туады.  Тоқтыбайдан  Сыбақ  пен 
Жанақ  туған.  Жанақтан  Есен  мен  Қарағай  деген  аталар  тарайды. 
Тоқтамыстан  ұрпақ  жоқ.  Ал,  Тоқсанбайдан  Бигелді  ата  туады. 
Бигелдіден екі ұл - екі батыр туған.  Үлкені – Құлшыораз да, кішісі – 
Барақ  батыр.  Кешегі  уақытта,  аз  ғана  Бағалақ  балалары  жырылып 
бөлшектеніп  кетпесін,  қалың  Орта  жүздің,  Ұлы  жүздің  ортасында 
жұтылып  кетпесін  деген  оймен  Сыбақтың,  Құлшыораз  батырдың 
аттары  аталмай,  олардың  ұрпақтары  өздерін  ағайындарының 
құрамында аталды. Сыбақ балалары Есен-Қарағай құрамында жүрсе, 
Құлшыораз  балалары  Барақ  баласы  атанып  келді.  Кешегі 
үлкендердің  айтып  кеткен  әңгімесі  төмендегідей,  -  деп  бастайтын 
Төлежан атам. 
-
 
Бұрынғының  қариялары  «Құлшыораз  бен  Барақ  бірге  туып, 
бірге  жүрген  бауырмал  жандар  еді»  деп  әңгіме  қылушы  еді,  -  деп 
бастайтын Тұрған атам. 
-
 
Шешем  Жоламанқызы  Шекер  тамаша  әңгімеші  жан  еді.  Ол 
кісі бұл әңгіменің майын тамыза айтушы еді, - деп бастайды Көшен 
ағам. 
-
 
Әкем  Бүркітбайұлы  Ысқақ  бала  кезімде  айтып  отыратын 
әңгіме еді, - деп бастайтын Құдайберген әкеміз. 
Осы кісілер шертетін әңгімелердің басын қоса айтсақ: 
Бұл  уақытта  біздің  ел  Сырдың  бойын  қыстап,  Електің  бойын 
жайлап жүріп жатады. Құлшыораз батыр жаугершілікке көп жүрген, 
жорыққа жаны кіре ұмтылатын, күші тасып, оң иығын беріп тұрған, 
қай  жағынан  алғанда  батырлығы  асқан  қаһарлы  адам  болған  екен. 
Бір  жорыққа,  я  болмаса  жортуылға  кеткенде,  «Артымдағы  ел  не 

 
140 
болды»  деп  аса  уайымға  салына  қоймайтын  кісі  екен.  Бір  дос-
жараны, яки тамыр-танысы келіп: 
-
 
Бізбен  бірге  жорыққа  жүр,  -  десе  ешқандай  тартынбай, 
«Керқасқа»  атына  мініп  қару-жарағын  асынып,  «Айт,  шу!»  деп 
артына қарайламай жөнеліп кете беретін болған дейді. 
Ауылды,  әйел,  бала-шағасын  інісі  Бараққа  табыстап  бір 
кеткенде мол кетіп, айлап, апталап  жүре беретін болған.  Жорықтан 
келгенінде  мол  тарту-таралғымен  оралатын  болған.  Отбасына, 
шаруашылығына  қарап  қалғаны  үшін  маңайындағы  елге  де,  інісі 
Бараққа  да  алған  олжасынан  үлес  беріп  отырған.  Сондай  бір 
жорықтан келгенінде Барақ інісінен де ағасына сауал болған ғой: 
-
 
Айналайын,  құлдығың  болайын,  аға.  Батырлығыңа,  жау 
жүректігіңе  дауым  жоқ,  таласым  жоқ.  Кім  батырсың  десе,  соның 
батыры  болмай,  ағайын-туыстың  батыры  болшы.  Осындағы  елге 
қорған  болып,  айбаты  болшы.  Елдің  сөзінен  қорықшы.  Үйіңе  еге 
болып, бір тұрақтасаңшы, - деген ғой. 
Оған да сәтінде «мақұл» деп қалатын Құлшыораз: 
-
 
Мұсылман  баласы  болғаннан  соң,  бір  құдайдан  ғана 
қорқамын.  Басқа  ешкімнен  қорықа  қоймаспын,  -  деп  кезекті 
шақырту  келсе  бойын  тіктеп,  атына  мініп,  қаруын  асынып  кете 
баратын болған екен. 
Аса  көп  ашуланбайтын,  көп  сөз  айтпайтын,  айтса  айтқанынан 
кері  қайтпайтын  ағасының  мінезіне  қанық  Барақ  жорыққа  кеткен 
жаужүрек  ағасының  тілеуін  тілеп,  ауылдағы  шаруаны  жайғап  қала 
береді.  Сол  кеткеннен  Құлшыораз  батыр  мол  кетіп,  араға  бес-алты 
айды  салып  бірақ  оралады.  Өзі  кеткенде  әйелі  жерік  екен.  Араға 
жарым жыл салып бірақ келеді. Әйелі туар қалде отырады. Сол күні 
үйде  кім  білсін,  не  ұрыс  болғанын,  батыр  бір  уақытта  ашуланып 
шығып, қайтадан шекпенін киіп, кісесін тағынған екен. 
Сыртқа шыға белдеудегі атқа секіріп мініп: 
-
 
Қайыр-қош,  аман  болыңдар,  -  деп  батысты  бетке  алып 
астындағы  «Керқасқа»  атымен  ауылдан  борбайлата  шауып 
шығыпты. 
Күн  кешке  айналып  қалған  уақыт  еді  дейді.  Ағасының  мінез-
құлқын жақсы білетін Барақ батыр сол маңда жүрген жігіттерге: 
-
 
Ағамның із-өкшесін байқаңдар, - деген екен. 
Түн  болған.  Таң  ата  Құлшыораз  батырдың  із-өкшесіне  түсіп 
қараса,  сол  бетінше  бір-екі  қырдан  асып  барған  екен.  Астындағы 

 
141 
«Керқасқаның»  бауыздап  тастап  кетіпті.  Осыны  жігіттер  ауылға 
келіп айтқанда Барақ: 
-  Ойпырмай,  ашуы  неткен  қатты  еді.  Алысқа  бет  алғанға 
ұқсайды.  Жайықтағы  ағайындарға  аман-есен  жетер  ме  екен. 
Артынан  еріп,  қарап  жүріңдер,  жолда  өзін-өзі  жазым  қылмасын,  - 
дейді. 
Артынан  аңдып,  алыстан  ілесіп  отырған  жігіттер  Құлшыораз 
батырдың  жалғыздан-жалғыз,  жаяу-жалпылап  жол  тартқанын 
байқайды.  Сонда  артынан  ерген  екі  жігіт  оның  жүреді-ау  деген 
жолдарын  бағдарлап,  әр  жерге  азық-түлікке  жарар  тамақтар  мен 
сусын тастап отырған көрінеді. Соны талғажу етіп, Құлшыораз Еділ-
Жайық бойындағы ағайындарға барып, аман-есен қосылды деп араға 
бір  ай  салып  қайтып  келеді.  Құлшыораз  сол  кеткеннен  мол  кетіп, 
ауылға қайтып із салмай кеткен екен дейді атамыз. 
Сыр бойынан екіге айрылған дейді кейбір білеміз дейтін жандар 
әңгімеге түзету енгізіп отырып. 
Ал,  Дүйсенбек  Нәдуұлы  әкеміз:  «Құлшыораз  батыр  жорыққа 
кеткеннен  кері  оралмаған.  Барған  жерінде  үйленіп,  сонда  орнығып 
қалып  кеткен»  дейді.  Бұл  әңгімеде  қисынды.  Батыр,  жанын 
шүберекке  түйіп,  ел  қамы  үшін  ат  үстінде  жүрген  адамның  көңілі 
түскен адамымен тұрақтап батыс өңірде қалғаны да ақиқатқа келеді. 
Құлшыораздың  Сыр  бойында  қалған  әйелі  көп  ұзамай  дүниеге 
ұл  әкеледі.  Денесін  қал  басып  кеткен,  нышаналы  бала  болыпты. 
Атын Бердене қойып, ағасы Барақ өз бауырына салады. Еш нәрсені 
білдірмей, алақанына салып аялап өсіреді. Жеңгелерінің қойған аты 
– Қалдыбай, Қалдыахмет болыпты. 
Елге  Барақтың  баласы  деп  танылып,  солай  дүниеден  өтеді. 
Кейін  өсе  келе,  барлық  оқиғаны  естіген  соң,  әкесінің  Құлшыораз 
батыр  екендігін  білген,  ештеңеден  қағажу  көрсетпей  бағып-қағып 
өсірген ағасы Барақтың қамқорлығына риза болып: 
-
 
Алла алдында да, адам алдында да, мен Барақтың баласымын, 
- деген екен деп шежіреші ақсақалымыз Ыбырайұлы Өмірбек айтып 
отырады екен.
 
Бердене осылай Барақтың баласы болып аталып келеді. Осыған 
қарап, маңайындағы бауырларының балаларын бауырына тартып өз 
балам деп бағып-қағып өсірген Барақ бабамыздың ағайынға қамқор, 
еліне пана болар тұлға екендігі сөзсіз. Біздің Барақ бабамыздың кең 
болған,  ескіліктің  жолын  ұстап  жесірін  жалтақтатпай,  жетімін 

 
142 
жылатпаған  қас  азаматтың  өзі  болған.  Бұл  әңгімені  кейінгіге 
тағылым болсын, өткеннен салауат болсын деп, бұрынғыдан қалған 
сабақты әңгіме ретінде жазып отырғанымды мойындайын. 
Ертеректегі  шалдар  әңгіме  қылғанда  «Құлшыораз  батыр»  атты 
жыр  болған  деседі  екен.  Ол  жырда  «Құлшыораз  деген  батырмын, 
қалмақ  деген  қатынның,  басын  жұтып  жатырмын,  азайтып  кәуір-
кәкірді» деген жолдар ғана есте қалған. Басқа жолдары  бұл күндері 
ұмыт болған. Кім білсін, сырттағы ағайындар арасында бұл жырдың 
толық нұсқасы да болуы. Ол күндерге де  алла сәтін салса жетерміз 
деген үміттемін. 
Рас,  кейіннен  Құлшыораз  батырдың  ұрпақтарынан  бір  хабар 
болған деген сыбыс бар.
 
Ауылда Ырзалықбайдың Мақпалбай деген 
баласы болды. Сол кісі 1930 жылғы төл еді. Сол кісінің  айтуынша, 
бала  кезінде  соғыстың  алдында  бір  мәрте,  соғыстың  артында  бір 
мәрте  Ақтөбе  облысынан  адамдар  келіпті.  Сонда  ауылдағы 
ағайынның  іргесі  сөгілмеген  кезі,  елдің  кіл  тұтқалары  жиналыпты. 
Сондағы  Ақтөбеден  келгендер  –  Құлшыораз  батырдың  ұрпақтары 
болып шыққан екен. Олар үлкен дәмнен кейін әңгіме бастап: 
-
 
Батыстан  келдік,  Ақтөбеден.  Біз  сондағы  Құлшыораз 
батырдың  ұрпақтарымыз.  Осында  Құлшыораздан  тұқым  қалды 
дегеннен  соң  келген  едік.  Біздің  келген  мұратымыз  –  ағайынның 
амандығын білу, әрі тірімізде бір жүрейік, өлсек бір жатайық деген 
ниетпен көшіріп әкету, - депті. 
Ол  кезде  Қабанбайұлы  Оспан  –  колхоздың  төрағасы, 
Шалабайұлы  Түсіп  –  ферма  бастығы,  Шалабайұлы  Қожа  – 
жұмысшылар  кооперациясының  бастығы  екен.  Құлшыораздан 
тараған  тұқымнан  атқа  мінген,  елдің  алдына  шыққан  азаматтар 
баршылық  екен.  Елдің  маңдай  алдысы  болып,  өкімет  те,  халық  та 
үлкен  сенім  артып  отырған  азаматтар  еді  барлығы.  Сонда 
ағайындарын  да  қимай,  мұндағы  елді  де  қимай  ауылдағы  ел 
күмілжіңкіреп  қалған  екен.  Бұл  сапардан  соң  араға  тағы  біраз  жыл 
салып, Ақтөбеліктер қайтара келіпті. 
-
 
Ал, ойланып болсаңдар, көшейік, - депті бауырлар. 
-
 
Сіздер  бізге  ренжімеңіздер.  Осы  жерге  де  бауыр  басып 
қалдық.  Елге  не  дейміз,  ренжісіп,  араздасқан  жоқпыз.  Біршама 
қиындықты  көргенімізбен,  елдің  ниеті  түзу,  ертеңгі  күннен  үміт 
күтіп отыр. Сол елмен бірге өкіметтің қол астында, осы елде жүруге 

 
143 
шештік.  Сіздерге  рахмет,  -  деп  сылап-сипап  жауап  қайырған  екен 
Осекең. 
-
 
Жарайды, ендеше. Қайтып келе алмаспыз. Қайыр қош, - десіп 
Ақтөбелік ағайындар кейін қайтқан деседі. 
Сол кеткеннен Ақтөбелік ағайындар қайта аяқ ізін салмай кетті 
деп  еске  алады  білгілікті  қариялар.  Өткенді  өзгерту,  тарихтың 
доңғалағын  кері  айналдыра  алмайтын,  әр  уақыттың  өз  шындығы 
бар. Құлшыораз батырдың Жайылмадағы балалары бұл күнде өсіп-
өнген іргелі әулет. Ақтөбеде туған балалары туралы басқа білеріміз 
жоқ. 
Жалпы,  тұқымда  даритын  нәрселер  көп  қой.  Әрбір  тұқымның, 
әрбір  атаның  өзінің  сүйекке  сіңді  мінезі,  қанмен  дарыған  мінезі, 
тәлімі  болады  десек,  Құлшыораз  батыр  ұрпақтары  зейінді,  зерек, 
іскер болып келеді. Барақ балалары төбелеске иығын беріп тұратын 
батыр  шалыстау  болса,  Есенқарағай  балалары  ұзын  дауға 
жеткізбейтін,  ұшқыр  ойлы.  Байболат  балалары  ұйымшылдығымен 
ерекшеленеді. Бұзау балалары бауырмал келеді дейді қариялар. 
Бердене  (Қалдыахметтен)  тараған  ұрпақтар  ішінде  –  өз 
дәуірінде  Арқа  елінің  батыры  атанған  Қабанбай  Жанбайұлы,  емші 
Таласбай 
Жалаңтөсұлы, 
көзі 
тірісінде 
аңызға 
айналған 
шаруашылықтың  ірі  қайраткері,  ауылдың  иесі  атанған  Оспан 
Қабанбайұлы,  шежірелік  кестелерді  түзуде  үлкен  еңбек  сіңірген 
Бердекен  Қабанбайұлы;  ауылдың  киесі  атанған  Қожа  Шалабайұлы, 
Бағалақ  елінің  биі  атанған  Нәдірбай  (Нәду)  Тоқбайұлы;  Сарысу 
ауданының  Құрметті  азаматтары  атанған  ағайынды  дәрігерлер 
Дүйсенбек және Несіпбай Нәдуевтер сияқты жайсаңдар бар.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет