Нұрлан Рахымжанов


Абылай хан мен Барақ батырдың достығы



Pdf көрінісі
бет13/17
Дата26.01.2017
өлшемі1,85 Mb.
#2739
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17

Абылай хан мен Барақ батырдың достығы 
 
Осы  арадан  бұл  әңгімені  доғарып,  ары  қарай  екі  саңлақтың  – 
Абылай  мен  Барақ  батырдың  достығын  сипаттайтын  келесі 
әңгімесімен жалғастырсақ. 
-
 
Бұл енді, әкем Бердібекұлы Қуандықтан естіген әңгімем еді, - 
деді Төлежан атам. – Ол кісі аса әңгімешіл емес, былайша айтқанда 
сөзге  жоқ  адам  еді.  Бір  уақыттарда  ағасы  Тіленшіұлы  Тәпелден 
естіген  екен.  Бұл  Абылай  мен  Барақтың  достығы  туралы  әңгіме 
екен. 
Құлшыораз батырдың туған інісі Барақ батырдың жауынгерлігі 
аса мықты адам болған ғой. Бабамыздың өзі қажырлы, қайратты, өте 
бетті,  батыр  тұлғалы,  ұзын  бойлы,  кеуделі,  қабағы  түсіңкі,  сұсты, 
қара сұр түсті адам болған екен. Екі сөйлемейтін тапқырлығы да бар 
екен. Абылай Барақты біршама жорыққа ертіп барып, әртүрлі сынға 
салады.  Бір  күні  екеуара  әңгімелесіп  отырады.  Бұл  Абылайдың 
отыздан  асқан,  Барақ  батырдың  елуге  келіп  қалған  кезі  еді  дейді. 
Содан Абылай отырып шау тартқан Барақ батырдан: 

 
164 
- Сен осы Кіші жүздің қайсысың, - деп сұрапты. 
-  Кіші  жүз,  Тамамын.  Таманың  өзі  Әліп,  Жөгі  деген  атадан 
тұрады. Соның Әліп атасынан шыққан Дәулеткелді Барақ деген мен 
боламын, - дейді Барақ Абылайға басын иіп. 
Сонда Абылай Барақ батырға түсін жылытып: 
- Иә, болсаң – боларсың. Өміріміз жортуылмен, жорықпен өткен 
соң,  баршамыз  қазақ  баласымыз  десіп,  кейде  достығымызды, 
ұрандастығымызды  көңілімізге  медет  қылып,  қай  елдің  баласысың 
деп  сұраспайды  да  екенбіз.  Сұраған  күннің  өзінде  барлығында 
жадымызда  ұстай  бермейтініміз  тағы  да  бар.  Біздің  негізгі 
өміріміздің  өзі  ылғи-ақ  жортуылмен  өтіп  келеді.  Міндетіміз  –  елге 
басшылық  ету,  ел  арасының  бірлігін,  ынтымағын  қалыпқа  келтіру. 
Сенің де осы іске атсалысқаныңды қалаймын,  - деп Барақ батырды 
қасына ертіп алған екен. 
Барақ өзінің қалтқысыз қызметімен, тапсырылған тапсырманың 
уақытылы  орындауымен,  артық  қимыл,  артық  сөзге  бармайтын 
тындырымдылығымен Абылай сұлтанның сенімінен шыққан екен. 
-  Ал,  бауырым  Барақ!  Бір  жүріп,  бір  тұрайық.  Дос  болайық,  - 
дейді  Абылай  қолқа  салып.  –  Менің  қол  астымда  бол.  Қолбасшы 
боласың. Менің айтқан тапсырмамды мүлтіксіз орындау – тек сенің 
қолыңнан келеді, - деген екен. 
Абылай қасына нөкерлерін қосып беріп, талай бір қиын істерге 
жұмсаған  екен.  Барақ  батыр  Абылайдың  тапсырмасын  ылғи  да 
мүлтіксіз орындап келіп жүреді. Кейіннен Абылай хан атанып, бүкіл 
қазақтың  ханы  болды.  Бұл  кезде  де  мосқал  тартқан,  қарттық 
ауылына бет түзеген Барақ батырды қасынан тастамай ертіп жүреді 
екен. Тағы да бір елдің тыныштығы жолындағы, ағайынның бірлігі 
турасындағы  түйткілді,  түйінді қиын  іске  бой  салдырып  араласуын 
тапсырып  Барақты  жұмсайды.  Ханның  досы,  қимас  жаны  болып 
саналған  батыр  төре  ауылына  ғана  тән  осы  жұмысты  абыроймен, 
ыждақаттылықпен  орындап  келеді.  Абылай  бұл  іске  ерекше  мән 
беріп, Барақтың қалтқысыз қызметіне зор баға береді. 
Хан ордасында отырған бір отырыста Абылай хан былай деген 
екен: 
-  Қазақ  сахарасында  талай  азаматтармен  бірге  жүріп-тұрдық 
қой. Атымның шығуына талай азаматтар еңбек сіңірді. Соның бірі – 
мына  отырған  қараша  кісі.  Бұның  аты  –  Барақ.  Менің  сенімімнен 
шығып, айрылмас дос болған едік. Тағы да қайталап айтайын. Менің 

 
165 
андам  –  осы  кісі.  Достығымызға  осы  отырған  ел  куә  болсын,  -  деп 
екеуі кеуделерін жалаңаштап шешініп, ел алдында төс қағысып, бір-
бірінен жан аяспайтын дос болғандығын танытқан екен дейді. 
Анда  деп  –  туыстығы  жоқ  екі  қимас  жанның  бірін-бірі  бауыр 
санап,  әріде  бір  жүргісі  келсе,  саусағының  ұшын,  болмаса  білегін 
кесіп қан шығарып, оны сүтке немесе қымызға қосып ішіп, қанымыз 
қосылған жанбыз, бұдан былай туыспыз десуін айтады. Абылай мен 
Барақ осындай анда еді десетін. 
Хан киініп орнына отырған соң, Барақ батырға батасын береді: 
-  Ей,  Қара  Барақ!  Қарқаралы  қыздай  –  Барақсың-ау,  сен!  Хан 
жоқ  жерде  –  хан  Барақ  болуға  лайықсың-ау,  сен!  Хан  бар  жерде, 
қарқаралы қыздай болатын-ақ адамсың сен. Қаладым сені, бақыттың 
шылауына ілік, азаматым! Аллаһуакпар, - деп бетін сипаған екен. 
Осыдан  соң  хан  батырға  достығымыздың  мысалы,  нұсқасы 
болсын  деп  бірталай  әңгімелер  айтады.  Әңгімесі  аяқталған  соң, 
шамалы ойланып отырып хан былай дейді: 
-  Сен  маған  ұнадың.  Кейінгі  ұрпақтарға  сабақ  болсын.  Ұнат-
қанымның белгісі болсын, мен саған бір сый жасайын, - деген екен. 
-  Тақсыр,  мен  не  істесем  де,  сізден  сый  дәметіп  істемедім,  - 
дейді Барақ ханға қарап. 
-  Неғыласың,  сен  сұрамағаныңмен,  мен  ұсынғаннан  соң,  -  деп 
Абылай есік жаққа қарапты. 
Есіктен  кірген  екі  қызметші  Барақ  батырдың  алдына  сүтке 
малып  алғандай,  екі бірдей  аппақ күшік  алып  келеді. Тырнағы  мен 
башайына  дейін  аппақ.  Аппақ  денелерінде  тек  тұмсықтары  мен 
көздері ғана мөлдей қап-қара екен. Бірінен-бірі өтіп жұтынып тұр. 
Содан соң назарын екі күшікке аударып: 
-  Мен  достықтың  нышаны  болсын  деп,  осы  екеуін  сыйға 
тартайын  деп  отырмын.  Мына  екі  күшік  италақаз  (кейбіреулер  – 
сарыалақаз деп те атайды) деген қара-ала құстың балапаны болады. 
Бұл  италақаздың  тұмса  тууы  кезінде,  алғашқы  басып  шыққан 
жұмыртқасынан құмай тазы туады. Өзі ұяға емес, елсіз жердегі іннің 
ішіне, қасқырдың немесе аюдың ескі апандарына, я болмаса таудың 
үңгірлеріне  балапандайды.  Өзі  жылына  екі-ақ  жұмыртқа  салады, 
соның бірінен күшік шығады екен. Бір италақаз өмірінде бір-ақ рет 
күшіктейді.  Егер  де  италақаз  қай  жұмыртқадан  күшік  шығарын 
білсе,  енесі  оны  уыз  күйінде  жарып  тастайды.  Егер  жара  алмаса, 
қабыршықтан  шыққан  күшік  көзін  аша  салысымен-ақ  аңға 

 
166 
ұмтылады.  Әрі  жүйрік,  әрі  күшті  болғандықтан  арыстан, 
жолбарыстан бастап алмайтын аң болмайды дейді. Соны естігеннен 
соң саяткерлерімді бір жыл аңдытып алған күшіктер еді. Қазір бұлар 
жасқа  толды.  Мынасының  аты  –  Ұшар.  Мынаның  аты  –  Сұңқар. 
Ұшар  –  қанаты  барды  алады,  жерден  көтерілгенше.  Сұңқар  – 
тұяқтыны алады, тұяғын сермегенше. Айрықша қасиеттерін таныған 
соң,  аттарын  осылай  қойып  едім. Менің  саған  деген  ықыласымның 
белгісі – жасалып отырған осы тартуым болсын, - деген екен. 
Барақ  батыр  ханның  бұл  сыйлығын  қабыл  алып,  осы  екі 
құмаймен  талай  мәрте  аңға  шығып,  қанжығасын  қандаған  екен. 
Кейіннен  пенделік  шіркін  қалған  ба,  өзі  сыйға  тартқан  Ұшар  мен 
Сұңқардың  толысқан  шағында  алдынан  қашқан  аңды  жібермейтін 
қасиетін естіп те, көріп те жүрген Абылай хан «Бір мәрте аңға алып 
шығайын»  деп  адам  жіберіп,  екі  құмайды  Барақ  батырдан  сұратып 
алдырады.  Құмайлардың  жүйріктігіне,  алғырлығына  қызыққан  хан 
оларды  иесіне  қайтара  қоймайды.  Барақ  батыр  мен  ханның  арасы 
басқа  да  себептер  болды  ма  екен,  біртіндеп  суи  береді.  Бізге 
беймағлұм  себептермен,  көңілі  суыған  Барақ  батыр  ханның 
ауылынан  жырылып  көшіп  кеткен  екен,  -  деп  Төлежан  атам 
әңгімесін аяқтаған еді. 
Ол  уақыттарда  елдің  бетіне  қараған  жандарының  табиғатқа 
жақындығы  ма,  кім  білсін,  жүйрік  міну,  ит  жүгірту,  құс  салу, 
тәуіпшілік  қылу  секілді  қасиеттері  мол  болғанға  ұқсайды.  Бәлкім, 
таза  табиғат  аясында  жүріп,  небір  ұшқыр  ойларға  шомуы,  небір 
жағдайларға  ұшырасуы,  жаратушымен  іштей  күбірлесуі  көп 
болғандықтан да шығар. 
Махмұд  Қашқаридің  сөздігінде  кездесетіндей,  кәрі  бүркіттің 
жұмыртқасынан  шыққан  күшікті  барақ  (бізше  құмай)  дейді.  Сол 
барақты Барақ батырға сыйға тартуы – бұл да қызғылықты, ізгілікті 
жағдай секілденеді де тұрады. 
Әңгіме ауанымен отырып, Төлежан атама: 
-
 
Біздің  тарихта  Барақ  аттас  адамдар  көп  қой.  Біздің  Барақ 
батырдың  әңгімелерін  басқа  аттас  батырлар  иемденіп  кеткенін 
бәріміз  де  біліп-ақ  отырмыз.  Шамамыз  жетіп,  дәлелдей  алатын 
әңгімеміз бар ма? Мен білетін Барақ батырлардың саны көп. Ақорда 
ханы  Барақ  хан,  Самарқан  ханы  Барақ  хан,  Солтабайұлы  Барақ 
сұлтан,  Көкжал  Барақ  Тұрсынұлы,  Көкжарлы  Барақ,  Түкті  Жалды 
Барақ, Асау Барақ, Барақ төре, Жағалбайлы Құтпанай Барақ. Жалпы 

 
167 
Барақ есімін иеленген батырлар саны он-он бірге барып жығылады 
деседі,  -  деп,  Барақ  аттас  хандар  мен  сұлтандарды,  батырлар  мен 
жандарды айта бастағанымда, ол кісі ойланып отырып: 
-
 
Жә, Барақ атымен аталатын жандардың санын бізге ешкім де 
санатып, санақ жүргіздірте қоймас. Ел болғаннан соң аттас адамдар, 
түр-нобайы  ұқсас  жандар  бола  берері  хақ.  Оны  әңгіме  қылуға  да 
тұрмас. Ал, енді Барақ батыр дегенге келсек, талас-тартыстың орын 
алуы әбден бек мүмкін. Қазір ол заманға барып келген, куәлік алып 
келген  жан  жоқ.  Бұрынғы  әңгімеші  аталардың,  шежіреші 
қариялардың  ізін  алып  жүрген,  сөзін  бағып,  аузын  аңдыған 
құймақұлақ  даналар  жоқ  болып,  тарихымыз  тас-талқан  болып 
жоғалды.  Шежіренің  уызы  құмға  құйылып  сіңіп  кетті.  Уыздан 
қалған  ашқылтым  дәмі  бар,  дегенде  бойында  құнары  да  жоқ  емес, 
толық  сұйық  деуге  ауыз  бармайтын,  қою  десең  көңілің  қанбайтын 
шежіреміз  қалды.  Барға  қанағат,  жоққа  салауат!  Барақтың 
батырлығына,  оның  ерен  ерліктердің  иесі  болғандығына  ешкім  де 
таласа  алмас.  Рас,  ортамыздан  уағында  көңіліне  құйып  алар, 
қағазына  түсіріп  алар  адамның  тумағаны  өкінішті.  Барақтың 
абыройын асқақтатқан Орақбайдың Құтжан деген алғыр ұлы болды. 
Көзіміз  көрді,  көлеңкесінде  жүрдік.  Сол  кісі  бір  жылдары  «Біздің 
Барақ  батырдың  сүйегін  тауыпты.  Әңгімесін  иеленіп  кетіпті»  деп 
біреулердің  үстінен  арыз  айтып,  жоғарыға  хат  та  жазып  жүрді. 
Онысынан  түк  шықпады.  Бұрын  жазған,  жарыққа  шығарған  еге 
болып  кетті.  Әңгімеге  біздің  де  бар  таласымыз.  Барымызды, 
ойымызда,  көңіліміздің  түкпірінде  жүрген  қиссаларды  шығарайық. 
Көңіліміздің  шерін  тарқатайық.  Ал,  балам,  өзіңнің  білгеніңді  айта 
бер, - деп Төлежан атам кестелі де дестелі, әр сөзі бір кітапқа азық 
болар сөздерімен жөн сілтеп, ақылын қосып отырар еді. 
Бірде отырып Төлежан атама Барақ батыр туралы әңгімелерде, 
оның 
Абылай 
ханнан 
жиырма 
жастай 
үлкен 
екендігі 
айтылатындығын  айтып,  «Абылай  1713  жылы  туған,  біздің  Барақ 
бабамыз 1693 жылы туған болуы мүмкін бе» деген сауал қойдым. Ол 
кісі «Бек мүмкін» деп жауап берді. «Ол Абылаймен бірге жорықтас 
болатын  болса,  Абылайдың  хан  атанған  уағында  елуді  еңсерген 
жанның  ат  үстінде  отырып,  қан  майданға  кірмеген  болар.  Елуді 
еңсерген адам, ханның кеңесшісі болып қатысқан шығар» дегенімде: 
-
 
Жо-жоқ,  -  деді  Төлежан  атам.  –  Бізге  белгілісі  Барақ 
атамыздың  Сырдың  бойына  ертерек  келгендігі  мен  Қаратаудың 

 
168 
Теріскейін  жайлағаны  ғой.  Ендеше,  Бетпақты  жайлау  еткені, 
Теріскейді  қыстау  еткені  жобаға  келеді  емес  пе.  Ал,  елуден  асқан 
жанның  соғысқа  кіре  алмайды  дегеніңе  келісе  алмаспын. 
Айдарбалта  Бесекбайдың  бір  баласы  Болатбек  әжі  деген  болған. 
Әжінің  Кенжеғұл  деген  баласы  болған.  Кенжеғұл  деген  кеңес 
өкіметі уағында барлық қиындықты көрген, бірақ ешбір мойымаған, 
мүжілмеген  адам.  Тоқсан  жетісінде  қайтыс  болды.  Тоқсан  үшіне 
дейін  атқа  қарғып  мініп,  тірліктен  қалмаған.  Қысы-жазы  атпен 
жүретін адам. Суықта тоңбайтын, ыстықта шөлге мойымайтын. Осы 
кісілер заманында туып, жорыққа қатысса ол да батыр атанатын-ақ 
кісі болатын. Тоқсан үшінде атқа қарғып міне беретін дедім ғой. Ал, 
ондай сүйегі асыл адамдар көп қой өмірде. Біздің, бабамыз Барақтың 
ондай  ірілікке  бармағанына  кім  кепіл?!  Ертеректегі  көнекөз 
қариялар  бұл  әңгімелерді  айтқанда,  ойынан  шығарып,  «Түсімде 
көріп  едім,  осындай  іс  болған  екен»  демеген  шығар.  Олар  осылай 
айтқандықтан,  саған  да  тап  солай  деп  жеткізіп  отырмыз,  -  деген 
болатын. 
 
 
Барақ әңгімесін кімдер еншілеп жүр 
 
Жайылмалық  Орақбайұлы  Орынбасар  әкеміздің  айтуынша: 
«1958-1959  жылдардың  жобасы  болу  керек,  республикалық 
«Мәдениет және тұрмыс» журналында «Барақ батыр» атты материал 
жарық  көреді.  Мақаланың  қасында  шашақты  найзаның  суреті  бар-
тұғын. Соны оқыған тәтем (Орақбайұлы Құтжан) ашуланып: 
-
 
Оттапты,  бұл  олардың  –  Барағы  емес,  біздің  Барақ.  Қара 
бұларды,  біреудің  батырына  еге  бола  қалуын,  -  деп  шат-шәлекей 
болды. 
Барақтың  Байдәулетінің  Қозыбақ  деген  баласы  болған,  асықты 
жілігі  бір  метрге  жуық.  Жаңағы  материалда  соны  жаңағы  –  Барақ 
батырдыке деп жазған екен. 
-
 
Езуін  жырып  кетеді.  Ол  –  Қозыбақ  батырдыке.  Қозыбақтай 
үлкен  адам  болған  жоқ.  Асықты  жілігі  бір  метр  болған.  Сен  сонда 
оның  бойы  қанша  болғанын  шамалай  бер,  -  деп  отыра  қалып 
«Мәдениет  және  тұрмыс»  журналына  наразылық  хатын  жазып 
жолдаған еді. 
Бірақ, осы хатқа редакция тарапынан жауап келген жоқ дейді. 

 
169 
Осыған  ұқсас  әңгімені  Оңдыбайұлы  Ордабек  әкей  де  айтып 
отырғанын естіген едім. Сондай-ақ, осы тақылеттес әңгімені қозғап 
отырғанымда ағам, Үзікенұлы Көшен: 
-
 
«1972  жылдың  желтоқсанында  өзіміздің  Дүйсенов  Сайлау 
Серікұлы  ағамыз  қайынжұртына,  Қарағанды  облысының  Киевка 
ауылына  есік  ашып  барды,  -  деп  келесі  бір  әңгіменің  шетін 
шығарды. – Сонда барған құдалыққа барған адамдардың құрамында 
жаңадан әскерден ауылға оралған мені де ерте барды. Үлкеніміз деп 
Шоламанов  Тұрған  ағайды  жол  бастатып  алып  бардық.  Сол  үйде 
отырғанымызда  Шәрбан  жеңгеміздің  сексенді  алқымдаған  нағашы 
атасы  отыр  екен.  Бізден  «Қай  елдің  баласысыңдар»  деп  сұрап 
отырды. Біз «Таманың Дәулеткелді деген еліміз. Оның ішінде Барақ 
деген  ел  боламыз»  дедік.  Сонда  ол  кісі күліп,  қасында  отырған  бір 
денелі,  қабағы  түксиген  жиені  отыр  екен,  соның  арқасынан  қағып 
қойып: 
-
 
Е, Барақ батырдың тұқымы екенсіңдер ғой. Дәулеткелді Барақ 
батыр  астына  «Көкшолақ»  атын  мініп  қасына  жігіт-пігіт  ертпей, 
жеке-дара  жүретін,  жортуылға  жалғыз-жарым  баратын  ержүрек, 
батыл  да  айбатты  адам  екен.  Үйір-үйір  жылқысы  болыпты. 
Жылқысы түгелдей «Көкшолақ» айғырдың тұқымы екен. Сол түстес 
болады.  Қолында  өрген  дойыр  қамшысы  болады.  Қарсы  келген 
жанды  бір  ұрғанда  сеспей  қатыратын  болған.  Қашқан  қасқырды 
қуып  жетіп,  қамшысымен  тартып  келіп  жібергенде,  қасқырдың 
қабырғалары қаусап, омыртқасы сөгіліп кетеді екен. Найза, айбалта, 
сойыл  ұстауды  сүймеген  көрінеді.  Жасы  келіп  қалған  кезінде  өз 
бетінше  кетіп  бара  жатқан  Барақ  батырдың  астындағы  атын 
олжалағысы  келді  ме,  әлде  бір  басқа  себебі  болды  ма,  кім  білсін, 
мына  менің  жиендерімнің  үлкен  аталары  (Ол  кісі  атын  атап  еді, 
ұмытып  қалыппын.  Жаңағы  қасындағы  жиенінің  аталары  екен 
айтып отырғаны) елдің «Тиіспе. Оңбай қаласың» дегенін тыңдамай 
ту  сыртынан  шабуыл  жасайды.  Сонда  Барақ  қолындағы 
қамшысымен бір-ақ ұрған екен, ана кісі аттан ошарыла құлап, сұлап 
жатып қалыпты. Ел кінәсін біліп ештеңе дей алмайды Бараққа. Ана 
кісі,  мына  менің  жиендерінің  атасы  содан  қайта  тұра  алмай  жатып 
қайтыс  болған  екен.  Сонда  Барақ  батыр  қамшысыны  өріміне 
қорғасын қосып өреді деп бұрынғылар айтып отыратын, - деп әңгіме 
айтты. 

 
170 
Содан  біз  отырып:  «Ой,  қария-ай,  бекер-ақ  айттыңыз  ғой. 
Атамыздың  кегін  қайырамыз  деп  жиендеріңіз  бізден  есе  қайырмақ 
болып сабап жіберсе қайтеміз» деп күліп жатыр едік, Тұрған ағай ол 
кезде  жас,  қызу  қанды  кезі,  орнынан  көйлегін  шешіп  атып  тұрды. 
«Кім  бізге  тиісетін,  қайсысы?!  Көрейін  ол  неменің  әуселесін»  деп 
адырайып шыға келгені», - деп бір күлдіріп еді. 
Сол құдалық сапарынан келгеннен соң, Орақбайұлы Құтжанның 
қолында жаңадан шыққан «Мәдениет және тұрмыс» журналын алып 
келіп:  «Әне,  ел  біледі.  Мыналарды  көрмеймісің,  біздің  Барақтың 
әңгімесін  егеленіп  кетіпті»  деп,  біреулердің  атын  атап,  жазылған 
мақаланы оқып ыза бола сөйлегені есінде қалған екен», - деген еді. 
«Бұл  да  бір  зерттеуді  қажет  ететін  нәрсе!»  деп  түйдім  мен 
ішімнен. 
2011 жылдың тамызында Жайылмадан Алматыға табан астында 
сапар шектім, тек қана осы мақалаға орай.  Ауылдан шықпас бұрын 
Төлежанұлы Оразай ағама телефон соғып, барғаннан кейін мені қала 
ішінде баратын жерлеріме жол бастап баруын өтіндім. Ол кісінің ке-
лісімін алғаннан соң, Қалдыбек бауырым машинасымен әкеліп ауыл 
сыртындағы 
жол 
бойынан 
«Кентау-Алматы» 
бағытындағы 
автобусты  тоқтатып  мінгізіп  жіберді.  Ертеңіне  таң  ата  Алматыда 
болдым.  Оразай  ағайдың  үйінен  таңғы  асты  ішіп  алғаннан  соң 
Қазақстан  Жазушылар  Одағын  бетке  алып  жүріп  кеттік.  Онда 
Жазушылар Одағы төрағасының бірінші орынбасары Берік Шаханов 
әкеміздің қабылдауына келдік. Ол кісімен біршама әңгімелесіп, пікір 
алмастық.  Содан  соң  ол  кісі  Ұлттық  кітапхананың  Қытай  әдебиеті 
бөлімінің  меңгерушісі  Гүлнар  Халықова  апайға  телефон  соғып, 
барған  адамдарға  жәрдемдесуін  өтінді.  Ол  кісімен  қоштасып 
шыққаннан  соң,  «Қазақстан»  телерадио  компаниясына  келіп, 
ауылдың тумасы, «Шалқар» радиосы бас редакторының орынбасары 
Болатбек  Төлепбергеновтің  қабылдауына  келдік.  Ол  да  бұл 
әңгімеден  хабардар  болды.  Бұрынғы  «Мәдениет  және  тұрмыс», 
қазіргі «Парасат» журналы редакциясындағы өзі танитын жандарды 
іздестіріп,  таба  алмады.  Содан  соң  ол  да  Ұлттық  кітапханаға 
телефон соғып, көмек беруін сұрады. 
Сонымен  Ұлттық  кітапханаға  да  бас  сұқтық.  Гүлнар 
Халықованың кабинетіне тіке тарттық. Ол кісі бізді жетелей әкеліп, 
осындағы  қызметкерлерге  табыстады.  Іздегеніміз  оңайшылықпен 
табыла  қоймады.  Екі  күн  отырдық  Оразай  екеуіміз.  Жазушылар 

 
171 
Одағы  тарапынан  келген  жандар  есебінде  бір  күнде  әр  адамға  бес 
қана  тапсырыс  қабылдайтын  кітапхана  қызметкерлері  біздің 
әрбірімізден  30-дан  аса  тапсырыс  қабылдады.  Әрең  дегенде  1971 
жылғы  №5  санынан  Сәйділ  Талжанов  деген  кісінің  «Барақ  батыр» 
атты мақаласын тапқандай болдық. 
Ондағы  мақала  Найман  елінің  төресі,  Барақ  сұлтан 
Солтабайұлы  туралы  жазылған.  Бірақ,  онда  жазылған  әңгіменің 
біреуі төмендегі біз ұсынып отырған келесі әңгіменің өте бір тамаша 
жазылған  нұсқасы  болып  табылады.  Бізде  Ағатай  батыр  десе,  онда 
Шұбыртпалы  Ағыбай  батыр  дейді  және  Барақ  батырды  «үстінде 
қара  құлын  жарғағы  бар,  басына  түлкі  тымақ  киген,  аяғында 
қонышы  ұзын  қима  тақа  қара  етігі  бар,  кер  жорға  атқа  мінген  жас 
жігіт»  деп  суреттейді.  Оның  Кенесары  жасағына  қосылмай  қалған 
жан екендігі әдемі суреттелген. 
Жамбыл  облысы,  Талас  ауданы,  Үшарал  ауылында  тұратын 
Әбілхалық Кәдірсізұлы ағамыз: «Есімде жоқ, 1957-1959 жылдары ма 
екен, «Барақ батыр туралы зерттеп жүрмін» деп бір жас жігіт келіп 
еді. Қариялар бар-тұғын ол кезде. 
-
 
Барақ батыр туралы, осы сіздер не білесіздер? Қандай тарихи 
жәдігер бар, - деп келген. 
Өзіміздің  Барақтың  ұрпағы,  Үсенбайұлы  Әби  ол  жігітке  біраз 
мағлұмат  айтты.  Бірақ,  осы  аяқсыз  қалып  кетті.  Ол  кісіні  біз  тәте 
дейтінбіз.  Тәтем  сол  жігіттің  мекен-жайын,  телефондарын  алып 
қалған ба, қайдам, бір күні отырып:  
-
 
Біздің Барақ батыр – оның іздеп жүрген Барақ батыры болмай 
шықты.  Өз  Барағы  туралы  бірдеңе  жазып  жүр  екен.  Барақ  аттас 
адамдар дүниеде көп екен ғой, - деді. 
Сол  әңгімені  сұраған  жігіт  кім  екенін  ежіктеп  сұрамаппыз» 
деген еді.
 
Бәлкім,  осындай  зерттеп  жүрген  жандар  біздің  бабамыздың 
әңгімелерін өз аталарына теліп алып кетті ме, кім білсін?! Төреші – 
өзіңіз,  оқырман!  Сол  уақыттағы  біздің  елдің  адамдары  неге 
ашуланды? Аса ашуланатындай ол әңгіме қандай еді? 
 
Таманың батыры бар - Барақ деген! 
 
Шоламанов  Тұрған,  Оңдыбайұлы  Ордабек  әкелеріміз  шертетін 
Барақ  бабамыз  жайлы  әңгіме  былай  шертіледі.  Тұрекең  «Ертеде 

 
172 
елдің  үлкен  әңгімеші  қарттары  отырып  ескілікті  әңгімелерді 
шертуші  еді.  Жаспын,  құлағым  әңгімеге  түрік  жүреді.  Естігенім 
санамда жатталып, тасқа басылған кітаптай басылып қалады. Барақ 
бабамыз туралы бір әңгіме былай шертілуші еді» деп бастайтын. 
Ал,  Ордекең:  «1962  жылы  Ордабасыдан  Жайылмаға  келе 
жатқан едім. Шолаққорғанда бір көлікке міндім. Өзін Аташал елінің 
баласымын  деп  таныстырған  кісі,  есімі  Кенжеғұл  екендігін  айтып 
мені  әңгімеге  тартып  отырды.  Әңгімеге  үйірлеу,  кәріқұлақтау  жан 
екен. Барған жерінде көшедеге ойын балаларынан: 
-
 
Қай  үйде  шал  бар?  Ішіндегі  ең  кәрісі  қайсысы,  -  деп  сұрап 
алып, сол үйге барып қонады екен. 
Түнімен сол шалдың әңгімесін тыңдап шығады. Сол әңгімелерді 
қорытып,  елге  таратқанды  ұнатқан  кісі  екен  бұл  Кенжеғұл. 
Шолаққорған жағына барып, Байқадамға (қазіргі Саудакент ауылы) 
қайтып  келе  жатқан  беті  екен.  «Тәкінің  талына»  жеткенше,  бірді-
екілі әңгіме айтып еді. Соның біреуі  – төмендегі әңгіме еді. «Барақ 
болсаң,  атаң  туралы  айтып  берейін»  деген  еді,  -  деп  бастаған 
әңгіменің  тарихпен  байланыстыра  айтқанда  ұзын-жырғасы 
төмендегідей: 
-
 
Абылайдың жасы алпысқа келгенінде Әбілмәмбеттің орынына 
хан сайланып, жаңадан таққа отырып, ел алдына шыққан кезі екен. 
Ескілікті  кісілердің  айтуына  қарағанда,  Абылай  ханның  көп  өмірі 
мына  Шу  өңірінде  өткенге  ұқсайды.  «Ел  қорғайтын  батырдан  кім 
бар»  деп  түгендеп,  Шу  өзені  мен  Сарысу  өзені  барып  құятын 
Телікөлдің  басында  бір  үлкен  келелі  жиын  өткізбекші  болып, 
батырларын жинаған екен... – деп басталатын. 
«Телікөл»  дегенде  бүйрегім  бүлк  ете  түседі.  Түспегенде,  бұл 
біздің  елдің  тарихын  дәріптейтін,  тереңнен  қозғайтын  қасиетті 
мекеніміздің  бірі.  Осындай  мекеннің  бірі  –  Сыр  бойы,  Елек,  Ор, 
Еділ, Жайық бойлары, Жетіқоңыр, Қаратау. 
Осы  жиын  туралы  Ілияс  Есенберлин  өзінің  «Жанталас» 
романында.  «Иә,  Телікөлдің  жағасына  жиналған  үш  жүздің  «игі 
жақсылары»  оны  «Үлкен  Орда»  ханы  етіп ақ  кигізге  көтерген.  Рас, 
бұл  жиынға  Ұлы  жүз  бен  Кіші  жүздің  көп  руларының  басты 
адамдары келмей қалды» деп жазған да. 
Сүлеймен Тәбірізұлы өзінің «Созақ өңірі» атты кітабында: «Үш 
жүздің басын біріктіріп, жоңғарларға қарсы ұйымдастыруда Абылай 
хан  ерекше  көзге  түсті.  Абылай  жайлы  тарихи  деректемелердің 

 
173 
айтуына  қарағанда  ол  қажырлы,  қаһарман,  батыл  қолбасшы,  шебер 
ұйымдастырушы,  дарынды  дипломат,  ақылды  және  айлалы,  өз 
отанын,  өз  халқын  сүйген  қажырлы  қайраткер  болған.  Міне,  осы 
атақты  Абылай  ханның  да  көп  өмірі  осы  Шу  өңірінде  өткенге 
ұқсайды.  Уақытында  Шу  өзені  құйған  «Телікөлдің»  бойында 
Абылай  үш  жүздің  басын  қосып  ұлы  жорық  жайлы  кеңес  өткізген 
екен» дейді. 
Әңгімені ары қарай жалғасақ, жиын басталар алдында «Өзіңізге 
қарасты барша батыр жиналды. Бір ғана батырыңыз келмей қалды» 
депті кеңесшілері. 
- Ол кім? – дегенінде, сол жерде тұрғандар: 
- Бетпақтың даласын мекен еткен Таманың Барақ деген батыры 
бар.  Сол  ғана  келген  жоқ,  -  десіпті.  –  Астында  «Көкшолақ»  деген 
аты бар. Қақ-соқпен ісі жоқ. Жайлау-қыстауын аралап, жылқысының 
жайымен  жүреді.  Жау  келгенде  ұрандатып,  қаймықпастан  жалғыз 
шаба береді, - дегенді қоса естиді. 
Абылай  өзіне  өкпелі  батырдың  не  себепті  келмей  қалғанын 
сезеді. Десе де хан аты бар емес пе, қараша батырының бұлай істеп, 
ханға  қыр  көрсеткені  ұнай  қойсын  ба?!  Абылайдың  жаңадан  аты 
шығып,  қанжығаға  малы  байланып,  мұрты  майланып  жүрген  бір 
батыры (жаңылмасақ аты Ағатай болуы керек) бар екен. Соған: 
-  Сол  батырды  көрсем  деймін.  Бетпақтың  даласына  барып, 
соған ебін тауып жолыққайсың. Менің іздегенімді айтарсың, - дейді. 
Абылайдың  жас  батыры  қасына  төрт-бес  нөкерін  ертіп  Бетпақ 
асады.  Барақ  батырдың  жылқысының  өрісіне  келіп,  осы  жерден 
батыр күніне бір өтеді деген тұсқа келіп шатырын тігіп, жас батыр 
нөкерлеріне ет астырып, «Ет піскенде оятарсыңдар» деп ұйқыға бас 
қояды. 
Бір  кезде  бір  аттылы  үлкен  денелі  кісі  келіпті  де,  ошақтың 
алдында  жатқан  отындық  тобылғының  біреуін,  соншама  зор 
денесіне  лайықсыз  қимылмен  іліп  алып,  қонышынан  қанжарын 
суырып  алған  бойда  жылдам  қимылмен  үшкірлеп  ұштап  жіберіпті. 
Қазандағы  пісіп  жатқан  еттен  қалағанынша,  шұрайлы,  құйқалы 
жерінен  алып  жеп  жүріп  кетіпті.  Ошақ  басындағы  жас  батырдың 
нөкерлері ауыздары аңқайып, қимылдауға шамалары келмей отырып 
қалыпты.  Аттылы  кісі  бел  асып  кеткенше  жігіттер  тыпыр  ете 
алмаған  көрінеді.  Содан  соң  барып,  естерін  жинап  жас  батырды 
оятады. 

 
174 
- Ойбай, батыр, жаңа бір сұмдық зор денелі кісі келіп, етіміздің 
шұрайлысын  жеп  кетті.  Қорыққанымыздан  қашан  қыр  асып 
кеткенше,  сізді  оятуға  батылымыз  бармай  отырып  қалдық,  -  дейді 
жігіттер. 
«Бұл дәу де болса, хан айтқан Барақ шығар. Көрейінші қандай 
сұмдық екенін» деп ойлаған жас батыр: 
-  Кім  ол-ей,  мені  басынатын?!  Қай  бағытқа  кетті,  -  деп  атына 
міне дәу кеткен бағытта құйғыта жөнеледі. 
Бір-екі  қыр  асып  барса  бір  керемет,  өзіндей  екеу  келетін  кісі 
атымен құлан қуып жүр екен. Бұны көріп: 
-
 
Қайыр ананы, - деп зор дауыспен айқай салыпты. 
Құланды қайырысқанша ол да
 
атпен қатарласа беріп, құланның 
артқы  аяғынан  іліп  алып,  алдына  өңгере  сала  бауыздап  жіберді 
дейді.  Дәудің  денесіне  жараспайтын  қимылына  қарап  келе  жатқан 
жас батырға: 
-
 
Ер соңымнан, - деп алға түсіп жортып кетеді. 
«Не де болса көрейін» деп батыр да ілесе береді. Олар осылай 
жүре  отырып,  бір  бұлақтың  басына  келіпті  де  құланды  түсіріп, 
өздері де түсіп, аттарын тұсап жібереді. Дәу: 
-
 
Мен  мызғып  алайын.  Оған  дейін  етті  жақсылап  аса  бер,  - 
дейді. 
Жас  батыр  амалсыздан  құланды  сойып,  дәмді  жерлерінің  етін 
кесіп  алып,  дәудің  атының  еріне  ілінген  үш  аяқты  мосыға  етті 
салып,  отын  жинап  от  жағыпты.  Өмірінде  басынан  сөз  асырып 
көрмеген  жас  батырдың өзіне  қосшы-нөкерлердің  жұмысын  істетіп 
қойып, өзі қаннен  қаперсіз  ұйқыға  бас қойған  дәуге деген  қыжылы 
бар.  Ішін  ыза  кернеп  барады.  «Бұл  неткен  кісі»  деп  шоқпармен 
барып  басынан  ұрды  дейді.  Дәу  басын  қолымен  тыр-тыр  қасып 
қойып  ұйқыны  жалғастыра  беріпті.  Өзінің  ұрғанын  шыбын  шақты 
құрлы  көрмегеніне  ызаланған  батыр,  дәуді  не  де  болса  өз 
шоқпарымен  ұрып  көрмек  болып,  дәудің  шоқпарын  көтерейін  десе 
шамасы  келмепті.  Салмағы  өз  шоқпарынан  екі-үш  есе  келетін 
нобайы  бар.  Беті  қайтып  қалған  батыр  «Құдайдың  жазғанына 
көндік»  дегендей,  мойын  ұсынып  қалады.  Ет  піскен  кезде  дәуді 
барып: 
-
 
Ағасы, тұрыңыз. Ет пісті, - деп иығынан тербете бергенде, дәу: 
-
 
Һ–аһ! – деп атып тұрады. 
Селк ете қалған батыр: 

 
175 
-
 
Ет пісті, - дейді қайталап. 
Екеуі  етті  жеп  болған  соң,  бұлаққа  барып  жуынады.  Сонда 
тұрып дәу айтады: 
-
 
Ит-құсқа  да  тамақ  керек  шығар.  Мына  қалған  ет  соларға 
қалсын.  Ал,  сен  бала  маған  ұнадың.  Қолың  қатты  екен.  Басым 
ауырып қалды, - деп. 
Жас батыр қысылып, ұялып қалады. Солай деп екеуі ары қарай 
жүріп  кетеді.  Дәу  жас  батырға  кешке  дейін  иен  далада  үйір-үйір 
болып  жатқан  жылқыларын  аралатқан  екен.  Бір  қостың  қасына 
келгенде дәу: 
-
 
Саған осы жылқыдан бір үйір жылқы сыйладым. Қалағаныңды 
ал, - депті. 
Жас  батыр  өзінде  де  жылқының  жеткілікті  екендігін  айтып, 
алғысын айтып үйірден бас тартады. Сонда дәу: 
-
 
Онда осы жылқының ішінен қалаған жылқыңды ал, - депті. 
Батыр  қарап  жүріп,  шетте  жеке  жайылып  жүрген,  буаз  шұбар 
ала биені таңдайды. Сонда дәу айтады: 
-
 
Көзің  неткен  көреген!  Бұнымен  үш  күншілік  жерге  кеткен 
жауымды  қуып  жетуші  едім.  Қашсам  –  құтылуышы  едім.  Қусам  – 
жетуші  едім.  Осымен  жауға  үш  рет  шауып,  жеңіспен  оралып  едім. 
Сен  тегін  адам  болмадың.  Мал  таниды  екенсің,  бала.  Ал,  мені 
танисың ба? – деген екен. 
-
 
Жоқ, - дейді жас батыр. 
-
 
Білмесең, біле жүр. Менің атым Тама Барақ батыр, - дейді дәу. 
Барақ  батыр  Ағатай  батырды  бір  күн  мейман  етіп  күтеді. 
Ертеңіне шығарып салып тұрып: 
-
 
Балам,  Ханға  сәлем  айтарсың,  шау  тартқан  менен  енді 
батырлық  шықпас.  Сексенге  келген  жаннан  не  қайыр?!  Құдай 
сендердей жас батырларды аман қылсын. Ханға өзім арнайы барып 
жолығармын, - депті дейді Ағатай батырдың арқасынан қағып. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет