Нұрлан Рахымжанов



Pdf көрінісі
бет17/17
Дата26.01.2017
өлшемі1,85 Mb.
#2739
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17

 
 
Түркенің анасы 
 
Ел  арасында  айтылып  жүрген  ендігі  бір  аңызды  жайылмалық 
Сәрсенбекұлы Болат ағамыз былай әңгімелейтін: 
«Түркенің  анасы  арада  екі  жылдай  уақыттан  соң,  қызын  іздеп 
келеді.  Келгенде,  ендігі балалы болған  шығар  деп  жабдықтап бесік 
алып келген екен дейді. Баянның үйінің сыртына келіп аттан түседі. 
Бірақ, батырдың үйінің адамдары ұйқыдан тұра қоймаған кезі екен. 
Сырттан  тұрып  тың  тыңдайды.  Үйден  баланың  дыбысын  естімей, 
сырттан балаға тән жаялық, киім, сылдырмақ көрмей: 
-  Аһ!  Тым  ертерек  келіп  қалған  екенмін,  -  деп  бесікті  тастай 
сала атына мініп, кері қарай жөнелген екен. 
Осы уақытта әлдебір сезім бойын билеген Түрке ұйқыдан оянып 
кетеді.  Киіне  сала  сыртқа  шыққан  екен,  босағада  тұрған  қалмақ 
бесігін  көреді.  Шешесінің  артынан  іздеп  келгенін  біледі.  Кермеде 
байлаулы  тұрған  аттың  бірін  міне  сала,  шешесі  кетті-ау  деген 
бағытқа құйғыта жөнеледі. Артынан шыққан дүбірді естіп, Түркенің 
анасы  да  жолын  тосып  тұрып  қалған  екен.  Қызымен  құшақтасып 
қауышқан соң: 
-  Енді  қайтып  келе  алмаспын.  Айналайын,  қызым,  бағың  бар 
сенің.  Екі  перзентті  боласың.  Олардың  айбыны  осы  кең  далаға 
тарайтын  болады.  Бірақ,  біреуінің  бір  кемдігі  бар-ау,  -  депті  дейді 
қамығып. 

 
217 
Солай  деп  анасы  артына  қайырылмастан,  көзінің  жасын  көл 
қылып  қалмақтың  еліне  кете  барады.  Арада  біраз  уақыт  өткенде, 
арасына  алты  жылдан  салып  Тасыбай  мен  Жолдыбайды  туады»,  - 
дейді. 
Осы  жерде  осы  Дәулеткелді  баласы,  Батыр  Баянның  ұрпағы, 
Тасыбайдан  тараған  Тынышбай  Рахым  ағамыз  мына  жыр 
шумақтары құп жараса кетеді: 
«Ерлік ісің – 
Ететін атыңды аян, 
Сонда мәңгі жатыр жыр, жатыр ғой ән! 
Құлақ түрсек өткен күн аңызына, 
Шығады алдан жаужүрек батыр Баян! 
 
Батыр Баян, 
Бабасы – Дәулеткелді, 
«Жұртым аман болсын!» - деп, жау бөктерді: 
Жолбарыс боп атылды жоңғарлыққа, 
Өтті ол заман, кейінгі ел сәулеттенді. 
 
Аңызды естіп, қиялға батады ұлан, 
Жау түршіккен Батырдың атағынан. 
Тасыбай мен Жолдыбай – екі ұл туған, 
Қалмақ қызы – кейінгі тоқалынан. 
 
Кім біледі, кім жатқан оны күндеп, 
Жас қосағы бұрды ма көңілін көп
Тасыбайын сүйіпті «Тентегім» деп, 
Жолдыбайын сүйіпті «Момыным» деп. 
Тынышбай  Рахым  –  қазақтың  өр  ақыны,  өз  ақыны. 
Жайылманың өрені. Бір көшесін осынау ардақты ұлына қиып, атын 
құрмет  тұтқан  елдің  баласымыз.  Тынышбай  ағамыз  бұл  әңгімені 
Тырнақбайұлы Шаханнан естіген болуы керек. Себебі, екеуі жақын 
туысқан, әрі бір өлеңін осы Шахан қарияға арнағаны бар. Әңгіменің 
осылай  өрбігенінің  өзі  сондай  қуанышты.  Жалғасы  бар,  бұрыннан 
жырға айналған тарих. 
Илья Жақанов: «Абылай ханның қасынан Таманың тағы бір үш 
батырының дидарын көреміз. Олар – Сеңгірбек, Жұма, Баян! 

 
218 
Тарихта  1770  жылы  Ташкентке  кетіп  бара  жатып,  Абылай  хан 
қалмақтардың  жойқын  қырғынын  жасады.  Сол  шайқаста 
«Қарабуралап»  жауға  шапқан  Таманың  үш  батыры  –  Сеңгірбекке, 
Жұманға,  Баянға  үш  қара  бура  мінгізіп,  үш  қара  мылтық  беріпті 
деседі ел сөзі» деп жазған. 
Әкеміз,  әйгілі  жазушы  Берік  Шаханов  жазғанындай,  Баянның 
бәйбішесінен  жеті  ұл,  тоқалынан  екі  ұл  туған  көрінеді.  Баян  нағыз 
қылшылдаған  қырық  жасында  қайтыс  болады.  Баян  батыр  Еділ 
жақтан  Қытай  жаққа  қоныс  аударған  қалың  қалмақтың  көшін  қуа 
барып,  шығыста  шекарада  болған  қан  майданда  қаза  табады.  Егер, 
тап  осылай  ескілікті  әңгімелер  шертілетін  болса,  Батыр  Баян  Еділ 
қалмақтарының  қазақ  жері  арқылы  Жоңғарияға  ауа  көшуі  1771 
жылы  болған  уақиға  екендігімен,  батырдың  осы  жылы  қаза 
табуымен дәлелденеді. 
Тарихта  жазғандай,  1771  жылы  Еділ  мен  Жайық  аралығынан 
Қазақ жері арқылы өздерінің атамекені – қазіргі Шыңжаң аумағына 
көшкен  қалмақтарды  торғауыттар  деп  атаған.  Яғни,  Баян  Батыр 
торғауыттармен болған шайқаста қаза болған. 
«Жаңаарқа»  энциклопедиясында:  «Тасыбай  әулие  (1765-1845). 
Әкесі  Баян  батыр  1771  жылы  Еділ  бойынан  Қытайға  өтіп  бара 
жатқан қалмақтармен соғыста қаза тапты дейді, мүмкін қытайлармен 
соғыста  қайтыс  болуы.  Өйткені,  қалмақтар  жеңіліп,  жойылған  соң 
қытайлар  20  мың  шерік  жіберіп,  қазақтармен  соғысқан  ғой»  деп 
жазады. Бұл да назарға алуға тұрарлық тұспал. 
Әңгімешіл  ағамыз  Сәрсенбекұлы  Болат:  «Тасыбай  мен 
Жолдыбайдың  арасы  алты  жас  болар,  -  деп  шертеді  әңгімесін.  - 
Батыр Баянның  кенже  баласы  Жолдыбай  туарда қалмақтар  тағы  да 
соғыс  ашып  Тарбағатай  тұсынан  лап  қояды.  Қазіргі  Қапшағай  көлі 
тұсында  болған  ұрыста  Батыр  Баян  қаза  тауып,  сонда  жерленген 
екен. Кейіннен жасанды көл орнатқан уақытта Батыр Баянның бейіті 
Қапшағай көлінің астында қалып кеткен» дейді. 
Бұл кісі Жолдыбай Баян өлгенде іште қалған бала ретінде айтып 
отырса,  Тынышбай  Рахым  Баянның  Жолдыбайды  «Момыным»  деп 
емірене  иіскегенін  жырлайды.  Дұрысы  -  Тасыбай  1765,  Жолдыбай 
1768 жылы туған. 
 Біздің елдің шежірелі қарияларының айтқан әңгімелерін қорыта 
отырып  Батыр  Баян  Байболатұлы  1731  жылы  туып,  1771  жылы 
қайтыс болған деп топшылауға болады. 

 
219 
Батыр Баянның бейіті Қапшағайдың астында қалды деген Болат 
ағамыздың  әңгімесін  белгілі  тарихшы  Мырзатай  Жолдасбековтің 
мына бір хикаясы да одан әрі ұштай беретін секілді. 
«Жетісудың  әйгілі  батырлары  Өтеген,  Райымбек,  Қараш 
батырлармен  тұстас  Қабан  жырау  деген  болған.  Үлкені  Қабан, 
Райымбек пен Өтеген құрдас, Қараш бір жас кіші екен. Өтеген батыр 
жерұйықты  іздеп,  жаһанды  аралап,  еліне  оралғаннан  кейін  бұлар 
Өтегеннің  үйінде  бас  қосады.  Сонда  отырып  Өтегеннің  өтінішімен 
Қабан осы отырғандардың өлер шағын жориды. 
-
 
Обалым  атымды  Қабан  қойған  елден  болсын,  атым  Қабан, 
сондықтан бір бастаудың басында, шоқ қамыстың түбінде қаламын. 
Үш  күн  денем  жерде  жатады,  үш  күннен  соң  табылмайды.  Ал 
Өтеген,  сенің  жайлы,  жылы  мінезің  бар,  жылжып  аққан  судың 
жағасында қаласың, бірақ түбінде жылжисың. Райымбек, сен көпшіл 
ең, қиямет-қайымға дейін басыңнан салдыр кетпейтін үлкен жолдың 
жағасында қаласың, - депті. 
Қабан  жырауға  оның  үрім-бұтағы  беріректе  Іленің  жағасында 
белгі  қойды.  Өтеген  өлген  соң,  балалары  оны  қазіргі  «Аяққалған» 
санаторийі  маңайында,  Іле  өзенінің  жағасына  жерлеген  екен. 
Қапшағай  теңізін  толтырумен  байланысты  «Аяққалған»  су  астында 
қалатын  болған  соң,  Өтегеннің  ұрпақтары  үкімет  орнынан  рұқсат 
алып, бабасының сүйегін қазір өздері тұратын Қордай ауданындағы 
«Кеңес»  колхозына  жерлеп,  басына  ескерткіш  орнатты.  Ал, 
Райымбек  батырдың  зираты  Алматы  қаласының  көлік  ең  көп 
жүретін  Райымбек  даңғылының  бойында,  қалалық  зираттың  қарсы 
алдында  жатыр.  Қараш  батырдың  бейіті  Алматы  облысы,  Жамбыл 
ауданы,  Ақтерек  кеңшары  орталығының  оңтүстігінде  4  шақырым 
жерде» дейді. 
Өтеген батырдың ұрпақтары оның сүйегін қазып алған уағында, 
Батыр  Баянның  ұрпақтары  одан  хабарсыз  қалғандығы,  я  болмаса, 
оның  бейітін  нақты  білмегендігі  себептен  де  ол  су  астында  қалып 
қойды  ма  деген  күдіктің  бар  екендігі  рас.  Бірақ,  бұл  жерде  біздер 
Баянның  бейітінің  нақты  қай  жерде  қалғандығын  білмейтіндігіміз 
тағы  бар.  Тарбағатай  тұсында,  Қытаймен  шекарада,  Қапшағайдың 
астында. Бәлкім, төртінші басқа жерде жатуы да. 
Бұл алдағы зерттеулердің арқалар жүгі болсын! 
Танымал 
шежіреші 
Бекмағанбет 
Тәлкенұлы 
Баянның 
бәйбішесінен – Жаманкөт, Тұрпан, Шортанбай, Бекембай, Бурабай, 

 
220 
Қирабай,  Мойнақ,  тоқалынан  –  Тасыбай  мен  Жолдыбай  туғанын 
жазған. 
Шолаққорғандық  шежіреші  Қанат  Бесбайұлы  «Баянның 
бәйбішесінен  9  ұл  болған.  Осында  қалғаны  екі  ұл  –  Жаманкөт  пен 
Тұрпан.  Бәйбіше  балаларын  Әжем  балалары  деп  ерекше 
құрметтейді. 
Абылай Арқадан Тама баласына ойып тұрып жер берген. Сонда 
Баян  батырдың  да  үлкен  үлесі  болған  дейді  бұл  кісі.  Баянның 
қалмақтан азат етіп алған жері – біздің құт мекеніміз болып қалған. 
Ол  жерлерді  –  Жиделі,  Тобылғылы,  Ақбас,  Бәйбіше,  Қарақыз, 
Малдыбай, Қияқты деп атаушы еді» деп айтып отырды. 
Бесбайұлы  Қанат  әкей  Меккеге  қажылыққа  барған  сапарында 
Баян  бабасының  көз  алдына  елес  болып қылаң бергенін  айтып, көз 
жасына ерік берді. «Осында бір қалмақтың қызы тұрады. Соған Баян 
атамыздың кейінгі алған әйелінің сіңлісі ғой деп әр зейнетақы сайын 
шамам  келгенше  садақа  беремін.  Сенің  Баянның  атын  шығарамын, 
оны  дәлелдемек  ойым  бар  дегеніңе  қуанып  отырмын.  Алла, 
жолыңды  ашсын!  Қыдыр  бабам  жолдасың  болсын!  Батыр  Баян 
бабамыздың әруағы ылғи желеп-жебеп жүрсін! Ойыңа алған ісіңнің 
берекесін  берсін!  Алла  жасыңды  ұзақ  қылып,  қажылық  сапарға 
баруға,  мұсылмандық  парызыңды  өтеуге  жазсын!  Қабыл  болсын 
барша тілек-ниетің!» деп ұзақ та ұлағатты батасын берді. «Әумин!» 
дестік. 
Біздің де барша тілегіміз осы. Осы тілекті баршаңызға тіледік. 
Баянның  тарихы  осы.  Әзірге  біздің  қолға  тигені.  Оның 
ұрпақтары  туралы  –  алдағы  кітаптардың  еншісінде  қалсын.  Алла, 
сол күндерге жеткізсін. 
 
 
Кітапқа  байланысты  ұсыныс-пікірлер  мен  қосымша  материалдар 
үшін  электронды  почталар:  «nurlan-zhayilma@mail.ru»,  «gulzira-
zhaksilik-alshin@mail.ru» немесе «koktaban@mail.ru». 
Байланыс телефоны: 8-705-733-90-76, 8-775-136-06-98. 
Мекен-жайым: 080706, Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Жайылма 
ауылы, Ә.Әбішев көшесі, №18. 
 
 
 

 
221 
Суреттер 
 
 
 
Арқа сапарына Барақ батырдың мазарын іздеп шыққан 
экспедиция мүшелері – Қалдыбек Кәрімжанұлы, Сайлау 
Өксікбайұлы, Серікбай Жанжолұлы, Тоқмырза Тотанбайұлы, автор. 
 
 
 
 
Ермұрат Тоқмырзаұлы, Сайлау Өксікбаев, Тұрман Жаңабайұлы
Тоқмырза Тотанбайұлы, автор. 
 

 
222 
 
 
Баба Шашты Әзіз кесенесі. 
 
 
 
Қарабура кесенесі жанындағы  
Сарысулықтар салған қонақ жайы. 

 
223 
 
 
 
Қарабура бабамыздың кесенесі мен бурасының мүсіні. 
 
 
 
Қарабура кесенесі алдындағы стелла. 
 
 

 
224 
Шежірені өмірінің өзегі қылған ардаларым... 
 
Ақбаев  Ордабек  Оңдыбайұлы  (1947)  –  Жайылма  ауылынан. 
Барақ батыр туралы әңгімені  
жеткізуші; 
Арыстанбап  (1936)  –  Созақ  кентінен.  Қарабура  кесенесінің 
тарихын жеткізуші, өзбек, Қарабура шырақшысы; 
Батырұлы  Данаш  –  Жәйрем  кентінен.  Барақ  батыр  туралы 
әңгімені жеткізуші; 
Бесбайұлы  Қанат  (1937)  –  Шолаққорған  ауылынан.  Тама 
шежіресі,  Назар,  Байболат,  Баян  батырлар  туралы  әңгімелерді 
жеткізуші; 
Білісұлы  Кентай  (1938)  –  Жаңаарқа  ауданы  Ш.  Ералиев 
ауылынан. Тама тарихы, Баян батыр туралы әңгімелерді жеткізуші; 
Дүзкенов  Бағдат  Кәрімжанұлы  (1969)  –  Алматы  қаласынан. 
Барақ батыр туралы әңгімені жеткізуші
Дүйсенбаев  Амангелді  Жақсылықұлы  (1946)  –  Саудакент 
ауылынан.  Тама  тарихынан,  Есен  мен  Қарағай  батырлар  туралы 
әңгімелерді жеткізуші; 
Жайлыбайұлы  Әліп  –  Атасу  ауылынан.  Тама  тарихынан 
әңгімелер жеткізуші; 
Жанжолұлы  Серікбай  (1946)  –  Жайылма  ауылынан.  Сыбақ 
туралы әңгімелерді жеткізуші; 
Күзенбаев  Әбілхалық  Кәдірсізұлы  (1948)  –  Талас  ауданы 
Үшарал ауылынан. Әліп, Назар, Алдаберген, Барақ батырлар туралы 
әңгімелерді жеткізуші; 
Қадиев  Ералы  Нұрланұлы  (1949)  –  Жаңатас  қаласынан. 
Қарабура, Барақ батыр туралы әңгімелерді жеткізуші; 
Қуандықұлы  Төлежан  (1929-2010)  –  Жайылма  ауылынан. 
Құлшыораз, Барақ, Сыбақ батырлар туралы әңгімелерді жеткізуші; 
Құтжанов  Берік  Әубәкірұлы  (1975)  –  Жәйрем  қаласынан. 
Барақ батыр туралы әңгімелерді жеткізуші; 
Құтжанұлы  Төкен  (1954)  –  Қарағанды  облысы,  Абай  ауданы, 
Дубовка  (Қаракөл)  ауылынан.  Тама  тарихы,  Барақ,  Баян  батырлар 
туралы әңгімелерді жеткізуші; 
Момынов  Қалбота  Әбілдаұлы  (1950)–  Астана  қаласынан. 
Тама  шежіресі,  Қарабура  кесенесі, Барақ  батыр  туралы  әңгімелерді 
жеткізуші; 

 
225 
Нәдуев  Дүйсенбек  (Нәдірбайұлы  Байдүйсен)  (1936)  –  Тараз 
қаласынан. Құлшыораз батыр туралы әңгімені жеткізуші; 
Орақбайұлы  Орынбасар  (1942)  –  Жайылма  ауылынан.  Барақ 
батыр туралы әңгімелерді жеткізуші; 
Рахымжанов Біржан Сұлтанұлы (1984) – Алматы қаласынан. 
Кітаптың кеңесшісі
Рахымжанұлы  Сұлтан  (1948-2004)  –  Жайылма  ауылынан. 
автордың  әкесі,  «Барақ  ата  ұрпақтары»  атты  қолжазба  кітаптың 
бастамашысы; 
Сәрсенбекұлы Болат (1950-2013) – Жайылма ауылынан. Назар, 
Алдаберген,  Бұзау,  Бақ,  Барақ  батырлар  туралы  әңгімелерді 
жеткізуші; 
Сүлейменов  Жақсыбай  (1936)  –  Жәйрем  қаласынан.  Тамалар 
тарихы, Дәулеткелді, Барақ руы туралы әңгімелерді жеткізуші; 
Тайжан  Бақтияр  Байділдаұлы  –  Шымкент  қаласынан. 
Кітаптың кеңесшісі; 
Тәбірізұлы  Сүлеймен  (1936)  –  Созақ  ауданы  Созақ  кентінен. 
тарих зерттеушісі, «Қарабура», «Созақ өңірі» кітаптарының авторы. 
Қарабура,  Бақ,  Бұзау,  Барақ,  Баян  батырлар  туралы  әңгімелерді 
жеткізуші, Барақ батырдың бейітіне жол нұсқаушысы; 
Тәжібаев  Марат  Ордашбайұлы  (1967)  –  Жәйрем  қаласынан. 
Қарабура, Бақ, Барақ батырлар туралы әңгімелерді жеткізуші; 
Уәлиев  Сейтмағанбет  Жамбылұлы  (1965)  –  Саудакент 
ауылынан. Байболат батыр туралы әңгімені жеткізуші; 
Үзікенұлы  Көшен  (1952)  –  Жайылма  ауылынан.  Қарабура, 
Бағалақ,  Барақ,  Құлшыораз,  Сыбақ  батырлар  туралы  әңгімелерді 
жеткізуші; 
Шаханұлы  Беркін  (1945)  –  Жайылма  ауылынан.  Назар, 
Алдаберген, Баян батырлар туралы әңгімелерді жеткізуші; 
Шаханұлы  Берік  (1942)  –  Алматы  қаласынан.  Қазақстан 
Жазушылар  Одағының  мүшесі,  Назар,  Алдаберген,  Баян  батырлар 
туралы әңгімелерді зерттеуші; 
Шоламанов  Тұрған  Жәпелұлы  (1940)  –  Жайылма  ауылынан. 
Қарабура,  Бұзау,  Бақ,  Құлшыораз,  Барақ  батырлар  туралы 
әңгімелерді жеткізуші; 
Ысқақұлы  Құдайберген  (1946-2012)  –  Тоғызкент  ауылынан. 
Құлшыораз батыр туралы әңгімені жеткізуші. 
 

 
226 
Кітаптың жанашыр-қолдаушылары 
 
Баймаханов Адамбай – Жайылма ауылы. 
Бесбайұлы Қанат – Шолаққорған ауылы. 
Дондаұлы Болатбек – Жайылма ауылы. 
Дүзкенов Бағдат Кәрімжанұлы – Алматы қаласы. 
Дүзкенов Қалдыбек Кәрімжанұлы – Жайылма ауылы. 
Дүзкенов Марат Кәрімжанұлы – Жаңатас қаласы. 
Жазықбаев Сұлтанмұрат Нәшентайұлы – Жайылма ауылы. 
Жақсыкүнов Аманғали Ыбырақымұлы – Жаңатас қаласы. 
Жанжолұлы Серікбай – Жайылма ауылы. 
Жүнісбеков Көшербай Аманжолұлы – Маятас ауылы. 
Игенбаев Нұрша Ақпанұлы – Жәйрем қаласы. 
Исабаев Алпысбай Смайылұлы – Жайылма ауылы. 
Қуандықов Оразай Төлежанұлы – Алматы қаласы. 
Құтжанұлы Төкен – Қаракөл ауылы. 
Құтжанов Берік Әубәкірұлы – Жәйрем қаласы. 
Қыздарбеков Қалмырза Тотанбайұлы – Жайылма ауылы. 
Қыздарбеков Пернебек Тотанбайұлы – Жайылма ауылы. 
Қыздарбеков Тоқмырза Тотанбайұлы – Жайылма ауылы. 
Момынов Қалбота Әбілдаұлы – Астана қаласы. 
Мұсаев Төлеубай Насырұлы – Қызылжар ауылы. 
Нығызбаев Мұрат Жақсыкүнұлы  Жезқазған қаласы. 
Өксікбайұлы Сайлау – Жайылма ауылы. 
Өсеров Көлбай – Жәйрем қаласы. 
Сармашов Амангелді Жазықбайұлы – Астана қаласы. 
Сармашов Ғани Қоңырұлы – Астана қаласы. 
Сәкенов Серік Айдарұлы – Заречное ауылы. 
Сәрсенбекұлы Болат – Жайылма ауылы. 
Тәжібаев Марат Ордашбайұлы – Жәйрем қаласы. 
Шынбатыров Бақытжан Төлебайұлы – Астана қаласы. 
Рахымжанов Біржан Сұлтанұлы – Алматы қаласы. 
 
 
 
 
 
 

 
227 
Пайдаланылған әдебиеттер 
 
1.
 
«Алаш»  тарихи-зерттеу  орталығы.  «Қазақ  ру-тайпаларының 
тарихы». 1-том. «Тама». 1-2-3 кітап. Алматы,. 2005 ж. 
2.
 
«Алаш»  тарихи  зерттеу  орталығы.  «Қазақстан  тарихы: 
Этникалық зерттеулерде». 6-том. Алматы, 2009 ж. 
3.
 
Шоқан Уәлиханов. «Таңдамалы». Алматы, «Жазушы», 1980 ж. 
4.
 
Шоқан  Уәлиханов.  «Көп  томдық  шығармалар  жинағы»,  1-том. 
«Толағай групп» баспасы, Алматы қ. 2010 ж. 
5.
 
«Бабалар  сөзі».  «Батырлар  жыры».  45-том.  Алматы,  «Фолиант», 
2007 ж. 
6.
 
«Бабалар  сөзі».  «Батырлар  жыры».  50-том.  Алматы,  «Фолиант», 
2008 ж. 
7.
 
Мырзатай  Жолдасбеков.  «Жүз  жыл  жырлаған  жүрек».  Алматы, 
«Жазушы», 1992 ж. 
8.
 
Сәбит Мұқанов. «Халық мұрасы». Алматы, «Қазақстан», 1974 ж. 
9.
 
«Қазақ  мәдениеті  энциклопедиялық  анықтамалығы».  Алматы, 
«Аруна Лтд», 2005 ж. 
10.
 
 Тынышбай Рақым. «Қобызым – абызым». Алматы, «Жалын», 1985 
ж. 
11.
 
 Болатбек  Нәсенов.  «Абылай  хан:  Ешқандай  барабы  татарларын 
естіген  емеспін,  білмеймін.  Жер  біздікі!».  «Егемен  Қазақстан»,  28.01.2011 
ж. 
12.
 
 Асан  Жұмаділдин.  «Жаңаарқа»  энциклопедиясы.  Алматы  қ. 
Кенже-Пресс-Меди баспасы. 2003 ж. 
13.
 
 «Сарыарқа» журналы. №1, 1992 ж. Астана қаласы. 
14.
 
 Илья  Жақанов.  «Ықылас»  романы,  Алматы  қ.  «Өнер»  баспасы, 
1990 ж. 
15.
 
 «Жеріңнің аты - Еліңнің хаты». «Аруна» баспасы, Алматы қ. 2006 
ж. 
16.
 
 Насырхан Жұмағұлов. «Бәйдібек Баба – Алып Бәйтерек. Ұрпақтар 
шежіресі» (Ошақты шежіресі). Алматы, Өнер, 2005 ж. 
17.
 
 Сүлеймен  Тәбірізұлы.  «Созақ  өңірі».  Алматы  қ.  Дәуір  баспасы, 
2007 ж. 
18.
 
 Пернебай Дүйсенбин.  «Үркердей болып көшкен  жұрт». Алматы қ. 
Литера-М, 2007 ж. 
19.
 
 Сүлеймен  Тәбірізұлы.  «Қарабура  әулие».  Қарағанды,  «Ердос» 
баспасы, 1996 ж. 
20.
 
 Мұхамеджан 
Тынышпаев
«Великие 
бедствия...(Ақтабан-
шұбырынды)». Алматы, Жалын, 1992 ж. 

 
228 
21.
 
 Мұхтар Мағауин. «Аласапыран». Алматы, Жалын, 1983 ж. 
22.
 
 Сәрсенбі Дәуіт. «Абылай хан». Алматы. Жазушы. 1993 ж. 
23.
 
 Ілияс Есенберлин, «Алмас қылыш», Алматы, Жазушы, 1976 ж. 
24.
 
 Ілияс Есенберлин. «Жанталас». Алматы. Жазушы. 1976 ж. 
25.
 
 Хайролла  Ғабжалилов.  «Рулар  тарихы  –  қазақ  тарихы».  Ана  тілі, 
№6, 9.02.2012 ж. 
26.
 
 Зарқын  Тайшыбай.  Егемен  Қазақстан.  №170,  27.04.2011  ж. 
«Абылай орысша жыл есебі бойынша 1713 жылдың басында туған». 
27.
 
 Өтеген  Дәртай  Әлтайұлы.  «Ағаң  болса  алдыңда».  «Азиат» 
баспасы, Шымкент қ. 2011 ж. 
28.
 
 Берік Шаханұлы.  «Таңдамалы». 1-2 томдар. Алматы қ.  «Ана тілі» 
баспасы, 2011 ж. 
29.
 
 Азамат Алашұлы. «Абылай хан». Алматы. Жазушы. 1993 ж. 
30.
 
 Зарқын  Тайшыбай.  «Қазақтың  ханы  –  Абылай».  1-том.  «Жедел 
басу баспаханасы» ЖШС. 2011 ж. 
31.
 
 Зарқын  Тайшыбай.  «Қазақтың  ханы  –  Абылай».  2-том.  «Жедел 
басу баспаханасы» ЖШС. 2011 ж. 
32.
 
 Жағдай  Сәтиев,  «Әкеден  тағылым»,  Тараз,  «Рысбаев  и  К»,  2011 
ж. 
33.
 
 Теңізбай  Үсенбаев,  «Алшын  шежіресі»,  Қызылорда,  «Тұмар» 
баспасы, 2003 ж. 
34.
 
 «Қазақ Совет Энциклопедиясы» 
35.
 
 Илья  Жақанов,  «Қарабура»  жинағы.  Алматы,  Өлке  баспасы,  1997 
ж. 
36.
 
 Мағжан Жұмабаев, шығармалар жинақ кітабы,  Алматы, Жазушы 
баспасы, 1989 ж. 
37.
 
 Көшім  Есмағанбетов.  «Қазақтар  шетел  әдебиетінде»,  Алматы, 
«Атамұра» баспасы, 1993 ж. 
38.
 
 Қуаныш  Ахметов,  «Ұлы  даланың  Ұлытауы»,  2-кітап.  Омбы,  2001 
ж. 
39.
 
 «Алаш» 
тарихи  зерттеу  орталығы.  «Қазақстан  тарихы: 
Этникалық зерттеулерде». 14-том. «Жағалбайлы», 2-кітап, Алматы, 2012 ж. 
40.
 
 Тәлкенұлы  Бекмағанбет.  «Кіші  жүз  Тама  руының  шежіресі», 
Шымкент, «Нұрлы бейне», 2001 ж. 
41.
 
 Жанат Бесбаев. «Сахабалар – қалқандар». 2010, Алматы. 
 
 
 
 
 

 
229 
Мазмұны 
 
Кіріспе орнына........................................................................................3 
Кітаптың бастауы...................................................................................7 
Тама.........................................................................................................50 
Қарабура.................................................................................................56 
Дәулет батыр.........................................................................................77 
«Қырымның қырық батыры»...........................................................80 
Қарабураның кесенесі қалай соғылды..........................................100 
Батырлар..............................................................................................109 
«Б» әрпімен есімі басталатын батырлар........................................110 
Назар бай мен Алдаберген................................................................113 
Бақ батыр.............................................................................................120 
Бұзау батыр.........................................................................................124 
Байболат батыр...................................................................................128 
Бағалақ.................................................................................................132 
Сыбақ пен Жанақ...............................................................................133 
Құлшыораз батыр..............................................................................138 
Барақ батыр.........................................................................................143 
Батыр Баян..........................................................................................203 
Суреттер...............................................................................................220 
Шежірені өмірінің өзегі қылған ардаларым.................................223 
Кітаптың жанашыр-қолдаушылары.............................................225 
Пайланылған әдебиеттер..................................................................226 
Мазмұны...............................................................................................228 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
230 
 
 
 
 
 
 
Нұрлан РАХЫМЖАНОВ 
 
 
Жетіқоңыр: Жиделі және Жайылма 
 
Бірінші кітап 
«Бабалар салған соқпақ жол» 
 
 
 
 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет