НұРСҰлтан назарбаев тәуелсіздік дәуірі әож 23 (574) кбж 66. (5Қаз) н 19 н 19



Pdf көрінісі
бет260/264
Дата30.11.2022
өлшемі3,95 Mb.
#53799
1   ...   256   257   258   259   260   261   262   263   264
ТҰЖЫРЫМ
ТӘУЕЛСІЗДІК КЕЗЕҢДЕРІ
Тәуелсіздік. Бұл – ЖАСАМПАЗДЫҚ ДӘУІРІ.
Қазақстан тәуелсіздік жылдарында негізгі төрт кезеңнен тұратын үлкен 
жолдан өтті.
Бірінші кезең. Тәуелсіз мемлекеттің қалыптаса бастауы (1990-шы жыл-
дардың бірінші жартысы).
Екінші кезең. Мемлекеттілікті нығайту және дағдарысты еңсеру (1990-
шы жылдардың екінші жартысы).
Үшінші кезең. Өрлеу және әлемдік дағдарыс арқылы әрі қарай алға басу 
(2000-шы жыл – 2010-шы жылдардың басы).
Төртінші кезең. Жаңа жаһандық ахуалда қалыптасқан мемлекет (2010-
шы жылдар).
Елімізде «үштік транзит» – қоғамдық-саяси, экономикалық және әлеу-
меттік салаларда жүйелі реформалар жемісті жүзеге асырылды.
Бірінші кезең. Тәуелсіз мемлекеттің қалыптаса бастауы 
(1990-жылдардың бірінші жартысы)
Тәуелсіздікті қалыптастыру аса күрделі жағдайда өтті. 
Бұрынғы КСРО-дан шыққан барлық жаңа тәуелсіз мемлекеттер сияқты, Қа-
зақстан да кеңестік жүйенің жалпы дағдарысы мен құлдырауын бастан кешірді, 
соның салдарынан тәуелсіздіктің қалыптасу процесі аса күрделі болды. 
Біз апатқа жол берген жоқпыз, бақылауды өз қолымызда ұстадық, аса 
қысқа мерзім ішінде алғашқы базалық стратегиялық мақсаттарды белгілей 
алдық, мемлекеттік биліктің әрі қарай кезең-кезеңімен өсуінің тиімділігін 
қамтамасыз ету үшін оның берік іргетасын қаладық, экономиканы, қа-
уіпсіздік құрылымдарын, аймақтар мен ішкі саясатты тұтастай өз бақы-
лауымызға ала білдік, сондай-ақ дербес сыртқы саясатты қалыптастыра 
бастадық.
Заң шығарушы және атқарушы билік тармақтарының текетіресіне сон-
дай-ақ қоғамдағы тұрақсыздыққа жол бермедік. Соның нәтижесінде аза-
маттық татулық пен этносаралық келісім сақталды.
Жаңа жағдайдағы мемлекеттік институттар құрылысымен қатар, гипер-
инфляцияны ауыздықтау, тәуелсіз қаржы жүйесін іске қосу айрықша маңыз-


490
ТӘУЕЛСІЗДІК ДӘУІРІ
ды болды. Осы мақсатта, шынайы егемендікке аса маңызды қадам жасал-
ды. Қазақстан төл валютасы – теңгені айналымға енгізді.
Бірінші кезеңнің күрделілігі сол, қоғамдық-саяси, экономикалық және 
әлеуметтік өздерістерді бір мезгілде жүргізу қажет болды. Жүзеге асы-
рылған үш транзиттің мәні де осында еді.
Мемлекеттік-құқықтық аспектіде мемлекетті конституциялық ресімдеу 
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конститу-
циялық заңмен басталды және Қазақстан Республикасының қолданыстағы 
1995 жылғы Конституциясымен аяқталды. Осылайша, берік мемлекеттік 
құрылым жасақталды. 
Байырғы қазақ даласында жүздеген жылдар ауқымында тұңғыш рет 
еліміздің ішінде де, халықаралық аренада да заңдық тұрғыдан толық мо-
йындалған мемлекет орнады. Енді ел шекарасы да, басқару үлгісі де, даму-
дың экономикалық моделі де ешқандай талқылау тақырыбы бола алмайды.
Дәл осы мемлекеттік жүйенің тұрақтылығы мен күшті президенттік билік 
елімізде нарықтық реформалауды түбегейлі және жүйелі іске асыруға мүм-
кіндік туғызды.
Біз тегеурінді күш-жігерімен нәтижесінде Қазақстан Республикасы-
ның сыртқы саясатын қалыптастырдық. Мен о бастан еліміздің Батыс пен 
Шығыс арасында орналасуының зор әлеуетін түйсіндім және оны болашақ 
табыстардың маңызды алғышарты ретінде қабылдадым.
Семей ядролық полигонын жабу және еліміздің аумағын жаппай қы-
рып-жою қаруынан азат ету Қазақстан үшін айрықша маңызды шешім 
болды. Бұл халықаралық серіктестіктермен енді қалыптасып келе жатқан 
қарым-қатынастардағы түйткілді мәселелердің түйінін тарқатты, олар Қа-
зақстанға ядролық қатердің ықтимал ошағы ретінде қарамайтын болды. 
Қазақстан ядролық қаруды иелену емес, одан құтылу бейбітшілік пен қа-
уіпсіздік кепілі болатынын көрсетті. 
Қазақстан мемлекеттілігі үшін мемлекеттік шекараны реттеу және дели-
митация процесінің маңызы айрықша болды. Жаңа тәуелсіз мемлекеттер 
арасында Қазақстан осы маңызды міндетті бірінші болып жүйелі шешуді 
қолға алып, оны тиімді аяқтады. 
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап біз халықаралық саясат-
тағы аса маңызды мәселелердің тұтас кешені бойынша көшбасшылық 
пен бастамашылық көрсеттік, олар: ядролық қаруды таратпау, Азиядағы 
қауіпсіздік (АӨСШК), әлемнің жетекші державаларымен, сондай-ақ жаңа 
тәуелсіз мемлекеттермен тең құқылы, өзара тиімді қарым-қатынас қалып-
тастыру, еуразиялық экономикалық интеграция мәселелері.


ТҰЖЫРЫМ. ТӘУЕЛСІЗДІК КЕЗЕҢДЕРІ 
491
1990-жылдардың бірінші жартысы – саясаттағы, экономикадағы және 
жалпы өміріндегі өтпелі кезең болды. Мемлекеттік құрылыс өтпелі кезеңнің 
шешуші белесінен өтті, ал экономика мен әлеуметтік салада ол әрі қарай 
жалғаса берді.
Тәуелсіздіктің бірінші кезеңінің басты нәтижелері – егемен елдің мем-
лекеттік институттарын құру, азаматтық бейбітшілікті сақтау, заман талапта-
рына жауап беруге және бүкіл қоғамның мүдделерін іске асыруға қабілетті 
мемлекеттік құрылымның тиімді жүйесін құруға мүмкіндік берген конститу-
циялық және саяси реформалар. Осылайша, құқықтық мемлекеттің іргета-
сы қаланды.
Еркін нарықтық экономика негіздерінің қалануы, жекеменшік институты 
мен келісімшарттық қатынастардың енгізілуі, қаржы жүйесінің тұрақтануы 
және экономиканың сауыға бастауы экономика саласындағы басты жетістік 
болды.
Сыртқы экономикада әлемдік қоғамдастық пен халықаралық қатынас-
тар жүйесіне конструктивті түрде қосылдық. 
Осылайша, күллі әлем еліміздің бүкіл аумағында орнаған егеменді-
гімізді үлкен ықыласпен таныды. Қазақстанның нарықтық экономикасы бар, 
көпұлтты ел ретіндегі жаңа моделі жасалды. Сондай-ақ, тұрақтылықтың, 
конфессияаралық, мәдениетаралық және этносаралық келісім мен өз ара 
сыйластықтың әлеуметтік қоғамы құрылды. Жаңа астана салынып, ол дами 
түсті. 
Сонымен қатар, ең маңыздысы Кеңес Одағының ыдырауынан туын-
даған аса ауыр қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени-гу-
манитарлық дағдарысқа әкелуі мүмкін мемлекет пен қоғам құлдырауына 
жол бермедік. Тиісінше, осы дағдарыспен ілесе жүретін жағымсыз көрініс-
тердің барлығынан – елдің ыдырауынан, азамат соғысынан, этносаралық 
және дінаралық қақтығыстардан, бей-берекеттіктен, аштықтан, кедейлік 
пен толық экономикалық қираудан, қылмыстың өршуінен аман қалдық. 
1990-жылдардың бірінші жартысы әлеуметтік-экономикалық қиын-
дықтарға қарамастан, көтеріңкі көңілмен аяқтадық. Әрі қарай дамудың не-
гізгі алғышарттары жасалды.
Бірінші кезеңнің басты жетістіктері – мемлекеттілік, нарықтық экономи-
ка, әлеуметтік татулық пен тыныштық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   256   257   258   259   260   261   262   263   264




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет