5.2 Магнит электрлік жүйедегі аспаптың шкаласының теңдеуі
Жақтауша орамамен ток жүрген кезде оның әрбір сымына әсер ететін ығыстырушы күш
, (5.1)
мұндағы В – магнит өрісінің индукциясы; l – жақтауша сымының активті ұзындығы; І – жақтауша ораманың тогы.
Егер жақтауша ораманың орам саны ω болса, онда жақтаушаны ығыстырушы күш
, (5.2)
Жақтауша орама айналмалы оське орнатылғандықтан оның қарама қарсы жатқан сымдарына әсер ететін қос күш айналдырушы момент тудырады:
(5.3)
мұндағы b – жақтауша ораманың ені.
(5.2) өрнегінен күштің мәнін (5.3) өрнегіне қойса, айналдырушы момент:
, (5.4)
мұндағы - жақтауша ораманың ауданы; жақтаушамен ілініскен магнит ағыны.
Тұрақты магнит өрісі тудыратын жақтаушамен ілініскен магнит ағыны тұрақты шама болатындықтан, (5.4) өрнегімен айналдырушы моменттің токтан ғана тәуелді екендігі көрініп тұр.
Айналдырушы моменттің әсерінен жақтауша орама айналып, оған бекітілген аспаптың тілін белгілі бір бұрышқа бұрады. Жақтаушаның бұрылуы айналдырушы момент серіппелердің қарсы моментімен теңестірілген кезде тоқталады, яғни
, (5.6)
Серіппелердің қарсы әсер моменті олардың материалдарымен және геометриялық өлшемдерімен анықталатын меншікті қарсы әсер моменті (к) мен жақтауша ораманың бұрылу бұрышынан ( ) тәуелді болады:
. (5.7)
(5.4) және (5.7) өрнектерінен моменттердің мәндерін (5.6) теңдігіне қойса, жақтауша ораманың ауытқу бұрышы (аспаптың шкаласының теңдеуі):
, (5.8)
мұндағы s - өлшеуіш аспаптың токқа сезгіштігі, тұрақты шама
. (5.9)
(5.9) өрнегінен магнит электрлік жүйедегі аспаптың шкаласы бірқалыпты болатындығы көрініп тұр.
Достарыңызбен бөлісу: |