Магнит электрлік механизмнің артықшылығына келесілер жатады:
- сезгіштігі жоғары (өздік магнит өрісі жоғары болғандықтан, аз токтарды өлшеудің өзінде едәуір айналдырушы моментті алуға болады);
- сыртқы магнит өрісінің әсері болмашы;
- шкаласы бір қалыпты;
- меншікті қуат тұтынуы аз.
Кемшілігі:
- тек қана тұрақты ток тізбектерінде қолданылады;
- жүктемелік қабілеті жоғары емес;
- конструкциясы қымбат, әрі күрделі.
- спираль серіппелер күйіп кететін шамадан тыс жүктемелерге сезімтал.
Магнит электрлік аспаптар негізінен тұрақты токтың кернеуі мен тогын және кедергілерді өлшеу үшін қолданылады.