НұСҚаулар «Э лектрлік шамаларды өлшеу»



бет10/37
Дата19.12.2023
өлшемі0,86 Mb.
#140861
түріНұсқаулар
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   37
Әдістемелік ұсыныстар
1. Электр механикалық аспаптардың құрылымдық сұлбасын оқып зерттеу кезінде сұлбаның әрбір элементінің тәжірибелік тағайындалуына көңіл бөлу.
2. Электр механикалық аспаптардың өлшеу механизміне әсер ететін моменттерді қарастыру кезінде физикалық мағынасына көңіл бөлу.
3. Қисықтар теңдеулері бойынша қисықтарды тұрғызуға машықтану.


Өз бетінше дайындалуға тапсырмалар

1. Электр механикалық аспаптарда өлшеу тізбегінің қызметі қандай?


2. Электр механикалық аспаптарда ӨМ қызметі қандай?
3. Электр механикалық аспаптарда санақ құрылғысының қызметі қандай?


Бақылау сұрақтары

1. Электр механикалық аналогты аспаптар үшін айналдырушы момент қандай формуламен анықталады?


2. Электр механикалық аналогты аспаптар үшін қарсы әсер моменті қандай формуламен анықталады?
3. Электр механикалық аналогты аспаптарда өлшеу тізбегінің және өлшеу механизмінің тағайындалуы қандай?

5-тәжірибелік сабақ


Тақырыбы: Магнит электрлік жүйедегі аспап


Сабақ жоспары

5.1 Магнит электрлік жүйедегі аспаптың элементтерінің қолданылуын зерделеу.


5.2 Магнит электрлік жүйедегі аспаптың шкаласының теңдеуі.
5.3 Магнит электрлік жүйедегі аспаптың артықшылықтары мен кемшіліктерін қарастыру.


5.1 Магнит электрлік жүйедегі аспаптың құрылысы

Магнит электрлік жүйедегі аспаптың жұмысы тұрақты магниттің (1) магнит ағыны мен орамадан (2) өтетін токтың өзара әсерлесуіне негізделген. Бұл кезде пайда болатын айналдырушы момент механизмнің қозғалмалы бөлігін қозғалмайтын бөлікке қатысты ауытқытады. Жақтауша орама оське (3) бекітілген, ал ось қатты тастан жасалған ұяшықтарға (4) орнатылған. Жақтаушаға әсер ететін айналдырушы момент серіппелердің (5) қарсы моментімен теңестіріледі. Аспаптың тілін (6) шкаланың (7) нөліне келтіріп қою үшін корректор (8) қолданылады (5.1-сурет).




5.1-сурет. Магнит электрлік аспаптың құрылысы






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет