НұСҚаулар «Э лектрлік шамаларды өлшеу»


Электронды-сәулелі түтікшенің негізгі элементтері



бет22/37
Дата19.12.2023
өлшемі0,86 Mb.
#140861
түріНұсқаулар
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   37
9.2 Электронды-сәулелі түтікшенің негізгі элементтері
және жұмыс принципі

Электрондық осциллографтың негізгі элементі болып экраны люмоноформен қапталған әйнек баллон түріндегі электронды сәулелі түтікше (ЭСТ) есептеледі (9.1-сурет).


Жамылғы есебінде жасыл түсті сәуле беретін виллмит минералын немесе қолдан алынған кремний қышқылды цинкті қолданады.



9.1-сурет. Электрондық осциллографтың электронды сәулелі түтігі


Зерттелетін процестерді фотоға түсіруге арналған түтікшелерде вольфрамдалған барий, не кадмий пайданылады. Бұл заттар фотопленкаға мейлінше тығыз әсер ететін мейлінше көгілдір - көк сәулелену береді.


ЭСТ катоды электрондар шығаруға қызмет етеді, катодтың айналасында модулятор деп аталатын қапталында тесігі бар цилиндрлік электрод орналасқан. Модуляторға катодпен салыстырғанда теріс потенциал беріледі де, катодтан шыққан электрондар осының салдарынан сәулеге топтасады. Модулятордағы потенциал өзгерісі сәуледегі электрондардың тығыздығын реттеуге мүмкіндік береді, сол арқылы экрандағы бейненің жарықтығын өзгертеді.
Электрондардың үдеуіне қажетті электр өрісі екі анодтың жоғары потенциалдарымен қамтамасыз етіледі. Құрылымдық жағынан анодтар қуыс цилиндр түрінде болады. А1 аноды фокустеуші, ал А2 аноды үдетуші деп аталады.
Модулятор мен А1, А2 анодтарының электр өрістері электрондар үшін жинағыш линза ретінде әсер етеді.
Сәуленің фокустенуіне экраннан шағылған және түтікшенің қабырғаларын зарядтайтын екінші реттік электрондар әсерін тигізеді. Бұл құбылысты жою үшін түтікшенің баллонын ішкі жағынан коллоидты графит ерітіндісінен дайындалған өткізгіш қабатпен жабады. Бұл жамылғы аквадог деп аталады, ол А2 анодымен қосылады да, екінші реттік анодтар осы анодқа шығарылады.
Осциллографта электронды сәулені көлденең және тік бағытқа бұру үшін қос бұрғыш пластинкалар болады. (У) тік бұрушы пластинкаға зерттелетін сигнал беріледі, ал (Х) көлденең бағытқа бұрушы пластинкаларға жайылма кернеуі беріледі.
ЭСТ элементтерін қоректендіру осциллографтың ішінде орналасқан жоғары вольтті түзеткіш арқылы жүзеге асады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет