НұСҚаулар «Э лектрлік шамаларды өлшеу»



бет25/37
Дата19.12.2023
өлшемі0,86 Mb.
#140861
түріНұсқаулар
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   37
Байланысты:
Практика, ИЭВ, сов.каз-1

10.1 Өлшеуіштік көпірлік сұлбасының блок-сұлбасы

Көпірлік сұлба деп төрт иіннен тұратын сұлбаны айтады. Көпір сұлбасының көмегімен өлшеу кезінде салыстыру тәсілі қолданылады. Өлшеуіш көпір сұлбасының блок-сұлбасы (10.1-сурет) қорек көзінен (ҚК), көпір сұлбасынан (КС) және теңестіру индикаторынан (ТИ) тұрады.





10.1-сурет. Өлшеуіштік көпір сұлбасының блок-сұлбасы


Теңестіру индикаторының сезгіштігі жоғары болғандықтан, көпірлік сұлба үлкен дәлдікпен өлшейді. Көпірлік сұлбаларды қорек көзі тогының туындауы бойынша және құрылымдық орындалуы бойынша бөледі. Қорек көзі тогы бойынша көпірлік сұлбалар тұрақты және айнымалы ток көпірлік сұлбасы болып бөлінеді. Сұлбалық орындалуы бойынша көпірлік сұлбалар резистордың кедергісін, конденсатордың сыйымдылығын, индуктивті орауыштың индуктивтілігін, конденсатордың диэлектрлік шығынының тангенсін, индуктивті орауыштың сапалылығын өлшеуге арналған болып бөлінеді.




10.2 Тұрақты ток көпірі. Теңесу шарты

Тұрақты ток көпірі электр кедергісін өлшеуге арналған (10.2-сурет).


Кедергілерді көпір теңескен кезде өлшеуге болады. Индикаторда ток нөлге тең болған кезде көпір теңескен болып есептеледі. Көпірдің теңесу шартын табамыз.
с және d нүктелерінің потенциалдары теңескен кезде индикатордағы ток нөлге тең болады.
Бұл жағдайда токтардың келесі теңдесу шартты орындалады:


; (10.1)
,

10.2-сурет. Тұрақты ток көпірінің сұлбасы


Кирхгофтың екінші заңы бойынша асd және свd контурлары үшін келесі теңдеуді аламыз:




, (10.2)
. (10.3)

Кедергілерді көпір теңескен кезде өлшеуге болады. Индикаторда тоқ нөлге тең болған кезде көпір теңескен болып есептеледі. Белгісіз кедергіні келесі формуламен анықтайды:


, (10.4)

мұндағы - салыстыру иіні; , - қатынас иіндері.


Салыстыру және қатынас иіндерінің мәндері үлгілік кедергілер блогының көмегімен өзгереді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет