Тақырыбы: Сандық өлшеуіш аспаптар
Сабақ жоспары
8.1 Уақытты-импульстік вольтметрдің жұмыс істеу принципі. Импульстер санын есептеу.
8.2 Интегралдаушы вольтметрдің жұмыс істеу принципі. Импульстер санын есептеу.
8.1 Уақыт-импульстік вольтметр
Уақыт-импульстік вольтметрлерде өлшенетін Uх кернеуі уақыт интервалында tХ сызықтық өзгеретін Uк кернеуімен салыстыру жолымен алдын ала түрлендіріледі. Уақыт-импульстік вольтметрдің блок-сұлбасы мен кернеу графигі 8.1, а, б-суретте көрсетілген.
а)
б)
8.1-сурет. Уақыт-импульстік вольтметрдің блок-сұлбасы мен кернеу графигі
Стоп-импульспен триггер бастапқы күйіне қайта келеді, К кілті жабылады да, есептеу құрылғысында (СҚ) импульстер саны N анықталады:
, (8.1)
мұндағы Т0 - тұрақты жиілік импульстерінің периоды; f0 - тұрақты жиілік импульстерінің жиілігі.
8.2 Интегралдаушы вольтметр
Аспаптың блок-сұлбасы мен кернеу графигі 8.2, а,б-суретте көрсетілген.
Аспаптың өлшенетін кернеу UИ шығыс кернеуі уақыт бойынша кірістік кернеуден интегралға пропорционал болатын ИН-құрылғы интеграторы болады. Бастапқы қалыпта К, К1, К2 жабық (К1 және К2 - аналогты кілттер).
а)
б)
8.2-сурет. Интегралдаушы вольтметрдің блок-сұлбасы және кернеу графигі
Сонымен, санақ құрылғысының (СҚ) tХ уақыт ішінде санауына іліккен импульстер саны:
. (8.2)
Интегралдаушы вольтметрлер қазіргі кезде көптеп қолданылады. Оның себептерінің біріне – айнымалы токтың бөгеттеріне (кедергісіне) тұрақтылығы жоғары.
Достарыңызбен бөлісу: |