12.2 Конденсатордың сыйымдылығын жанама өлшеу
Конденсатордың сыйымдылығын жанама өлшеу 12.2-суреттегі сұлбада көрсетілгендей амперметр мен вольтметрдің көмегімен жүзеге асырылады.
12.2-сурет. Конденсатордың сыйымдылығын жанама өлшеу
Конденсатордың сыйымдылығы келесі формула бойынша анықталады: .
Конденсатордың сыйымдылығын жанама анықтау үшін келесі реттілікті сақтау керек:
- жиілікті 50 Гц тең деп алу керек;
- амперметрмен токты өлшеу; вольтметрмен кернеуді өлшеу;
- формула бойынша сыйымдылықты кедергіні есептеу;
- формула бойынша конденсатордың сыйымдылығын анықтау.
Әдістемелік ұсыныстар
1. Индуктивті катушканың индуктивтілігін жанама өлшеу әдісін оқу кезінде индуктивтілікті анықтау әдістемесіне көңіл бөлу.
2. Конденсатордың сыйымдылығын жанама өлшеу әдісін оқу кезінде конденсатордың сыйымдылығын анықтау әдістемесіне көңіл бөлу.
Өз бетінше дайындалуға тапсырмалар
1. Индуктивті катушканың индуктивтілігін жанама өлшеу әдістемесін оқып үйрену.
2. Конденсатордың сыйымдылығын жанама өлшеу әдісін оқып үйрену.
3. Өлшенетін шамалардың аз және үлкен мәндерін өлшеу үшін L және C жанама өлшеу үшін неліктен екі сұлба қолданылатынын түсіндіріңіз.
Бақылау сұрақтары:
1. Индуктивті катушканың индуктивтілігін жанама өлшеу кезінде қандай формула пайдаланылады?
2. Конденсатордың сыйымдылығын жанама өлшеу қандай формула пайдаланылады?
3. Реактивті қуатты жанама өлшеу кезінде оның мәнін қандай формуламен анықталады?
4. Индуктивтілікті жанама әдіспен анықтау реттілігі.
4. Конденсатордың сыйымдылығын жанама өлшеу әдіспен анықтау реттілігі.
5. Амперметрдің көрсеткіші бойынша тұтынған тогы 25 А, оған келтірілген вольтметрмен өлшенген кернеуі 220 В болғанда, тұрақты ток электр қозғалтқышының 10 сағат ішіндегі тұтынған энергиясын W жанама әдіспен анықтау керек.
№13-тәжірибелік сабақ
Достарыңызбен бөлісу: |