Қайтасанақ құрылғылары (ҚСҚ). Бұл қондырғылар СӨА әртүрлі есептерді орындау үшін, мысалы импульс жиіліктерін бөлу үшін, сандық-импульстік кодты екілік жүйеге, не екілік-ондық жүйеге түрлендіру үшін т.б. қолданылады.
Жалпы жағдайда екілік қайтасанақ схемаларының 2n әртүрлі жағдайлары болады және кірісті N=2n импульстен кейін бастапқы жағдайға қайта оралады. Осы схемалар жиілік бөлгішінде, сандық-импульстік кодты екілікке түрлендіргіште т.б. пайдаланады.
Сұлбаның жағдайының санын көрсететін сандық есептік құрылғысымен жабдықталған қайтасанақ құрылғыларын кіріске келіп түскен импульстерді санау үшін пайдалануға болады, сондықтан оларды импульстер санаушысы деп атайды.
Сұлбаны сандық кодты екілікке түрлендіру үшін қолданылғанда төңкерілген Тг1 триггердің у0 шығысынан алынатын потенциалға “1” салмақ жазылады, Тг2 триггердің шығысынан алынатын импульске “2” салмақ жазылады, Тг3 алынатына – “3” салмақ т.с.с.
Таңбалық индикаторлар. Көрсетулерді сандық түрінде алу үшін таңбалық индикаторлар қолданылады.
Сегменттік таңбалық индикаторлар. Таңбалық индикаторды 0, 1, ..., 9 сандарынан құру үшін басқарушы кернеуді берген кезде жарқырайтын 7, 8, 9 не одан да көп элементтік сегменттер арқылы жүзеге асады. 7.3-суретте жеті элементті таңбалы индикатордың құрылысы көрсетілген. Жарқырайтын элементтердің комбинациясы белгіні (санды) құрайды. Мысалы, 7.3-суретте жарқыраған элементтер комбинациясы “4” санын құрайды.
Жарқырауық элементтер ретінде электролюминофор жолақтарын, светодиодтарды, сұйық кристаллды қолданатын элементтерді пайдаланады.
Бірнеше разрядтан тұратын санды алу үшін соншалықты таңбалық индикатор қолданылады.
Кілттер мен логикалық элементтер. Кілттер – ажыратқыштар мен айырып қосқыштардың қызметін атқаратын құрылғылар логикалық (сандық) және өлшегіш (аналогтық) болып бөлінеді. Логикалық (сандық) кілттер бар болғаны екі түрлі деңгейлі сигналдар өтетін тізбекті коммутациялау үшін арналған. Өлшегіш кілттер деңгейлері үзіліссіз өзгеруі мүмкін сигналдар өтетін тізбектерді коммутациялау үшін арналған. Электр сигналдарын басқаратын кілттер ретінде электрлік релелерді, сондай-ақ диод, транзистор және басқа да электрондық схема элементтерін қолдану арқылы орындалатын электрондық кілттер пайдаланады.
Электр механикалық кілттер электрондық кілттерге қарағанда анағұрлым тәуірірек кілттік сипаттамаларға ие болған. Бірақ электр механикалық кілттер электрондық кілттерге қарағанда көбірек инерциялы болады, әрі сенімділігі аздау.